1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15614) 5 шілде, сейсенбі 2011
Темiр ауданының Кеңқияқ пен Шұбарши ауылдары өткен жүмадан берi әскери соғыс алаңына ұқсайды. Қазiр Кеңкияқтың жанындағы шағын Қостан орманын Алматыдан шақыртылған арнайы жасақ қоршап тұр. Орманда Шұбаршидың «сақалдылары» бекiнiп алған. Шабуыл жасалған жағдайда олар осы маңнан өтетiн Жаңажол-Кеңкияқ газ құбырын жарамыз деп талап қойды. Орманда қанша сақалдының бекiнгенi белгiсiз, бiрақ ашық алаңқайда он шақтысының өлген денесi жатыр. Орманға қарай қашқан бұларды әскерилер тiкұшақтан атып түсiрген. Осылайша үш күннен берi жергiлiктi ваххабиттер мен полицейлер арасындағы қақтығыс толастар емес.
1 шiлдеден бастап Қазақстан – Ресей және Беларусь – Ресей шекараларындағы кедендiк бақылау жойылды. Бұдан былай кедендiк бақылау кедендiк одаққа мүше елдердiң сыртқы шекараларында ғана жүргiзiледi. Бұл ендiгәрi үш елдiң кеденiнде мал-дәрiгерлiк, санитарлық, көлiк бақылауы толық алынып тасталды деген сөз. Кедендiк одаққа мүше елдердiң iшкi кедендiк бақылауы тауар, қызмет пен жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысы үшiн доғарылды. Әкiмшiлiк кедергiлердiң алынып тасталуы кедендiк одақ нарығына шығам деген кәсiпкерлерге тиiмдi. Алайда отандық нарықтың өзi мұңға айналған қазақстандық кәсiпкерлер ашық-шашық шекарадан келiп-кетер пайда жоқ деп қынжылады.
Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпуновтың үстiнен бiрнеше қылмыстық iс қозғалғанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде жазғанбыз (“Сиынғандарыңыз күштi едi, “Полтинник” мырза...”, 30 маусым, №51). Храпуновтың не үшiн “Полтинник” атанғанын да айттық. “Алдымен Құдай, одан кейiн Нұреке!” деп мүләйiмсiп жүрген “Полтинник” мырзаны күндердiң-күнiнде қожасын ауызға ұрып кетедi деп кiм ойлаған! “Время” басылымының жазуынша, биылғы жылдың мамыр-маусым айларында В.Храпуновтың үстiнен бес бiрдей қылмыстық iс қозғалыпты! Және де кезiнде “Полтиник” мырзаға жақын жүргендердiң бәрi қазiр тергеуде жүр.
ӨЗДЕРIНШЕ ТАУ ҚҰЛАТҚАНДАЙ БОЛҒАН ДЕПУТАТТАР ДЕМАЛЫСҚА КЕТТI
Парламенттiң бұл сессиясы үлкен жетiстiкпен өз жұмысын аяқтады. Төменгi палатаның төрағасы Орал Мұхамеджанов кеуде кере: “Өз қызметi аясында қазiргi парламент сессиясын нәтижелi аяқтап, президент қойған негiзгi талаптардың барлығын орындап шықты”,–дедi. Оның сөзiне қарағанда, мәжiлiс қоржынындағы 190 заң жобасының 141-i қабылданған,107-сiне президент қол қойған. Сондай-ақ төртiншi сессия барысында әр түрлi құзырлы мекеме басшыларына 900 депутаттық сауал жолданып, 70-тен аса халықаралық шарттар, конвенциялар мен келiсiмдер ратификация­ланған екен. Бiрақ халыққа саннан сапа маңызды. Олай болса, ел есiнде қалған айтулы заң бар ма?

