1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15615) 7 шілде, бейсенбі 2011
­ – Биыл – әйгiлi Абылай ханның 300 жылдығы. Мұны тарихшы-ғалымдарымыз бұлтартпайтын деректер арқылы баяғыда дәлелдеп қойған. Жалпы, Абылай ханның туған жылы туралы көп талас жоқ. Ханның туған жылы туралы деректер қағазға хатталып, тасқа басылған. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Абылай ханның 300 жылдығына орай арнайы ғылыми конференция өткiзбек. Бұл конференцияны қыркүйек айына жоспарлап отыр. “Жас Алашта” жарияланған мақалада Абылай ханның ұрпақтарының оған Алматыда арнайы ас бергенi айтылды. Абылай ханның 300 жылдығы әр жерде, мәселен, кейбiр газеттерде, журналдарда аталынып өтiп жатыр. Бұл жерде бiздiң газет­тiң айтайын дегенi, Абылай ханның 300 жылдығы неге мемлекеттiк деңгейде атап өтiлмейдi?
Британдық әйгiлi әншi Стингтiң Астананың тойына, анығында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнiне келмейтiнiн әлемдiк БАҚ ұлардай шулап хабарлап жатыр. Астана саммитiне АҚШ президентi Барак Обаманың келмей қойғаны қоғамда бұлай талқыланбап едi... Стинг шiлденiң 4-i күнi Астанада ұлан-асыр концерт өткiзуге тиiс болатын. Алайда ол 3 шiлдеде өзiнiң вебсайты арқылы арнайы мәлiмдеме жасады. Онда Стинг Қазақстандағы құқығы тапталып, ереуiлдетiп жатқан мұнайшыларға тiлектестiк бiлдiрiп, Астанада концерт өткiзуден бас тартты. Әншiнiң мұнысын әркiм әрқалай түсiндi. Мұнайшылар Стингке дән риза. Өзге жұрт та солай.
“АҚ ЖОЛДАН” БIР САУДАГЕР КЕТТI, ОРНЫНА ЕКIНШIСI КЕЛДI...
Бәйменов “Ақ жолдан” кеттi ақыры. Жай кеткен жоқ, масқаралыққа мойынсұнып, көнiп кеттi. Бұл кетiсiнiң өлiммен пара-пар екенiн түсiнсе де, сыр бермегенсiп, өтiрiк қуанғансып кеттi. Осы әрекетiмен ол өзiн бiржола көмдi. Бiр жағынан “сатқын” деген қара таңбаға Бәйменовтiң етi өлiп кеткендей көрiнгенiмен, ол да пенде. Ашуланады, қымсынады. Ашуланғанымен, амалы қанша. Сат десе — сатады, жат десе — жатады. Ол үшiн басқа жол жоқ. Бәйменов 2003-04 жылдардағы ықпалды һәм қауқарлы “Ақ жолдың” екпiнiмен бiраз жерге жетем деп ойлады. Дегенi болмады. Қожаның баласы қатырмағанын қожайыны да ұқса керек. Оның орнына Азат Перуа­шевты әкелдi де, Әлихан Бәйменовтi мемлекеттiк қызметке тағайындады.

Астанада үш күн той болды! “Той десе қу басты домалатар” тойшыл халықпыз ғой, ылайым тойымыз көп болсын, лайықты себебi табылса! Дәп биыл Астананың тойлануында басқа көпшiлiктi бiлмеймiн, бiз ұқпаған бiр жайт бар. Олай дейтiнiмiз – бұрынғы Ақмола, қазiргi Астана осы қай елдiң астанасы? Әлбетте, Қазақстанның, иiсi қазақтың дер едiңiз Сiз. Бiзге салсаңыз күмәндi мәселе. Бар қазақтың бас қаласы болса, “ала қойды бөле қырқып”, неге тек Астана елден ерек, қатарынан үш күн тойлап, қалған қалың қаймана қазақ бiр-ақ күн бел шешедi? Астана тұрғындарының бас­қа жұртшылықтан несi артық? “Он үште – отау иесi” атанып жатқан төл Астанасын бүкiл ел бiр кiсiдей болып неге тойламайды?

