1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15603) 26 мамыр, бейсенбі 2011
“Қытайға 1 млн гектар жер берi­ледi!” екен деген сөз, қа­зақтың сорына қарай шындыққа айнала бастады. Президент Н.Назарбаев өз аузымен айтып қалып, оның соңы даулы дүрмекке ұласып, халық көтерiле бастаған соң, райынан қайтқандай, жер­дi қытайға бермейтiндей сыңай танытып едi. Ендi мiне, қысық көз көршiнiң көкейiн тескен қазақ жерi жымысқы жолмен жұтылып кеткелi тұр. Сатылған билiк аңғал қазақты алдаудың жаңа тәсiлiн тауыпты.  Ауылшаруашылық ми­нистр­лi­гiндегi дөкейдiң бi­рi, аграрлық ведомоство басшысының орынбасары Сақташ Қасеновтiң аузымен айтылған жердi шетелдiк­терге игерту мәселесi соның айға­ғы.
ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ХАЛЫҚТЫ МИТИНГIГЕ ШАҚЫРДЫ
Оппозициялық партиялар мен бiрқатар қоғамдық ұйымдар Қытай экспансиясына қарсы күш бiрiктiрдi. Олар осы сенбi күнi, 28 мамырда сағат 11.00-де халықты Алматыдағы Сарыарқа кинотеатры маңындағы алаңқайда өтетiн “Қазақстанның ұлттық байлығының жаппай сатылуы тоқтатылсын!” атты жалпыхалықтық митингiге шақырды.Митингiнi ұйымдастыру комитетiне “Азат” ЖСДП, “Ха­лық билiгi” блогы, “Тә­уел­сiз­дiктi қорғау” қоғамдық ұйымы, “Талмас” қо­ғамдық бiрлестiгi, Социа­листiк қозғалыс, “Ар.Рух.Хақ” пен “Рух пен тiл” ұйымдары кiрген.
“Қазақстанның мұнай-газ саласындағы Қытай жобалары дәп бiр әскери операция сияқты жүргiзi­лiп жатыр”. Бұл туралы мәлi­мет ҚазТАГ-тың қоржынына “Уикиликстен” келiп түскен. “2009 жылы 11 маусымда АҚШ елшiлiгiнiң энергетика жөнiндегi қызметкерi америкалық Baker Hughes деп аталатын мұнай саласындағы компанияның қызметкерiмен және PricewaterhouseCoopers консал­тингтiк фирма менедже­рiмен кездескен. Әңгiме барысында Қытай компанияларының Қа­зақ­стандағы жұмысы сөз болған. Олардың пiкiрiнше, Қытай компаниялары келiсiмшартқа қол жеткiзген соң әдетiнше қылбұ­рау­ды қыса түседi: жұмысшыларды және техникалық құралдарды өз елiнен әкеледi, стратегиялық мәселелердi көлеңкелi жолмен шешедi.
Биыл – ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы. Сарапшылар қоғамы қазiрден бастап осы 20 жыл iшiнде қол жеткiзген жетiстiктердi талқылап, тәуелсiздiк нәти­желерiн қорытындылауға кiрiсiп кеттi. Алайда жақында Қазақстан гуманитарлы-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастарған “Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзгi ұстындары?” атты конференцияға жиналған ғалымдар мен сарапшылар өткендi саралаудың орнына “бiз қаншалықты тәуелсiзбiз?” деген сұраққа жауап iздедi. Жиынды ашқан Қазақстан гуманитарлы-саяси институтының вице-президентi Талғат Мамырайымов сарапшылар қауымдастығы Қазақстанды толық тәуелсiз мемлекет деп санамайтынын жеткiздi. “Таяуда 53 сарапшыға сұрау салдық.
БIРАҚ САРАПШЫЛАР БАС БАНКИРДIҢ МҮМКIНДIГI ЖОҚ ДЕП ЕСЕПТЕЙДI
Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канның басы дауға қалғалы берi оның жылы орнына таласушылардың қарасы көбейдi. Қазiрдiң өзiнде ХВҚ директоры лауазымына он шақты үмiткер дәмелi. Осы үмiткерлердiң қатарында ҚР Ұлттық банкiнiң төрағасы Григорий Марченко да бар. Сөз жоқ, бiздiң бас банкирдiң қаржы саласының жiлiк майын iшкен бiлгiр маман ретiнде Батыста беделi бар. Алайда Батыс қаржы саласының жазылмаған заңын естен шығармаған жөн. Бүкiләлемдiк банк басшылығына американдық, ал Халықаралық валюта қорының директорлығына үнемi Батыс Еуропа өкiлi тағайындалады
Ондағы халықтың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшiн арнайы мемлекеттiк бағдарлама қажет
Қызылорда облысына шек­­­кен арнайы iссапарымыз Қызылорда қаласының iрге­сiндегi Талдыарал елдiме­кенiнде орналасқан Қазақ республикалық песханасында мәресiне жеттi. Денсаулық   сақтау ми­нис­тр­лiгiне бағынатын Қазақ республикалық песханасы жұрт көзiнен тасада тұр. Кезiнде Кеңес одағы бұл iндеттi жасырып, песхананың көзi жоқ дегендi де айтқан. Халық арасында үрей туғыз­ған лефра, яғни пес ауруы бүгiнде елiмiзде толастатыл­ған, өшiп бара жатқан ошақтағы отқа тән құбылыс

