1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (15607) 9 маусым, бейсенбі 2011
Мамыр айында “Қазтелерадио” қоймасының аумағынан белгiсiз екi адамның мәйiтi табылып, “бұл екi мәйiт 2007 жылы iзiм-қайым жоғалған Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiкi болуы мүмкiн” дескен құзырлы органдар. Ал Бас прокуратура “екi мәйiттi Темiрәлиев пен Хасеновтiкi деуге негiз бар” деп, мәйiттердi немiс сарапшылары сараптамадан өткiзiп жатқанын айтқан. Deutsche Welle (“Немiс тол­қыны”) медиа компаниясының хабарлауынша, Берлин­дегi “Шарите” сот медицинасы институтының директоры Михаэль Тсокос Венада арнайы брифинг өткiзiп, Қазақстан Бас прокуратурасының күдiгiн растады.

Уикиликсте жарияланған Қазақстанның Иранға уран сатқаны туралы ақпаратты Сырт­қы iстер министрлiгiнiң өкiлi жоққа шығарды. А.Әбдiрахманов баспасөз мәслихатында қазақстандық шенеунiктердiң Иранға уран сатпағанын, мұндай ақпараттың негiзсiздiгiн қадап айт­ты. Алайда Қазақстанның шетел­дегi беделi пара мен саудаласу арқылы шешiле­тiнiн ешкiм жоққа шығара қоймас. Елiмiздiң сыбайластық әлемiнде аты алғаш рет аталып отырған жоқ. Шенеунiктердiң шаруасын жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықпен шешiп дәнiккенi сондай, түйенi түгiмен жұтудан та­йынбайтын әккi болып алды. Бұл сөзiмiздi төмендегi деректер нақтылай түсерi даусыз. 

Осы айдың басында Гүржiстан парламентi “Бостандық хартиясы” деп аталатын құжатты қабылдады. Бұл құжат күшiне енген соң бұрынғы Кеңес өкiметiнiң арнайы органдарында қызмет еткендер, коммунистiк пар­тия­ның басшылары және комсомол хатшылары лауазымды қызмет iстей алмайды. Бiр сөзбен айтқанда, билiктен шеттетiледi. Сондай-ақ қоғамдық орындарда фашистiк немесе коммунистiк символикаларды пайдалануға тыйым салынады. Хартияның авторы — “Күштi Гүржiстан” оппозициялық фракцияның төрағасы Гия Тортладзе. Құжаттың қабылдануын қолдап, 91 депутат бiрауыздан дауыс берген. Бұл ненi көрсетедi?
Грек-рим күресi бойынша Олимпиада биiгiн бағындырған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпi­ров 60-қа толды. Мерейтойын өзi айтқандай “ел-жұрттың арасында” атап өткен қазақ палуанын құттықтай барып, әңгiмелескен едiк. Әкемiз қатар Жәкеңнiң жүрiсiне еремiз деп, алқынып та қалдық. Қимылы сондай ширақ. “Менi күнiне екi шофер тасиды. Өйтпесе жұмыс бiте ме? Мен үйдiң бiрiншi қабатынан үшiншi қабатына үш рет көтерiлiп, түскенше балаларым, келiндерiм шаңыма iлесе алмай қалады” дедi. Мұнысын қимылдарынан-ақ байқадық. Өте жылдам Жақсылық ағаның баратын жерлерi, атқаратын шаруалары көп. Оның қасында бiр шопыр күнi бойы iлесiп жүрсе, болдырып қалатыны анық ендi.

Дәл қазiр қазақ зиялыларын Қазақстандағы дiннiң ахуалы қатты алаңдатып отыр. Бұған редакциямызға келiп түсiп жатқан хаттар да куә. Әлемдегi күллi дiндерге есiгiмiздi айқара ашып тастадық. Бұл барып тұрған алаңғасарлық едi. Аяғы не болды? Қоғам бүлiне бастады. Қоғамымыздың бүлiне бастағанын ҚР президентi Н.Назарбаев пен ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Н.Әбiқаевқа жазылған төмендегi хат та дәлелдейдi. Бұл хатқа Қарағанды облысының зиялылары, атап айтсақ, ақын, Қазақстаның еңбек сiңiрген қайраткерi, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры Серiк Ақсұңқарұлы, Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмабеков және бұдан басқа 21 адам қол қойған.

Жексенбi күнi Ақтауда полицейлермен қақтығыс кезiнде қамауға алынған отыз шақты “Қаражанбасмұнай” жұмысшысы әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Ақтау қалалық әкiмшiлiк соты оларға 1-ден 3 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салды. Екi мұнайшыға үш тәулiкке қамау жазасын кестi. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлiметiне сүйенсек, өз қарындарын өздерi тiлген Қуаныш Сейсенбаев пен Ербол Кәрiмовтiң жағдайы қанағаттанарлық. Ақтау бекетiне жиналған жүз­деген «Қаражанбас» мұнайшысы мен олардың жұбайлары келiс­сөз­дердi күтiп жатыр.