Арғы нөмiрiмiзде елдi дүрлiктiрген жалауша туралы жазғанбыз. Көкшетау өңiрiнде өтiп жатқан “Имперская ленточка” в Казахстане... Мы любим Россию – свое Отечество” жалаушасын тарату акциясы арандату әрекеттерiне ұласуда. Ұлтаралық татулықты, бiрлiктi жырлаған қазақ билiгi мұрнының астындағы араздықты көрмейдi. Мемлекет құрушы ұлт ретiнде қазақтардың пiкiрi, таңдауымен санасудың орнына, ұлттар арасындағы алауыздық шоғын үрлей түседi. Осылай деп арнайы хабарласқан көкшетаулық ұлт жанашырымыз, “Ұлт тағдыры – Ақмола” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Төлеген Қасенов аймақтағы ахуалға тоқталды.

Баға саясатын қалыпқа түсiре алмаған миығынан күлiп жүретiн мұртты бас уәзiр Кәрiм Мәсiмов бастаған қазақ үкiметi тығырыққа тiрелуде. Базардағы бағаны құрықтауға шамасы жетпей отыр. Керiсiнше, сауда сөрелерiндегi, әсiресе, азық-түлiктiң құны шарықтауда. Жығылғанға жұдырық, кедендiк одақ та елдегi қымбатшылыққа сеп болады дейдi сарапшылар. Сонымен, онсыз да қалт-құлт тұрған базардағы баға одан әрi аспандайтын түрi бар. Жыл басынан берi Алматының “Көк базарындағы” азық-түлiк және күнделiктi тұтынатын тауарлардың бағасын бағамдап, қағазға түртiп жүрдiк. Жасыратын түгi жоқ, биыл ай сайын, тiптi сау­дагерлердiң айтуынша, әсiресе, соңғы уақытта күннен-күнге баға өсуде.

Шiлденiң бiрiншi күнi Алматы қалалық сотында Келдiбаевтың “Взгляд” газетiне түсiрген шағымы қаралды. Естерiңiзде болса, “Взгляд” газетiн жалған ақпарат таратты деп айыптаған хирург дәрiгер Келдiбаев басылымнан 15 млн.теңге моральдық өтемақы төлеуiн талап еткен. Қайта қаралған iс барысында, ол судьяның бейбiт келiсiмге келу ұсынысын қабылдап, мақұлдаған. “Взглядтың» ұжымы да бұл ұсынысты дұрыс көрген. Және шағымданушының өз пiкiрiн беруге газеттен арнайы орын бөлетiндерiн жеткiзген. Алайда мұндай келiсiм Ә.Келдiбаевтың көңiлiнен шықпаған. ­ 4 шiлде күнi редакция өкiлiмен телефон арқылы хабарласқан ол шағымын керi қайтарып алатынын, бiрақ ол үшiн редакцияның миллиондаған өтемақыны төлеуi керегiн айтады.

Сейсенбi күнi Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко БАҚ өкiлдерiне арналған дәстүрлi баспасөз мәслихатында маусым айының қорытындысын жариялап, қаржы нарығындағы ахуалды егжей-тегжейлi баяндады. Өткен айдың қаржылық көрсеткiштерiн тiзбес бұрын бас банкир Ұлттық банк жеке тұлғалардың депозиттерi бойынша кепiлдiк берiлетiн өтемақы сомасын бұрынғы қалпында қалдыру жөнiнде бастама көтергенiн жеткiздi. “2008 жылы дағдарыс кезiнде жеке тұлғалардың депозиттерi бойынша кепiлдiк берiлетiн өтемақы сомасы 5 миллион теңгеге жеткен едi. Алайда оның мерзiмi 2012 жылдың 1 қаңтарында аяқталып, кепiлдiк сомасы 1 миллион теңгеге қайтып оралуы тиiс болатын.
Ұлттық ядролық орталығының Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiн халық шар­уашылығына пайдалануға беру жөнiндегi шешiмiне түбегейлi қарсымыз! Сейсенбi күнi Ұлттық баспасөз клубында ҚР ҮЕҰ экофорумы компаниясы дәл осылай деп мәлiмдедi.  Өткен айдың соңында Ұлттық ядролық орталығы Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiн халық шаруашылығына пайдалануға беру туралы мәлiмдеме жасады. Олардың айтуынша, жергiлiктi халық Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiн шаруашылыққа пайдалануға мүдделi көрiнедi. Айтатыным, бұл ­– бұрыс ақпарат, – дейдi ҮЕҰ экофорумы компаниясының үйлестiрушiсi Гүлсiм Кәкiмжанова.

