1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15610) 21 маусым, сейсенбі 2011
ҚАРАЙЛАСАР АЗАМАТЫ ЖОҚ ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ ТҮЗЕЛЕР
“Жас Алаш” ел аралауға шықты
Қазақтың қара жерiнiң сау-тамтығы қалмағанын Кереку мен Семейдiң арасындағы атырапқа барғанда көз жеткiздiк. Жерiн шұрайынан айыр­ған ядролық сынақтың жабылған деген аты ғана. Арқа даласы үшiн кезiнде алты басты аждаһадай болған Семей ядролық полигонының зардабын бұл жақтағы ел әлi тартып жатқанына куә болдық. Алдымен Павлодардың Май ауданына қарас­ты ауылының әкiмiне арнайы кездесiп, ауылдың жағдайын сұрадық. “Нұр Отанның” жаттанды сөздерiн тақпақтаған Қайыр­болат Ора­заев полигонның жұртқа тигiзiп отырған зиянын байқамайтынын жеткiздi. Мәселенiң бәрiне жары­лыс­ты себепшi еткiсi келмеген ол ауылының тұрмысына көңiлi тоқтығын айтты. Ал ауыл аралап, тұр­ғындармен кез­дес­кенiмiзде, жағдайдың мүлде басқаша екенiн көрдiк.
Өткен аптаның соңында бас прокурор Асқат Дауылбаев пен Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов президентке есеп бердi. Бұлар Н.Назарбаевқа банкирлердiң өлiмiне қатысты iстiң қорытындысы шыққанын мәлiмдедi. — Iс бойынша 20-дан астам сараптама жүргiздiк. Қылмысқа байланысты 30-ға жуық куәгердi тергедiк. Әлиев, Кошляк және олар басқарған қылмыстық топтың Темiрәлиев пен Хасеновтi өлтiргенiн дәлелдейтiн бiрқатар мән-жайлар ашылды. Қазiргi уақытта қылмыскерлерге сырттай айып тағылып, сот арқылы қамауға алу шарасы белгiлендi. Оларға халықаралық iздеу жарияланды, — дедi бас прокурор А.Дауылбаев. Бұрынырақта Рахат   Әли­ев өзiнiң блогында мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне жасалған қастандыққа президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың
БҰЛ ТАЛАПТЫҢ АСТАРЫНДА ҚЫСЫҚ КӨЗДI ЖАРЫЛҚАУ ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?
Астанасын аралап, ашуланып қайтқан президент шендi-шекпендiлерiн жиып алып, жиналыс жасаған едi. Әр министр мен әкiмқараларға тапсырманы үйiп-төгiп бердi. Астананың сәулетiнен бөлек халқын азық-түлiкпен қамтамасыз етудi де сөз еткен Н.Назарбаев ауылшаруашылық министрiне шүйлiккен сонда. “ Менiң Астананың азық-түлiгiне қатысты берген тапсырмамның бiрде бiрi орындалмаған. Ауылшаруашылығына қаржы жеткiлiктi бөлiнiп жатыр. Бiрақ ешкiм ештеңе жасап жатқан жоқ. Мамытбеков, бұрын­ғы министрдiң жауапсыздығынан оның орнына сенi отырғыздым, түсiндiң бе?” – деп түтiккен президенттiң сөз астарын барлығы түсiндi. Берiлген бұйрықтары мен тапсырмасының орындалмайтынын ендi аңғарды ма, сол жолы президент қоластындағыларға қатты ренжiген-дi.

Маңғыстау мұнайшыларының ереуiлге шыққанына бiр айдан аса уақыт өттi. Компания қожайындары мен мұнайшылар арасындағы текетiрестiң әзiрге тоқтайтын түрi көрiнбейдi. Қазiрге дейiн “Ерсай” Каспиан контрактор, “Өзенмұнайгаз” ӨФ, “Қаражанбасмұнай” АҚ мекемелерiнен қазiрге дейiн 500-ден аса адам жұмыстан шығарылды, 100-ден аса мұнайшы әкiм­шiлiк жазаға кесiлдi. 70-ке жуық жұмысшы бiр­неше тәулiк абақтыға жатып шық­ты. Мұнайшылардың заңгерi Н.Соколова әлi түрмеде жатыр. Полициға наразылық ретiнде өз-өзiне қол жұмсаған Қ.Сисембаев ауруханадан үйiне шығарылды. Қазiр оны да полиция тергеуге алуда. Жаңа­өзендiк мұнайшы Жак Ами­новтiң үстiнен қылмыстық iс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Соңғы кездерi БАҚ-тарда жарияланып жүрген терiс мәлiметтер мен кейбiр қоғамдық қайраткерлер тарапынан кереғар пiкiр­лердiң жиi айтылуына байланысты “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ баспасөз қызметi төмендегiнi хабарлайды. “Өзенмұнайгаз” ӨФ өндiрiстiк жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы шамамен 300 мың теңгенi құрайды (осы жерде және бұдан әрi сомалар барлық салықтарды төлегеннен кейiн көрсетiлiп отыр, яғни таза қолдарына алатын сомасы). Соңғы бiрнеше жыл iшiнде Жаңаөзендегi мұнайшылардың жалақысы екi еседен аса көбейдi. Мәселен, 2007 жылдың қаңтар айында 4 разрядтағы ұңғымаларды жерасты жөндеу операторының орташа айлық жалақысы 147 832 теңгенi құрады. Үш жылдан кейiн, 2010 жылы бұл сома 296 092 теңгеге дейiн көбейдi.
“ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ-ның “Өзенмұнайгаз” жұмысшыларының жалақысына қатысты таратқан баспасөз мәлiмдемесi мұнайшылардың ашу-ызасын тудырды. “Өзенмұнайгаздықтар” мұндай еңбекақы үш ұйықтасақ та түсiмiзге кiрмейдi дейдi. Компания таратқан мәлiметте орташа айлық жалақылары 300 мың теңге деп көрсетiлген. Әр разрядтағы жұмысшылардың жалақысы тiзiлiп берiлiптi. Бұл ақпараттың рас-өтiрiгiн бiлмек болып, ереуiлдегi “Өзенмұнайгаз” жұмысшыларына хабарлас­қанымызда, олар “мұндай еңбекақыны алсақ, наразылыққа шығып немiз бар?” деп бiр-ақ кестi. Мамырдың 26-сынан берi аштық
«Жұмысшы табы» қашанда еңбекшiлер мен қаналушылардың алдыңғы қатарлы күрескерi, «гегомоны» болып қала бередi. Әдетте шетелдiк монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын – кен шығару, өңдеу өндiрiсiн иеленедi. Сатып алу, пара беру жолымен билiк тетiктерiне де мүдделес лоббистерiн кiргiзiп, көп жеңiлдiктерге ие келiсiмшарттарға қол жеткiзедi. Қолдары жеткесiн өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдердi iштен қанай бастайды. Шетелдiк монополистiк қанаудың бiрте-бiрте мемлекеттiк монополистiк қанауға ұласуы “жұмысшы табын” және халықтың басқа да бөлiктерiнiң наразылықтарын тудырады. Осыдан туындайтын елдегi көптi толғантқан жалпы­ұлттық дағдарыстар тереңдей келе, бұл әдетте қалың бұқараны белсендi қимылға, ашық қарсылықтарға баруға итермелейдi
Әңгiме
– Папа, қолыңнан түк кел­мейдi екен ғой...
Осы сөз бәрiнiң ақыры болды. Мұнан әрi төзудiң керегi жоқ. Кемпiрi болса алдандырып, өткен өмiрдiң кедiр-бұдырын айтып, тiптi бұдан да жаман кезде­рiн көлденең тартып, тоқтатар едi. “Әй, кемпiр болса да бұдан әрi шыдамас едiм!”.
Ниятолла серт бергендей өзi­­не-өзi соңғы сөзiн айтты. “Бұ­дан әрiге төзе алмаймын. Ендi мы­нау нәлетi менсiз ғұмыр кешсiн”. – Халық артисi болғаныңнан не пайда... – Бұл ұлының да соңғы сөзi болу керек. – Тоқтат! – Шал ақырып жiбердi. Кемпiрi тiрi болса, “бә­рiн келiн айттырып отыр” деп сыбырлар едi. “Әркiмнiң санасына берсiн. Неге осы толқын осындай әңгүдiк?
Өткен бейсенбiде Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында “Қазақша Википедия” жобасына байланысты баспасөз мәслихаты өттi. Оған Wikipedia Foundation (АҚШ) қорының сенiмдi өкiлдер кеңе­сiнiң төрағасы Тинг Чен, “Wikibilim” қоры мен жобаға демеушi “Nokia” компаниясының өкiлдерi, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Мұрат Әбенов, “Қазконтент” АҚ-ының басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаев, “Қазақ энциклопедиясының” басшысы Бауыржан Жақып қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, сол күнi түстен кейiн “Қазақстан” қонақүйiнде қа­зақша “Википедияны” дамытуға байланыс­ты семинар өттi. Баспасөз мәслихатын “Wikibilim” қоғамдық қоры ұйымдастырды. “Wikibilim” – әлемнiң 281 тiлiнде жұмыс iстейтiн “Википедия” ашық энциклопедиясының қазақ тiлiндегi тармағын дамыту жобасының ұйымдастырушысы.
