1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15616) 12 шілде, сейсенбі 2011
ҚҰДАЙДАН ТIЛЕК ТIЛЕУГЕ ДЕ КҮШ ҚОЛДАНЫП, МҮМКIНДIК БЕРМЕГЕН БИЛIКТIҢ ӘУМЕСЕРЛIГI МАҢҒЫСТАУ ЖҰРТЫН ҚАТТЫ АШЫНДЫРДЫ
Маңғыстау мұнайшылары ереуiлiнiң басталғанына бүгiн 62 күн болды. Мамырдың 11-i күнi «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС мекемесiнiң жұмысшылары ереуiлге шықты. 17 мамыр “Қаражанбасмұнай” АҚ мұнайшылары жұмыстарын тоқтатты. 26 мамыр “Өзенмұнайгаз” ӨФ мұнайшылары ереуiлiн бастады. Мiне, бүгiнге дейiн ереуiл тоқтамай тұр. Ереуiлшiлер де, өндiрiс басшылары да бiр ортақ келiсiмге келер емес. Ал жергiлiктi билiк өкiлдерi бұл мәселенi шешуге дәрменсiздiктерiн көрсеттi. Құқық қорғау орындары тек қана қарапайым жұмысшылар мен мұнайшыларға қоқан-лоққы жасауын жалғастыруда. Ереуiлшiлер де, жер­гiлiктi
АҚШ-тың мемлекеттiк департаментiнiң демеушiлiгiмен және қаржыландыруымен қазақстандық бес журналист Франкфурт арқылы Вашингтонға табан тiредiк. Мақсат белгiлi - АҚШ-тың саяси жүйесiмен, экономикасымен, мәдениетiмен, салт-дәстүрiмен танысу һәм насихаттау. Алматы мен Вашингтонның уақыт айырмасы – он сағат. Басқасын қайдам, уақыт жөнiнен бiз алдамыз...  Он бес сағат бойы аспанда жүру – кiм-кiмге де оңай шаруа емес. Өзге жерге бой үйрету дегенiңiз тағы бар. Ұшақтан жүрелеп түспесек те, қатты шаршап қалғанымыз бiрден сезiлдi.  Вашингтон тұрғындарының саны алты жүз мыңнан сәл-ақ асады. Жұмыс күндерi қалада­ғы адам саны миллионға жетуi мүмкiн. Олардың көпшiлiгi қаладан шалғай тұрады.
ҚЫТАЙ ТIЛIН БАЛАБАҚШАДАН БАСТАП ҮЙРЕТУГЕ, МЕКТЕПТЕ АРНАЙЫ ОҚЫТУҒА ҚҰЛШЫНЫП ОТЫРҒАНДАР КIМДЕР?
Сақтана бiлмеген, қорғана алмаған ел не болады? Қор болады. “Қор болғаныңыз” не, жер бетiнен мүлде жойылып, құрып кетедi. Бұ­ған тарих куә. Дарынды дипломат, қоғам қай­раткерi, көрнектi саясаткер Болатхан Тайжан марқұм айтып едi қатты бiр күйiнгенде: “Алты жастағы ойын баласын мыстан кемпiр алдай ала ма? Әрине, алаңғасар баланы мыстан кемпiрдiң қалаған уақытында әрi қалай болса солай алдайтыны да мәлiм. Дәл сол сияқты, Ресейi бар, Қытайы бар, АҚШ-ы бар, Англиясы мен Австриясы бар, Италиясы мен Франциясы бар, жалпы iшкi саясаты мен сыртқы саясаты мығым елдер бiздiң Қазақстанды арқадан қағып қойып, қалай болса солай алдап соғып жатыр!” деп.
9 адамға қарсы 8 күндiк шайқаста 4 полицей оққа ұшты
8 шiлдеде кешкiлiк Кеңқияқ елдiмекенiнде тағы бiр полиция қызметкерi оққа ұшты. Ол – Шұбаршидегi жағдайға байланысты жiберiлген IIМ «Сұңқар» арнайы жасағының сарбазы – Айболат Иманбаев. Мұнымен бiр кезде үйден 50 метр жерде тұрған Кеңқияқ учаскелiк полицейi Тұрарбек Ешпағанбетов жараланды. Осылайша Мұнайшылар көшесiндегi №2 үйдi қоршамақ болып жеткен топты, үйде тығылып жатқандар снайпер оғымен қарсы алды.   Кешкi сағат 9-дар шамасында басталған атыс ертеңгiлiк түскi сағат 12-ге дейiн тоқтаусыз жүрдi. Осы үйде Шұбаршиде   полиция қызметкерлерi Нұрлан Алтынбай мен Айдос Боранбайды атып тастаған 6 күдiктi   жасырынып жатқан.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласының маңындағы АК 159/21 жалпы тәртiптегi колониясының бiр топ тұтқыны шiлденiң 11-iне қараған түнi бүлiк шығарып, колониядан қашып шықпақ болған. 16 тұтқын мен түрме қызметкерлерiнiң қақтығысы кезiнде колония күзетшiсi қаза тапты. Атыс кезiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң үш қызметкерi жараланған. Дүйсенбi күнi там-тұмдап жеткен ақпараттан “Арлан” арнайы жасағы Балқаштағы түрменi ша­буыл­дауға көшкенi белгiлi болды. Оқиғаның анық-қанығын бiлмек болып кеше кешке Қарағанды облыстық iшкi iстер департаментiнiң мемлекеттiк тiл және ақпарат департаментiнiң басшысы Жаңатай Сембековке хабарлас­қанымызда

