1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15613) 30 маусым, бейсенбі 2011
Алматы қаласын жетi жыл бойы билеп-төстеген (1997-2004 жылдары) Виктор Храпуновтың үстiнен бiрнеше қылмыстық iс қозғалып, тергеу жүрiп жатқаны белгiлi болды. Әлi ұмытқамыз жоқ, Виктор Хра­пунов жетi жыл бойы бюджет­тiң қоржынынан қолын шығармады. Қол салғанда да, молынан салды. Бiр ғана Алматы халықаралық әуежайының терминалы неге тұрады! 1999 жылдың жазында өртке оранған әуежайдың құрылысынан Храпунов миллион доллардан астам көлденең пайда тауыпты. Ал Алматыны энергия жүйесiмен қамтамасыз еткен компанияны бельгиялық “Трактабельге” көк тиынға сатқанын ойласаң, жылағың келедi тiптi. “Жау кеткен соң қылышымызды тас­қа шабатын” қожанасырлығымыз-ай. Әйтпесе, Храпунов Алматы мен Өскеменде жалғанды жалпағынан басып жүргенде құлағынан бұрап ұстап алатын мүмкiндiгiмiз болды ғой. 
Мұхтар Әблязов қазақ қоғамына Лондоннан үшбу хат жолдады. Оны “Мұхтар Әбля­зовтiң саяси мәлiмдемесi” деп атапты . Әблязовтiң ие­лiгiндегi басылымдар мұнысын “Қан төгiлмеуi тиiс!” деп алаулатып-жалаулатып әкет­тi. Онда былай дейдi: “Құр­меттi қазақстандықтар! Назарбаевтың авторитарлық сая­си жүйесi — өткен заманның тарихи, саяси және логикалық жалғасы. КСРО мен социалистiк жүйенiң құлауы Қазақстанға көптеген мүмкiн­дiк бердi. Бiрақ ол мүмкiндiк­тердiң көбi пайдаланылмады. Бiз тәуелсiз мемлекет құр­дық, бiрақ ол аз. Компартия билiгi бақшасынан Назарбаев пен оның жандайшаптарының билiгi өсiп шықты.Қазақстан экономикасының нарық соқпағына түсуi — Назарбаевтың еңбегi емес, ол — аса күштi, объективтi және солай болуға тиiстi процестердiң жемiсi.
Орыстарға жалға берiп қойған Байқоңырымыз өзi­мiзге қажет болып тұр. Биыл­ғы шiлденiң шiлiңгiрiнде ғарыш айлағын орыстардан жалынып қайта сұрап алып, “Қазсат-2” жер серiгiн ұшырамыз. Бiрiншi “Қазсат” ғарыш кеңiстiгiнде қаңғып жүр. Әл­декiмдер оны өз мүддесiне пайдаланып жүр ме, әлде iзiм-қайым жоғалды ма, ол жағы белгiсiз. Егер мына “Қазсат-2” де жарамсыз болып шықса, бұдан былай “ғарыш” деген сөздi айтпай-ақ қойғанымыз жөн. Ел-жұрттан ұят болды. Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң хабарла­уынша, 16 шiлдеде ұшырылатын “Қазсат-2” жер серiгi елдi сапалы әрi арзан телекоммуникациялық жүйемен қамтамасыз етпек.
“Хьюман Райтс Вотч” халықаралық ұйымы қа­маудағы журналист, “Ал­ма-Ата ИНФО” газе­тiнiң бас редакторы Рамазан Есiрге­повтi Хеллман-Хаммет атындағы сыйлықпен марапаттады. Журналистi бұл сыйлыққа халықаралық ұйымның қызмет­керлерi Рэйчел Денбер мен Андреа Берг ұсыныпты.  Хеллман-Хаммет атындағы сыйлық жыл сайын өз елiнде саяси көзқарастары үшiн қуғындауға ұшырап, қаржылық қиындықтарға тап болған журналистер мен жазушыларға берiледi. 22 жылдың iшiнде “Хьюман Райтс Вотч” ұйымының бұл сыйлығын 93 елдiң 700 жазушысы мен журналисi алған. Бұл сыйлыққа ие болған кейбiр журналистер мен жазушылар өз есiмдерiн жария етудi құп көрмейдi екен.

