1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (15605) 2 маусым, бейсенбі 2011
Батыста он мыңдаған мұнайшы жұмыс орнын тастап, ереуiлдi жалғастырып жатыр. Бiрақ “Қаражанбас” пен “Өзенмұнайгаз” жұмысшыларының талаптарын негiзсiз, ал митингiсiн заңсыз деп тапқан компания басшылығы мiз бақпастан наразылыққа қатысып, аштық жариялағандарын бiртiндеп жұмыстан шығаруда. Мамырдың 17-сiнен берi ереуiлдеп жатқан “Қаражанбасмұнай” жұмысшылар кәсiп­одағының заңгерi Наталья Соколованың үстiнен Қылмыстық кодекстiң 164-бабы бойынша қылмыстық iс қозғалып, үйiне тiнту жүргiзiлдi. Кәсiподақ заңгерiне “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айып тағылып отыр.
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа
Ел халқын күңiренткен 2006 жылғы қанды ақпандағы қылмысты оқиғаның құпия­сы қашан толық ашылады? Тапсырыс берушi мен оның ақырғы орындаушысы кiм? Бұл сұрақтар кейiнгi кезде жиi қайталанатын болды. Оның өзiндiк себептерi де бар. Азаматтық қоғам өкiлдерiнiң ҚР прези­дентiне және Австрияның Федералдық министрiне жазған хаттарында осы сұрақтар­ға жауап iздейдi. 2011 жылғы 23 мамырда Рахат Әлиев Сiздi қазақстандық белгiлi саясаткер, бұрынғы ақпарат ми­нистрi және ҚР Қауiпсiздiк кеңе­сiнiң хатшысы Алтынбек Сәрсенбайұлын

“Бибi - Ана” қоғамдық ұйымына қатысты ақпарат бет­те­рiнде көптен берi жазылып келедi. Елiмiздiң бай-манаптарынан жәбiр көрген ұйым мүшелерi жақында сот орнынан да тауы шағылды. “АлматыГаз инжиниринг” ЖШС-мен арадағы дауға Алматы экономикалық соты жақында үкiм шығарды. Даулы iстiң шешiмi компания пайдасына шешiлдi. Әдi­лет­сiз ше­шiмге наразы болған ұйымның төрайымы, жазушы Б.Иманғазина президент берген “Құрмет” орденiнен бас тартатынын мәлiмдеп, баспасөз жиы­нын өткiзген-дi. “Судьяны да сотқа беремiн. Заңды аттап өтiп, әдiлетсiздiктi жақтап шешiм шығарды”,– деген ол “жарымжан аналардың жанайқайына назар салып, төрелiгiн айтпаған президенттiң “құрметiнен” не пайда?” – дедi.

Атажұртқа ат басын тiрегелi 20 жылдан асып кетсе де, оралман ағайындардың жағдайы қазақ тiлiнiң мәселесi секiлдi, әлi де өз шешiмiн таба алмай келедi. Неге? Ең бiрiншi, оралманның шаруасын шашау шығармай, бiр iзбен шешiп беретiн, мұңы мен мұқтажын жан-жақты қамтитын заң болмай тұр. 1997 жылы қабылданып, одан соң бiрнеше мәрте түзетулер енгiзiлген ҚР Көшi-қон туралы заңы осы мәселенi түгелдей қамти алмағасын, көшi-қон полициясы мен оралман ағайындардың арасында түсiнiспеушiлiк туып тұрады. Тiптi оралманның жағдайын көзбен көрiп отырған кейбiр жергiлiктi шенеунiктер қол ұшын берем десе де, арнаулы заң шеңберiнен шыға алмайды. Ал оралман ағайын өзiне мемлекет тарапынан заң жүзiнде жасалатын жеңiлдiктердi талап етедi. Осыдан барып, екi арадағы дау-дамай өрши түседi.

“Жас Алашты” республикалық басылымдардың арасында халықтың әлеуметтiк жағдайын, қоғамның қазiргi бет-бейнесiн, ел-жердiң тағдырын ашық айтатын батыл газет деп бағалаймыз. Қоғамдық өмiрiмiздiң күнгейiмен бiрге көлеңкелi жақтарын да айқайлата жазған мақалаларын қолдан-қолға жүгiртiп жүрiп оқимыз. Сүйiктi газетiмiздiң осы жылғы 17 мамырдағы №38 санында жариялаған “Аралдағы ажал ошағы” атты мақала төбемiзге жай түсiргендей болды.  Аралда бүгiндерi ешқандай “ажал ошағы” жоқ, барлық жерде тiршiлiк түтiнiн түзу түтеткен “өмiр ошақтары” бар. Газеттiң мың сан оқырманына сол шындықты дәйектi жеткiзу үшiн бiздер — аудандағы қоғамдық ұйым өкiлдерi бас қосып, қолға қалам алдық.

