1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15617) 14 шілде, бейсенбі 2011

Биыл – “Шаңырақ” оқиғасына бес жыл. 2006 жылы 14 шiлденiң таңы “Шаңырақ” ықшамауданы үшiн қантөгiспен атты. Ауылдағы тiршiлiгiнен береке кетiп, қалаға келiп жан баққан қазаққа бұл жығылғанға жұдырық боп тидi. Көмек күтiп, үмiт артқан билiк керiсiнше жандайшаптары арқылы халықтың баспанасын қиратып, шаңырағын ортасына түсiрдi. Себеп – баспана заңсыз тұрғызылған. Мұндай сорақылыққа төзбеген жұртшылық бас көтерiп, наразылық танытты. Өлiспей берiспеуге бекiнген тұрғындар барынша қарсылық танытып, қорғанды. Бiрақ қазаққа қазақты айтақтаған оқиғадан талайлардың көз жасы мен бiр азаматтың қаны төгiлдi.

Австрия прокуратурасы Рахат Әлиевтiң үстiнен қылмыстық iс қозғады. Австрия заңы бойынша, егер ел қылмыскердi экстрадициялауға келiспесе, онда бiрден өз аумағында тергеу iсiн бастауы керек. “Лански, Ганцгер және серiктестер” адвокаттық бюросының адвокаты Анна Цайтлингерге телефон арқылы хабарласқанымызда, ол бұрынғы күйеубала мен оның сыбайластарына қатысты тергеу iсi шiлде айының басында басталғанын жеткiздi. Жәбiрленушi жақтың адвокаты егер тергеу iсi Р.Әлиевке айып тағып, сот оны кiнәлi деп тапса, ол 20 жылға немесе өмiр бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкiн дейдi.

Еуразиялық экономикалық одақ желеуiмен қазақ, беларусь, т.б. көршiлерiн Ресейдiң қол астында ұстау
“2017 жылы Кеңес одағын жаңғыртамыз!”. Бұл ендi жай ұран немесе орыс ұлтшылдарының құрғақ арманы ғана емес, күннен-күнге жақындап, шындыққа айналып келе жатқан өмiрдiң ақиқаты болатын түрi бар. Күнi кеше ғана Ресей премьерi Путиннiң сөзiн естiгендер осыны анық түсiнсе керек. Империялық амбициясы асып-тасыған Ресей үкiметi­нiң басшысы Путин былай дедi: “Бiздiң алдымызда ау­қымды мақсаттар тұр, оны жүзеге асырсақ, бүкiл еуразиялық кеңiстiктегi жағдайды түбегейлi өзгертемiз. Кеден­дiк одақ пен Бiрегей экономикалық кеңiстiктi iске қосу – болашақта Еуразиялық экономикалық одақтың құрылысын бастауға мүмкiндiк бередi. Бұл интеграцияның одан да жоғары деңгейi. Кедендiк одақ елдерiнiң қолында
АЛМАТЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕСIНДЕ НАРАЗЫ ТОПТЫҢ ШЕРУI ӨТТI
«Кеңес одағының жаңғыруына жол бермеймiз!» «Жаңаөзен мұнайшыларының мәселесi бейбiт жолмен шешiлсiн!» Осылай деп ұрандатқан отыздан астам белсендi Алматыда шеру өткiздi. Ескi алаңнан президент резиденциясына дейiн жаяу барып, плакаттарын ашып, үндеулерiн жариялады. Полиция қызметкерлерi Фурманов бойымен еркiн, еш заңбұзушылыққа бармай шерулеткен топқа қандай шара қолданарын бiлмей дал болды. Шерушiлердi жол бойы екi автобус, бiрнеше жеңiл көлiктегi тәртiп сақшылары жiтi бақылауында ұстады. Ал Н.Назарбаевтың Алматыдағы резиденциясына жақындағанда плакаттарын жайған белсендiлердiң жолын полиция жасағы бөгедi.
Балқаш қаласы маңындағы АК 159/21 колониясының өндiрiстiк аумағындағы тiгiн цехында өздерiн жарған 16 тұтқынның мәйiтi табылды. Қылмыстық атқару жүйесi комитетi сотталушылар оттегi балоны арқылы жарылыс жасаған болуы мүмкiн деп болжайды. Алайда ресми орган түрмеден қаша алмай, өздерiн жарған 16 тұтқынның аты-жөнiн атаудан бас тартты. Сотталушылардың Балқаш түрмесiнде не себептен бүлiк шығарып, қашпақ болғаны да белгiсiз. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы Сұлтан Күсетов мұны ұзақ мерзiмге бас бостандығынан айырыл­ғандардың қашанда оқшаулау мекемесiнен қашып шыққысы келетiн ойы болады деп түсiндiрдi. “Түрмеден қашуды кiм ұйымдастырғаны әзiрге белгiсiз. Бұл тергеуден кейiн белгiлi болмақ”, – дептi С.Күсетов сейсенбi күнi Астанада өткен брифингiде.
Құдайды сүйген қазақ халқына мейiрiмi мол Алла кең байтақ жердi бұйыртып, қойнауын әлемдегi бар байлыққа молынан толтырып қойды. Мың өлiп мың тiрiлген қазақ сынақ­тан сүрiнбей өттi, ендi жарқын бо­лашақ алдымызда, соған аянбай еңбек ету әрбiр ұлтын қадiрлейтiн, отанын сүйген азаматтың басты мiндетi болуы керек. Алла өзiн дос тұтқанның мерейiн үстем, мәр­тебесiн жоғары етедi. Қаны таза, жаны жайсаң, пейiлi дархан қазақ халқы өзiнiң iскерлiгiн көрсете бiледi деп ойлаймын, себебi Алла тура жолға салғанды ешкiм адастыра алмайды. Шеттен келген жымысқы, дiн атын жамылган, халқымызды арандатушы арамза дiндарсымақтардың жолын кесу де бiздiң ұрпаққа жүктелiп отыр, бiз осы сенiмдi ақтаймыз деп ойлаймын. Ислам дiнiнiң абыройын асқақтататын, дiн туралы терiс пiкiр­дегiлердiң бетiн имандылыққа бұра алсақ қоғам дамуына кедергi болып отырған жемқорлық та тыйылар деймiн

