1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15602) 24 мамыр, сейсенбі 2011
Ай соңында әлем қазақтарының төртiншi құрылтайы өтетiнi белгiлi болды. Мұндай жаңалықты жақында Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының бiрiншi орынбасары Талғат Мамашевтың “Түркiстан” газетiне берген “Бұл құрылтай бұрын­ғыдан өзгерек” деген тақырыптағы сұхбатынан оқып бiлдiк. Сұхбатта Талғат Асылұлы: “Мамыр айын­да әлемдегi қазақтардың басын қосып, мұң-мұқтажын тыңдауды және проблемаларын шешу жолдарын қарастыруды жөн санап отырмыз. Құрылтайды ашатын салтанатты жиында елбасы қатысып, баян­дама жасайды деп жоспарланған. Жалпы, Құрылтайдың мақсаты – осы бес жылдағы жасалған жұ­мыс­тарды қорытындылап, алдағы мiндеттердi айқындау. Сонымен қоса ауқымды мәдени шаралар өткiзбекшiмiз.

Жақында “Жас Алаш” газетiнiң редакциясында ал­қалы жиын өттi. Оған елiмiз­дегi танымал тұлғалар қатысты. Әр тарап өкiлдерi   Қазақстанда АЭС салу, уран өндiру, Қазақстан президентiнiң ядролық отын банкiн орналастыру бастамасы жайында пiкiр алмасты. Кең ауқымда талдауды қажет ететiн тақырып болған соң, жиынға атом саласының мамандары да шақырылған. “Қазатомөнер­кәсiбiнiң” Алматыдағы “Кен байыту” филиалының басшысы Әл-Фараби Кенжебеков, “Жаңа техноло­гия­лар мен өндiрiс өнеркәсiбi” ассоциациясының президентi Байгелдi Мейрамбек, “Сыртқы iстер өндiрiсi” ассоциациясының төрағасы М.Шибұтовтар дөңгелек үстелге қатысуға уәде еткен болатын. АЭС салу арқылы қуат көздерiне қарық болудың жолдарын екшеп-текшеп берер деп күткен “атомшылар” белгiсiз себеппен кел­медi.

Миллиардер күйеубаланың әрекетiн осылай бағалағандар Қазақстанда әдiл соттың жоғын тағы бiр рет мойындады
Мамырдың 20-сы күнi мүгедек аналар мен “Алматыгаз” Инжиниринг АҚ-ның арасындағы соттың шешiмi шықты. Даудың басы Алматының орталығындағы ғимараттан басталған-ды. Қазақстанның мүгедек аналарын топтастырып, ұйым ашқан Б.Иманғазина осы ғимараттың iшiнен кеңсе ашады. Осы кеңсеге жөндеу жұмыстарын жүр­гiзiп, түгелдей қажеттi мүлiкпен жабдықтаған. Жұмысы iлгерi басқан “Бибi Ана” қоғамдық ұйымына кеңсенi заңдастырып беремiз деген әкiм­дер уәдесiнде тұрмайды. Алматының әкiмi кезiнде В.Храпуновтың заңдастыру жөнiндегi уәдесiне сенген мүгедек аналар қазiр шындыққа жете алмай жүр. Өйткенi Храпунов уәдесiн жұтқанымен қоймай, ұйымның жалдап отырған кеңсесiн ғимаратымен қосып, әлдекiмге сыйлап кетiптi.
ҚР бас прокуроры А.Дауылбаев мырзаның назарына
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентiнде орналасқан “Ерсай” бiрiккен кәсiпорнының 800-дей жұмысшылары – дәнекер­леу­шiлер, құрастырушылар, жүр­гiзушiлер және басқалары мамыр айының 11-iнен бас­тап ереуiлге шығып, жұмыстарын толықтай тоқтатты. Олардың талаптары: 1. Жалақы төлеудегi айырмашылық. Шетелдiк жұмысшылар, атқарып жатқан қызметтерi жергiлiктi жұмысшылармен бiрдей болса да, олардың жалақылары 2-3 еседей артық. 2.Елiмiздегi жаппай қымбатшылыққа байланысты айлық жалақыларын көтерiп, шетелдiктермен теңестiру. 3.Еңбек шартын қайтадан жасақтау, ұжымдық шартты жаңарту.

Өткен аптада депутат Ирак Елекеев ерекше “жарылып”, әрiптестерiн де, ел-жұртын да таңғалдырды. Парламенттiң пленарлық отырысында мiн­берге шыққан депутат ә дегеннен сын садағын тартып, әрiптестерiн тарауға шақырды. Қазiргi парламенттiң дәрмен­сiздiгiн, атқарып жатқан жұмыс­тарының мардымсыздығы мен жемқорлықпен күресе алмай отырғанын айтқан депутат тарауға ұсыныс жасады. Көңiл ауанына тым берiлгiш бұл кiсiнiң сөздерiн елемеуге тырыс­қан әрiптестерi парламенттi таратуға негiз жоқ дестi. Тек Елекеевтi қолдай сөйлеген Р.Шаекин депутаттардың өз деңгейiнде жұмыс iстемей отырғанын мойындады.

ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен әлемдегi ең бақуатты мемле­кеттердiң бiрi саналатын Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң президентi Халифа бен Заид аль-Нахаянның өзара келiсiмi бойынша, Халифа бен Заид Аль-Нахаянның қоры Оңтүстiк Қазақстан облысының орталығынан сән-салтанаты келiскен 5 мың адамдық зәулiм мешiт салып берiп, елге де, елбасына да деген құрметiн бiлдiрудi көздемей ме?!. Ђкiнiшке қарай, құрылысы бiр жыл iшiнде аяқталады деген құлшыныспен басталған мешiт содан берi табаны күректей төрт жыл өтсе де әлi бiтпей жатыр.

Қазақстанның бас прокуратурасы Рахат Әлиевтi адам өлiмiне қатысты айыптауы мүмкiн. Онда да Р.Әлиевтiң Жолдас       Темiр­ә­лиев­ пен Айбар Хасеновтiң өлiмiне қатысы болса. Мұ­ны бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель мәлiмдедi.
“Қылмыстық iс мәйiт­тер табылуына байланысты қозғалды. Бұған дейiнгi процесс (Р.Әлиевке қатысты iс — ред.) адам өлiмiне байланыс­ты емес, адам ұрлауға қатысты жүргiзiл­ген. Бiз қазiр мұны жiтi тексерiп жатырмыз. Егер дәлелденсе (Әлиевтiң адам өлтiргенi), бұған қатысты да айып тағылады”, — дедi Иоган Меркель. Меркельдiң сөзiнен түсiнгенiмiз, қылмыстық iс қозғалуы да, қозғалмауы да мүмкiн. “Егер дәлелденсе...” дейдi Меркель.
АСТАНАНЫ КЕШIР, АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ
Сонымен, өткен жұма күнi Астана қаласындағы Сәдуақас Ғылмани мешiтiнiң ауласында ине шаншыр жер болмады. Он мыңға жуық халық ХХ ғасырдың басындағы аса көрнектi қайраткер, алаштың аяулы перзентi Смағұл Сәдуақасұлының рухына бас иiп, оның сүйегiнiң күлiн жер бесiкке тапсыру рәсiмiне келген болатын. Мемлекеттiк хатшы Қ.Саудабаев, Мәжiлiс төрағасы О. Мұхамеджанов, Бiлiм және ғылым министрi Б. Жұмағұлов, Мәдениет министрi М.Құл-Мұхамет, Астана қаласының әкiмi И. Тасмағамбетовтер шеттерiнен сөзге шешен шенеунiктер емес пе, бүгiнгi ұрпақтың Смағұлдың алдындағы қарыздары пен парыздары туралы мағыналы да мәндi ойларын ортаға салғанда жиналған қауым қайта-қайта қол шапалақтап, рухтанып тұрды.
Бүкiл алты алашқа белгiлi ғалым, ҚР Мемле­кеттiк сыйлығының лауреаты, профессор, абайтанушы Қайым Мұхаметхановтың бейiтi басына орнатылған ес­керткiштi және оның тұрған үйiне орнатылған ескерткiш-тақтаны әл­де­бi­реулер тас-талқан етiп қиратып, майдалап шағып, әдейiлеп жарамсыз етiп бүлдiрiп кетiптi. Қайым Мұхаметханов әдi­лет­тi әрi аса бiлiмдi, дарынды ғалым ретiнде өзiнiң ғылми-зерттеу еңбектерiнде небiр ащы шындықтардың бетiн ашып, талай “тұлғаларды” аяу­сыз әшке­реледi. Отаршыл империяның қолшоқпары, итаршысы, айтақшысы болған пар­тия қыз­мет­керлерiн, әдебиет­шiлердi, тарихшыларды, жал­ған ғалымдарды бетiң бар, жүзiң бар демей, олардың ғылымға терiс әрекеттерiн түгел таңбалап, тасқа бастырып кеттi
“ГАМЛЕТ” – ҚОСТАНАЙ ТЕАТРЫНДА
Қостанай облыстық Iлияс Омаров атындағы қазақ драма театрында әлемдiк драматургияның асқар шыңы атанған ағылшын драматургы У.Шекспирдiң “Гамлет” атты пьесасының премьерасы өттi. Қоюшы-режиссер – Қазақстанның халық әртiсi Ерсайын Төлеубай, суретшiсi – Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Мұрат Мақсұт. Бұл қойылым театрдың шаңырақ көтергенiне он жыл толу мерейтойына, Қостанай қаласында салынып жатқан қазақ драма театрының жаңа ғимаратының ашылу мерекесiне әрi ке­лесi жылы республика дең­гейiн­де тойланатын қоғам қай­раткерi Iлияс Омаровтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды.