Сол себептi, бүгiн ресми түрде бұл пiкiрлердiң шындыққа жанаспайтынын мәлiмдеймiн. Ешқандай оппозициямен байланысым жоқ, олардың қатарына өтпеймiн де. Нұрсұлтан Әбiшұлының командасында қаламын”, – дей келiп, И.Елекеев екпiнiн тежей алмаған күйi: “Өз әрiптестерiмнiң кейбiрi сияқты үндемей қалмаймын, күрескермiн, күресе беремiн де. Жемқорлықпен күрестi әрмен қарай жалғастыратынымды айрықша атап өткiм келедi. Бұл – менiң өмiрлiк ұстанымым, бұдан бас тартпаймын”,– деп өршелендi. “Күрескер” депутаттың бұл сөздерi сондағы кейбiр кiсiлерге тiкендей қадалғаны сонша, залдан орындықтың ойбайы да естiлiп қалды.

“Жас Алаш” газетiнiң 2011 жылғы 17 мамыр сейсенбi күнгi    №38 (15600) санында жарияланған Баян Сәрсенбинаның “Пышақтап адам өлтiргендi сот босатып жiбердi” деп, Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровтың назарына деген мақаласы ерiксiз қолыма қалам алдырды. Бұл мақалада автор:  Ақтөбедегi қылмыстық iстердi қарау жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәмеш Әбдалы Шадияр Байсановтың қылмыстық iсiн қарап, 22 сәуiр күнi сот отырысына мемлекеттiк айыптаушы ретiнде қатынасқан прокурор Қылмыстық кодекiсiнiң 96-бабының 1-тармағы бойынша қылмыскер Ш.Байсановты 10 жыл­ға бас бостандығынан айыруды сұрағанына қарамастан, оны сот залынан босатып жiбердi. Шадияр Байсанов өзiн-өзi қорғау үшiн Мейржанды өлтiрген болып шықты. Байсановқа екi жыл ғана жаза кестi”, — деп көрсеткен.

Атыраулықтардың бұл арманы шындыққа айналды. Мамырдың 31-i күнi “Қазақстан темiр жолы “ҰК” АҚ Қазақстан Республикасы Астана мен Атырау қалаларын байланыстыратын жаңа бағдарды ашты. Ендi бұл бағытта №47/48 “Каспий” жаңа жолаушылар пойызы жүре бастайтын болады. Темiржолдың қожайындары атыраулықтарға тарту еткен бұл сыйларын Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейтойына арнадық деп отыр. Қалай болса да тамаша тарту. Ендi бұрынғыдай қосымша вагон болып Қандыағаш стансасында келесi пойызды сағаттап күту тауқыметi артта қалды. Билеттiң қаттығы да бөлек әңгiме едi. Әсiресе, жаздың аптап ыстығында екi тәулiкке жуық уақытты жолда өткiзудi айт­саңызшы. Аса бiр қысылтаяң шаруа болмаса, ұшақпен ұшуды екiнiң бiрiнiң қалтасы көтере бермейтiнi тағы бар.

Қызы Нәзира үйден кетiп қалғаннан берi Фатима мен Халел сөйлесуден қалды.Ал сөйлесе қалса, бiр-бiрiмен айтысып, кiнәласып, өткен мен кеткеннiң бәрiн тiзбектеп, текетiреспен бiрi құлап, бiрi жылап, бiрiнен-бiрi кең пәтердiң екi қуысына тығылып жансауғалайтын болды. Мiне, бүгiн де кешкi ас үстiнде аяқ астынан ұрыс басталды. “Таз ашуын тырнадан алады” дегендей, күйеуi бар iштегi ызасын әйелiне үйiп-төгiп, тағы да тергеуiн бастамасын ба?! Қай­т­сiн байғұс, намыстан жарылып өлердей болып жүр. Күнде Фатиманы кiнәлап айтатыны: “ Шешесi болып қызға неге ие болмадың? Бұл масқараға қалай жол бердiң?” – деген сияқты қитұрқы сұрақтар. Фатима не десiн? Отыздан асқан қызға қалай ие болады? Әкесi болып өзi не iстедi?