Биылғы Қазақстан журналистерiнiң кәсiби мерекесi өзгешелеу өттi. Билiктiң партиясы сұңқарды нұрландырып байқау өткiзiптi. “Нұр сұңқар” деп аталатын аламанға журналистер қауымы қатысып, нәтижесiнде түрлi марапаттарға ие болысты. Мерекенiң өзгешелiгi де осы тұста қылтияды. Тәуелсiз журналистерге арнайы номинация бойынша сый-құрмет жасап, билiк партиясы өзiнше жаңалық “жасады”. Ақпарат кеңiстiгiнде ақиқаттан аттамай, шынайы жаңалықтарын жеткiзетiн журналистiң бiрi Жұмабике Жүнiсова да “Нұр сұңқардың” лауреаты атанды. Естерiңiзде болса, “Жұмабике Жүнiсова да билiк партиясының өзiн мойындай бас­тағанына мәз” деп “Жас Алашта” айтып өткенбiз.   Сөйтсек, Жұма­бике әрiптесiмiз осы бiр ауыз сөздi көңiлiне алыпты. 

“Жас Алаш” газетiнiң 2011 жылғы 28 маусымындағы санында Жәнiбек Қожықтың “Психологиялық “әуе шабуылы” атты мақаласы жарық көрдi. “Жас Алаш” шындықты жазатын басылым деген қағида қалыптасқандықтан, оқырмандарға мақала авторы назар аудармай кеткен тұстарды айта кеткендi жөн деп бiлемiз. Болған жайттың анық-қанығына көз жеткiзу қашанда керек. Сонымен өз мақаласында тiлшi Шетпе кентiне тұрғындардың телефон соғуымен асыға жеткенiн, әуеден ұшқан әскери ұшақтардың елдiң зәре-құтын қашырғанын бiр-екi азаматтың сөзiмен төмендегiдей етiп жазады: “Шетпе тұрғыны А.Ұзақбаев: “Бүгiн облыс әкiмi Қ.Көшербаев жаңадан салынған аудандық аурухана мен балабақшаның лентасын қиып, салтанатты жиын өткiзетiн едi.

Көкшетау қалалық “Степной маяк” және Бурабай (бұрынғы Щучье) аудандық “Луч” газеттерiндегi қазақ ұлтының намысына тиетiн жарияланымдары үшiн бiраз шу көтерiлдi. Соған қатысты жазған мақаламызда айт­қанымыз айнымай келдi, газет бас­шылары мен нөмiрге жауапты журналистер ескертумен ғана құтылыпты. Жарайды, газеттi жауып тастамай-ақ қойсын (екеуi де ресми басылым болып есептеледi), бiрақ редакторларын жұмыстан аластатса, заң жүзiнде ақшалай айыппұл салса, басқаларға сабақ болар едi ғой. Бұрынғы әдет бойынша, сипай қамшылап, қоя салдық. Сосын басынбағанда қайтедi?! Көкшетау облыстық прокуратурасы мен облыстық iшкi саясат басқармасына хабарласқанымызда

Әңгiме
Жастайынан атын естiп, шығарма­ларын жата-жастана оқып өскен жазушы ағасы кейiнгi кездерi күндiз есiнен, түнде түсiнен шықпайтын болды. Екеуi бiр ауылдан. Ол орта мектептi бiтiрi­сiмен арман қуып Алматыға аттанып, оқуға түсiп, оны үздiк тәмамдағаннан кейiн бiлдей бiр баспаға редакторлық қызметке орна­ласып, дәм-тұз бұйырып, астанада тұрақтап қалып қойған. Сынаптай сырғыған уақытпен бiрге жасы да ұлғайып, қызметi де өсiп, мәртебесi жоғарылай бердi. Содан өмi­рiнiң соңына дейiн осы әсем шаһарда тiршiлiк етiп, мәндi де мағы­налы ғұмыр кештi.

Қазақтың белгiлi ақыны, менiң анам, марқұм Қанипа Бұғыбаева кезiнде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен талай рет араласып, сырлас болған екен... Оған себеп анамыздың Нарынқол жерiне 1964 жылы ақпан айының iшiнде келiн болып түсiп, бүгiндерi 75-ке келiп жатқан әкемiз Қанағат Қарашевпен дәм тұздары жарасып, шаңырақ көтеруi... Әлi күнге дейiн есiмде, анам бiр әңгiме­сiнде “Мұқағали о дүниелiк болып кетедi деп, кiм ойла­ған... Менi өзiнiң бiр туған қарындасындай көрушi едi. Кездесiп қалғанда ретi келсе пiкiр талас­тырып, ретi келмесе ашық-жар­қын жанның тұсынан кейде бас шұлғып өтiп амандасып, өз бетi­ммен жүре берiппiн ғой.