Кеше Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзгендер осындай мәлiмдеме жасады. В.Козлов пен Ғ.Алдамжаров “Ха­лық майданы” ұйымын не үшiн құратынын тәп­тiштеп айтып бердi. Ұйымның мақсаты – саяси билiк жүйе­сiн заң жолымен өзгерту, елде өзге­рiс жасау. Ол үшiн Қазақстан азаматтарын жұ­дырықтай жұмылдырып, үлкен күшке айналдыру. Оны iске асыру үшiн алдағы сайлау науқандарына тыңғылықты және жан-жақты дайындалу қажет. Осылай деп шешкен “Халық билiгi” блогының өкiлдерi жә­не оны қолдаушылар көп­шi­лiктi күреске шақырды. Биыл­ғы жылы парламент сайлауы өтуi ықтимал. Сондай сәтке дайын тұрған абзал. Халық белсендiлiк танытып, сайлаудағы әдiлетсiз­дiкке жол бермеуi керек.

Шымкент қаласындағы Қазкоммерцбанк бөлiмшесiнен алаяқтық жолмен 200 миллион теңгеден астам қаржы қымқыр­ғандардың қылмыстық iсi Оңтүстiк Қазақстан облысын ғана емес, бүкiл елдi дүр сiлкiндiрдi. Көпшiлiк бұл жайлы Шымкент қаласы прокуратурасының биылғы жылдың сәуiр айындағы мәлiмдемесiнен кейiн бiлдi. Бұл кезде прокуратура Қазком­мерцбанктiң Шымкент қалалық филиалындағы қылмыстық iстi тергеудi аяқтағанын мәлiмдеген болатын. Бұл қылмыстық iс бойынша 13 адам айыпталып жатыр. Оларға алаяқтық жолмен аса iрi көлемде қаржы қымқырып, құжаттарды қолдан жасап және қызметтiк өкiлеттiгiн терiс мақсатта пайдаланды деген айып тағылды. Олардың 8-i – банк борышкер­лерi.

Редакцияға республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен келiп жататын оқырмандарымыз жетерлiк. Бiрi мұң-мұқтажын айта келсе, ендi бiрi жазған мақалаларын әкеледi. “Алматыға келген соң сiздерге сәлем бере кетейiк деп келдiк”, – дейтiн кiсiлер де бар. Мiне, Алматы облысының Ақсу ауданынан “Жас Алашты” арнайы iздеп келдiк” деп тағы бiр оқырмандарымыз Шеге Елубаев пен жұбайы Сәбила келдi. Шеге Елубаев жетпiс жастан асса да әлi тың. Бойы тiп-тiк. Орындыққа жайғаса отырып, өзiмен бiрге көтере келген радиомагнитофонына кассетасын салып, тетiгiн басты. Бiр сәтте елiмiзде болып жатқан келеңсiздiктердi тiзбектей жырлаған жырау­дың зары келдi құлаққа.

ЕСIРТКI САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСЕТIН АРНАЙЫ ҚҰРЫЛЫМ ҚАЖЕТ ПЕ?
Сейсенбi күнi Алматыда АҚШ мемлекеттiк хатшысының есiрткi саудасымен халықаралық күрес және заңдылықтың сақталуы жөнiндегi көмекшiсi Уильям Браунфилд журналистермен кездестi. Баспасөз мәслихатын АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы мен есiрткi саудасымен күрес жөнiндегi Орталық Азияның аймақтық ақпараттық үйлестiру орталығы ұйымдастырды. Уильям Браунфилдтiң айтуынша, Орталық Азия географиялық орналасу жөнiнен есiрткi саудасымен айналысатындардың құрбандығына айналған. “Бiздiң мынадай ұсынысымыз бар: Орталық Азияның әрбiр елiнен есiрткi саудасымен күресетiн арнайы құрылым жасақтау қажет. Оның құрамына жедел уәкiлдер, тергеушiлер, прокурорлар кiруi қажет.