“Билiктiң тапсырысымен оппозициялық “Ақ жол” партиясын екiге бөлген Әлихан Бәйменов саяси ұйымды Александр Машкевичке сатып тынды” деген гу-гу сөз ел iшiн кезiп кеткен едi. Сол әңгiме расқа айналды. Бәйменовтiң өзi Назарбаевтың бұйрығымен мем­лекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы болып таға­йындалса, “Атамекен” одағының жетекшiсi Азат Перуашев (Маш­кевичтiң сенiмдi адамы) “Ақ жолдың” басшылығына бiр-ақ күнде қонжиды. Ақорда осы арқылы парламент сайлауының “қорытындысын” алдын ала белгiлеп қойған тәрiздi.

Ә.Бәйменовтiң мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы болып тағайындалуы, Машкевичтiң сенiмдi адамы саналатын А.Перуашевтың “Ақ жол” партиясының басшылығына баруы билiктiң кiмдердi қуыршақ етiп пайдаланатынын айқын көрсетiп бердi. Бастапқыдағы “Ақ жол” мен кейiнгi бәйменовтiк, бүгiнгi перуашевтiк “Ақ жолдың” айырмасын халайық ажырата бiлсе керек. Халық үшiн жұмыс iстеймiз деп соңынан еруге шақыратын саяси ұйымның сықпытын әркiм айқын бiлуi тиiс. Адаспас үшiн. Алтынбек Сәрсенбайұлының “Ақталғың келсе, ақ сөйле – адаспайсың” деген Әлихан Бәйменовке жазған “Алтын орда” газетiнде 2005 жылғы 3 маусымда жарияланған мақаласын ықшамдап, назарларыңызға ұсындық.
Алматыда Кедендiк одақ iске кiрiскен алғашқы күнi жиырмаға жуық азаматтық қоғам өкiлдерi Қазақстандағы Ресейдiң бас консулдығы алдында наразылық акциясын өткiздi. Наразы топтың басты ұраны: “Кеңес одағының жаңғыруына жол бермеймiз!” Белсендiлер экономикалық одақ, саяси одаққа ұласып, егемендiгiмiзге қауiп төне ме деп алаңдаулы. Консулдық алдында одаққа қарсы азаматтық қоғам өкiлдерi атынан үндеу жарияланып, ерекше белсендiлiкпен көзге түскен алты азаматты
Өзiңiз iштей компроматын күтiп жүретiн “Уикиликс” деген сайт бiрер күн бұрын Қазақстанға қатысты тағы бiр құпияны жайып салды. Бұл жолғысы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тiкелей қатыс­ты. “Батыстың дипломаттары мен шенеунiктерiнiң аузында неге сөз тұрмайды осы?” деп сөккенiңiзбен, кiмнiң не айтқанын бiлгiңiз келiп тұрғанына бәс тiгемiз. 2006 жылдың 14 наурызында АҚШ-тың энергетика министрi Самюэль Бодман Астанаға жұмыс сапарымен келдi. Қазақстан президентi Н.Назарбаевпен кездестi. Кездесу бiр сағатқа созылған. Негiзiнен екеуара әңгiме Қазақстанның құдайы көршiлерi жөнiнде болған.
Бiр жарым айдан берi ереуiлдеп жатқан маңғыстаулық мұнайшылардың үстiнен қылмыстық iстер қозғалып, олар жауапқа тартыла бастады. “Қаражанбасмұнай” компаниясының белсендiсi Қуаныш Сейсембаевтың үстiнен ҚР Қылмыстық кодекстiң 334-бабы бойынша қылмыстық iс қозғалды. Жұмысшыға 5 маусым күнi Ақтаудағы облыстық әкiмшiлiктiң алдында болған наразылық шарасын ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Бұл күнi әкiмдiкке бет алған бейбiт топты полицейлер күштеп таратып жiберген болатын. Қ.Сейсембаевқа қатыс­ты сот процесi басталды. Жұмысшы қамауға алынған жоқ, бiрақ одан тұрғылықты жерден кетпеу жөнiнде қолхат алынды.
