1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15612) 28 маусым, сейсенбі 2011
ҚР Қорғаныс министiрiнiң назарына
Екiншi дүниежүзiлiк со­ғыс­­тың бастал­ған күнiне орай опат болған боздақтардың рухына құран бағыштап, жетi шелпегiмiздi пiсiрiп, соғыс ардагерi нағашы атамның естелiктерiн балаларыма оқып берiп отырғанмын. “Мен 1939 жылы Қызыл армия қатарына алындым. 1941 жылдың 22 маусым күнi соғысты шекарада қарсы алдық. Жау ұшақтары бiз тұрған деревняны 10-15 минут айналып ұшып, содан соң бомбылай бастады. Бұдан кейiн жау танкiлерi кiрдi. Артынан мотокциклшiлер, жаяу әскерлер келдi. Бiз тұрған деревняның астаң-кестеңiн шығарды. Тiрi қалғандарын жартылай қираған мектепке әкелiп қамады. Атыс басылғаннан соң қап-қара машинаға мiнген немiс генералдары келдi. Бiз қоршауды бұзып, әрең құтылдық. “Қырық жыл қырғын келсе де, ажалды өледi” демекшi, осындай қанды қырғыннан елге аман оралдық...”
Өткен жұма күнi полицейлер күштеп таратқан “Ерсай Каспиан Контрактор” жұмысшылары наразылық шарасын Құрық ауылында өткiзуге мәжбүр. Өткен аптада жұмысшылардың апелляциялық шағымын қараған Қарақия аудандық соты ереуiлдi тағы да заңсыз деп тап­қан соң, полицейлер белсендi әрекетке көшкен-дi. Құқық қорғаушылар компания маңында жиналған жұмысшыларды таратып, Құрық пен компания арасындағы жолды жауып тастаған ерсайлықтардың ата-аналарын ұстап әкеткен. “Ұсақ бұзақылық жасаған” деген айып тағылған төрт ананың iсiн кеше әкiмшiлiк сот қарады.
“Ерсайлықтарды тарады деген ақпарат – жалған.

Соңғы кездерi әлемдiк баспасөз “Қытай Германияның өнеркәсiбiнiң 40 пайызға жуығын алып алды”, “Қытай Польшаның, Канаданың экономикалық қауiпсiздiгiне қатер төндiре бастады” дап жазып жүр. Мұны жазып отырғандар – қатардағы журналистер емес, арнайы мамандар: саясаттанушылар, сарапшылар, экономистер. Бұлар қазiргi күнi қарызға белшесiнен батып отырған Грекия, Испания, Португалия емес, бұл мемлекеттер – өзiнiң саяси және экономикалық қауiпсiздiгiне айрықша назар аударатын мемлекеттер. Мамандардың айтуы бойынша, Қытай қазiр Канаданың, Польшаның, Германияның экономикалық қауiпсiздiгiне белгiлi бiр дәрежеде қатер төндiре бастаса,   “Қытай Қазақстанға ешқандай қауiп төндiрiп отырған жоқ” деп тек сатқындар ғана айтады.

Әуезхан Қодарды бiлiмдi әрi бiлiктi ғалым ретiнде сырттай сыйлап жүретiнбiз. Ара-тұра ұлттық мүддеге жат “қазақстандық ұлт” тәрiздi құбыжық идеяларды қолдауына да бiршама көзжұмбайлықпен қарап келдiк. Десек те, “Аргументы и факты” газетiнiң соңғы санында (№25, 22-28 маусым 2011 жыл) берген сұхбатында Әуезхан Қодар, жұмсақтап айтқанда, “қызыл сызықтан” ары асып кеттi. Ғалымнан сұхбат алған журналист Юрий Киринициянов екеуi Қазақстандағы орыс ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, басқа ұлттарға “қысым” көрсетiп жатқан қазақты “жерден алып, жерге салыпты”. Ендi осы мәселеге кеңiрек тоқталсақ.

