1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15609) 16 маусым, бейсенбі 2011

Үкiмет таратқан ресми ақпарлардан Александр Миртчев дегеннiң аты-жөнiн жиi естимiз. Алаяқ Гиффен тұсалғаннан кейiн оның орнын осы Миртчев басқан. Өзi Болгарияның тумасы. Тегiн бiлмеймiз. Кейбiреулер болгарлық жебiрей деседi. Қазiр ол АҚШ-та тұрады. Сол елдiң азаматы. Мұхиттың арғы жағында тұрып-ақ бiздiң ұлттық қорға басшылық жасайды. Естiмесеңiз айтайық, А.Миртчев — “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры Директорлар кеңесiнiң мүшесi. “Самұрық” пен “Қазына” қосылмай тұрғанда суперхол­дингтiң бiрiнде директорлар кеңесiнiң тәуелсiз төрағасы болған. Бiр сөз­бен айтқанда, Миртчевтiң басын тықпайтын жерi жоқ. Даму институттары дейсiз бе, Миртчев оның басшылығында жүредi. Ұлттық саясат дейсiз бе, тағы да сол Миртчевтi көресiз бел ортадан. Бұл не қылған адам өзi? Құтыдағы жын ба, бүйiрiн сипасаң “ләппай, тақсыр!” деп ытқып шығатын?! Әлде Гиффен сияқты шпион ба? Бү­кiл әлемдi аузына қарат­қан ақылгөй болар, бәлкiм?

Қазақстандық билiктiң бас ауруына айналған Мұхтар Әблязовке қатысты қоғамда әртүрлi көзқарас қалыптасты. Бүгiнгi билiктiң жойқын насихат құралдары Әблязовтi “ұры”, “қылмыскер”, “атақты алаяқ”, “сат­қын” ретiнде көрсетсе, бiрқатар оппозициялық басылымдар одан нағыз күрескердiң рөлiн сомдауда. Осының қайсысы шындыққа келедi? Расында да, БТА банктiң бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов кеше кiм едi, бүгiн кiм? Бұған қатысты кесiп-пiшiп, бiржақты тұжырым жасау қиын. Дегенмен, ол туралы оқырманның да өзiндiк көзқарасы, ой-пiкiрi бар. Төмендегi сұрақтарға қайтарылған жауаптар соны айқындай түссе керек.