Редакцияға Қызылорда облысы, Арал ауданы тұрғындарының атынан тағы хат түстi. Жергiлiктi әкiмқаралар мен оның нөкерлерiнiң iс-әрекетiне ашын­ған олар былай дейдi: “Жас Алашта” жариялан­ған “Аралдағы “ажал ошағы” мақаласын оқып, құланның қасынуына мылтықтың басылуы дәл тигендей мәре-сәре болған едiк. Әйткенмен, оған қарсы мақаланы көрiп “әттеген-ай” деп сан соғып, айран-асыр болдық”. Естерiңiзге сала кетейiк, газетiмiздiң өткен сандарында қызылордалықтардың тыныс-тiршiлiгi жайында егжей-тегжейлi жазғанбыз (№36, №37, №38, №39, №41). Мәселен, Байқоңырға ат басын бұрдық. “Кептiрiлген балықтың” кейпiне енген Ақай мен Төретам елдiмекенiндегi қаймана қазақтың мұң
Қазақ тарихында Семей полигоны өшпес iз қалдырды. Iз болғанда да, қасiреттi таңба. Арқаның топырағын 1949 жылы ажал мен тажалдың алғашқы атом бомбасы көкке ұшырды. Сарыарқаның төсiнен ұшқан құс пен жүгiрген аң осы сәтте-ақ үйренген мекенiн тастай үдере қашты. Атомның таусылмайтын азабына шырмал­ған Ақжар ауылының халқы қарыс қадам жасай алмады. Атадан мирас болған туған жерiн қиып кете алмады. Оның үстiне, қылышынан қан тамған кеңес дәуiрiнiң тырп еткiзбейтiн жүйесi де мысын баса бердi... Содан берi 62 жыл өттi. Дәуiр жаңарып, жүйе өзгердi. Қазақстан тәуелсiздiгiн алып, бодандықтан босады. Жұрт есiн жиып, кешегi жоғалтқанын iздей бастады.

АЗЫҚ-ТҮЛIК ТАҒЫ ҚЫМБАТТАҒАН
Статистика агенттiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, өткен айда азық-түлiк бағасы 0,2 пайызға, азық-түлiкке жатпайтын тауарлар құны 0,2 па­йыз­ға, ал ақылы қызмет көрсету 0,1 пайызға өскен. Азық-түлiк тауарларының iшiнде жарма 4,5 пайызға, оның iшiнде тары 6,2 пайызға, қарақұмық 5,3 пайызға көтерiлген. Ет пен қара бидайдың бағасы 1 пайызға артқан. Жұмыртқа 9,6 пайызға, жемiстер мен көкөнiстер 0,9 пайызға арзандапты. Ал азық-түлiкке жатпайтын тауарлар тобында бензин бағасы 5,7 пайызға көтерiлсе, дизель отыны 7,1 пайызға қымбаттаған. Дәрi-дәрмек құны 0,1 пайызға, киiм және аяқ киiм бағасы 0,2 пайызға артқан.
Осыдан тура 80 жыл бұрын бүгiнде өзбек ағайынға тиесiлi топырақта тұрып жатқан қазақ отбасының шаңырағын шаттық кернедi. Қолдан ұйымдастырылған нәубет – ашаршылық атты аждаһаның аузын арандай ашып, қазақ даласына уытын шаша бастаған жыл болатын. Өзбекстанның   Ташкент облысына қарасты Янгиюль (Қауыншы) аталатын елдiмекен тұрғыны Жарылқапты Жаратқан ием жарылқап, шекесi торсықтай ұл бердi. Қазан айының 25-i күнi өмiр босағасын аттап, тiршiлiк пер­десiн ысырған ұлға ат қоюда ата-ана ұзақ ойланып, өзгеге кiсi шаптырып, елде жоқ есiм iздеп жатпапты. “Октябрь айында жарық әлемге жеттi, есiмi де Октябрь болады” деп, отағасы кесiмдi пiкiрiн айтыпты.
ТОЛАҒАЙДЫҢ “ҚАРЫНДАСЫ”
Малайзияның Пенанг қаласында аяқталған жас­­­өспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстаннан аттанған 13 атлет 1 алтын, 2 күмiс және 1 қола жүлдемен оралды. Екi айдай уақыт бұ­рын 17 жасқа дейiнгiлер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарған Надежда Ногай (75 келi­ден жоғары ) бұл жолы да қарсыластарынан қарымды екенiн байқатып, жас­өс­пiрiм­дер арасында әлем чемпионы атанды. Ол екi сайыс қорытындысында 270 келi зiлтемiрдi көтердi.
Карина Горичева 62 келiде күш сынап, күмiс жүлдеге қол жеткiздi. Осы салмақта мамандар үмiт­пен үкiлеп қосқан Анастасия Швабауэр жұлқи және серпи көтеру қорытындысында 212 келiнi ға­на көтерiп, 6-орынға тұ­рақ­тады.