Биыл ақпанның аяғында облыс әкiмi Серiк Ахметов Жезқазғанға iс-сапармен келiп, металлургтер қаласында актив өткiздi. Әдетте, мұндай кездесу кезiнде көпе-көрнеу қолпаштауларға көп кезек берiлетiн болса, бұл жолы аймақтың келешек тағдырына алаңдаған ақсақалдар жағы ащы ақиқатты шыжғырып бетке басты. Сол жиында облыс басшысы: “Елiмiздiң индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына Жезқазғаннан бiрде-бiр жобаның енбегенi өкiнiштi. Бұл олқылықтың орнын толтыру баршамызға сын”, – деп ағынан жарылды.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БҮЛДIРШIНДЕР ҚАЙ ТIЛДЕ ТӘРБИЕЛЕНУДЕ? 
Статистика агенттiгiнiң деректерiне жүгiнсек, Қазақстанда 2010 жылы 4781 тұрақты мектепке дейiнгi ұйым жұмыс iстедi. Онда 390 800 бала оқып, тәрбиелендi. Дәл осы мектепке дейiнгi ұйымдарда қарым-қатынас 7 тiлде жүгiзiледi. Атап айтсақ, қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, кәрiс, ұйғыр және немiс тiлiнде. Таза қазақ тiлiнде жұмыс iстейтiн 2572 мекемеде 158 900 бүлдiршiн тәрбиелендi. Мектеп жасына дейiнгi балалардың қалған үштен екiсiнiң қаншасы қазақтың қарадомалағы? Қаншама қазақтың баласының тiлi балабақшадан шұбарланады? Бұл жөнiнде әзiрге дерек жоқтың-қасы. 

Қазақ халқына аса танымал абыз аға сексеннiң сеңгiрiндегi мерейтойында бiр қызық жасады. Төрге, яки қасына бұрын бiз көрмеген бәкене бойлы, бидай өңдi бипаз ақсақалды отырғызды. Әзiз жанды әжемiз “Ағаларыңның 4-сыныпта бiрге оқыған досы” деп жарасымды жымиып қойды. Бүкiл той үстiнде жұрт назары ауған жаңалық осы болды-ау деймiн! Мемлекет және қоғам қайраткерiнiң, белгiлi қаламгердiң соно-оу сағымдай елес берген балдай тәттi балалық шағын елден ерек бұлайша еске алғаны талайдың санасына ой салғандай едi...

Футболдан Еуропа чемпионатының iрiктеу турнирiндегi кезектi ойы­нын Қазақстан ұлттық құрамасы ­     3 шiлдеде Әзiрбайжан футболшыларымен өткiзедi. Бас бапкер Мирослав Беранек осы ойынға қатысатын футболшылардың тiзiмiн жария еттi.  Ендi олар Талғар қаласының жаттығу базасында жиын өткiзiп, 1 маусымда Астанаға жол тартады. Қақпашылар: Андрей Сидельников (“Ақтөбе”), Александр Мокин (“Шахтер”, Қарағанды), Владимир Логиновский (“Жетiсу”);
Қорғаушылар: Самат Смақов (“Ақтөбе”), Юрий Логвиненко (“Ақтөбе”), Сергей Каримов (“Вольфсбург”, Германия), Марк Гурман (“Локомотив”, Астана), Михаил
Премьер-лига ойындарының 12-тур ойындары тартысты өттi. Оған соғылған голдардың көптiгi мысал бола алады. Өткен сенбi күнi елiмiздiң 6 қаласында болған кездесулер командалардың турнир кес­тесiндегi ұпайларын айтарлықтай өзгерттi. Арқа төсiндегi “Астана-Арена” стадионында темiржолшылардың “Локомотивi” Қостанайдың “Тобылын” қабылдаған. Қонаққа келген Нұрбол Жұмасқалиевтiң бұрынғы командасының салы тағы да суға кеттi. Ойынның бiрiншi таймындағы алғашқы бұрыштама добын тепкен команда капитаны Нұрбол Жұмас­қа­лиевтiң пасын қорғаушы Михаил Рожков баспен қақпаға бағыттаған. “Тобылдың” қақпашысы әрi капитаны Александр

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында күрес түрлерiнен Азия ойындары өтiп жатыр. Қазақ елiнiң палуандарынан кiлемге алдымен еркiн күрес майталмандары шықты. 55 келiдегi Расул Қалиев бiрiншi бөгеттi бұза алмады. Индонезия палуаны Баласахед Авариге шамасы жетпедi. 60 келiде кiлемге шыққан Дәурен Жұмағазиев чемпион атанды. Ол алғашқы белдесуiнде моңғол палуаны Батшайханды ұтты. Қырғыз Қадырқұловты тiзерлеттi. Қытай үмiтi Чан Донды дiңке­леттi де, финалда иран палуаны Мұстафа Гадирден алтынды жұлып алды. 66 келi салмақта Азамат Өмiр­жанов жүлдеден қағылып, бесiншi орынды мiсе тұтты.