1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15606) 7 маусым, сейсенбі 2011
“Жас Алаш” оқиға ортасында
Батыста ереуiлдеп жатқан “Қаражанбас”, “Ерсай” және “Өзенмұнайгаз” жұмысшылары мен олардың басшылықтарының келiсiмге келетiн түрi жоқ. Үш компанияның мұнайшылары талаптары орындалмайынша, ереуiлдi тоқтатпаймыз деп нық бекiнген. Алайда компаниялардың басшылықтары жұмысшылардың талабы негiзсiз, ал митингiсi заңсыз деген желеумен мұнайшыларды жұмыстан шығаруды жалғастырып жатыр. Жексенбi күнi жағдай онан бетер ушықты. Осы уақытқа дейiн Ақтаудағы автобекетте күнделiктi наразылық акциясын ұйымдастырып жүрген “Қаражанбас” компаниясының жүздеген жұмысшысы облыстық әкiмшiлiк алдында аштық жарияламақ болды. Таң­ертеңнен берi “Аман” авто­бе­кетiне жиналған жүз елудей

Маңғыстау облысы әкiм­дi­гiнiң арандату мақсатында таратқан ақпаратына байланысты “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлев мәлiм­деме жасады. 4 маусымда “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Б.Әбiлев елiмiздiң батыс аймағына арнайы iссапармен барып қайтты. Билiкке талаптарын қойған мұнайшылардың хал-жағдайымен таныс­қан партияның тең төрағасы ереуiлдеп жатқан жұмысшылармен де кездестi. Осы сапарында ол Маңғыстау облыстық әкiмiнiң орынбасары А.Айтқұловпен жолығып, мәселенi шешу жайында сөй­лескен. Алайда кеше Маңғыс­тау облыстық әкiмдiгiнiң баспасөз қызметi Б.Әбiлевтiң сапары жайлы басқаша хабар таратты.

Маңғыстау облысының әкiмi Қ.Көшербаевтың “Қаражанбасмұнай” АҚ-ның қызметкерлерiнiң көтерген мәселелерi бойынша мәлiмдемесi
Бiрiншiден. Қалыптасып отырған жағдай туралы Мемлекет басшысы мен Үкiмет бiледi. Екiншiден. Облыс әкiмдiгi мүдделi орталық және аумақтық органдармен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен “Қаражанбасмұнай” АҚ жұмыс­керлерiнiң және Н.Г. Соколованың барлық өтiнiштерiн қарап, тиiстi жауаптар бер­дi. Дәлiрек айтқанда, бiтiмгер­шiлiк комиссиясында жалақыны көтеру мәселесi бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушiлер арасындағы өзара түсiнiстiкке қол жеткiзiлмедi. Мұнан соң, кәсiподақ өкiлдерi арасындағы келiспеушiлiктер себебiнен, жұмыскерлердiң та­лаптарын заңнамамен бел­гiленген мерзiмде еңбек арбитражы арқылы қарастыру мүмкiн болмай қалды.
ҚЫРҒЫЗДЫҢ ДЕПУТАТЫ БАСЫН ИIП, КIНӘСIН МОЙЫНДАДЫ. АЛ ҚАЗАҚТАР СӨЙТЕ АЛА МА?
Маусымның 3-i күнi Қырғызстанның “Ата Мекен” фракциясының парламент депутаты Болот Шер өз мандаты мен генерал-лейтенант атағынан бас тартып, ресми мәлiмдеме жасады. Бұл туралы ақпарат таратқан КирТАГ агенттiгi депутаттың мұндай қадам жасауына 2010 жылғы сәуiр революциясының тiкелей қатысы болғанын айтады. “Өткен жылғы қанды оқиғаның кiнәлi азаматтары туралы жиi сұрайсыздар. Осы оқиғаға кiнәлi адамның бiрi – мен. Сол кезде IIМ-нiң басшысы болдым. Қаза болғандардың туыстарынан кешiрiм сұрай отырып, Роза Ысқаққызы, менi депутаттық мандаттан және генерал-лейтенант шенiмнен заңды түрде айыруыңызды сұраймын”
Жазылған жайдың жаңғырығы
“Жас Алаштың” биылғы жылғы 11 мамырдағы 36 санында “Исматулла билiкке таласудан аулақ” деген тақырыппен есiмi елге белгiлi бiр топ азаматтардың президент Н.Назарбаевқа жаз­ған ашық хаты жарияланды. Шерхан Мұртаза, Мекемтас Мырзахметұлы, Дидахмет Әшiм­хан, Аманхан Әлiмұлы, Есенғали Раушан, Тұрсын Жұртбай, Әселхан Қалыбаева, Светқали Нұржан секiлдi азаматтар Исматулла Әбдiғаппарды Қожа Ахмет Иасауи негiзiн салған сопылық мектептiң жалғастырушысы деп дәрiптеп, “Хабар” теларнасында “Ақиқат” бағдарламасында Исматулла Әбдiғаппар жөнiнде толықтай жал­ған ақпараттар мен бұрмаланған деректерге негiзделген фильм көрсеттi

