1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15604) 31 мамыр, сейсенбі 2011

Қазақ қоғамында ушығып тұрған проблеманың бiрi және маңыздысы – жер сату, жалға беру мәселесi. Қытайға жердi жалға беру туралы бұрындары айтылған жайтты iске асырудың дайындығы байқалып қалды. “Азат” ЖСДП-ның ұйымдастыруымен өткiзiлген Алматыдағы митингiде осы проблемалар жайлы пiкiрлер айтылды. Мамырдың 28-i күнi болған наразылық шарасына мыңнан астам адам қатысты. “Тәуелсiздiктi қорғау”, “Талмас” қозғалыстары, “Рух пен Тiл” жастар клубы мен “Халық билiгi” блогы өкiлдерi өз қолдауларын бiлдiрдi. Шараға қатысқан қоғамдық ұйым өкiлдерi мен азаматтар өз ойларымен бөлiсiп, митингiнiң қорытындысында қарар қабылдады.

2005 жылы “Әдiлеттi Қазақстан үшiн” қозғалысынан берi басы қосылмаған демократиялық күштер қытай экспансиясына қарсы бiрiктi. Бiрнеше оппозициялық партия мен бiрқатар қоғамдық ұйымның бiрiгiп митингiге шығуы бұл тақырыптың өзектiлiгiн ғана емес, барлық саяси күштердi бiрдей алаңдататынын көрсетедi. Десек те “Қазақстан ұлттық байлығының жаппай сатылуы тоқтатылсын!” деп ұрандатқан азаматтық қоғамның бұл мәселенi қалай шешетiнi әзiрге тү­сiнiксiз. Оппозициялық партиялар мен қоғамдық ұйымдар өткiзген митингiнiң қарарына қарағанда, саяси күштер президенттен мұнай мен металл өндiру саласындағы барлық

МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ ЕРЕУIЛI ШИЕЛIНIСIП БАРАДЫ
Қасиеттi Маңғыстаудың топырағынан шығып жатқан мұнай қазақтiкi болғанымен, қожайындары – шетелдiктер. Маңғыстаудың мұнайын аюдай ақырып орыс алды, айдаһардай ысқырып Қытай жұтты, Америка мен Еуропа елдерiн былай қойғанда, үндемейдi-ау деп жүрген үндiстердiң өзi қазақтың қазанының құлағын ұстады. Ал жергiлiктi халық өз жерiнде өзгелердiң жалдамалы жұмысшысына айналды. Олар тiптi қожайындарынан өздерiнiң ақ адал еңбектерiнiң ақысын сұрай алмайтын дәрежеге жеттi. Мұнайшылардың жазған арыздарына олар пысқырып та қарамады. Ашынған жұмысшылар аштық жариялап, жұмыстарын тоқтатқаннан басқа амал таппады.

Алматыда баспасөз жиынын өткiзген қоғамдық ұйым өкiлдерi мен заңгерлер мұнайшылардың ереуiлiне қатысты өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Естерiңiзде болса, еңбек қатынасына байланысты наразылық танытып, құқығын талап еткен мұнайшылар қудалауға ұшырап, жұмыссыз қалған болатын. Жұмысшылардың заңды әрекетiн жақтап, қорғаған “Қаражанбасмұнайгаз” АҚ-ның   кәсiподақ қызметкерi, заңгер Наталья Соколова қамауға жабылған. Осыған байланысты мәлiмдеме жасаған ұйым өкiлдерiнiң пiкiрiн заңгерлер де растайды. Адвокат С.Мусин ереуiлге қатыспаған Н.Соколоваға тағылған айып негiзсiз деп есептейдi.