Жуырда “Жас Алаш” газетiнiң редакциясында алқалы жиын өтiп, онда тарап өкiлдерi Қазақстанда АЭС салу, уран өндiру, Қазақстан президентiнiң ядролық отын банкiн орналастыру бастамасы жайында пiкiр алмасқанын оқы­дым. Осыған байланысты өзiмнiң пiкiрiмды бiлдiре кеткендi жөн көрдiм. Кезiнде бiр топ депутаттар елiмiздегi жүздеген бос қалған кен орындарын пайдалану үшiн шетелден әкелiп ядролық қалдықтарды көмудi ұсынғанын бiлемiз. Бiршама уақытқа тыныш қалған бастама қайта көтерiлiп жатыр. Соңғы кездегi билiк басындағылардың осы ядролық қалдыққа қатысты тақырыпты қайта-қайта қоздатуы ненi бiлдiредi?

Сапар үстiнде жүретiн жорналшы шiркiннiң сөйлеспейтiн адамы, көлiктес болмайтын кiсiсi жоқ. Қарамен де, төремен де тiлдесесiң. Елең еткiзетiн бiрдеңе болса, өзiңше қағазыңа түрте жүресiң... Тағы да, мiне, жол түсiп, Елордадан Көкшетауға кететiн тас жолмен тайпалта зырлап келемiз. Мұндайда сапарлас адамның аты-жөнiн, түп-тегiн сұрап, “мазасын алып” отыратын бiр жаман әдетiм бар. Бұ жолы да әрi-берi зерiккен соң, өзiмше таксист жiгiттi әңгiмеге тартпақ боп, көз қиығымды тастаймын: – Iнiшек, жол қысқарсын, таныса отырайық, есiмiң кiм болады, осы өңiрдiң тумасы шығарсың?
– Жоқ, аға, оралманмын. өзбекстаннан қоныс аударып келгем. Атым – Асылбек. Аға, жол қысқарсын дедiңiз ғой, ендеше атажұртқа оралам деп, басымнан кешкен “қызығымды” айтып берейiн сiзге, тыңдасаңыз.
Ей, дағдарыс! Әуелi танысып қояйық. Мен ­– ауылдықпын, ал сен кiмсiң? Азуы алты қарыс АҚШ-та дүниеге келiп, ертегiнiң ерлерiнше ер жетiп, 6 күнде аяғыңа тұрып, 60 күнде алпамсадай боп, содан кейiн миллионерлердi мөңiретiп, миллиардерлердi еңiретiп, қара халықты зар жылатып, жұмыс орнын қысқартып, әуреге салып жатқан көрiнесiң. Сен тау көтерген Толағайдан да күштi болдың-ау. Мұхиттың арғы бетiн жайлап болып, балағыңды қара саннан түрiп ап, көк мұхитты кешiп өтiп, бiздiң құрлыққа да аяқ салыпсың. Бұл жақта не бар саған? Сенiң табаның тиген жердiң берекесi кететiнi де рас. Шаһарларға оп-оңай жетiп кеп, тез арада апшысын қуыра бастайсың.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТI
Қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттiк филормониясында Жапониядағы табиғат аптатынан зардап шеккендерге жәрдем көрсету мақсатында қайырымдылық концертi өттi. Концертке ҚР Мемлекет­тiк академиялық симфониялық оркестрi, Б.Байқадамов атындағы хор капелласы қатысты. Концертте, негiзi­нен, әлемдiк классикалық шығармалар орындалды.
МОҢҒОЛ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРДЕНIМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Өскемен қаласының әкiмi Ислам Әбiшев Моңғол Халық Республикасының орденiмен марапатталды. Бұл орден И.Әбiшевке не үшiн берiлдi? Моңғо­лиядан көшiп келiп жатқан отандастарын жақсы қарсы алып,
Алаш жұртшылығы үшiн жанын пида еткен қазақ баһадүрлерiнiң басының алынуы хан Кенеден (Кенесарыдан) басталды. Ханның 1847 жылы басы алынып, сүйегi шоң байекелер, яки қырғыз жерiнде қалды. Бұрын Санкт-Петербордың Кунсткамерасында тұрған ханның басы соңғы жылдары iзiм-қайым жоғалды. Әумин... Үндемедiк... Тап осылай басы да, тағдыры да тәлкекке түскен жауын­гер­лердiң бiрi – атақты Бөке батыр (1846–1904). Ол құмырс­қадай қаулаған Қытайдағы қазақ елiн жақсы, жайлы жерлерге орналастыру үшiн басын тауға да, тасқа да соқты. Қара қытайдан еш қаймықпады. Бөке батыр 1904 жылы кенеттен ауыр сыр­қаттанып, мерт болды.