Солтүстiк өңiрде iссапармен жүрге­нiмiз­де, түсiнiксiз жағдайға куә болған едiк. Ресейдiң мемлекеттiк туынан жасал­ған кiшкене жалау­шаларды керекулiк­тердiң қолынан көптеп кездестiрдiк. Дәл осындай көрiнiстi Көкшетау­дан да көргенбiз. Бiрнеше адаммен сөйлес­кенi­мiзде, олар “Империялық жалаушаны Ресейге деген сүйiспеншiлiгiн бiлдiру мақсатында” ұстап жүргенiн мақтанышпен айтқан-ды. Сөйтсек, бұл iс-шара бүтiндей бiр айға жал­ғасатын акция көрiнедi. Мiне осы жөнiнде “Ұлт тағдыры – Ақмола” қоғамдық бiрлес­тiгiнiң төрағасы Төлеген Қасеновпен кездесiп, сөзге тартқанымызда, төмендегiдей жауап алдық.

2000 жылғы Жеңiс мереке­сiнiң қарсаңы болатын. Ол кезде мен “Хабар” агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшiсiмiн. Алматыдағы басшыларымыздан шұғыл тапсырма алдық. Шымкент өңiрiнде тұратын екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысқан Кеңес одағы батырларының бiрiнен сұхбат алып, сюжет жасауымыз керек екен. Ол жылдары Оңтүстiк­те көзi тiрi екi батыр бар едi. Мақтааралдық Тоғанбай Қауым­баев­ ағамызды бiр жыл бұрын “Хабардың” көгiлдiр экранынан көрсеткенбiз. Әрине, ендiгi кезек түркiстандық алтын жұлдыз иегерi Расул Есетов ақсақалға тиесiлi. Телеоператор Ағабек Қазанбай екеуi­мiз жедел жолға жиналып, киелi қалаға қарай тартып кеттiк.
Жақында Алматыда Абылай ханның 300 жылдығына орай ас берiлдi. Бұл асты Абылай ханның ұрпақтары (шөбере-шөпшектерi, жиеншарлары және т.б.) бердi. Ендi осы жерде ерiксiз сұрақ туады: Абылай ханның 300 жылдығы неге мемлекет тарапынан аталып өтiлмейдi? Бұ қалай? АҚШ Вашингтонның, ал Ресей Бiрiншi Петрдiң мерейтойын атап өтпей қойса, қалай болар едi? “Мыналар мемлекет емес екен ғой. Өздерiнiң мемлекеттi­лiгiн қалыптастырған, мемлекет­тiлiгiн нығайтқан ұлы тұлғаларды неге елемейдi? Мыналар ел емес екен ғой...” – деп екiнiң бiрi айтар едi. АҚШ-қа ­ – Вашингтон , Ресейге – Бiрiншi Петр қалай еңбек сiңiрсе, Абылай хан да Қазақстанның мемлекеттiлiгiнiң нығаюына дәл солай еңбек сiңiрдi.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинскийдiң туғанына 200 жыл толды. Орыс баспасөзi Белинскийдiң 200 жылдық мерейтойын кеңiнен атап өттi. Әсiресе, әдеби басылымдар В.Г.Белинскийдiң белгiсiз қырларына жан-жақты тоқталды.Кезiнде Айхенвальд (бұл да орыс сыншысы), Волынский (орыс әдебиетшiсi) неге Белинский туралы үстiрт пiкiрлер айтты? Соны бүге-шiгесiне дейiн талдайды. Белинский бiр мақаласында “Подлец тот, кто не верит бессмертию души” дейдi де, екiншi бiр мақаласында “Тот мерзавец, кто верит бессмертие” дейдi. Мұнысы қалай? Орыс әдебиетшiлерi мұны да бақайшағына дейiн шағып, талдап бередi. Жалпы, орыс әдебиетта­нуында В.Г.Белинскийдiң айтылмаған қыры, талданбаған сыры қалған жоқ. Осының бәрiн қарап, көрiп, ойың мен бойыңа сiңiрiп болғаннан кейiн бiздiң қазақ әдебиеттануының орыс әдебиеттануынан көш кейiн қалып қойғанын ерiксiз мойындайсың. Бiр ғана мысал.