Мұнымызды кейбiреулер қарабайырлық деп қабылдауы мүмкiн. Өзгелердiң өтi жарылып кетсе де айтайық, АҚШ президентi Барак Обаманың журналистердi шынымен де қатты құрмет­тейтiнiне көзiмiз жеттi. Оны мынадан көрiңiз: Вашингтонда журналистика және жаңалықтар мұражайы бар. Мұражай 1997 жылы Арлигтонда (Виргиния штаты) құрылған. 2008 жылы Обама Вашингтонның қақ ортасынан аумағы ат шаптырым ғимарат салдырып, мұражайды көшiрiп әкелiптi. Жетi қабаттық алып ғимаратта АҚШ журналистикасының кешегiсi мен бүгiн­гiсiне қатысты жәдiгер­лердiң бәрi бар. Әсiресе, фотосуретке бай. Солардың бiр парасын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдiк.

“Жас Алаш” газетiнiң соңғы сандарының бiрiнде “Бес мың теңге берсеңiз, бес минөтте некеңiздi қиып беретiн болғаны ма?” деген тақырыппен Тараз қаласының тұрғыны Ө.Өмiрбекованың хаты жария­ланды. Хат иесi әйел үстiне әйел алудың заңсыздығын емес, неке қиған имамның имансыздығына наразылығын айтқан сыңайлы. Бүгiнгi таңда дiндi бұзуға бағытталған дүмше молдалар көбейдi. Тiптi дiндi бизнеске айналдырып, қалтасын қалыңдатуды қарастырып жүргендерi де жоқ емес. Iстеген iсiн сараласақ, Тараз қаласындағы орталық мешiттiң бас имамы солардың қатарынан орын алатындай көрiнедi. Әйтпесе, жөн сұрап бар­ған жанға: “Ол анау айтқандай “формально” емес қой, естелiк үшiн құжат беремiз. Ең бастысы, заңды әйелi өзiңiзсiз.
Мен палуандар, батырлар туралы оқығандарымды жинап жүремiн. Оқырмандарға “Тылсым дүние” газетiнде (12.06. 2006 жыл) жарияланған “Балуан Шолақтың мәрттiгi” атты мақаланы ұсынып отырмын.  “...Жетiқоңырда жер-жерге ат шаптырылып хабар берiлген үлкен жиын ˜ттi. “Осы жиынға Жетiқоңыр­дың атақты палуаны Найымбаймен күресуге Балуан Шолақ келiптi” деген дақпырт ел-елдi кезiп кеткен. Жетiқоңыр­лық Найымбай аса кiрпияз адам екен. Күресер алдында оңаша отырып бал ашып алатын болған. Сiрә, «құмалақ « “қарсыласыңды жығасың” деген ыңғай к˜рсеткенде ғана күреске түсетiн болса керек. Ал ендi ˜зi “мен бұл күреске шықпаймын” деп безiрейiп отырып алса, бай-бағланың да, Батыр Баяның да, ел жақсылары да ˜лердегi с˜зiн айтып к˜ндiре алмайды екен. Осы Жетiқоңырда ˜тетiн күреске Найымбай палуан оқыс мiнез к˜рсе­тедi. Күреске шықпайтынын
“Жетiм бұрыш”, жертөле пәтер, арыстандай ақырған қожайын мен оған тәуелдi, пәрменсiз пәтершi туралы баспасөз беттерiнде жиi жазылып, әрқилы телеарналарда да жиi көрсетiлiп жүргенi жасырын емес. Алайда “баяғы жартас, сол жартас”. Баспасөз беттерiндегi аянышты материалдар кiлең көр соқырларға, телеарналардағы шырқыраған шындықты айтып жатқандардың жан даусы кiлең тас кереңдерге ғана арналғандай әсер қалдыруда. Олай дей­тiнiмiз, селт еткен серпiлiс сезiлмейдi. Керiсiнше, Алматыдағы “жетiм бұрыш” аталып, қалың қауымға әбден танымал болған жердегi уақытша тұруға пәтер iздеу­шi баспанасыздар саны жылдан-жылға арта түсуде. Яғни, күн тәртiбiндегi өте өт­кiр тұрған бұл өзектi мә­селенiң жуық арада шешi­ле қоймайтыны белгiлi.