Қазақстан халықтары ассамблеясының ХVII сессиясы өткеннен кейiн, көп уақыттардан берi бұл жақта бар-жоқ екенi ұмытылып кеткен ұлттық қозғалыстар арасында кәдiмгiдей қозғалыс байқала бастады. Оған бiр жағынан себеп болған президенттiң сол сессияда қазақ тiлi турасында айт­қан сөздерi ме дедiк. Ол жөнiнде газеттiң бұдан бұрнағы сандарында жазылған соң, қайталамай-ақ қоялық. Дегенмен “орыстiлдi қариялар емханада дәрiгерлiк кабинеттердi таба алмай сенделiп жүредi” дегенiн оқығанда, кәдiмгiдей күлкiм келдi. Бұл жақта қазақтың қариялары сөзiн жеткiзе алмай, кабинет таба алмай, седелiп жүредi десе, нанар едiм. Оны екi күннiң бiрiнде емханаларда өзiм көрiп жүрмiн.

АҚ ГҮЛДЕР
Жолымызды сан кестi қара мысық,
Аспанымда ақ бұлттар барады ұшып.
Керегесiн қашанда бақыт керген
Немересiн сүйедi Ана құшып.
Ақ боз үйдiң маңайы дүбiр едi,
Шаңырақтың түндiгi түрiледi.
Жусан исi бұрқырап жазирадан
Шымыр тұяқ қозы лақ жүгiредi.
“САҒАН БIТКЕН АҚЫНДЫҚТЫҢ БАҒЫ БАР”
Мұхтар Шахановтың “Қырғыз Эвересi және мәңгүрттендiрудiң егеуқұйрықтық тәсiлi (Аға-дос Ш.Айтматов туралы эсселер)” атты кiтабы жарыққа шықты (Алматы, 2011 жыл). Бұл кiтапқа алғысөздi ҚР Мемлекет­тiк сыйлығының иегерi Төлен Әбдiкұлы жазыпты. Т.Әбдiкұлы жазған алғысөзде бұл кiтаптың құндылығы, Шыңғыс Айтматовтың ұлы қасиеттерi жақсы ашыл­ған. Сонымен қатар Т.Әбдiкұлы тұлға ретiнде Мұхтар Шахановқа да тоқталып өтедi:“Расына келсек, шындықты айтудың соншалықты қауiпсiз нәрсе емес екенi баршамызға аян. Бәрiн бiлiп тұрса да айтқысы кел­мейтiндер бәрiнен көп (Шындықты бiлмейтiндер

Отан отбасынан басталады. Әрбiр отбасының берекесi, ынтымағы, бiрлiгi мемлекетiмiздiң iрге­тасын берiк нығайта түсетiнi анық. Сондықтан бiздiң зайырлы мемлекет әрбiр отбасының, әрбiр адамның тағдырына, болашағына асқан жауапкер­шiлiкпен қарайды. Жақында “Жас Алаш” газетiнiң Жамбыл облысындағы тiлшiлер қосынына бiр әйел келiп, арыз айтты. Арызын қағазға жазып та келiптi. Әрине, отбасы мәселесi – мәңгiлiк мәселе. Жұбайлар “жыры” ешқашан таусылмайды. Бiрақ әлгi әйелдiң хатын оқи отырып, бұл бәрi­мiздi толғандыруы тиiс ортақ мәселе екенiн аңғардық. Бiз бұл жерде ешкiмдi кiнәламаймыз.

ҚОЛАҢ ШАШТЫҢ КҮТIМI
Шаштың түсуiн тоқтату үшiн мынадай қоспаны пайдаланса болады. Бiр ас қасық бал, алоэ шырынын және бiр ас қасық сарымсақ сөлiн аралас­тырасыз. Тұнбаны салқын жерде сақтап, жиi қолдануға да болады. Шашыңызды жумас бұрын осы тұнбаны бас терiсiне сiңiре жағу қажет. Қолданардан бұрын қоспаға жұмыртқаның сарысын қосып, ара­лас­тырасыз. Жарты сағаттан кейiн шашты жылы сумен шайып тастау керек. Шаю үшiн өсiмдiктерден жасалған арнайы тұнбаларды қолдануға болады. Үш-төрт рет пайдаланған соң, тұнба жақсы нәтижесiн бередi.
“Отбасы” қосымшасының өткен нөмiрiнде отандық ойыншық туралы мақала жариялаған едiк. Күнделiктi күйбеңмен мән бермейтiн ойыншықтың қазiргi түрлерiне тоқталып, қазақ баласының шетелдiк бұйымды ермек еткенiне алаңдаушылық бiлдiргенбiз. Осы тақырыпқа байланысты редакция­мызға арнайы келген Сәкен Болыс алдымызға көздiң жауын алатын ойыншықтарын жайып салды. Бояуы қанық ойыншықтардың басты ерекшелiгi ұлттық нақышта жасалуында едi. Ұлттық құндылықты қадiрлейтiн жанның мына дү­ние­­лерге елең етпеуi мүмкiн емес. Домбыра, алты қанат ақ үй, ою-өр­нек­тер, бәрi-бәрi қазақтың төл дү­ниесi. 

