1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15611) 23 маусым, бейсенбі 2011
ӘКIМҚАРАНЫҢ БАЙЛЫҚ САЛЫСТЫРУ, КАНДИДАТ ЖАРЫСТЫРУ БӘСЕКЕСI БАСТАЛДЫ
Парламенттiң жоғарғы палатасы — Сенатқа депутат сайлау 19 тамызда өтедi. Президент Н.Назарбаевтың бұған қатысты жарлығы өткен аптада бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Үкiметке, Астана мен Алматының әкiмдерiне, облыс әкiмдерiне сайлауды материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде тапсырма берiлдi. Сонымен тағы бiр дүрбелең бас­талды. Сенаторлықтан дәме­лi­лердiң құйысқаны көтерiлiп, қопаңдасып жүр. “Менi прези­денттiң өзi тағайындаса” дейдi бәрiнiң қиялы. Мәжiлiс сайлауынан мән кетсе де, ел арасында абың-күбiң әңгiме болып жататын. Ал мына Сенат сайлауы тiптi қызықсыз. Қашан басталып, қай уақытта бiткенiн ұқпай қаласың.
АЛ ОЛАРДЫ ЖАҒАЖАЙДА “ТӘРТIП САҚТАУҒА” ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӨН КӨРГЕНДЕРДIҢ НЕ ОЙЛАҒАНЫ БАР?
Темiртау қаласындағы жағажайларда суға батудың алдын алу жұмыстарымен казактар айналысып жүр. Казактар құтқарушылармен бiрге демалушыларға қауiпсiздiк ережелерiн түсiндiрiп жүргенге ұқсайды. Қай ұлт өкiлi болса да құтқарушыларға септiгi тиiп, жазатайым оқиға­лардан сақтандандыруға қол ұшын берiп жатса, мейлi дерсiң. Алайда қызме­тiне бел­сенiп кiрiскен казактар мундир киiп алыпты. Соңғы кездерi еш қысылып-қымтырылмастан әскери киiм киген казактарды елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен көресiң. Және олар жай әскери киiм емес, әртүрлi әскери атақтарымен ерекшеленетiн
Оның мақалаларына қойған тақырыбы билiк басында жүрген тақсырлардың тура төбесiнен қойып қалғандай әсер етедi. Соның бiрпарасы мынандай: “Горбачев мырза сөзiн қайтып алсын”, “Ұлттық сананы әлсiрету саясаты бар ма?”, “Қазақ тiлiне қарсылық — тәуелсiздiкке қарсылық!”, “Билiктегiлердiң табаны жерге тимей, әдiлдiк болмайды”, “Әкiмдiк ойыншық па, халық ойыншық па?”, “Әкiм мен Һарон Рашидтiң айырмашылығы неде?”, “Үкiмет “қартайма қазақ” деп қашан айтады?”, “Сенаттың ертоқымынан ауып қалған сенатор оқиғасы” (“Жас Алашта”), “Бұл кең ойлап, кемел пiшер тұлғаның iсi ме?”, “Елудiң қатарына қарын тойдыру үшiн кiремiз бе?” осылай кете бередi.
Бұрнағы күнi Алматыда бiр қызық дөңгелек үстел өттi. Ұйымдастырушылары – “Стратегия” зерттеу орталығы мен Ф.Эберт атындағы қор. Тақырыбы да қызық: “Заманауи саяси мақсатқа сәйкес Парламент мәжiлiсiнiң партия­лық құрамын құрастыру”. Ол не “құрастыру”, не “сәйкестiк” екенiн бiлгiмiз келiп, сол iс-шараға қатысып, сөз сөйлеген “АЗАТ” ЖСДП партиясының бас хатшысы Әмiржан Қосановқа сауалдар қойған едiк.
– Мен де. Тақырыптың өзi қазiргi таңда болашақ парламентке деген билiк тарапынан қалыптасқан көзқарасты бiлдiретiн секiлдi. Яғни таза да әдiл сайлау арқылы сайланбай, жоғары жақтан бiреу отырып, “құрастырылатын” парламенттiң парқы осындай боп тұрғаны ғой!? Ал “мақсатқа сәйкестiк” деген де қызық ұғым.