Қазақстан Республикасы Үкiметi­нiң 21.12.2007 жылғы №1256 қаулысында шағын елдiмекендердiң мекте­бiнде бала саны кемiнде – 41, жалпы орта бiлiм беретiн мектепте – 81 оқушы болуы керек.Осыған сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Мағынай негiзгi мектебi мен Тастыөзек орта мектеп-интернаты 2000-жылдары жа­был­ған едi. Мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн бiлiм ошақтарының ендi бiрi Өрнек орта мектебi 2010 жылға дейiн негiзгi мектеп болып, былтыр 38-39 оқушысы бар мектеп аудан әкiмiнiң үкiмiмен бастауыш мектепке айналды. Бәлкiм, бұл жағдайлар заң аясында жүзеге асқан болар. Алайда елiмiзде 20-25 баланы оқытып отырған мектептер көп қой?! Мәселен, Қостанайдың Жiтiқара ауданының ресми сайтында Кусакан ауылында – 32, Львовта – 23, ал Комсомолда – 21 бала бiлiм алып жатқаны жөнiнде мәлiметтер көрсе­тiлген.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының халқы неге шеруге көп шығады? Менiңше, мұнай мен газдың 60-80 пайызын қытайлар билеп отыр, олар жергiлiктi халықты менсiнбей, өз адамдарын тықпалап, жергiлiктi халықтан кадрлар алмайды, алса да оларды шай-пұлдықпен алдайды. Осыларға басшылық жасап отырған шетелдiк компаниялар жауап беруi керек қой. Ал үкiмет басшыларының осыған келгенде үнi шықпайды...  Ауылда жұмыс жоқ, бала-шағасын асырау үшiн қалаға келiп, пәтер жалдап, қаңғып жүргендер көп. Мұндай жағдайлар бiздiң Шалқар ауданында да жеткiлiктi. Қалталылар коттедж, май құю стансаларын көбейтумен айналысады. Ал оның халыққа еш пайдасы жоқ. Баға болса шарықтап өсiп барады. Ал шеттен келген мұнайшыларға қосымша қаржы төлейдi, бiзге төлемейдi.

Биылғы жыл­ – қазақ әдебиетi мен мәдениетi, оның iшiнде құдiреттi поэ­зия үшiн тарихта қалатын жыл. Алты алаштың маңдайына сыймай кеткен дауылпаз Қасым мен мұңды Мұқағалидың жылы. Екеуi де ұлы ақын, оларсыз жыр әлемiн елестету мүмкiн емес. Екеуi де тағдырлы ақын, екеуi де ад­уын ақын. Екеуi де көзiнiң тiрiсiнде тағдырдың тәлкегiн көп көрген ақын. Бiр-бiрiн рухани туыс санаған ақын. Егер Қасым болмаса, Мұқағали да болмас едi. Бiрi – Күн, бiрi – Ай секiлдi. Бұл екеуiнсiз жыр аспан аспан емес, қара түнек қапас. Бүгiн Тәуелсiз елiмiз осы екi арысқа ұлан-асыр той жасауға қарбалас дайындалып жатыр. Құба-құп. Той болған соң iс-шарасыз, кәдесiз болмайды, сол шараның бiрi, бiрi ғана емес бiрегейi – жазба ақындардың бағын сынайтын аламан бәй­гелi мүшәйра.