Франция ашық бiрiншiлiгi саналатын “Ролан Гаррос” турнирi мәресiне жеттi. Жексенбi күнгi финалдық ойында швейцариялық Роджер Федерер испандық Рафаэль Надальдан ұтылып қалды. Бес сеттiк ойында 5:7, 6:7 (3:7), 7:5, 1:6 есебiмен жеңiлген Роджердiң осымен “Ролан Гарростың” финалында екiншi мәрте тауаны қайтты. Жартылай сында Новак Джоковичтi жеңгеннен кейiнгi баспасөз конференциясында 30-дың о жақ, бұ жағындағы Федерер: “Бұл бiр тамаша жеңiс болды. Бүгiнгi ақтық бәсекеде де Надальдiң алдын ораймын”, – деген. Роджердiң дегенi бола беретiн заман ба, Надаль осымен алтыншы рет ақтық сында мерейi тасып, жеңiмпаз атанды.

Өткен аптада 2012 жылы өтетiн Еуропа чемпионатына iрiктеу турының кезектi ойындары өттi. “А” тобындағы Қа­зақстанның ұлттық құрамасы өз алаңында Әзiрбайжан футболшыларын қабылдады. Матч алдындағы дайындық үстiнде Беранектiң не айтқаны бәрiмiзге белгiлi. Жеңiске жететiнiмiзге иландырды емес пе. “Мен жастарға сенемiн” дегендi емеурiнмен бiлдiрген. Айтқаны айдай келдi. Бiздiң футболшылардың ойыны ендi қалыпқа түсiп келе жатқандай. Бұдан бұрын кез келген ойынның екiншi таймын­да болдырып, қай елдiң құрамасымен ойнамасын iрi есеппен ұтылатын едi. Оған тiптi етiмiзде өлiп кеткен болатын.
Алматы облысының Қаскелең қаласында ережесiз жекпе-жектен халықаралық турнир аяқталды. Елiмiздiң жекпе-жек мықтыларымен бiрге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елiнiң спортшылары  сынға түстi. Екi күнге созылған сайыста бiздiң жiгiттер мықтылығын мойындатты. Жарысқа 50-ге тарта спортшы қатысты. Қазақ елiнiң жiгiттерi 8 салмақтың 5-еуiнде алтынға ие болып, командалық есепте бiрiншi орыннан көрiндi. Қырғыз елiнiң спортшылары 3 алтынға қол жеткiзiп, екiншi орынды еншiлесе, өзбектер 2 күмiстi олжалап, үшiншi орын­ға тұрақтады.
«АРЛАНДАР» АСТЫНДА АВТОКӨЛIК
“Астана арландары” бокс клубы былтырғы жылды қорытындылады. Бүкiләлемдiк бокс сериясында толайым табысқа жеткен клуб мүшелерiн “KEGOK” акционерлiк қоғамы құттықтады. Астана қаласындағы бокс федерациясында өткен салтанатты шараға Акционерлiк қоғамның вице-президентi Серiк Оспанов келiп,   “Астана арландарының” мүшелерi Бақыт Сәрсекбаев, Қанат Сiләм, Қанат Әбутәлiпов, Мiржан Рақымжанов, Ержан Мүсәпiров, Мерей Ақшалов, Марат Молдагереев, Руслан Мырсатаев­қа шетелдiк темiр тұлпардың кiлтiн ұстатты.  Ендi боксшылар жазғы демалысқа шығып, тамыздың 1-iне дейiн тынығады. Ары қарай келесi маусымға дайындықты бастамақ.
“Қазақ-ау! Оян! Мұжық көшi жүрiп кеткенде жұртта қалып жүрме!” демеп пе едi бiр кездерi Алаш көсемi Әлихан Бөкейханов. Қазақ қалың ұйқыдан оянған бүгiнде. Оянғанымен, әлi мар­ғау. Жүрiп бара жатқан мұжық көшiне самарқау қарайды. Қазақтың ұйқысын ашатын тәттi сөз емес — ащы сын. Өзiңiздiң “Жас Алашыңыз” сын айту арқылы қазақтың ұйқысын ашуды, көшiн қозғауды мақсат еттi. Ұлттың көшiн қозғауға Сiз де себепкер болыңыз, “Жас Алаш­қа” жазылыңыз, құрметтi оқырман! Газетiңiзге жазылу жүрiп жатыр. Жазылу бағасы өзгерген жоқ.