ТӨБЕЛЕС НЕДЕН БАСТАЛҒАН?
Осыдан екi күн бұрын Новосiбiр қаласында (Ресей) мынандай оқиға болды. Өзбекстаннан Новосiбiрге жұмыс iздеп барған 30 шақты өзбек пен осында сауда-саттықпен айналысып жүрген 17 қырғыз өзара қырқысып, төбелесiп, бiр-бiр­ле­рiне пышақ жұмсаған. Пышаққа түскен үш адам қазiр Новосiбiрдiң ауруханасында жатыр. Төбелес неден басталған? Жек көруден. Әйтпесе, бұлар бiрiн-бiрi танымайды. Бiр-бiрiнде бес бересi, алты аласы жоқ. Новосiбiрдiң орталық базарында ұшырасып қалған екi жақ бiрiн-бiрi еңi­ретiп әкеден, шешеден сыбай бастаған. Боқтау мен сыбаудың аяғы пышақ жұм­сауға ұласқан... Дәл қазiр Өзбекстан мен Қырғызстанның арасында ешқандай әдеби қарым-қатынас, мәдени байланыс жоқ. Және “Бұл екi туысқан, ағайын мемлекеттiң ара­сында неге мәдени байланыс жоқ?” деп жатқан да ешкiм жоқ.
Еуропаның аты дардай ғылыми-зерт­теу институты өмiр сүру деңгейi бо­йынша бiздi, яғни, Ресейдi әлем мемлекеттерiнiң арасында 58-орынға қойыпты. Оңбағандар! Осыларды да ғалым, зерттеушi дейдi-ау...
Ресейдi бұлар ең болмаса 7-iншi, не болмаса 8-iншi, тiптi құрығанда неге   10-орынға қоймайды? Қызғанады! Иә, иә, қызғанады...
Ал ендi Ресейдiң алдында, 57-орында кiм тұр дейсiз ғой? Айтуға аузым бармайды! Жабайы бiр мемлекет! “Мемлекет” деймiн-ау, мемлекеттен садаға кетсiн, жабайы бiр тайпа. Өмiр сүру деңгейi бойынша бұлар қа­лай Ресейдiң алдына шығып кеткен? Басым жетпей­дi...
Бiзде қыз сыны,
Жiгiт сыны,
Жылда өтедi.
Солай ғой?
Со-л-а-ай!
Ал ендi,
Елiмiзде талант иелерi жетедi,
Олардың да “құқықтарын” ескерiп,
Өтiрiкшiлердiң,
Өсекшiлердiң,
Жағымпаздардың,
Қалғып отырған хатшы қыз кенет есiктен ентелей кiрген скелеттi көргенде, шашының арасында шайтан жүргендей шыңғырып жiбердi де, басы сылқ етiп талып қалды. Қарсы бөлмеден әкiмнiң көмекшiсi атып шығып:
– Сiз... сiз кiмсiз? – деп сұрады. Жүрегi жыртыла жаздады.
– Қабiрстан Республикасынанбыз! – деген скелет оны итерiп қалғанда, анау есiнен танып, шалқасынан түстi. Кабинетке сықырлай кiрiп келгенде, әкiмнiң де зәресi ұшты. Сас­қанынан:
– Сiз... сiз қатты азып кетiпсiз... Сықырлап, қу сүйегiңiз қалыпты... – дедi жаны ашыған сыңай танытып. Скелет орындыққа келiп отырды. Қабырғаларының арасына қыстыра салған сигаре­тiн алып, асықпай тұ­тат­ты. Түтiнi қабыр­ғаларының, жақ сүйек­терiнiң арасынан шығып жатыр.
Шляпасын қолынан түсiрмей­дi. Қашан көрсең, қолында шляпасы жүредi. Басына киiп алатын кездерi де бар. Дегенмен, көбi­не шляпасын қолына ұстап жү­редi.
Мен Петр Иваныч Морзиков туралы айтып отырмын. Бұл кiсi – ғалым кiсi. Ғылым докторы, профессор. Бұл кiсi шляпасыз ешқайда басып бармайды. Тiптi моншаға да (оның iшiнде жуынатын бөлмеге де) шляпасымен баратын көрiнедi.