ОНЫ ТЫҢДАЙТЫН БИЛIК ҚАЙДА? ЖАРТЫКЕШ IС ЖАРЫЛҚАУ ЕМЕС
Маусымның 20-сында “Азат” ЖСДП-ның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өттi. Жиында қаралған негiзгi мәселе елiмiздегi мүмкiндiгi шектеулi жандардың жағдайы туралы болды. Өзге елден көшiрiп алуға ұста қазақ билiгiнiң осы мәселеде енжарлық танытуы түсiнiксiз. Мәселен, шетелдерде мүгедек кiсiге арналған жүру жолдары, арнайы баспана мен әлеуметтiк көмектiң түрi көп. Алайда Қазақстанда мұндай жағдайды табу қиын. Есесiне, әлсiздерге әлiмжеттiк жасау сияқты сорақы көрiнiстер көптеп кездеседi. Осындай олқылықтарға алаңдаушылық танытқан партия өкiлдерi түрлi саланың өкiлдерi мен мамандарын дөңгелек үстел аясында пiкiр алмасуға шақырды.
“Жас Алаш” Керекулiк оқырмандарының ортасында
С.Торайғыров атындағы облыстық кiтапханада өткен кездесуге жиналған қауым көп болды. Жиынға жергiлiктi баспасөз бен телерадио, студент жастар, түрлi қоғамдық ұйым өкiлдерi және газеттiң тұрақты оқырмандары қатысты. “Жас Алашты” қолымызға алғанда, ұлттық рухты жiгерлендiретiн мақалаларды оқимыз. Сондай-ақ, газет тiлшiлерiнiң қаламынан шыққан әрбiр сөзге мән берiп, ұжымда ұлты үшiн аянбай еңбек етiп жүрген азаматтардың барын мақтан тұтамыз. Бүгiнгi кездесуiмiзге келген қонақтардың көптiгi “ Жас Алаштың” Солтүстiктегi беделi мен маңыздылығын айқындап отыр. Сонымен бiрге жиналған қауымның түрлi мекеме қызметкерiнен бастап, жастар мен ұлт жанашырларынан екенiн айтқым келедi, – деген Назым Шайкенова алғашқы сөзге кезек бердi.
“Ерсай Каспиан Контрактор” компаниясы жұмысшыларының наразылығы тағы да заңсыз деп танылды. Сейсенбi күнi жұмысшылардың апелляциялық шағымын қараған сот өзiнiң алдыңғы шешiмiн өзгерiссiз қалдырды. “Ерсай Каспиан Контрактор” жұмысшысы Кәрiм Жауынның айтуынша, сот қарсы тараптың уәждерiн назарға алмаған. Сондай-ақ “Ерсай Каспиан Контрактор” компаниясы жұмысшыларының “Қарақия” тәуелсiз кәсiподағының жетекшiсi Нұрбек Құшақбаевқа қатысты апелляциялық шағым қараусыз қалған. Әкiмшiлiк сот Н.Құшақбаевқа он тәулiкке қамау жазасын кесiп, 105 мың теңге көлемiнде әкiмшiлiк айыппұл салған едi.
Қарапайымдылық. Бұл не? Жақсы қасиет пе, жаман қасиет пе? Бiреулер қарапайымдылықты мiнезге жатқызады, ендi бiреулер тәрбиемен байланыстырады. Бiздiңше, қарапайымдылық дегенiмiз – мәдениеттiлiк. Мәдениеттiлiк дегенiмiзден шығады, көрнектi ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Қалдыбай Жайлауұлы Пiрәлиевтi қашан көрсеңiз де қарапайым қалпынан айнымайды. Қалдыбай Пiрәлиев – тек Қазақстанға ғана емес, қазiргi ТМД кеңiстiгiне де кеңiнен танымал ғалым. Ресейдiң Ғылым және бiлiм министрi Э.А.Нечаевтiң кезiнде Қ.Ж.Пiрәлиев туралы “великий сын великого казахского народа” дегенiне қазақстандық ғалымдар куә.