Көрген-баққанымыз Ресей болғаннан кейiн бе екен, көбiне мысалды да, деректi де, дәйектi де Ресейдiң тiрлiк-тынысынан келтiрiп жатамыз ғой. Мәселен, Ресейде журналистерге мемлекеттiк награда, сый-сияпат, диплом, ақшалай сыйлықтар берiлген кезде, осы журналистердiң орыс тiлiне деген пиғылы, орыс ұлтына деген ниетi мейлiнше ескерiледi. Рас, олардың ұлты ескерiлмейдi, бiрақ бұлардың орыс ұлтына деген ниетi қатты (тiптi, қатаң десек те болады!) ескерiледi. Оны көрiп те, бiлiп те жүрмiз. Мiне, Журналистер күнiне орай бiздiң елiмiзде, Қазақстанымызда қазақстандық бiраз журналистерге сый-сияпат берiлдi.
“КОМИССАР КАТТАНИ” НЕ IСТЕП ЖҮР?
Комиссар Каттанидi, яғни Италияның “Спрут” фильмiнде комиссар Каттанидiң рөлiн орындаған Микеле Плачидоны қазақстандықтар да жақсы бiледi. Ал ендi осы актер қазiр не iстеп жүр? М.Плачидо дәл қазiр режиссерлiкке бiржолата бет бұрды. Жақында М.Плачидо “Валланцаска ­– жауыздықтың ұясы” деген көркем фильм түсiрiп бiттi.– Бұл көркемфильмге мен Ренато Валланцасканың өмiрiн арқау еттiм. Роберто Валланцаска – Италияның атақты қылмыскерi. Түрмеге арнайы барып Р.Валанцаскамен әңгiмелестiм де. Р.Валланцасканың сырт кейпi сүйкiмдi. Оның үстiне, ол аса жайдары. Ал бiрақ ол жасаған жауыздықты ешкiм де қолы барып жасай
“Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрiнер”, “Заманақырға жақындағанда дүниежүзiн дiнсiз қытайлар билейдi” деген әңгiмелердi бала кезiмiзде көп естушi едiк. Бiрақ мән бермеппiз. Ендi елiмiз дербес мемлекет болғалы ертеректе естiген әлгi әңгiмелер негiзсiз емес екенiне көзiмiз жете бастағандай. Қазiр дүниенiң қай түкпiрiне барсаң да кезiп жүрген қытайларды көресiң. Соңғы 5-6 жылда Қытай саясаткерлерi “Үйлесiмдi қоғам” дегендi насихаттап жүр. Насихаттың ұзын-ырғасы мынау: дүниежүзi халықтарына теңдiк, әдiлдiк, тығыз ынтымақта өмiр сүрейiк, соғыс болмасын деп ел-жұртты өзiмен жақындасуға шақырады және шекараның ашық болғанын қалайды.
Кеңес одағы тұсында Қазақстанның бiраз жерi €збекстанға өтiп кеткен. Қазақстан тәуел­сiздiк алғаннан кейiн бiз сол €збекстанға өткен қазақ топырағынан қайтып Қазақстанға өттiк. Алғаш Павлодарға келгенде, Ресейдiң бiр қаласына енiп кеткендей күй кештiк. Қазақылық сезiлмейдi. Таза қазақ болып келгендердiң кейбiрi шалақазаққа айналып жатты. Моңғолиядан келген­дердiң арасынан орысшаға үйрене алмай, қайтып көшiп кет­кендерi де болды.
Мен соғыстың II топтағы мүге­дегiмiн, жасым – 86-да. 1943 жылдың қаңтар айында Екiншi дүние­жүзiлiк соғысқа аттанып, 1950 жылдың тамыз айында елге оралдым. Днепр өзенi үшiн, Яссы-Кишинев үшiн, Болгария, Югославияны, Харьков қаласын азат ету үшiн және тағы да бас­қа шайқастарға қатыстым. Жеңiс күнiн Бельградта қарсы алдым. Соғыс аяқталысымен Маньчжурия­ның Харбин қаласында, Биробиджан, Советская гавань, Акодырь, Петропавловск және тағы да басқа қалаларда әскери мiндетiмдi атқардым. Соғыс кезiнде екi рет ауыр жараланып, Уфа қаласының госпиталiнде емделдiм. Қарап отырсам, әскери борышымды 7,5 жылдан артық атқарыппын. 2 әскери орден, 16 медалiм бар.