Маңғыстаудың балалары үшiн өткен апта қуанышты жаңалықтарға толы болды. Ең алдымен, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында “Балбөбек” балабақшасы өз жұмысын бастады. Жүз елуге жуық бүлдiршiннiң ойнап-күлуiне, бiлiмiн жетiлдiруге арнал­ған бұл балабақшаның салтанатты ашылуына облыс әкiмi Қырымбек Көшербаевтың өзi келiп қатысты. Мемлекеттiк “Балапан” бағдарламасы Маңғыстау ауданы үшiн шапағатты болғанын айта кетейiк. Мәселен, 2010 жылдың басында ауданның 17 пайыз балалары ғана балабақшаның не екенiн бiлген болса, қазiр 75 пайызға жуық бөбек үшiн балабақша екiншi үйлерiне айналды. Яғни, бiр жылда балабақшаға баратын баланың саны 4 есеге өстi. Әрине мұның бәрi аудан әлеуметiнiң артқанын көрсетедi.
27 маусым, дүйсенбi, түскi сағат екiнiң шамасы... Аяқ астынан күннiң райы бұзылып сала бердi. Аспандағы бұлттар сапырылысып, лезде моншақтай-моншақтай жаңбыр тамшылары бiз демалып отырған тұсқа үзiлiп түсе бастады. Тастың үстiне жайған дастарқанымызды жылдам жинап, жолдың бойына шығып, такси ұстамақ болдық. Жол бойына шыққанмен жағдайы­мыз жақсармады. Аяқ астынан пайда болған нөсерлi боран күшейген үстiне күшейiп, екiлене соқты. Келесi бiр сәттерде жол бойындағы самсап өсiп тұрған ағаштардың бiрталайы жел­дiң жойқын күшi­не төтеп бере алмай құлай бастады. Бойымызды бiр қорқыныш билеп, зымырап өтiп бара жатқан жеңiл машина­лар­ға қол көтергенмен, ешқайсысы тоқтар емес

Журналистердiң кәсiби мерекесiне орай тiлшi қауымды әкiмқаралар жер-жерде құттықтап жатыр. Алматы облысында жақсы дәстүр қалыптасқан. Бұл дәстүрдi қалыптастырған — Серiк Үмбетов. Ол журналистердiң кәсiби мерекесiнде билiктiкi немесе оппозициялық деп бөлiп-жармайтын. Бәрiне тең қарайтын. Секең­нiң тәрбиесiн көрген ғой, өткен аптаның соңында Аңсар Мұсаханов та Талдықорғанға журналистердi жиды. Ешкiмдi бөлiп-жарған жоқ. Тәуелдiсi де, тәуелсiзi де жүр. Қысқасы, журналистердiң пәрменiмен “жалаңаштанып” қалған бiрдi-екiлiсi болмаса, басшы-қосшының бәрi маусымның соңында тiлшiлердi iздейдi.

Болған оқиға iзiмен жазылған әңгiме
Жаздың жылы түнi едi. Жұмыстан кейiн әдетiнше түнделетiп келе жатқан Медет үйiне таяу аялдамадан баланың қоларбасын көрдi. Түн iшiнде жан баласы жоқ аялдамада – қоларба... Мiне, қы­зық! Бiреу ұмытып кеттi ме екен? Медет қаперiнде ештеңе жоқ, жай таңданыспен қоларбаға үңiлдi. Өз көзiне өзi сенбедi, қоларба iшiнде сәби жа­тыр. Медет қайта үңiлдi. Пыс-пыс етiп жаялыққа оралған кiшкене нәресте... Есi шыққан Медет аялдаманы айнала жүгiр­дi, ешкiм жоқ. Сасқанынан ай­қай салды: “Чей ребенок?! Кто оставил?! Люди!”. Аялдаманы айнала жүгiрдi, тағы айқай салды. Сол кезде көршi үйден бiр орыс әйелi баж ете түстi: “Алкаш, че орешь?! Сейчас милицию вызову!”. 
Бүгiнгi сатира
– Осы бiзде
Басында үйi жоқ,
Үйi болмаған соң күйi жоқ,
Бала-шағасын әрең асырап жүрген,
Асырау үшiн,
Қала-қалада шашырап жүрген,
Жас отбасылар, әсiресе,
Өзiмiздiң қазақ отбасылары көп қой, ә?!

Татар әдебиетiнiң негiзiн салушылардың бiрi, татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқай 1886 жылы 26 сәуiрде Қазан уезi, Қошлауыш ауылында дүниеге келдi. Ғабдолла Тоқай өзiнiң терең поэзиясымен халықтың ойын, мақсатын, арманын жырлады. Абзал ақын 1913 жылы 2 сәуiрде Қазан қаласында 27 жасында өкпе ауруынан қайтыс болды. Биыл татар ақынының туғанына 125 жыл толып отыр. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердiң шешiмiмен “2011 жыл – Ғабдолла Тоқай жылы” боп жарияланды. Тоқайдың соңында қалған әдеби мұрасы түркi дүниесiнiң ортақ игiлiгi болып танылады. Қазақ ақындары Ғабдолла Тоқай шығармаларын қазақ тiлiне молынан аударды.