ҚОҒАМ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСIНЕ МӘН БЕРМЕСЕ, АЗҒЫНДЫҚҚА ЖОЛ АШЫЛАДЫ
Соқыр Адам тықырмен, дыбыспен түсiнсе, мылқауға ыммен, белгiмен айтарыңды аңғартуға болады. Ал он екi мүшесi сау керенау адамға қанша айтып, ыммен бiлдiрсең де белгi бермейдi. Қазiргi бiздiң қоғам соның кебiн киiп отырған керенау, тоғышар пендеден аумайды. Оны күнделiктi өмiрдiң өзi айқындап отыр емес пе? Қазақ тiлi деп дiлгiрлегеннiң өзiнде өзегiнен тепсеңде тырп етпейтiн кейбiреулердiң кесiрiнен Ана тiлi талай азап күнiн бастан өткерiп келедi. Кеңселерде сөйлеген сыңай танытқанымен олар отбасында орыстың тiлiн желдiртiп жүргенi. Келер ұрпақтары қос тiлдiмiз деп мақтанады. Қос кеменiң құйрығын ұстаған суға кетедiнiң керi келмесе неттi…

Сонау өтпелi кезең деп аталатын уақытта өң-ажарынан айырылып қалған ауыл жарықтық кейiнгi жылдары төскейi бұрынғыша малға толып кетпесе де, өзiнше қалт-құлт тiрлiгiн жасап жатыр. Сол бiр ауырлау уақытта ауыл шаруашылығының қажетi жоқ, керек болса, малды шетелден әкелемiз деп көкiген көке­лерiмiз ауылдың керек екенiн ендi бiлiп жатқан сияқты. Бiрақ үкiмет екi күннiң бiрiнде қабылдап жатқан қаулы мен шешiмнiң ауылдағы елге әзiрше шапағаты тие қойғанын байқамадық. Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың ауыл тұрғындарына 20 мың доллардан жеңiлдетiлген несие беремiз дегенiн де естiдiк.

Аяқ асты жол түсiп Ре­сей­дiң ең шеткi географиялық нүктесi саналатын Новоси­бирскi­ге баруға тура келдi. Новосибирск – Ре­сейдiң Мәс­кеу мен Санкт-Петербордан кейiн­гi үшiншi қаласы. Мұнда 1,5 миллионға жуық халық тұрады. Сөйтiп, Fokker-50 ұшағының тар креслосына үйренiп болғанша үш сағат та өте шықты. Мiне, бiз Сiбiрге де келдiк деп ойладым iштей. Көшiм ханның хандық құрған жерi, Ермактың Сүзге аруға басын иiп табынған жерi. Әрине, мұның бәрi дәл бұл қалада болған емес. Бiрақ осы өңiрде қалған тарих iзi жетелеп Қазақстанға әкеледi...