ҚАЗАҚҚА ЖАБЫСҚАН ҚАСIРЕТТIҢ БОЯМАСЫЗ КӨРIНIСI
«Жас Алаш» ел аралауға шықты
Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Қызылту ауылында мыс молибден кенiшiн ашпақ болған “Қызылту” серiктестiгi мен Степногорск қалалық мәслихатының арасындағы текетiрес жайлы бiз бұрынырақ жазған болатынбыз. Биыл төртiншi жылға созылып бара жатқан бұл дау-дамайдың нүктесi қашан қойылары әлi белгiсiз. Болашақ кенiш ашылатын Қызылту және сол төңiректегi Бестоғай, Байсары секiлдi ауылдардың тұрғындары мен Степногорск қалалық мәслихаты арнайы хабарласқасын, осы тақырыпты тағы бiр қозғауға тура келдi. Оқырмандарға түсiнiктi болу үшiн сәл шегiнiс жасасақ, “Казатом­өнеркәсiп” Ұлттық компаниясының жобасы бо­йынша болашақта мыс молибден кенiшiн өндiрмекшi “Қызылту” серiк­тес­тiгi Сiлетi мен Кедей өзенде­рiнiң қиылысар тұсында орналасқан Қызылту ауылында орын теппекшi.
Алматыдағы “Казтрансгаз” мұнай компаниясының кеңсесi алдында “Рух пен тiл” пiкiрталас клубының белсендiлерi Батыс Қазақстанда ереуiлдеп жатқан мұнайшылардың талаптары орынды екенiн айтып, билiктен мәселенi шешудi талап еттi. Белсендiлердiң мұнайшыларды қолдаған ұрандарын жазып әкелген плакаттарын полиция қызметкерлерi тартып алды.  Бiр айға жуық уақыттан берi ереуiлдеп тұрған “Қаражанбас”, “Ерсай” және “Өзенмұнайгаз” мұнайшыларының талаптары орындалатын түрi жоқ. Ал жергiлiктi билiк органдары жұмысшылардың наразылығын заңсыз деп тауып, өздерiн сотқа сүйреп, әкiм­шiлiк жазалау шараларын қолданып жатыр.
«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-ның қытайлар қол тигiзбеген жалғыз құрылымы – мамандандырылған көлiк басқармасына да тықыр таянды. Өткен жылдың басынан берi «СНПС» бас директоры Сюй Кицян қайткен күнде де осы басқарманы таратып, орнына жеке серiктестiк құру жоспарын астыртын жүзеге асырып жатыр. Бұл құрылымның 2 мыңнан астам жүргiзушiсi Кеңқияқ және Жаңажол кенiштерiн көлiкпен қамтамасыз етiп келедi. Көлiк басқармасын таратуды қытайлық басшылық 2010 жылдың басында қолға алғанда, жүргiзушiлер қайта-қайта наразылық акциясына шықты. Облыс әкiмi Елеусiн Сағындықовтың араласуымен ақырында Сюй Кицян осы құрылым «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» құрамында қалады деп уәде бергенiмен, ақыры қарсылық танытқан жүргiзушiлерге қарсы сот-құқық органдары қуғындауды бастап кеттi.
АЛАЙДА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ ОҒАН ДАЙЫН ЕМЕС
Биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстанда еуро-3 стандарты енгiзiлмек. Бұл бұдан былай техникалық жағынан еуро-3 стандартына сай емес автокөлiктер елге кiргiзiлмейдi деген сөз. Бұл туралы сейсенбi күнi өткен баспасөз мәслихатында жақында құрылған автокөлiк одағының өкiлдерi мәлiмдедi. Алайда еуро-3 стандарты автокөлiктерге қатысты ғана енгiзiлiп жатыр. Шын мәнiнде еуро-3 автокөлiкке ғана емес, жанармайдың сапасына қойылатын талаптарды да қамтиды. Дегенмен, Қазақстандағы бiрде-бiр мұнай өңдеу зауыты әзiрге оған дайын емес. Мұнай өңдеу зауыттары үшiн еуро-3 2014 жылдан бастап бiр-ақ енгiзiледi. Олай болса еуро-3 пен еуро-4-ке жауап беретiн көлiктер сапасы төмен жанармаймен жүре бермек пе?
ХВҚ ДИРЕКТОРЛЫҒЫНА ТАЛАСУДАН БАС ТАРТТЫ
Халықаралық валюта қорының басшылығына үмiт­керлердiң тiзiмi анықталды. Оған Франция қаржы ми­нистрi Кристин Лагард пен Мексика ұлттық банкi­нiң басшысы Агустин Карсенс енген. ТМД атынан ХВҚ басшылығына ұсынылған ҚР Ұлттық банкiнiң төрағасы Григорий Марченко үмiт­керлiктен өз еркiмен бас тарт­қан. ХВҚ директорлығынан дәмесi бар Оңтүстiк Африканың қаржы министрi Тревор Мануэль де үмiткерлiктен айнып қалса, Израиль ұлттық банкiнiң төрағасы Стенли Фишер жасы асып кеткен­дiктен, додаға қатыса алмайтын болды.  Бұған дейiн Григорий Александрұлы өзiнiң мүм­кiндiгiн былай бағалаған-ды: “Егер iрi дамушы мемлекеттер өзара саяси деңгейде келiсе алса, онда менiң мүмкiндiгiм бар. Бүкiл­ әлемдiк­ банктiң басшысы американдық, ал ХВҚ директоры болып батысеуропалық тағайындалатын дәстүр бар. Ендiгi мәселе – осы кво-статусы сақтала ма, әлде өзге­рiстер бола ма, соған байланысты”.
Жанболат Мамай СПИК.кz сайтында жарияланған “Жаңа ефрейтор” атты комментарий‑мақаланың авторлығын, неге екенi белгiсiз, бас‑көз жоқ, маған таңып, “Халық жауы” - “ұлтшыл-фашистер” жасау әдетi бүгiн де қайталана бастағандай” атты қарсы мақала жариялапты. Бұл мақалада белгiсiз бi­реудiң өзiн Гитлерге теңегенiне ренжитiн жөнi бар. Мұндай теңеу ешкiмге жеңiл тимейдi. Дегенмен, үшiншi рейхтiң жасаған iстерi бiздегi қазiргi кейбiр қайраткерлерге тән екенi бай­қалып тұрады. Фашистiк Германияның оқу‑ағарту және үгiт‑насихат рейхминистрi Йозеф Геббельс мына бiр сөздi жиi айтуды жақсы көретiн: “Өтiрiк­тi жүз рет қайталасаң, шындыққа айналады”. Адольф Ги­т­лердiң қасында жүрген партия белсендiсiнiң осы бiр сөзiн
Осы жылдың 24 мамырында республикалық “Жас Алаш” газетiнде “Неге құқығымызды қорғамайды?” деген мақалаға орай Алматы облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соты А.М.Какал-Оглыға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 179-бабының 1-бөлiмiмен (қарақшылық), 120-бабының 3-бөлiмiнiң “в” тармағымен (көрiнеу кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлау, яғни жәбiрленушiге күш қолданып жыныстық қатынас жасау) және 96-бабының 2-бөлiмiнiң “з, к, о” тармақтарымен (пайда табу және басқа қылмыс­ты жасыру мақсаттарымен көрiнеу кәмелетке толмаған баланы өлтiру) айыптары тағылып, қылмыстық iсiнiң басты сот талқылауында қарауын бастады. Жалпы, бұл iстi тексеру 18 мамырда қолға алынған едi.