Бас прокуратура “Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiң өлi денелерi табылды” деп мәлiмдеуi мұң екен, Рахат Әлиев қайтадан “тiрiле” бастады. 2006 жылдың ақпанында мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне жасалған қастандыққа қатысты билiктi екi рет айыптады. Алдымен ол “Уикиликске” сүйендi. “АҚШ-тың Федералдық барлау бюросының мамандарына алғашқыда Ержан Өтембаев пен Рустам Ибрагимовтiң айтқандарының өтiрiк-шынын детектор арқылы анықтауға мүмкiндiк бергенiмен, кейiннен жұмысты жалғастыруға еш­қандай кедергi болмаса да бұдан бас тартты.

Өткен аптада Ақтөбе мемлекеттiк педагогикалық институты белгiлi қоғам қайраткерi, 1983-95 жж. осы оқу орнын басқарған ректор Мұхтар Арынның 75 жылдығын атап өттi. Шараға Мұхтар ағамыздың зайыбы Райхан апай, баласы Нұрлан, ол кiсiнiң қызметтестерi, көз көрген сыйлас қауым жиналды. Мұхтар ағамызды ақтөбелiктердiң зор құрметпен ұмытпайтындығы – осы жақтың рухани-мәдени өмiрiнде үлкен сiлкiнiс тудыра бiлген үлкен жүректi азаматтығынан. Осы топырақтың жоғалуға айналған рухын, ұмытыла бастаған тұлғаларын тiрiлтiп қана қоймай, зиялы орта қалыптастырып, жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгiштiкке тәрбиелеп, қыруар шаруа атқарып кеткендiгiмен есте.

Сұлтан Шәрiпұлы Оразалы. Қоғам қайраткерi, жазушы, көсемсөз шеберi, теледраматург, аудармашы, баспагер... Ол теледидар саласына “Қымызхана”, “Кек”, “Отырар ойраны” сынды телеқойылымдар, “Сұхбат”, “Кездесу”, “Сахна” тәрiздi әдеби публицистикалық туындылар, халық санасын оятқан “Айтыс”, “Халық қазынасы” атты хабарларды алып келдi. Бұл хабарлар жарыққа шыққан сайын миллиондарды экран алдына жинап, Қазақ теледидарының абыройын асырды. Қазақстандағы телеөнер бүгiнге дейiн бұл хабарларға балама таба алмай келедi. Сұлтан Шәрiпұлы лауазымды мемлекеттiк қызметтер атқара жүрiп те теледидардан қол үзген емес.
Қазкоммерцбанк пен “Құс жолы” қайырымдылық қоры Балқаш қаласының перзентханасына заманалы медициналық қондырғыны сыйға тартты. Бұл медициналық жабдық банк пен қайырымдылық қор­дың “Пе­рiш­те” атты жобасының аясында тарту етiлдi. Балқаш қаласы орталық емханасының перзентханасы ширек ғасыр бойы жаңа жабдықтар алмаған. Ендi мiне, “Перiште” жобасының арқасында Балқаш перзентханасы әлемдiк стандарттарға сай медициналық көмек көрсететiн құрылғыларға қол жеткiздi. Заманалы медициналық жабдықтар кешенi барлық талаптарға сай келедi. Ол жүктi аналар мен дүние есiгiн аш­қан нәрестелердi диагностикадан өткiзуге арналған.

Елiмiз егемендiк алғаннан кейiн газет-журнал дегендерiңiз жауыннан кейiнгi саңырауқұлақтай қаптады. Зейнеткер болғанмен, күнделiктi күйбiң тiршiлiк бәрiн қарап шығаруға мүмкiндiк бермей (жазылып, алдырып оқуға зейнетақының аздығы кесiрiн тигiзедi), таңдап жүрiп, қажетiңе жарататын бетiн парақтайсың. Кейбiр газет мақалаларының тақырыбынан-ақ айтылар ойы айқайлап тұрады. Содан болар барлық жұмысыңды ысырып тастап, оқуға кiрiсесiң. Бiрiндегi жақсылыққа қуанасың, екiншiсiндегi кемшiлiкке ренжисiң. Тiптi кейбiр ақпараттың қайсысына сенерiңдi бiлмей, сiлең қатады.