Адам болған соң, өмiрдiң тұщысын да, тәттiсiн де көресiң. Көресiң де өткенге көз жiбересiң. Мұндайда “бұл өмiрде не тыңдырдым?”, “не бiтiрдiм?” деген секiлдi сауалдар өз-өзiнен туатыны анық. Немере­лерiме қарап отырып, өткен-кеткендi еске түсiремiн де, ең бастысы, Құдай қосқан қосағыма мың да бiр рақмет айтамын. Жұбайым Лина Слянбаевамен танысуым да қызық. Орта мектептi тәмамдаған соң Семей педагогикалық институтына түсе алмай ауылға қайтып келдiм. Паравозда от жағушы да, машинистiң көмекшiсi де болдым, тiптi колхоз басқармасы бастығының орынбасарын да тасыдым. Жаз айларында егiс бригадасында 10-15 отбасы күндiз-түнi жұмыс iстейтiн. Егiн орағы басталғаннан басшылар сонда жүредi.

Түс ауа «көк базардың» тұсынан өтiп бара жатқан бетiм. Кенет жанұшыра жүгiрiп келе жатқан екi келiншектi көзiм шалып қалды. Ентiге жүгiрген жас келiншектердiң бiрi “Сорлылар сорлап қалды ғой, сорлап қалды ғой” деп айқайлап келедi. Бұлар бет алып жүгiрген жаққа мен де назарымды аудардым.  Ендiгi оқиға   «Алма» сауда орталығының алдында өрбiдi. Еңгезердей ақ жейделi үш жiгiт жолдың шетiндегi бейне таспа сатып тұрған екi бозбала жiгiттi тықсырып, қорап толы тауарларын жұлқа тартып, қап-қара джиптiң артқы “багажына” тиеп жатыр екен. Мiне, осы кезде аттан сап жеткен екi келiншек әлгiлердiң жағасынан алды. 
Ата-бабаларымыз қалдырып кеткен қазақтың ұлттық құндылықтары ұшан-теңiз. Бiрақ көбi ұмытылған. Бiразы этнографтардың жазбаларында жүр. Қазiргi бiздiң көрiп, қолданып жүргенiмiз ұлттық құндылықтарымыздың жұрнағы ғана. Ендi осы жұрнағынан да айырылып қалу қаупi туындап тұр. Марқұм, этнограф Жағда Бабалықов ақсақал “қазақтың ұлттық ойындарының өзi ғана 500-ге жетедi” деушi едi. Ал ұлттық тағамдарымыз одан да көп. Ұлттық құндылықтарымызға: ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, ою-өрнектер, тұрмыстық бұйымдар және тағы да басқа ата-бабаларымыз тұрмыста қолданып, мұра етiп қалдырып кеткен заттардың бәрi жатады. Мұның сыртында: жылқыны алғашқы қолға үйреткен қазақ халқы екенiн, алманың дүниеге таралған отаны
Жалпы, қазекем жасап жүрген той аз сыналып жүрген жоқ. Сынның да сенiмдiсi, нанымдысы бар. Той жасаған жақсы ғой. Бiрақ жүздеген адамдардың уақытын алуға құқымыз жоқ. Сондықтан той белгiленген сағатта ананы-мынаны күтпей-ақ бастала берсе...  Жақында екi тойдың куәсi болдым. Екеуi де екi жарым-үш сағат кешiгiп басталды. Содан кейiн екеуiнiң де асабасы екi жастың ата-анасын сөз беруге шығарып, сөйлеткен соң, құда мен құданы төс қағыстыртып, қос құдағиды сүйiстiрдi. Сосын құда мен құдағи, құдағи мен құда сүйiстi. Содан соң асаба: “Қызық болсын, ендi әркiм өз әйелiн сүйедi. Сiздер де, қадiрлi көпшiлiк, қастарыңыздағы әйелдерiңiздi сүйе берiңiздер!