“Дипломмен ауылға!” – дейдi ғой,
Мен мұнымен келiспеймiн!
Мейлi, күнде насихаттасын,
Бәрiбiр берiспеймiн!
Өйткенi байқаймын,
Байқаймын да басымды
Қайта-қайта шайқаймын.
Не үшiн шайқайтынымды айтайын:
БАС БӘЙГЕ ЖЕМIСБЕККЕ БҰЙЫРДЫ
Қазақстан жазушылар одағы және “ZHERSU” корпорациясы ұйымдастырған балаларға арналған шығармалардың Халықаралық “Дарабоз” бәйгесi иелерiн тапты. “Оралбай атам – оралман емес” шығармасы үшiн Нұрғали Ораз, “Мен қазақ екенмiн” повесi үшiн Тұрлыбек Мәмесейiтов, “Әже әлдиi” жыры үшiн Ауыт Мұқибек, “Қаладан келген қағылез” пьесасы үшiн Алтынай Амангелдiлер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, “Шөлдеген шағала” повесi үшiн Жаңабай Кемал, “Есiктi қаққан Еңбек” ертегiсi үшiн Райхан Мәженқызы, “Мынау Ғазиз дүние” повесi үшiн Есей Жеңiсұлы үшiншi орынды иелендi. Екiншi бәйгенi “Бiрiншiге бардың ба?” өлеңдер топтамасы үшiн

Өркениеттi, сөз бостандығы дамыған өзге мемле­кеттердегi секiлдi билiк те барлық уақытта саяси көзқарастарға пiкiр алуандығына аса түсiнiстiкпен қарауға мiндеттi. Өйткенi бiздiң Конституциямызда “Қазақстанда саяси және идеологиялық алуандылық танылады” деп жазылған. Ендеше, билiк осы Конституцияны басшылыққа алатын болса, өзiнiң менмендiгiнен гөрi, халыққа сенуге мүд­делi. Өйткенi халық пiкiрi – қалтқысыз пiкiр. Халық айтса, қалт айтпайды. Сондықтан да саналы оқырмандар өзiн адастырмайтын шыншыл газеттердi iздеп жүрiп оқиды. Тiптi ұсақ-түйектiң өзiнде шыншыл болу қа­жеттiгiн халықтың жалдамалы қызметшiлерi бола тұра билiктегi шенеунiктер неге жете сезiнбейдi?