Оқушылардың көптен күткен жазғы демалысы басталып, бiрi лагерьге, ендi бiрi сағынып күтiп отырған ата-әжелерiнiң үйiне барса, ал кейбiреу­лерi кiшкене болса да әке-шешелерiне көмектесуде. Мәселен, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылының Аманкелдi атындағы орта мектептiң 4-сынып оқушылары жоғар­ғы сыныпқа, яғни 5-сыныпқа көшiп, мәз-мейрам. Әрине, 4 жыл бойы оқуға деген құштарлықтарын оятқан ұстаздары Гүлмира Сматайқызы мен Ләззат Әлiмқы­зының еңбектерi зор. Ал оқушылар Айбар Сапарғали, Аружан Әбдiхалық, Айкүнiм Жұмадiл, Балым Мұқамбет құттықтау хатпен қатар Жорахан Сейдахметұлы атындағы ақшалай сыйлықты да жеңiп алды.

Ресейдiң Воронеж қаласының бiр қалталы азаматы Қытайға барған сапарынан iшiне улы жылан салынған спирттiк iшiмдiк ала келiптi. “Жұмыртқадан жүн қырқатын” хансулықтар жылан спирт буына тұншығып қалмасын деп ауа еркiн өтiп тұру үшiн тығынды тесiк-тесiк етiп қо­йыпты. Әбжыланның ақырғы демi таусылғанша ол бо­йындағы дәрумендердi iшiмдiкке сiңiрiп үлгередi екен. Бiр күнi әлгi азаматтың қатты iшкiсi келiп, тығынды    суырып кеп қалады. Әбжыланның да күткенi сол болса керек, шөлмек iшiнен оқша атылып, өзiнiң құтқарушысын дәл маңдайдан және тамақтан шағып алыпты. Атом қуатын пайдалану кезiнде бөлiнетiн радиактивтi сәулелердi сол кобрамен салыстыруға болады. Бiрақ жыланның шөлмек iшiнде жатқанын адам көре алса, радиактивтi сәулелердi көру мүмкiн емес.

Газеттiң өткен жылғы 99-санында “Қазақтың ұлттық бригадасы Ржев қырғынына қалай тап болды” атты мақала жарық көрдi. Онда Мұса Садыбеков туралы қысқа жазылған екен. Ол кiсi 1955-57 жылдары Арал ауданына қарайтын “Аралтұз” комбинатында кешкi жұмысшы-жастар мекте­бiнде орыс тiлiнен сабақ бердi, мектеп директоры да болды. Мен осы мектептiң 9, 10-сыныптарында оқып, 1957 жылы бiтiрдiм. Ағайды жұрт­шы­­лық “Мұса Шайкович” деп атайтын. Бiз ол кiсiнi Кеңес Одағының Батыры деп ойлайтынбыз. Бiрақ әскери киiмдерiн үстiнен тастамаса да, погонын, орден-медальдарын немесе белгiлерiн иық-кеудесiне тақпайтын. Екi тiлге де жүйрiк едi, оқушысын баурап алатын. Мiнезi, түрi-түсi тура Бауыржан Момышұлына ұқсайтын, тiке әдiлдiгiн айтатын.

