1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15608) 14 маусым, сейсенбі 2011
ЕГЕСIЗ БОЛСА ЕЛ ЖЕТIМ, ЕЛСIЗ БОЛСА ЖЕР ЖЕТIМ... (Халық мақалы)
Қазақстан мен Орталық Азия экологиясының басты жауы — “Байқоңырдың” құрылысы 1955 жылы басталып, 6717 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы зымыран ұшырылған. Содан бергi 40 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 ғарыш аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллистикалық зымырандар сыналыпты. Сонымен қатар соғысқа қажеттi 38 түрлi жаппай қырып-жоятын зымырандар мен ғарыш кемелерiнiң 80-нен астам жаңа үлгiлерi де сыналған.  Ғарыш айлағынан ұшқан зымырандардың бiрiншi бөлiктерi Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екiншi бөлiктерi сол облыстағы №4 зонаға, үшiншi бөлiктерi №310-зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктем айларында дауылдар мен үскiрiк аяздарды, жазда аптап ыстықты, өрттi көбейттi.
АҚШ-тан жағымсыз бiр хабар жеттi. Бүтiн бiр ұлттың атына кiр келтiрген “Қазақгейт” деген бәлелi даудан әупiрiмдеп әзер құтылып едiк, қазақ билiгiне қатысты тағы бiр халықаралық жанжал тұтанайын деп тұрған сыңайлы. POGO атты үкiметтiк емес ұйым АҚШ-тың бас прокуратурасынан Конгрестiң бiрқатар мүшелерiнiң қызметiн тексерудi сұрапты. Оған Рахат Әлиевтiң iсi мен америкалық лоббист Александр Мирт­чевке қарсы берiлген арыз түрткi болған. Бұл туралы мақала “Азаттық радиосы” сайтында жарияланды. Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Ерлан Ыдырысовтың хаты 7 маусымда “Нью-Йорк таймс” газе­тiн­де жарияланған. Ол хатында Астананың жағымды бет-бейне­сiн қалыптастыру
Жақында ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттiгi 2011 жылы мемлекетке жемқорлықтан келген шығын көлемiн жариялады. Жыл басталғалы небәрi алты айдың жүзi ендi толды. Алайда агенттiктiң есебiне қарасақ, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың келтiрген шығыны 1 млрд теңгеден асыпты. Жауыр болса да, бұл тақырыптың нәтижесi тұшымсыз. “Нұротандықтар” күрестi күшейттiк деген сайын парақорлық есiрiп, етек жаюда. Қаржы полициясының есебiнде шығын көлемi – 1 193 759 мың теңге, мемлекетке қайтарылғаны – 364 250 мың теңге деп көрсетiлген.
БУРАБАЙДЫҢ ОРМАНЫ МЕН СУЫН КЕЛIМСЕКТЕР ИЕМДЕНГЕН СОҢ, БIЗГЕ НЕ ҚАЛДЫ?
“Жас Алаш” ел аралауға шықты
“Жас Алаштың” Солтүстiк Қазақстанға сапары әйгiлi Көкшенiң төрiнен басталды. Күн жексенбi болғандықтан, ресми орындарды аралаудың сәтi түспедi. Жергiлiктi жағдаймен танысу мақсатында ат басын Бурабайға бұрдық. Табиғатының әсемдiгiн айтып жеткiзу мүмкiн емес. Жазық даланың көркiн әр тұстан шоғырланған сүмбiл ағаштар ашып тұрғандай. Бiздiң таңданысымызды түсiндi ме, жол бастаған жүргiзушi азамат “мұның барлығы “көзбояушылық”, бұған дейiн өңiр орманды алқап едi. Қазiр бәрiн құртты”, – деп қалды. Өрекпiген көңiлiмiзге кiрбiң түскендей, басылып қалдық. Өзiн Назарбек деп таныстыр­ған жол көрсетушi әрi жүргiзушi халықтың мұң мұқтажына қарайлас газетiм деп, “Жас Алашқа” өзi бiлетiн бiрнеше деректiң бетiн ашты.
ЖАҢАӨЗЕНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАҺАРЫНА МIНДI
“Өзенмұнайгаз”, “Қаражанбасмұнай” мен “Ерсай Каспиан Контрактор” жұмысшылары наразылықтарын жалғас­тырып жатыр. Жексенбi күнi “Өзенмұнайгаз” компаниясының жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелерi Жаңаөзен орталығына митингiге жиналды. Мұнайшылардың бұл ойынан алдын ала хабардар болса керек, қала басшылығы дәл осы кезде орталық алаңда сауық-сайран концерттi қабаттастыра өткiзiптi. Митингiнi ұйымдастырушы топ орталық алаңға келген бетте күннiң астында ән шырқап тұрған балаларды көрдiк дейдi. Коммунистiк партияның Маңғыстау облыстық бөлiмшесiнiң жетекшiсi Нұрияш Әбдiрейiмова тәртiп бойынша митинг өткiзуге алдын
Жазылған жайдың жалғасы
Құрметтi редакция! “Жас Алаш” қашанда әлiмжеттiктiң құрбандарына қол ұшын созудан және қазақтың мүддесiн қорғаудан жазбаушы едi. Мен адвокат ретiнде “Жас Алаш” оқырмандарын келесi жағдайлардан хабардар еткiм келедi. Бұл мәселеде “күштiнiң әлсiзге тiзе батыруы да”, ұлтымыздың мүддесi де бар деп бiлемiн. Және бiр айтқым келетiнi – бiз өз тарапымыздан әрекет жасамасақ та, газеттiң бұдан бұрынғы сандарында мен көтергелi отырған мәселе турасында 2 бiрдей мақала жарияланды. Олар – “Сақалдылар мен шендiлер тартысы” және “Исматулла билiкке таласудан аулақ” – деп аталады.
Осыдан дәл 20 жыл бұрын, Қалтай Мұхаметжанов бар, Шерхан Мұртаза бар, халқымыздың қадiрмендi тұлғалары “Уа, халайық! Дiнге уақып болайық! “Дiн бiрлiгi” дейтiн ұғым бар. Баршамыз да ата-бабамыздың бiзге аманаттап кеткен дiнiн ұстанайық. “Сауд Арабиясында былай екен, Түркияда олай екен...” дегендi доғарайық. Дiнмен ойнауға болмайды. Егер бiр отбасының iшiнен әртүрлi дiндi ұстанатындар шықса, ол отбасы iридi. Отбасы – мемлекеттiң iргетасы. Отбасы iрiгеннен кейiн мемлекет те iридi. Уа, халайық! Дiнге уақып болайық!” – дедi. Бiрақ бұл сөзге ешкiм құлақ түрмедi. Құлақ түрмеген себебi, бiздiң мемлекеттiк ресми саясат “Бiз – көптiлдi, көпдiндi елмiз!” дегендi қолай көрдi.
Тартылған теңiз жағалауында қаладағыдай iшi-сырты жұ­тынып тұратын әдемi мектеп үйi қайдан болсын! Дегенмен құм төбе басына қоныстанған бұл «ыстық ұяның» да ертеңгi күнi талайлардың сағынышына айналары анық. Солай болса екен деп тiлейдi. «Ыстық ұя» дейтiн қазақы ұғымды өз тұстастары айта ма, айтпай ма, бiрақ оған тiрелiп тұрған қандай шаруа. Өзiне ұнайды. Әлде бұл былтыр онжылдық бiтiрiп кеткен Ақберген ағасының қайдағы бiр қияли әңгiмелерi арқылы санаға сiңiп қалған түсiнiк пе?! «Сыныбымызды сағынатын шығармыз» деген-дi бiр орайы келгенде. Сағынып жүр ме, сағынбай жүр ме, о жағын кiм бiлiптi. Қазiр бiлдей студент, бас­қа қалаға бауыр басқанына да бiр-екi жыл.
немесе көлiктiң аяқ астынан аударылып кетуiне не себеп?
Адамның өз қолымен жасап, қыруар қаржыға сатып алатын көлiгi өзiне жау болып тұр қазiр. Ресми мәлiметтерге сүйенсек, елiмiз тәуелсiздiк алғалы берi 300 мыңға жуық жол апаты тiркелiп, оның кесiрiнен 60 мыңнан аса адам өмiрiмен қоштасса, 350 мыңға жуығы ауыр жарақаттанған. Ал Бiрiккен Ұлттар Ұйымының де­ректерi жыл сайын жол-көлiк оқиғасынан әлемде 1 миллион 200 мың адам опат болып, 50 мил­лионға жуық адам түрлi жарақат алатынын көрсетедi. Бұдан 50 миллиард доллардан аса шығын келедi екен. Жамбыл облысында өткен жылы 172 жол апаты тiркелiптi. Соның салдарынан 162 адам көз жұмып, 223 кiсiнiң денсаулығына зақым келген.