Ресейдiң iшкi iстер министрi Рашид Нұрғалиев “АиФ” апталығындағы бiр сөзiнде: “Күнделiктi жұмысқа бара жатқанымда байқағаным, бiздiң iшкi iстер қызметкерлерiнiң өте қымбат автокөлiктердi мiнiп бара жатқанын көресiң. Таң­ғаласың! Ондай автокөлiктi милиция қызметкерiнiң айлығына алып мiну мүмкiн емес...”, – дедi. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан бiрнеше дүркiн әлем чемпионы, бүкiл әлемге белгiлi спортшы Ирина Роднина өзiнiң 60 жасқа толуына байланысты баспасөзге берген сұхбатында милиция жайлы былай дейдi: “Мен Мәскеуде туғанмын. Ал менiң жастық шағымда осы Мәскеуде емiн-еркiн жүретiнбiз.

Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi Реналью Гаспирин: “Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”, – деп жазыпты. Ал осыдан 750 жыл бұрын Түркияда ескi шаһарды билеген Мехметбей: “Бүгiн­нен бастап үйде де, далада да, мәжiлiсте де, жиналыста да, демалыста да тек түрiк тiлiнде сөйлейтiн болыңдар”, – деп жарлық шығарыпты. Орындамағандарды соттап, дүре соғыпты. Түрiктер содан берi өз тiлiнде сөйлеп келедi.

Адам тәрбиесiнiң аса құнды құралы – әдебиет екенi әлем мойындаған шындық. Қазiр көр­кем әдебиет құнсызданып, құр­дымға кеттi де, бiрiншi орын­ға теледидар көтерiлдi. Кiтап­құмарлардың қатары сиредi. Сиқырлы “жәшiкке” тәулiк бойы телмiрiп, үздiксiз үңiлiп, уақытымызды уыстан шығарып алып жатамыз. Ұлт тәрбиесiне үлес қосып жүр дейтiн үш арнамызға (“Хабар”, “Қазақстан”, “Еларна”) артатын үмiтiмiз зор-ақ. Ойлы да бағалы бағдарламалар баршылық, бiрақ тым аз. Фильмдердiң де “естiсi бар, есерi бар”. Ересектерiмiздi елiктiрiп әкететiнi мейлi-ау, балаларға обал. Атыс-шабыс фильм­дер туралы айта-айта шаршадық. Ал атыс-шабыссыз-ақ ұрпақ санасын улап жатқан фильм­дердi қайтесiз.
Тiлсiз халық – дiнсiз халық,
Дiнсiз халық – дымсыз халық.
Тобырда – жамағат жоқ,
обырда – қанағат жоқ.
Басшы – тантық болса,
қосшы – жантық болар.
Жанымдағы жолсерiк мен көрмеген, бiлмеген Рудный қаласы жайында алдындағы суыған шайын да iшпей әбден келiстiре мақтады дейсiң. Тiптi сұқ сау­сағын жоғары шошайта “Қазақ елiндегi ең таза қалалардың бiрегейi де осы Рудный қаласы...” деудi де ұмытпады. Айтпақшы, Рудный қаласына алғаш рет жолымның түсуi едi. Жолсерiгiм сөздi түрлендiре әсерлi айтады екен. Осыдан кейiн сөзiне ұйымасқа шарам қалмады. Тезiрек бiр көруге құмартқанымды-ай сондағы. Айтса айтқандай, жолсерiгiм Рудный қаласын бекер мақтамапты. Көшелерi таза әрi көрiктi екен. Бiрақ... Көше атауы түгел орысша жазылған.

Баянауыл баурайында Мәскеу олимпиадасының күмiс жүлдегерi, Еуропа чемпионы қазақтың саңлақ спортшысы Серiк Қонақбаевтың жүлдесi үшiн бокстан халықаралық турнир өттi. Осымен 19-мәрте ұйымдастырылған додаға әлемнiң 12 елiнен 200-ге жуық спортшы қатысты. Бiр аптаға созылған сында қазақ елiнiң боксшылары мықтылығын мойындатты. Жарысқа Куба және Ресей сынды бокс алпауыттары да команда әкелдi. Жарыстың өн бойында бiздiң елдiң боксшы қыз-жiгiттерi жоғары нәтиже көрсеттi.

АНАРДЫҢ АҒЗАҒА ПАЙДАСЫ МОЛ
Жүктi әйел нәрестенi аман-есен өмiрге әкелу үшiн витаминдердi көп iшу керек. Әрине, мұны әрбiр әйелмен қатар ер-азаматтар да жақсы бiледi. Ағзаға таблеткалы, капсулды витаминдерден гөрi неше түрлi жемiс-жидектердi, көк-сөктердi көбiрек пайдаланған жөн. Ал екiқабат ананың ағзасындағы витаминдердiң аздығы iште жатқан нәрестеге көп қауiп төндiредi. Витамин жетiспеу­шiлiгiнен кейде сәби дүниеге келгенде ақыл-ойы­ның, дене мүшесiнiң кемiс болып тууы да мүмкiн.