деген ұлы ақын Мағжан Жұмабаевпен құлсарылық Абдулла қарт Магаданда бiрге болған
Жылыой ауданының тумасы Абдулла ӘБДI­РАХ­МАНОВ – сталиндiк репрессия жылдарының көзi тiрi куәгерi. Жасы 90-нан асқан ақсақал әлi тың, айтары да мол. Алайда ең бас­тысы, соғыстан кейiнгi сталиндiк лагерьлерде қа­зақтың бiртуар зиялысы Мағжан ЖҰМАБАЕВПЕН бiрге отырған, ұлы ақынды көзi көрген тiрi қа­зақтың со­ңы да осы кi­сi. Бәрiн ретiмен баяндалық. Абдулла Әбдiрахманов 1921 жылы Атырау облысының Жылой ауданына қарасты Ақкиiзтоғай ауылында дү­ниеге келген екен. Ол кезде бұл жер Аман­­гелдi ауыл советi деп аталған.
31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi
“Қазақ — жоқшы, жоғын iздеген қуғыншы” дептi Ахаң, Ахмет Байтұрсынов өз заманында. Одан берi ғасырға жуық уақыт өттi. Қазақ әлi жоқ iздеумен келедi. Бұл қазақтың “ер-тұрманы” қашан түгенделедi? Жоғы қашан табылады? Әлекеңдер, Ахаңдар iздеген жоқты жүз жылдан соң бiз әлi iздеп жүрмiз... Жиырмасыншы ғасырдың басымен салыстырғанда бүгiнгi қазақ арасында оқыған-тоқығандар, бiлiмдiлер көп. Бiрақ соның бәрi ұлтқа қызмет етiп жүр ме? Жоқ! “Ұлтына қызмет ету — бiлiмнен емес, мiнезден”, — дейдi Алаш көсемi Әлихан Бөкейханов. Бүгiнгiнiң бiлiм­дiлерiнде мiнез жоқ. Қазақы мiнездi емге табу мұң боп барады.
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БЕКТАС БЕКНАЗАРОВ МЫРЗАНЫҢ НАЗАРЫНА
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Жақыпова “Жас Алаштың” редакциясына жылап келдi. ОҚО IIД есiрткi саудасымен күрес бөлiмiнде жедел уәкiл болып қызмет ететiн ұлы Арман Досовты өткен жылдың сәуiр айында ҰҚК­-нiң ОҚО бойынша департаментi қызметкерлерi “есiрткiнi заңсыз иемденген, сақтаған және өткiзген” деп айыптап, қамапты. Артынша iс сотқа өтiп, ОҚО қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соты А.Досов пен оның қызметтесi Л.Тұяқовтың дүние-мүлкiн тәркiлеп, екеуiне он жылдан жаза кескен. “Жал­ған куә ұлымды жарға жықты, ана жүрегiм сезедi мұны” дейдi А.Жақыпова. 
Мiржақып Дулатұлының “Оян, қазақ!” кiтапшасының Түркияда жариялануы хақында
1909 жылы Уфа қаласындағы Кәрiмов пен Құсайыновтардың “Шарқ” (“Шығыс”) баспаханасынан жарыққа шыққан Мiржақып Дулатұлының қазiр көпшiлiкке жақсы таныс “Оян, қазақ!” жинағы патша өкiметi тұсында да, кеңестiк кезеңде де қудаланып, көпке дейiн халыққа белгiсiз күйде қалып қойды. Содан   авторы “ақтал­ған” соң 1991 жылдың басында Алматыдағы “Алтынорда” баспасынан барып бiр-ақ жарық көрдi. 1909 жылғы алғашқы нұсқасы 120 бет болса, 1991 жылғы нұсқа 80 беттен тұрады. 1991 жылғы нұсқаны құрастырып, баспаға дайындаған және алғысөзiн жазған – белгiлi мiржақыптанушы-ғалым Марат Әбсеметов.
Жуырда Атырау өлкетану музейiне жиналғандар суретшi мен ақынның шығармашылық альянсының куәгерi болды. Белгiлi суретшi Кәмила ЖАПАЛОВА жұртшылыққа ақын Маржан ЕРШУОВАНЫҢ поэмасы бойынша салған өзiнiң “Ди­на” атты туындысын таныстырды. Ол биылғы Дина Нұрпейi­сованың 150 жылдығына арналған екен. Әрине, ақын мен сазгердiң арасындағы шығармашылық байланыс ешкiмдi таңғалдырмайды. Ђйткенi сазгерлер ақындар сөзiне арнап ән шығарып жатады. Бiрақ ақын мен суретшiнi табыстырған не? Әлбетте, өнер құдiретi.