Петр Иванычтың шляпасымен сөйлесiп, иә, иә, кәдiмгiдей адамға ұқсатып сөйлесiп тұрғанын да талай көрдiм.
Жұмыстың аяғында Петр Иваныч бұрыштағы киiм iлгiште тұрған шляпасына келiп:
– Үйге қайтамыз ба? Үйге қайтатын да уақыт болған сияқты, – дейдi ақырын жымиып.
Шляпа, әрине, үндемейдi.
Өткен аптаның соңын ала жерлесiмiз, кәсiпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өз атағын абыроймен қорғады. Панама астанасындағы шаршы алаңда Генаға қарсы шыққан угандалық Кассим Оум омақа асты. 12 раундық бәсекенiң 7-раунда екi бетi көнектей болған Кассимге техникалық нокаут жазылды. Жекпе-жектi “Астана” телеарнасынан тамашалаған бокссүйер қауымды техникалық ақау шаршатқаны анық. Алғашқы раундтарда тiптi Панамадағы бокс кешiнiң дыбысы естiлмедi. Арасында үзiп-жұлып көрсеттi. Бiрақ мұның бәрi қазақ елiнiң намысына кедергi келтiре алған жоқ. Тұла бойына бiткен буырқанған күшiнiң мығым екенiн Головкин тағы бiр мәрте дәлелдедi!
“Шахтер” мен “Тобыл” еурокубоктық маусымға қатысатындықтан, бiрiншiлiктегi 19-тур ойынын мерзiмiнен бұрын 16 маусымда өткiздi. Бұл кездесу биылғы Премьер-лигадағы ең көп көрермен жиналған ойын есебiнде тiркелдi. 13 000 көрермен алдында қос доп айырмасымен қарағандылықтар басым түстi. Ойынның алғашқы бөлiгiнде қос команда есеп аша алған жоқ. Екiншi таймда кеншiлер командасы басымдығын байқатты. Ойынның 56-минутында Сергей Хижниченко есеп ашқан. Артынша (71-минутта) екiншi голын тоғытты. Сөйтiп, командасын жеңiске жеткiзiп қана қоймай, мергендер көшiн бастап шыға келдi.16-турдың қалған ойындардың нәтижелерi төмендегiдей болды:
Ел бiрiншiлiгiнiң 16-турында елордалық “Астана” алматылық “Қайратты” қабылдап, 6:1 есебiмен есеңгiрете жеңдi.
Төрешi ысқырығы естiлiсiмен алаңдағы басымдық “Астанаға” ауған едi. Бiрiншi таймда-ақ таблодағы көрсеткiш 3:0-ке жеткен. Ойын басталғанына үш минут болмай Бугаев есеп ашты. Оның жолын 22-минутта Богавец жалғады. 35-минутта Гурман үшiншi голды тоғытты. Елордалық клуб мұнымен де шектел­мейтiнiн ойынның екiншi жартысында дәлелдедi. “Қайрат” қақпашысы допты қайтарам деп, ойын ережесiн бұзған. Бас қазы қақпашы Цветковқа ескерту жазды. 11 метрлiк айып добын орындаған Бугаев жаңылысқан жоқ. Ойынға Нөсербаевтың орнына шыққан Қонысбаев –“Астананың” құтына айналып келе жатқан футболшы. Қазақстан – Әзiрбайжан матчында да барын салып ойнаған. Бұл кездесуде де Қонысбаев “құр қол” кетпейтiнiн көрсеттi. Әрiптесiмен тiзе қосып, ойластырған әдiске “Қайрат” қорғаушылары еш тосқауыл қоя алмады.
ЖIГIТТЕР БӘРIН ЖЫҚТЫ
Астанада грек-рим күресiнен халықаралық турнир аяқталды. ҚР Президентiнiң кубогы үшiн болған жарыста елiмiздiң намысын бас командамен бiрге қосалқы құрам қорғады. Жiгiттерiмiз Қырғызстан, Өзбекстан, Әзiрбайжан, Жапония, Венгрия, Белорусь, Қытай, Оңтүстiк Корея, Румыния­ның белдi спортшыларымен бiрге екi күн бойы жүлде үшiн тартысқа түстi.  Сый қонақ есебiнде меймандап келген Халықаралық күрес ассоциациясының (FILA) президентi Рафаэль Мартинетти, үш дүркiн олимпиада чемпио­ны Александр Карелин, олимпиада чемпионы, FILA мүшесi Чаба Хегедуш сынды күрес алыптарының алдында қатысушылар аянып қалмады. Бас бапкер Мұратбек Қасымханов осымен екiншi мәрте ұйымдастырылған