1974 жылғы мамыр айында Алматыға кезектi жазғы сессияға келген болатынмын. Жылдағы әдетiм бойынша үйренiп қалған қазiргi Желтоқсан көшесiнде орналасқан “Есiк” шағын қонақүйiне орналастым. Бұл қонақүйдiң төлемақысы арзан және орталыққа жақын. Оқу орнына жүрiп-тұруға да қолайлы. Жанындағы кафеден бiр мезгiл тамақтанып та тұратынбыз. Бiр күнi жанымдағы жолдас жiгiт көршi столдағы бойшаң келген, көмiрдей қара шашы артына қайырылған, толықша келген сымбатты қара торы жiгiттi нұсқап: “Мұқағали Мақатаев осы кiсi болады. Ағамыз осында жиi тамақтанып тұрады” дедi қуанышын жасыра алмай. Ол кiсiнiң өлеңi көпшiлiктiң көңiлiнен шығып, керемет талант иесi екенi белгiлi бола бастаған кез едi.

Өткен аптада Түркияда парламент сайлауы өттi. Сайлауда Түркия премьер-министрi Ережеп Тайып Ердоғанның “Әдiлет және даму” партиясы жеңдi. Ердоғанның партиясы шамамен халықтың 50 пайыз қол­дауына ие болып, пар­ла­­менттегi 550 мандаттың 325-iн иелендi. 325 депутат Түркияның Конституциясына өзгерiс енгiзуге қауқарсыз, десе де бар мандаттың үштен екiсiн иемдену дегенiңiз — үлкен жеңiс. Ердоғанның жеңетiнiн бәрi бiлдi. 2007 жылғы сайлауда 550 мандаттың 331-iн иеленген “Әдiлет және даму” партиясын осы жолы аяқтан шалғысы келген сыртқы күштер аз болмады. “Ердоған — авторитарлы басшы” деп айқайлап жүргендер де солар. Осындайда Ердоғанның күллi мұсылман әлемiне қорған

Дүйiм Қазақстанды дүр сiлкiндiрген Қызылорда облысы Жаңақорған кентiндегi ҰБТ нәтижесi билiктегiлер үшiн тынышталған секiлдi. Осы жауапты науқанға тиiстi шенеунiктер ендi ел алдында ақталып әлек. Сол күнi 505 талапкер мен оның ата-аналарын ашуға булықтарған тестiлеу сынағы 10 маусымда қайта өттi. Сырт қараған жанға орташа бал 81-мен аяқталды. Қасқыр да тыныш, қой да аман. Бiрақ мемле­кет­тiк құпияны қолды еткендер әзiрге жауапқа тартылған жоқ. Бiлiм және ғылым министрлiгi қалай болғанда да бұл дауға өздерiн араластырғысы жоқ. Елiмiздiң “бас ұстазы” Жұмағұлов болса, Жаңақорған кентiндегi жан алып, жан берiскен даулы оқиғаға қатысты өз уәжiн әлi айтпады.

“ВРЕМЯ” МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕДКЕ НЕГЕ ШҮЙЛIГIП АЛДЫ?
Соңғы айда “Время” га­зетi өзiнiң әрбiр нөмiрiнде Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтi бiр iлiп-шалып, мұқатуды әдетке айналдырып алды. Бұл жерде “Вре­мя” жоғары жақтағы әлдебiреулердiң тапсырмасын орындап отыр ма, жоқ әлде... бұл жағы бiзге беймәлiм. Қарап отырсаңыз, министр­лер­­дiң iшiнде қазақ тiлiнде таза әрi орамды сөйлей алатын бiр-ақ министр бар. Ол – Мұхтар Құл-Мұхаммед. Бiреулерге осы да көп көрiнiп жүрген секiлдi... Жақында ғана Түркияның премьер-министрi Ережеп Ердоғанның сөзiн тыңдадық (түрiк тiлiн ептеп түсiнетiнiмiз бар – ред). Халық алдына шыққан Е.Ер­доған өз сөзiн қалай бастады? Былай бастады: “Бауырларым! Қардаштарым! Аға-апаларым! Iнi-қарындастарым! Келiндерiм!..” Қандай