Астапыралла, о заман да, бұ заман, бүгiнде Жаратқан иемнiң есiмiмен көлденең көк атты “ойнайтын” жағдайға жетiптi. Астарлап айтып қайтемiз? Ниетi бұзық миссионерлер “kudai.kz” деп “дардай” ат қойып, айдар тағып, сайт ашыпты. Мұны көрiп жағамызды ұстап, жерге кiре жаздадық. Бұған дейiн де миссионерлердiң мысық пиғылын мәшһүр еткен ондаған сайтты ақтарыстырғанбыз. Ол жерде былай деп жазылыпты. “Құрметтi оқырман қауым, мейi­рiмдi де, рақымды Құдайдың атымен сiздерге дұғай сәлем жолдаймыз! Қазақ жерiндегi бейбiтшiлiк пен тыныштық үшiн Алла Тағалаға мол алғысымызды бiлдiре отырып, елiмiздiң өркендеп, көркейе беруiн, ұлттар арасында татулықтың және дiндер арасында бейбiтшiлiктiң сақталуын тiлеймiз.
Иә, мен дәл осылай етуге ерiксiз мәжбүр болып жүрмiн. Өйткенi қазiргi “қа­зақ­фильмнiң” шығарып жатқан өнiмдерiнiң барлығы тегiс жас ұрпаққа өнегелi тәр­бие бередi деп айта алмаймын. Өзiңiз ойланып көрiңiзшi: өз перзенттрерiме “Келiн”, “Қайрат – чемпион” деген сықылды, күллi қазақтың қасықтап жинаған абыройын қазанымен аударып тө­гетiн арсыз, ұятсыз киноларды “тамашалаңдар!” деуге дәтiм қалай барады? Естуiмiзше, жоғарыда аттары аталған фильмдерге ресей­лiктер “өте жоғары бағалар” берiп, еуропалықтар қомақты қаржылай “сыйлықтар” ұсынған көрiнедi. Әрине, өзiңнiң туған халқыңды масқаралап, ұлтыңның намысын аяқтарының астына таптауға жағдай жасап берiп отырсаң, олар сенi неге маңдайыңнан бес рет сүйiп қарсы алмасын! Егер киноларымызды Еуропаға жағынып, сыйлық алу бағытында ғана түсiретiн болсақ, қазақ жастарын отансүйгiштiкке тәрбиелеу жұмыстары қай­да қалады?
Немере сiңлiмнiң намаз оқи бастағанын естiп, қатты қуандық. Бiрақ жастайынан намаз оқып келе жатқан анам: “Мына қыздың үстiне қара киiм киiп алғаны дұрыс емес”, – дедi шошынып. Бiз: “Басқа емес, Алланың жолы ғой”, – деп анамызды жұбаттық.
Алайда бәрi бекер болып шықты. Ол қызымыздан осы күнi өзiмiз де шошындық. “Қайтсек осы жолдан шығарамыз?” – деп әлектенудемiз. “Қара киiм неге киесiң? Алланың жолына түсу үшiн бiзге бөлiнудiң керегi жоқ, мұсылмандық бiздiң қанымызда бар”, – дегенiмiздi құлағына да iлмедi. Ол бiздiң ғана емес, ата-анасының да тiлiн алмайды. Бар тыңдайтыны – өзiнiң дiндес “сестралары”. Ол көшеде келе жатып, өзiндей (таңғалатыным, ол адамды бұрын көрмесе де, жазбай таниды) еркек немесе әйелдi көрсе,

...11-сынып оқып жүргенде теледидардан (қай телеарна екенi есiмде жоқ) бой жетiп келе жатқан Астана қаласы туралы репортаж көрсетiлiп жатты. Көп қабатты үйлердi, әсем ғимараттарды көрiп, “Мен де мектептi бiтiрген соң Астанаға барамын” дедiм өз-өзiме. Астанаға оқуға түсiп, түбi сол жақта қалуды армандадым. Жалғыз анамның қарсылығына да, менен кейiнгi апыл-тапыл өсiп келе жатқан бауырларымның жағдайларына да көңiл бөлместен Астанаға келдiм. Жоғары оқу орнына түсе алмасымды бiлдiм де, шаштараздың 3 айлық курсын оқып бiтiрдiм. Әрине, алғашында туыстарымды жағаладым. Шаштаразшы болып жұмысқа да тұрдым.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Г.Н.Әбдiхалықованың назарына! Менiң әжем – 89 жаста. Аты-жөнi – Назым Сүлейменова. Ұлы Отан соғысы ардагерiнiң жесiрi. Соғыс жылдары әжем 19-20 жас­та болған, ауыр жұмыстар iстеген. Бiрақ тыл арда­герi ре­тiнде есепке алынбайды. Осы уақытқа дейiн зейнетақы алмайды. Неге дей­сiздер ғой? Соғыс жылдары iстеген еңбегi жөнiндегi мәлi­меттер мұрағатта болғанымен, бертiн­де сол мәлiметтер өртенiп кетiптi. Қазiргi уақытта әжемнiң алатыны: 1. Асыраушысынан айы­рыл­ғаны туралы жәрдемақы. 2. Арнаулы мемле­кеттiк жәрдемақы. Айтпақшы, аудандық әлеу­мет­тiк жұ­мыспен қамту орталығынан төленетiн теңгесi бар. Барлығын қосқанда – 17200 (он жетi мың екi жүз) теңге.