2004 жылы Афины олимпиадасында қазақтың жiгерi құм болып, спорттың басты жәрмеңкесi – ХХVII жазғы олимпиаданың жылнамасына Қазақстан құрамасы алтын алқасыз жазылғалы тұрғанда боксшы Бақтияр Артаев 69 келiнiң алтынын алып берiп едi. Содан берi де зулап 7 жыл өте шығыпты. 21 жасында Олип шыңына ат шалдырған Артаев одан кейiн әлем чемпионатының екi мәрте қола жүлдегерi болды. 2008 жылы Бейжiң олимпиадасынан соң қолғабынан қолын суытып, басшылық қызметке барды. Бiраз уақыт креслода отырды.
АЛМАТЫ АЛДА ТҰР
4 жылды аунатып бiр-ақ келетiн III жазғы спартакиаданың жалпы қорытындысы бо­йынша әзiрге Алматы қаласының спортшылары қара үзiп шықты. Спорттың 46 түрi бо­йынша жүлделердi бөлiсiп жатқан спортшылар iшiнде алматылықтардан кейiн оңтүстiк­қазақ­стан­дықтардың қарқыны күштi. Командалық есеп бойынша Астана қаласының командасы үшiншi орында тұр. Осы спартакиаданың ая­сын­да өткен көркем гимнастикадан ел чемпионатында командалық I орынды баянауылдықтар иелендi. Астана гим­наст­шылары екiншi сатыға орнықса, шығысқазақстандықтар үшiншi орынды мiсе тұтты
Француз жерiн шиырлап жүрген велошабандоздар дақпырты даңқын асырған көпкүндiк “Тур де Франстың” 3-кезеңiн де түгестi. 173 шақырымды өндiрген шабандоздар арасынан “Garmin” клубының мүшесi Тайлер Фар­рар­ға ешкiм пара-пар бола алмады. Арба айдағалы тұңғыш рет iрi жеңiсiне қол жеткiзген американдық қуанышы шексiз екенiн көрсеттi. Екiншi болып “Vacan­soleil” мүшесi Ромен Фею келдi. Үштiктi “Movistar” клубының атынан сынға түсiп жүрген Хосе Хоа­кин Рохас түйiндедi. “Астана” жiгiттерi әзiрге жанкүйерiн сүйiндiре алмай тұр. Алдыңғы 1,2-кезеңдерде қою шаңның арасында келген “астаналықтар” бұл жолы да алдыңғы лекке iлесе алмады.
ЕКI БАСТЫ БАЛЫҚТАР
Австралияның Нуза өзенi бойына салынған тоғанда жаңа туған балықтардың жаппай қырылуы байқалады. Кiп-кiшкентай балықтардың дене құрылысы өз­герiп кеткен. Балықтардың қырылуына осы да әсер еткен. Мұның себебiн бiлмекшi болған ғалымдар жан-жақты тексеру жүргiзедi. Сөйт­се... Ихтиология ғылымының маманы Мэтт Ландос бұлардың қырылуын оның генетикасымен түсiндiредi. Бұл балықтар көбiнесе уылдырықтан екi басты болып шығатын көрiнедi. Әрине, мұндай өзгерiстер жақын маңдағы құс және қой фермаларынан да байқалған. Мэтт Ландос “Нуза өзенi суының бұған еш қатысы