Дәстүрлi әншiлер мен күйшiлер “тоқалдан туған” ба? Әлде олардың бар “жазығы” ұлттың өнерiн өлтiрмей жүргенiнде ме? Әйтпесе, әлемдi қарық қылып жатқан Қазақстанның төл өнерiн насихаттап жүрген өнерпаздарын көтеруге жағдай жоқ дегенге кiм сенедi? Қазақтың музыкасы – ұлттың жаны, әдебиетi, мәдениетi, философиясы, тамыры, өзегi, тұрмыс-тiршiлiгi. Осыншама ұлы мұрамызды батыстың салдыр-гүлдiрiне айыр­бастап қойып, тып-тыныш отыра беремiз бе?
Биылғы оқу жылы аяқталар тұста Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның кiтапханашылары үздiк оқырманды анықтады. Жыл бойы оқыған кiтаптарының саны бойынша бiрнеше оқушы “Үздiк оқырман” атанды. Сол үздiктердiң арасында 2-сыныпты аяқтаған Мерей Заманбекқызы да болды. Сонда Мерейге анасы Мақпал әдеби кiтаптарды көп оқытатынына көзiмiз жеткен едi. “Қазiргi эстрада әншiлерiнiң балалары әдеби кiтап оқи ма?”
(Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Ғалым Мұхамедин жайлы үзiк сыр)
Қарағанды облыстық филармониясының әншiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Ғалым Мұхамедин өткен жылдың аяғында өзiнiң жеке күйтабағын шығарғысы келетi­нiн айтып, хабарласқан едi. Сол аралықта Дүниежүзi қазақтары қауымдастығында шетте жүрген өнерпаз қандастарымыздың творчестволық кешi өтетiн болды да, Ғалым аға кеште ән айтады екен. Ғалым ағамен таныстығымыз осылай басталды. Алып тұлғалы, ақ құба келген көрiктi кiсiнiң сырт келбетi-ақ өнер адам екенiн әйгiлей түскендей.
Жуырда “Қазақстан” ұлттық телеарнасындағы “Кеш жарық” бағдарламасының кезектi көрсетiлiмi Сәкен Сейфуллиннiң өмiрi мен шығармашылығына арналды. Қазақ поэзиясынан сырт, ұлт мәдениетi мен өнерiне де өлшеусiз үлес қосқан арыстың композиторлық қыры да бағдарламада кеңiнен қамтылды. Осы бағдарламада шырқалған әндердiң бiразы Сейфуллин Жолбарыстiкi екен. Сазын ғана емес, сөзiн де өзi сабақтап, ән құрап ала қоятын әмбебап әншiнiң “ақындығы” бұған дейiн де талай мәрте сыналған. Менiң айтпағым – оның сазгерлiгi жайында.  “Кеш жарықта” Сейфуллин Жолбарыс Сәкеннiң сағынышқа толы өлеңiне ән жазыпты. Туған жерге деген шексiз сүйiспеншiлiк, сыртта жүргенде
ТҮРКИЯ ТАҢДАНДЫ
 Елiмздегi “Iңкәр” тобы Түркияда өткен халықаралық фестивальге қатысып келдi. Қазақпарат тiлшiсiнiң хабарлауынша, жерлестерiмiз Егей теңiзiне бауырын төсей орналасқан Денизли қаласында болып, қазақ ән өнерiн Ататүрiк елiнiң аспанында қалықтатып қайтты. Әлемнiң 20-ға жуық елiнен келген 100-ден аса орындау­шы арасында қыздарымыз Ерке Есмахан, Малика Чегибаева, Әлфия Жарылқасын “Сүгiрдiң термесiн” түрiк тiлiнде шырқады. Фестивальден кейiн жергiлiктi “АВАЗ” телеарнасының тiкелей эфирiнен берiлетiн “Жаңа күн” бағдарламасында
ПЕРҒАУЫН
Египет моласын Есiлге көшiрген,
Есiл Ғұн рухын санамнан өшiрген.
Перiлер iзiнен тозаң боп тараған,
Түн келсе түсiме кiредi зобалаң.
Қанжарын кезеген Мұсаға, Һаронға
Табынған ешкiге, табынған адамға,
Ғасырлар қанының дағындай мұнара
Сүйрелеп келедi бiздi мың күнәға.