Осы жылдың ақпанынан жоғар­ғы санатты география пәнi мұғалiмi Наурызбай Төлеуов бiздiң балаларымыздың сыныбына же­текшi болып бекiтiлген едi. Алғаш­қы күнi ата-аналармен жиналыс өткiзiп, әр ата-ана мен оқушыға мiндет­темелер жүктедi. Онда:
“1. Сабақтан қалмаймыз, үзi­лiс­тен кешiкпеймiз, оқушы формасын сақтаймыз;
2. Күнделiктi сабаққа әзiрлiксiз келмеймiз, сабақ айтпау, “2” алу болмайды. Ата-ана өз баласының сабаққа даярлығын тексерiп жiбередi;
3. Ата-аналар кезектесiп аптасына сабаққа қатысып тұрады;
Бiздiң елдiң ұжымдық спорт түрлерiнен жеткен жетiстiгi мақтанаралықтай емес. Ел абыройын асыратын, мерейiн үстем ететiн бәйгелерде жыртығымызды кө­бiне палуандарымыз бен боксшыларымыз жамап жүр. Содан ба, бұл спорт түрiне көбiне мақтау сөз айтылады. Оның да жөнi бар. Тәуелсiздiктен берi қазақ елi дербес мемлекет ретiнде төрт олимпиадаға қатысты. Мiне, осы додаларда қазақ елiнiң әнұранын шырқатып, көк туымызды жел­бiреткен спортшылардың денi – палуандар, боксшылар. Бiзде неге бұл спорт түрлерi өзгесiне қарағанда қарыштап дамып кеттi? Жарайды, қалғаны да кенжелеп тұр демей-ақ қояйық. Онда неге бiздiң волейбол, баскетбол құрамасы осындай биiкке көтерiле алмайды?
“Ертiстiң” 28 жастағы шабуылшысы Анатолий Дорош “Астанаға” ауысты. Бүгiнге дейiн Премьер-лига ойындарында 15 рет алаңға шығып, 4 гол соғыпты. Ал Қазақстан кубогы үшiн болған ойындарда еншiсiне 3 гол жазған. “Ертiс” те Дороштың орнына жаңа ойыншы шақыртпақ. Олар словениялық футболшыны көздеп отыр. Словенияның жоғарғы лигасында “Нафт” клубында ойнаған Марко Балажичтiң жасы – 27-де. Сырықтай ойыншының бойы 194 сантиметр екен. Әл-әзiр еңсесiн тiктеп кете алмай шатқаяқтап тұрған алматылық “Қайрат” та ауыс-түйiстен құралақан емес. Қостанайдың “Тобылынан” ауы­сып келген жартылай қорғаушы Ринат Хасенов сынақта жүр.  Одан бөлек изарильдiк “Бейтардың” ойыншысы Мошеми Мишаэлов пен қақпашы Йосси Шекель, бразилиялық Жозе Тардеу Мартинс те алматылық клубтың жейдесiн киюi мүмкiн
НУ ОРМАННАН 68 ТАЙПА ТАБЫЛДЫ
“Амазонканың ну тоғайында ешкiм бiлмей­тiн, ешбiр елмен байланыста болмаған белгiсiз бiр тайпа табылды. Олар­дың құрамында 200-дей адам бар”, ­ ­­– ­ деп хабарлайды As­sociated Press агенттiгi. Мұны Бразилияның өкi­метi де растады.
Бiрнеше рет Бразилия мен Перудiң шекарасында орманның ағашын кесiп, астық егуге тазартылған жердi көргендер болған. Мұның өтiрiк-шынын бiлу үшiн сәуiр айында осы аймаққа арнайы экспедиция жi­берiлдi. Табылған тайпаны экспедиция мүше­лерi ұшақта отырып суретке түсiрген. Әзiрше олармен қарым-қатынас жасалған жоқ. Қазiргi уақытта Амазонканың ну тоға­йында тағы да өркениетпен еш байланысы жоқ осындай 68 тайпа табылды.