Қазақтiкiн кiм меншiктемей жатыр? Немiстер ұлттық сусынымызды өздерiне телiп, патенттеп алды. Олар халықаралық саудада бойыңды дел-сал етiп, манауратып тастайтын қымызды алмандiкi деп алаңсыз сата бередi. Жуырда Алматыға Германияның қымыз өндiрушi кәсiпкерi Ганс Цольман жай келген жоқ. Қазақтың тағы да қандай таңдай қақтырар құндылығы бар деп жүр ол. Қымызды өзiмiз жарытып iше алмай жүргенде, Ганс сұңғыла жылқы сүтiнен дәрi-дәрмек, иiсмай, балалардың тағамын жасап шығармақ. Бұлардан бәрiн де күтуге болады.   Ертеректе қымыздың қалай жасалатынын қазақтан үйренiп алған ол ендi ұлттық ойындарымызды көрсе бiттi. Күнi ертең-ақ алмандар ат үстiнде аударыспақ ойнап жатса, ақы иесi бiз көгiлдiр экранға көзiмiздi сатып, тамашалап отыра беремiз.

ГРЕГОРИ “ҚАЙРАТҚА” КЕЛДI
Алматылық “Қайрат” футбол клубы да бапкер ауыстырды. 15-турда Шымкенттiк “Ордабасымен” ойнап, 0:3 есебiмен жеңiлген-дi. Орталық стадиондағы ойыннан кейiн клуб басшылығы бапкер ауыстыруды жөн деп санапты. “Қайратты” ендi тегi ағылшын Джон Грегори баптайды. Соңғы жылдары төменгi лигага түсiп, қаржылық тоқырауға ұшыраған клубтың маңдайына Грегори бақ болса, қанеки?! Орталық стадионның баспасөз орталығында журналистермен болған жүздесуде Джон ағылшындардың “Ливерпульге” деген құрметiн айта келiп,   алматылықтардың да “Қайратқа” солай болысатына сенiм бiлдiрдi.
ЕЛ БИЛIГI ОНЛАЙН-ОЙЫНҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ
Австрияда компьютердегi онлайн-ойындардың бiр түрi пайда болды. Бұл сорақы ойынға жергiлiктi дiни орталықтар қарсы шықты. Тек мұсылмандар ғана емес, католик дiни ұйымдар да оған наразылық бiлдiрдi. Австрияның социал-демократиялық партиясы да мұны қатты сынға алды. Дiни ұйымдарды дүрлiктiретiн қандай онлайн-ойын дерсiз? Ойын барысында мешiттер мен мұнараларды құлатып жойып және азаншыларды өлтiру арқылы ұпай жинау керек. Ойынды жасаған – Австрияның Азаттық партиясы. Ақпарат көздерiнiң айтуынша, бұл балаларды жастайынан исламға қарсы тәрбиелеу үшiн әдейi жасалынған. Қазiргi күннiң өзiнде 200 мыңнан астам бала ойнапты. Нәтижесiнде ел билiгi бұл ойынға тыйым салды.
Ғабең (Ғабит Мүсiрепов) былай дейдi: “Ең ауыр майдан — надандықпен күресу майданы: әрi ұзақ әрi ызасы көп”. Сiздiң “Жас Алашыңыз” ең ауыр майданда жүр. Ұзақ әрi ызасы көп майданда... Тағы бiр сөзiнде Ғабең: “Өзiң жасамаған жұмақтан төрден орын тимейдi”, — дейдi. Бұл не деген сөз? Бұл — өз қоғамыңды өзiң құр, саясатыңды өзiң жаса, қоғамдағы орныңды өзiң айқында деген сөз. Ендеше, өз жұмағымызды өзiмiз жасайық, құрметтi оқырман! “Жас Алашқа” жазылыңыз! Газетiңiзге жазылу жүрiп жатыр. Жазылу бағасы өзгерген жоқ.