Мәскеуде дзюдодан халық­аралық “Гранд Слам” турнирi аяқталды. Әлемнiң 63 елiнен 458 татами шеберi жүлделердi сарапқа салған-ды. Қазақ елiнiң намысы үшiн сынға түсiп, 60 келiде белдескен Саламат Отарбаев жарысты бiрден екiншi айналымнан бастаған. Чехия палуанын жеңгенiмен, үшiншi кездесуiнде ресейлiк палуаннан аса алмады. Осы салмақтағы дзюдошымыз Еркебұлан Қосаев та алғашқы екi айналымын сәтiмен өткiзген едi. Ресей мен Голландия спортшысын жеңген ол үшiншi айналымда француздан ұтылып қалды. Сөйтiп, екеуi де 9-16-орынға тұрақтады. 66 келiде 41 палуан белдескен едi. Өкiнiшке қарай Азамат Мұқанов алғашқы сайыс­та-ақ сылбыр күресiп, Финляндия палуанынан жеңiлдi

Франция ашық бiрiн­шiлiгiнде сынға түсiп жатқан теннисшiлердiң ширек финалға жолдама алғандары белгiлi болды. Әзiрге әлемде өзiне тең келер теннисшi тапай жүрген Рафаэль Надаль кезектi кездесуiн тағы да жеңiспен аяқтады. Хорватия үмiтi Иван Любичич Надаль­дiң екпiнiне төтеп бере алған жоқ. 2 сағат 26 минут бойы тартысқан ойында 7:5, 6:3, 6:3 есебiмен жеңiс Рафа­эль­дiң еншiсiне жазылды. Былтыр осы бiрiншiлiктiң бәйгесiн қанжығасына бөк­терген Надальға келесiде швед теннисшiсi Робин Седерлинг қарсылас болады. Ширек финалға өтер жолда ол француз теннисшiсi Жиль Симонды 6:2, 6:3, 7:6 есебi­мен ұтты.

Қытайдың Фуянг қаласында жеңiл атлетикадан Гран-при жарысынан елiмiздiң жеңiл атлеттерi жүлдемен оралды. Бiздiң қыз-жiгiттердiң қоржындары тоқ. 3 алтын, 2 қола медальға қол жеткiзген спортшылардың нәтижелерiне тоқталсақ. Биiктiкке секiрген Сергей Засимович 2 метрден 10 сантиметр ғана асып, 5-орынға тұрақтады. Ұзындыққа секiруден Константин Сафронов 7,58 метрдi бағындырып, қола жүлдегер атанды. Үш аттап секiруде Роман Валиев 16,53 метр нәтиже көрсетiп, қолаға бiр қадам жетпей тоқтады. Ал Евгений Эктов 16,49 метрге жетiп, 6 орынды мiсе тұтты. Ерлерден гөрi қыздар қуантты. 400 метрге жүгiруде Марина Масленко алдына атлет түсiрмей, мәре сызығын 52,72 секундта қиып, алтынға қол жеткiздi.
Италияда өтiп жатқан “Джиро Д Италия” көпкүндiгi мәреге жеттi. Биыл 94-рет ұйымдастырылған велобәйгеде “Астана” клубы командалық есепте топ жарды. Миланда әнұранымыз шырқалып, көк туымыз желбiредi. Осы арада айтпай кетуге болмас, бұрын-соңды бұл турнирдi қандай клуб жеңсе де, әнұран шырқалмайтын. Елiмiздiң намысын қорғаған спортшылар iшiнде Роман Кройцигер турнидi 6-болып аяқтады. Есесiне, осы көп­күндiктiң ең үздiк жас шабандозы атанды. Ендi олар алда болатын “Тур де Франс­та” да бас бәйгенi алуға бар күшiн сарқитындарын айтты.  “Астананың” тасын өрге домалатқан Александр Винокуров ендi ершiктен түсiп, басшылық қызмет атқаратын болды.
ТҮН ЖАМЫЛҒАН ҚҰПИЯ “ШАЛҒЫШЫ”
Краснодар маңындағы бiр ауылдың егiстiгiнде таңғаларлық оқиға болды. Таңертең егiстiк­ке келген шаруалар жайқалып өсiп қалған бидайдың әртүрлi геометриялық фигура түрiнде және әртүрлi ою-өрнекпен әдемiленiп қырқылғанын көредi. Мұншама егiстiктi бiр түннiң iшiнде былайша қырқу мүмкiн емес. Түнде егiстiктiң төбесiнде сәуле шашқан белгiсiз бiр заттың ұшып жүргенiн көргендер де бар. Жергiлiктi тұрғындар пiс­пеген өнiмдi не шауып аларын, не ары қарай өсiре берерiн бiлмей дал болды. Тiптi “галактиканы құтқару керек шығар” деп, ойлап не iстерлерiн бiлмей састы. Ал мамандар болса табиғаттың бұл құпия түрiн анықтауға кiрiстi.