Қазақтың ән өнерi — сонау көне заманнан қалыптасып келе жатқан халқымыздың асыл қазынасы. Фольклорлық музыка саласының бар тармағы. Фольклор деген сөз ағылшын тiлiнен алынған. Ол “халық даналығы, бiлiмi, ауызша шығарған туындылары” деген мағынаны бiлдiредi. Фольклорлық шығармалар халықтың әр дәуiрдегi тұрмыс-салтымен, наным-сенiмiмен, күнделiктi тiршiлiгiмен тығыз байланыста туады. Мұнда халықтың арман-үмiттерi дәл көрiнiс тауып, табиғат, өмiр құбылыстарынан сыр шертедi. Ән — халықтың сүйiп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бiр бай арнасы. 

Сауалнама
Ақбота Керiмбекова:
— Мен үшiн барлық мезгiл ерекше. Жаз жайдарлық пен еркiндiктiң символы сияқты.
Саят Медеуов:
— Жаз мезгiлi — әншiлердiң бел шешiп демалатын, бiр жылғы шығармашылық жұмыстарына есеп беретiн уақыт. Оның үстiне жаз ыстық қой, ыстықта қаурыт жұмысқа жегiлу ауыр адам баласына. Жаз — қоғамда да, саясатта да саябыр тартқан мау­сым.
ЖАРАЙСЫҢ, ДИНАРА!
Танымал әншi Динара Сұлтан Эстонияның астанасы Таллин қаласында өткен халықаралық ән фестивалiнде Гран-придi жеңiп алды. Laagna Laul деп аталатын жастар арасындағы эстрадалық ән­дер сайысына 15 елден үмiткер қатысқан. Бұлардың арасында Англия, Ресей және Израильдiң жас орындаушылары бар. Бiздiң Динара осылардың бәрiн шаң қаптырды. “Бозторғай” халықаралық конкурсының директоры Қарлығаш Әбдiкәрiмованың ай­туынша, 2010 жылы “Славян базарында”
Қара күзде басталған клубтар арасындағы бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) ережесi бойынша Қытайдың Гоянг қаласында жекелеген салмақта Лондон олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынған-ды. Бiздiң елден аттанған Қанат Әбутәлiпов (54 кг) Ержан Мүсәпiров (61 кг) төрт жылда бiр келетiн спорт тойына қатысу құқығына таласқан. Өкiнiштiсi сол, Ержан жарыс қожайыны Ванг Жимингке жол бердi. Қанат өзiнiң кезектi жекпе-жегiнде француз Нордин Оубаалидi ұтты. Алғашқы төрт тайм бойы бiздiң боксшы 24 жасар французды аямай-ақ сабады. Алайда 6-раундта қабағы жарылып
Мамырдың 28-iнде Еуропада футбол тойы өттi. УЕФА чем­пиондар лигасының финалында “Манчестер Юнайтед” пен “Барселона” “мүйiз­дес­тi”. Биылғы чемпион кiм боларын асыға күткен жанкүйерлер Лондондағы “Уэмбли” стадионын лық толтырды. Көпшiлiк күт­кендей ойын болды өзi де. Сэр Алекс Фергюссон баптайтын “Манчестер Юнайтед” “Барселонадан” ұтылды. Педро Родригес, Лионель Месси, Давид Вилья соққан гол­ға қарымта Руни ғана қайтарды. Осыдан екi жыл бұрын да осы екi команда Римдегi “Стадио Олимпико” стадионында ақтық сында жолдары түйiскен.

Өткен аптада Қазақстан чемпионатының кезектi 13-тур ойындары да голға бай болды. Алдымен Алматының “Қайраты” хақында. “Ақтөбе” Алматыға қонақа келген. Ойын басталысымен “Қайрат” жiгiт­терiнiң ек­пiнiнен дауыл тұрды. 13-минутта Головской есеп ашып, алматылықтарды алға шығарды. Екiншi тайм басталғанда да “Ақтөбе” өз қақ­пасын қори алмады. Струков 69-минутта есептi еселеп, 2:0-ге жеткiздi. 80-минутта Сүймағанбетов гол тоғытып, ойын нәтижесiн ұлғайта түстi. Алдыңғы турда “Ақ­төбеге” қонаққа барған “Қайрат” дәл осындай есеппен жеңiлген едi. Ендi мiне, есесiн де түгендеп, ұпайын да олжалады.