Қазiргi қазақ қоғамын немқұрайдылық жайлап алды. Мемлекетшiлдiк, ұлтжандылық, ұлттық патриотизм керi шегiнiп, күнкөргiштiк пәлсапа мен күнбағарлық ұстаным алға шықты. Ащы болса да ашығын айтайық, қазақ зиялылары қазiр қазақтың мүддесiн көздеудi мүлде ұмытып кеттi: бiрi дүние жиюмен әуре, екiншiсi дүние шашумен әуре, үшiншiсi атағын шығарумен әлек, төртiншiсi әйелмен әуре... Iнжiлде айтылмаушы ма едi: “Тас жинайтын да кез келедi және сол тасты атқылайтын да кез келедi” деп. Сол сияқты, дәл қазiр қазақ қоғамына ес жинайтын кез туып тұр.Шынында да, неге жайылып кеттiк? Тәуелсiздiк алдық деп мұншама тайраңдағанымызға жол болсын?!
“Елiм-ай” романын 70-жылдары “Жұлдыз” журналынан оқығаным бүгiн есiме түсiп отыр. “Кемелденген социализмнiң” кезi едi ғой. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” — ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң ұлан-асыр көркем галереясын алдымызға жа­йып салған осынау трилогияны қайта парақтап шығып, адамзат тарихында айрықша орны бар кеңес әде­бие­тi дейтiн ұлы құбылысты тәрк етсек, ұлттық руханиятымыздағы оның орны ойсырап бос қалатынына көзiм жеткендей болды. Мұхтар Әуезовтiң “Абай жолы” дәуiрна­масы, Бейiмбет Майлиннiң әңгiме­лерi, Iлияс Жансүгiровтiң поэмалары, Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Iлияс Есенберлин, Әбiш Кекiлбаев, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмадiловтiң романдары мен Дулат Исабеков, Марал Ысқақбай, Тынымбай Нұрма­ғамбетовтiң прозасы, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлi, Мұқағали Мақатаевтың шалқар жырларының қатарында Софы Сматайдың “Елiм-ай” романы да тұр!

Одақ тарқап, егемендiк алдық. Жылжитын, жылжымайтын мүлiктер талан-тараж­ға түстi. Ауылды, ауданды, облысты, республиканы басқарып, оң мен солын түгендеп отырғандар ешкiмге сыр шашпай, ертерек ұмтылып, ортақ мүлiктердiң жарамдысын, жақсысын қамтып қалды. Егемендiк дегеннен, нарық заманынан бейхабар жұмысшылар техниканың тұрып қалғанын амалсыз алды. Тұрып қалған техниканы жөндеу қажет болды, ал кейбiреулерi тiптен жөндеуге келмейтiн жағдайда едi. Сол жұмысшыларға тиген ескi-құсқы тракторлар, көлiктер осы күнге дейiн бiр күн жүрсе, екi күн тоқтап тұрады. Бiразы есiктерiнiң алдында қаңқайып тұр. Босқа салық төлеп, шығындалып отыр. 