“МЕНIҢ ӘКЕМ ҚАНДАЙ АДАМ ЕДI?”
Мәскеудiң “АСТ” баспасы “Менiң әкем қандай адам едi?” деген серия ашты. Бұл сериямен қазiргi орыстың 40 жасқа дейiнгi оқымыстылары, жазушылары, әртiстерi өз әкелерi жөнiнде әңгiме айтып, сыр шертедi. Бұл жерде баспа мынадай принцип ұстаған. Бұл авторлардың әкелерiнiң бәрi де – атақты адамдар (Евгений Евстигнеев, Олег Табаков, Анатолий Тарасов және т.б.). Осы сериямен шыққан кiтаптарды оқып отырып “Ұрпақ сабақтастығы дегенiмiз де осы шығар...” дейсiң ерiксiз. Ал ендi бiздiң атақты адамдарымыздың балалары өз әкелерi туралы осылай жаза алар ма едi? Қатты күдiктенесiң. Өйткенi бiздiң атақты, белгiлi адамдарымыздың балаларының бәрi дерлiк қазақша
(әзiл әңгiме)
ықтыгүл екеу­мiздiң биылғы жоспарымыздағы басты мәселе – Қой­лашты үйлендiру болып тұр. Мықтыгүл деп отырғаным – бiздiң үйдегi мықты. Қойлаш – құрттайдан бiрге өскен құрдасым. Қырықтың қыр­қасына иек артып қалса да, қара басы ғана сопайып бойдақ жүр. “Неге үйлен­бейсiң?” десек, беретiн жа­уабы бiреу: “Жүрегiмдi қозғайтын қызға кездеспей жүрмiн”. “Қырық жылда бiр қозғалмаған бұ шiркiннiң жүрегi тас па, темiр ме?” деп бiз жүрмiз. Ауылға барған сайын Қойлаштың шешесi Тәмилә тәтем: “Қарақтарым-ау, осыны қырыққа келгенше сүрбойдақ етiп қоясыңдар ма, бiр шүйкебасты көзiмнiң тiрiсiнде әкелмейсiңдер ме?” – деп құдайдың зарын қылады.
Бiрде Төле би ауылында тұратын Пернебай Жүнiсбекұлы шежiрелi-көнекөз қариялардан төмендегiдей әңгiме естiптi:
“ – Киелi Шу топырағында кiндiк қаны там­ған Нұрмағанбет (Балуан Шолақтың азан шақырып қойған аты) Көкше өңiрiнен Сәмбет ауылындағы ағайындарына ат арылтып келiп тұруды ұмытпапты. Ертеректе iргелес жатқан көр­шiлес рудың бiр жiгiтiн Сәм­бет ауылының тентек-есерсоқтары оңдырмай сабап тастапты. Таяқ жеген жiгiттiң он-он бес жерлес ағайындары атқа қонып, күтпеген жерден атойлап Сәмбет ауылына басып кiрiп, көпшiлiгiн таяққа жығады. Сол сәтте ағайындарына қыдырып келген Балуан Шолақ жасырынып тығылып қалыпты. Кек алушылар мақсаттарына жетiп, абыр-сабыр басылған соң туыстарының бiрi:
Бастауын Ақтөбе облысының Мұғалжар тауынан алатын, бiр­неше жүздеген шақырымға созылып, бiздiң Жылыой аумағына кiргеннен кейiн де тарам-тарам сай-салаларды толтырып, көк­темде тасып ағатын Жем өзенi шабындықтарды суландырып, мал азығын дайындауда көп көмегiн тигiзедi. Жем өзенi тасыған жазғытұры кезеңде ауыл шаруашылығы суға қарық болып, көлдерге, тоғандарға, күптерге, сай-салаларға су толып, адамдар балық аулап, малдар емiн-еркiн су iшiп, шабындық жерлер жайқала өсiп, одан қажеттi мал азығы керегiнше дайындалып, шаруашылықтар байып шыға келетiн. Кеңес өкiметi кезiнде аудандар­ға iргелi үш совхоздың тұсынан өтетiн Жем суын тиiмдi пайдалану мен шабындық жерлердi суландыру совхоз директорларының

Осыған дейiн таныстарымыздан “Алтынай” шипажайы туралы жиi естушi едiк. Жақында сәтi түсiп, Сарыағаштағы осы демалыс және сауықтыру кешенiне бардық.  Шипажайға алғаш кiргенде алған керемет әсерiмiз демалысымыздың соңғы күнiне дейiн жалғасты. Сауықтыру орнының басшысы Асылхан Бекболатұлының алдымыздан шығып, қонақжайлық танытқаны қатты ұнады. Күнделiктi күйбеңнен денсаулыққа қарай бермеймiз ғой. Жылына бiр уақыт бүкiл ағзамызды тазалап, демалып тұрғанның кереметтiгiн “Алтынай” шипажайында бiлдiк. Емдiк суымен асқазан, iшек, бауыр және өт жолдарын тазалап қана қоймай, сыр­қатыңызға қарай ем-дом да ұсынады.

Мен “Жас Алаштың” әрбiр санын жiбермей оқимын. Кейiнгi кездерi жария болған дiн, дiннiң ағымы, жастар “кiрiп” кеткен алуан түрлi секталар туралы мақалаларды оқып, өз ойымды бiлдiргiм келдi. Бiрде автобуста маған қарама-қарсы орындықта орамал тартып, ұзын көйлек киген екi қыз әңгiмелесiп отырды. Екеуiнiң сөздерiн емiс-емiс естiп қаламын. Автобус аялдамаға келiп тоқтағанда әлгi қыздардың бiрi сыртта кетiп бара жатқан келте көйлек киген бойжеткендi көрсетiп: “Бiз ғой “күнәмiздi кешiр” деп, басымызды сәждеге жығып, бес уақыт намаз оқимыз. Ал мыналар күнәларын қалай жуар екен?” – дедi екiншiсiне. “Құдай алдында ол қыздың күнәсi жоқ шығар.
БРУК БIРIНШI КЕЛДI
“Дофине Либерен” көпкүндi­гiне қатысушы спортшылар 1-кезеңдi аяқтады. Алберфиль мен Сен-Пьер-де-Шартрез арасын жалғаған 144 шақырымдық жарыс жолына шыққандардың iшiнен мәре сызығын бiрiншi болып, Юрген ван ден Брук (“Omega Pharma — Lotto” клубы) кестi. Оның iзiн ала ресейлiк “Катюшаның” мүшесi Хоаким Родригес жеттi. Үштiктi “BMC Racing” клубының атынан сынға түсiп жүрген Кадел Эванс қорытындылады. Осы сайысқа қатысып жатқан “Астана” велоклубының аяқ алысы жаман емес. Команданың «құлжасы» Александр Винокуров алғашы кезеңде мәреге төртiншi жеткен.