АПТАП ЫСТЫҚ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛМАҚ
Стэнфорд универстите­тiнiң климатологтары ғаламдық жылыну Жер бетiнiң ауа райын түбегейлi өзгертпек деген қорытындыға келiптi. Тiптi жазы сал­қын елдердiң өзi жарты ғасырдан кейiн қоңыр салқын күндермен жылап көрiсетiн көрiнедi. “Бұдан былай алдағы онжылдықтардың iшiнде орташа жаздық температура бiртiндеп жоғарылай бередi. Ендi бiр 20 жылдан кейiн Африканың тропиктiк аудандарында, Азия мен Латын Америкасында аптап ыстық қалыпты жағдайға айналады. Ми қайнататын ыстық Еуропа мен Солтүстiк Американы да айналып өтпейдi. 60 жылдан соң бұл құрлықтар да ыстық жаздан көз аша алмай қалады”
Бұған дейiн ғылымда ғарышта қара ойықтың бар екенi белгiлi болса, ендi ғалымдар оған антипод ақ ойықты анықтапты.
Қара ойық – ғарыштағы гравитациялық тартылысы күштi кеңiстiк аумағы. Ондағы тартылыстың күштiлiгi сонша, ешбiр нәрсе, тiптi сәуле бұл ойықтан шыға алмайды. Қара ойықтағы денелер үшiн ғарыштық жылдамдық жарық жылдамдығынан да жоғары болса, ол денелер ойықтан шыға алар едi. Алайда жарық жылдамдығынан асатын жылдамдықтың болуы мүмкiн емес. Қара ойықтан дене түгiл, жарықтың да шықпайтыны сондықтан. Қара ойық қайда және неден пайда болатынына қатысты ғылымда түрлi болжам айтылған-ды. Ақыры ғалымдар қара ойық алып салмақты жұлдыз ядросының

Отау құрғаныма төрт жыл өтсе де, құрсақ көтермедiм. Көмек сұрап бармаған дәрiгер қалмады. Қаланың ең беделдi деген емдеу орталықтарында қаралдым. Одан қайран болмаған соң таныстарым барып көр дегеннен кейiн бақсы-құшнаштарды жағаладым. Еш­қайсысынан қайран болмады. Бiр күнi ауылға диуана болып кеткен танысым келдi. Ол көптен берi әулие-әмбелердiң мазарларында түнеп, аруақтарға тәу етiп жүр дегендi естiгенмiн. Әлгi танысым бiр күнi бiздiң үйге тоқтады. Қал-жағдайымызды сұрасқан соң дас­тарқаннан дәм татуға шақырдым. Өткен-кеткендi еске түсiрiп, әр нәрсенiң басын шалып әңгiме айт­тық. Содан диуана ауылға не үшiн келгенiн баяндады

Өткен аптада футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 14-15-тур ойындары өттi. Алдымен 14-тур турасында. Жаңа бапкер бекiген қостанайлықтар “Ертiстi” қабылдап, 4:1 есебiмен ұтты. Петренко мойнына артылған мiндеттеменi орындау үшiн тек жеңiске жету мұрат екенiн футболшыларына шегелеп айт­са керек, “Тобылдың” шабуыл шебi мен қорғанысы қос таймда да берiктiгiн көрсеттi. Ойынның 16-минутында Гридин есеп ашып, “Тобылды” алға шығарған. Заречный жауап голын (38-минутта) тоғытып, таразы басын теңестiргенiмен, ары қарай павлодарлықтар голдан көз аша алмай қалды. Волков 44-минутта есептi 2:1-ге жеткiзген.
Мен бұған дейiн қостанайлықтардың премьер-лигадағы ойындарына стадионға барып көмеген едiм. Осы 14-турдағы “Ертiспен” болатын ойынға досым қояр да қоймай үгiттеп, ертiп барды. Матч алдында елiмiздiң мемлекеттiк әнұраны орындалды. “Тобылдың” сапқа тiзiлген футболшыларының iшiнде тек екеуi ғана қолдарын жүрек тұсына қойып, бiрге шырқады. Ал қалғандары шалқайып, қолдарын артына ұстап, немкеттi тұрды. – Мыналар неге елiмiздiң әнұраны орындалып жатқанда құрмет көрсетпейдi? – дегенiме досым шыр-пыр болды да қалды.
Ғабең (Ғабит Мүсiрепов) былай дейдi: “Ең ауыр майдан — надандықпен күресу майданы: әрi ұзақ әрi ызасы көп”. Сiздiң “Жас Алашыңыз” ең ауыр майданда жүр. Ұзақ әрi ызасы көп майданда... Тағы бiр сөзiнде Ғабең: “Өзiң жасамаған жұмақтан төрден орын тимейдi”, — дейдi. Бұл не деген сөз? Бұл — өз қоғамыңды өзiң құр, саясатыңды өзiң жаса, қоғамдағы орныңды өзiң айқында деген сөз. Ендеше, өз жұмағымызды өзiмiз жасайық, құрметтi оқырман! “Жас Алашқа” жазылыңыз! Газетiңiзге жазылу жүрiп жатыр. Жазылу бағасы өзгерген жоқ.