Әке-шешелерiмiз баяғыда малдың етiн ғана емес, жүнiн де өте тиiмдi пайдаланатын. Тарту арқан, қам арқан деген арқандар болатын. Оларды он жылға дейiн қолданады. Сондай мықты арқанды ешкi жүнiнен ширатып, үш қабат қып жасайтын. Ал қойдың күзек жүнiнен киiз, текемет, талдырма басатын. Жабағы жүннен жiп иiрiп, алаша, кiлем тоқылатын. Қандай асау жылқы болса да ешкiнiң қылынан, жыл­қының жалынан жасалған арқанды үзiп кете алмайтын. Тiптi апанға түскен түйенi де арқанмен шығарады. Қандай сапалы, мықты десеңшi?! Әкелерiмiз алыс жолға – астық әкелуге түйемен сапар шегедi. Салмағы 70-80 келi астық салатын қаптары бар болатын

2005 жылдан берi мемлекетiмiз өмiрi бiр жарытып бермеген жәрдемақыны, яки атаулы әлеуметтiк көмектi алып келемiн. Оны күнкөрiске жеткiзе алмай дал болып, басымыз қатумен болады. Өзiм –жал­ғызбасты анамын. Бiр ұлым бар. Алты жасқа келiп қалды. Жағдайым жылдан-жылға нашарлап барады. Жетiспеушiлiктен қарызға белшемнен баттым. Әсiресе, қыста қатты қиналамыз. 30-35 градус аязда балам екеумiз үсiп өлiп қала жаздаймыз. Жарық та жоқ, газ да жоқ. Көмiр алуға қаражатымыз жетпейдi. Екi жыл болды жарықсыз отырмыз. Қиып кеткен. Айыппұлымен 42 мың теңге қарызбыз. Ал ендi тұрғын үй көмегiн алуға менiң құжаттарым дұрыс емес. Отырған үйiм осыдан 18 жыл бұрын қайтыс болған анамның атында.

Жыл айналып жеттi деген осы. УЕФА чемпиондар лигасының 2011-2012 жылғы iрiктеу ойынын екiншi кезеңнен бастайтын Қостанайдың “Тобылына” Словакияның азулы клубы “Слован” қарсы ойнайтын болды. Швейцарияның Ньюон қаласындағы жеребе тарту рәсiмiнде қостанайлықтар­ға осы команда тап келдi. Сонымен, “Слован” қандай клуб? Бұрын-соңды қос клуб кездеспеген екен. Негiзi 1919 жылы қаланған “Слован” – ел астанасы Братислава қаласының клубы. Бұл клуб кейiнгi кездегi ойындарын 13 мың адамға шақталып салынған “Пасиен­ки” стадионында өткiзiп жүр.

300 ТЕҢГЕМЕН КӨЛIКТI БОЛДЫ
Өткен аптада Қарағандыдағы “Шахтер” мен “Тобыл” кездесуiн тамашалаған жанкүйерлер арасында лоторея ойнатылды. Жүлдеге темiр тұлпар тiгiлсе, кiм аянып қалсын, осы ойынды тамашалаушылардың белсендiлiгi соншалық, 15 мың билет сатылып кетiптi. Көгiлдiр экранға телмiрiп, болмаса интернеттен көре салғанның әсерi көзбен тамашалағанға жетпейдi. Акцияны ұйымдастырушылар лоторея ойнату арқылы да жанкү­йер жинауға болатынын айтады. Бұл үрдiс байырғыдан бар. Ескiнi жаңғыртушы қарағандылықтардың тiккен темiр тұлпары оқушы Айбар Қалқаманның тақымында кеттi. 300 теңгесi бекер жұмсалмапты. Стадионға жаяу келген ол үйiне көлiкпен қайтты.
МҮЙIЗДI ӘЖЕЙ
Қытайдың Хэнань аймағындағы Линлоу ауылында тұратын 101 жастағы Чжан Руфанг әжейдi iздеп келу­шiлер көп. Ол аймақтағы “жұлдыздардың” бiрi. Бiр жыл бұрын әжейдiң сол көзiнiң үстiне, яғни сол жақ маңдайына кiшiгiрiм мүйiз шыққан екен. Ендi оң жақ маңдайына, дәл оң көзiнiң үстiне екiншi мүйiз шығып келедi. Әжейдiң мүйiзiн көру үшiн жан-жақтан адамдар ағылып келiп жатыр. Басында бұл кiш­кен­тай ғана бөртпе болып шығыпты. Бұған әжей мән бермеген. Бiр жыл өтпей әлгi бөртпеден алты сантиметрлiк ешкiнiң мүйiзiндей мүйiз пайда болған. Оң жақ маңдайына шыққан кiп-кiш­кентай бөртпеден де мүйiз өсiп келедi.