Ол сахнадан кеткенде ел-жұртты жинап, ұлан-асыр той жасаған жоқ. “Мен сахнадан кеттiм” деп те ешкiмге жар салмады. Немесе “Мен үлкен сахнадан кетiп барамын” деп ТМД-ны, онан қалса шетелдердi аралап, концерт қойып, “жылу” жинамады. Үн-түнсiз кеттi. Бұл оның бiреуге ренжiгенi емес, бұл оның бойына бiткен тектiлiгi, мәдениеттiлiгi едi. Муслим Магомаев 1942 жылдың 17 тамызында Баку қаласында дүниеге келдi. Оған “Муслим” деп атасының атын қойған едi. Атасы Муслим де музыканы жақсы көретiн. Тiптi скрипкаға дейiн тартатын. Кiшi Муслим атасының өмiр жолын жатқа бiлдi. Оның хаттарын, кiтаптарын оқып, жинаған пластинкаларын тыңдап өстi. Муслим атасының жолын қуды.
Өткен аптада ел бiрiншi­лiгiнiң 18-тур ойындары өттi. Тек Өскеменнiң “Востогы” мен қостанайлық “Тобыл”, ақтөбелiк “Ақтөбе” мен шым­кенттiк “Ордабасы” арасындағы 18-тур кеше кешкiсiн ойналды.  Талдықорғандық “Жетi­су” өз алаңында “Таразды” тiзер­летiп, 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. Бiрiншi таймның аяқталуына 3 минут қалғанда “тараздық” Мемишевич есеп ашқан. 51-минутта Евстигнеев автогол соғып, командаласының еңбегiн желге ұшырды. 

Қоян жылының жылнамасы ашылған күннен бергi бәйгелердiң iшiндегi велоспортшылар қолтығын сөге жарысатын “Тур де Франс­тың” екiншi кезеңi де артта қалды. Франция тас жолындағы биылғы турдың 1-кезеңiнде бельгиялық Филипп Жилбер жарады. Пассаж дю Гуа мен Мон дез Алуэтт арасын жалғаған 191,5 шақырымдық күре жолда жарысқандар iшiнен Жилбер қара үзiп шықты.

Өткен аптаның жексенбiсiнде төрт күнге созылған бильярдтан Азия ашық чемпионаты аяқталды. “Еркiн пирамида” бойынша киилерiмен көздеп, шарды шарға соққан шеберлер жүлдеге тiгiлген 20 мың долларды бөлiстi. Әлем чемпиондары, Азия құрлығында мықты саналатын үздiктердiң басын қосқан бәс жоғары дәрежеде өттi. Күнi бұрын бiлгiштер ­I орынға тиесiлi қомақты қаржыны қазақстандық Әлихан Каранеев, Қаныбек Сағындықовтар ешкiмге бермейдi деп болжаған. Алайда ақтық сынға ресейлiк Андрей Фрейзе мен жерлесiмiз Дәурен Орынбаев­ шықты. Ресей мықтысы былтырғы жылы да осы Азия чемпионатының жүлдесiн жеңiп алған болатын. Биыл да сол биiгiнен түскiсi келмейтiнiн алғашқы шар түсiруден-ақ байқатты.
БАР АТАҚ КЛИЧКОДА
Шiлденiң 2-сiнде Германияның Гамбург қаласында украиналық Владимир Кличко мен ұлыбритандық Дэвид Хэй арасындағы кездесу Кличконың пайдасына шешiлдi. 12 раунд бойы бiр-бiрiн тоқпақтап барып тоқтаған соң, төрешi Кличконың қолын жоғары көтердi. Үш төрешi де (118-108, 117-109, 116-110) украиналық боксшының басым екенiн байқапты. Рингтен түскен соң Хэй: “Мен мықтылығымды көрсеттiм. Үш апта бұрын саусағымды ауыртып алған едiм. Сол көлденең кедергi болды. Оның маған қарағанда салмағы да ауыр. Бойы да ұзын.