Өткен сенбiде Қазақстан премерь-лигасының 17-тур ойындары өттi. Қызыққа толы болады деген Алматының “Қайраты” мен былтырғы ел чемпионы Қостанайдың “Тобылы” арасындағы тартыс итжығыспен аяқталды. Қырық жылдық ғұмырнамасында мұндай тоқырауға ұшырамаған “Қайраттың” бүгiнгi жүрiсi көңiл көншiтпейдi. 16-турда ғана “Астана-Аренада” өз қақпасына бiр емес, алты бiрдей доп жiберiп, iрi жеңiлiске ұшыраған едi. Бұрын-соңды тас-талқаны шыға ұтылумаңдайына жазылмаған алматылық клубтың өз алаңындағы кезектi ойынын тамашалауға бiр қауым ел жиналған.
Былтыр ғана ел бiрiншiлiгiн ұтып, табанды ұжым екенiн дәлелдеген “Тобылдың” да биыл­ғы бiрiншiлiктегi беделi анау айтарлықтай емес.
Дөрекiлiкке жиi жол берiлiп, ойын ережесi көп бұзылған ойын Атырауда өттi. Жергiлiктi клуб пен “Жетiсу” арасындағы тартыста 8 бiрдей футболшы ескерту алды. “Атырау” футболшысы Чуреев ойынның 73-минутында Тәтiшевтiң орнына шыққан. Алайда қолтығын сөгiп ойнай алмады. Алаңда бар болғаны екi-ақ минут жүрдi. 75-минутта қызылжарлық төрешi Гаузер қызыл қағазын шошаңдатып, Чуреевтi алаңнан қуды. “Шахтерге” 64-минуттан бастап “Ордабасы” 10 футболшымен ғана ойнады. Ойынның 63-минутында Нұрғалиев алаңнан қуылды. Артынша Ырысметов те (86-минутта) дөрекiлiгiнен тартып, ойынды мерзiмiнен бұрын аяқтады.
Қандай жарыс болмасын, дүбiрлi дода, ел намысы қыннан суырылатын спорт бәсiнде маңдайымыз жарқырайтын спорт түрi – ауыр атлетика. Арғыны аударыстырмай-ақ, кешегi Бейжiң олимпиадасында жеткен қос алтынымыздың бiрi осы ауыр атлетиканың үлесiнде. Одан кейiнгi әлем чемпио­наты, Азия бiрiншiлiк­терiнде елiмiздiң қара күш иелерi көк туымызды жел­бiретiп келедi. Рас, кейiнгi уақыттарда ауыр атлетикадан қа­зақ­тың қаракөз ұл-қыздары да толайым табыстар­ға жетiп жүр. Олардың бүгiнгi сом темiрдi басынан асыра көтерудегi нәтижесiн көрiп, көңiлiң тоғаяды.
РАХЫМБАЙ ХАНАЛЫ
Рахымбай Ханалы жиырма жылдан астам уақыт бойы “Қазақ әдебиетi”, “Қазақстан пионерi” (қазiргi “Ұлан”), “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газеттерiнде қызмет атқарды. 1985 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзiлiк студент жастардың XII фестивалiнiң лауреаты. 1989 жылы 28 наурыз бен 7 сәуiр аралығында Үндi елiнде өткен жеке фотокөрмесi үлкен табысқа жеттi. Қазақстан журналистер одағының бiрнеше дүркiн лауреаты. Екi рет Қазақ КСР-i Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамоталарымен, “Тәуелсiздiктiң он жылдығы” медалiмен марапатталған.
БАҒДАТ ЖАНДОСАЙ
Бағдат Жандосай “Жас Алаш” газетiнiң байырғы қызметкерi едi. Балалық шағы зобалаң жылдарға тап келген, жiгiттiк шағы Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың отты жылдарына орайласқан, кеудесi күмбiр-күмбiр шежiреге толы, кешегi мен бүгiнгiнi жалғап, қара шаңырақта елу жылдан астам уақыт бойы табан аудармай еңбек еткен Алаштың ардагерi Бағдат ата Жандосай өзiнiң “Жас Алашымен” қашанда бiрге едi. Төмендегi тарихи суреттердi Бағдат Жандосайдың жолын қуған сүйiктi қызы, суретшi, Қазақстан Суретшiлер одағының мүшесi, халықаралық көрме фестивалiнiң алтын медаль иегерi Раушан Момбекова редакциямызға ұсынды.