Кешкiсiн көршi бiткеннiң, әсiресе, кәрi-құртаңның үй алдында бас қосатын әдетi. Ұзақты күн төрт бұрышқа таңылып, әбден зықысы шыққан кемпiр-шал аулаға шығысымен бiр серпiлiп қалады. Мiне, бүгiн де үш-төрт шалдың басы құралып, орындықта жайғаса отырып осы күнгi жастардың жасы үлкенге сәлем бермейтiнiн сөз ете бастағанымыз сол едi: “Ассалаумағалейкум, игi жақсы ағалар!” деп орта бойлы, ақсары жүздi, көзi көк жiгiттiң сәлем беруi мұң екен, әлгi әңгiмемiз аяқталмаған күйi қалды. Сәлем берiсiнен бұл елдiң азаматы емес екенiн байқаған мен: “Уағалейкумассалам! Бар бол, бауырым!” – дедiм оған разылық бiлдiре. Көкшiл көздi жiгiттi ептеп сөзге тарттым: “Түрiң сары, көзiң көк болса да тiлiң қазақшаға сайрап тұр. Шыныңды айтшы, орыссың ба, әлде, қазақсың ба?” – дедiм сұрақты төтесiнен қойып

Адам өмiрiнiң айтулы асуы – 70 жастың шыңына шығарған мерейтойыммен шын жүректерiмен құттықтап, шығармашылық табыс, зор денсаулық тiлеген ардақты Азаматтар – Нұрсұлтан Назарбаевқа, Иманғали Тасмағамбетовке, Қанат Сауда­баев­қа, Мұхтар Құл-Мұхаммедке, Орал Мұхамеджановқа, Мәулен Әшiм­баевқа, Асқар Жұмағалиевке, Қайыржан Тiлеубергеновке; Алматы, Балқаш қалалары мен Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласы Медеу, Бостандық аудандарының әкiмдерiне; менiң шығармашылық һәм өмiр жолым туралы БАҚ беттерiнде ағынан жарылып, адал көңiл, шынайы ниеттерiнен туындаған әсерлi ой-толғамдары мен өлең жолдарын арнаған тiлеулес әрiптестерiме; жүрекжарды жеделхаттарын жолдаған Мұ­зафар, Герольд ағаларыма тебiренген жүрегiмнiң ырзалығына толы алғыс-құрметiн бiлдiремiн.

Дымқыл досымның туған күнiне кешқұрым елмен бiрге Мықтыгүл екеумiз де жеттiк. Бiраз адамның басы қосылып қалған екен. Төртпақтау бойы бар, буындыра галстук таққан бұжырбет қараны Дымқыл «Бажам» деп таныстырды.  Бұл кiсi – қаланың адамы, Астанада тұрады. Екi қабатты коттеджi бар, – деп қосып қойды Дымқыл тағы да азғана пауза жасап алып. “Астанада коттеджi бар” деген соң, әйелдер жағы әлгiге тура бiр басқа планетадан келгендей, сондай қызығушылықпен қарады. Дәу де болса, кеңес уағында совхоздың бiр бөлiмшесiнде не мал дәрiгерi, не қоймашы бол­ған қасқасың-ау дедiм iшiмнен әлгiнiң асқабақтай қарнына қарап. Әрi-берiден соң, дастарханға отырдық. Бiрер рөмке алын­ғасын, манадан берi бәрi­мiзге сәл менсiнiңкiремей қарап отырған “қаланың адамына” ептеп тiл бiте бастады

БIЗ РЕСЕЙДIҢ АВТОНОМИЯСЫМЫЗ БА?
Екi күннен берi редакциямыздың телефонында тыныштық жоқ. Алматының (қаланың) тұрғындары бiрiнен кейiн бiрi телефон соғып, бiзге мынаны хабарлады: “Ресейде Едiл өзенi бойында “Бұлғария” кемесi апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам қаза болды. Қаза болғандардың денi – балалар мен әйелдер. Мұндай апатты ешкiмнiң басына бермесiн! Ауыр қазаға бәрiмiз де қайғырамыз. Бiрақ бiздiң айтайын дегенiмiз бұл емес. Ресей өкiметi “Бұлғария” кемесiнiң апат болуына байланысты қаралы күн жариялады. Қазақстан президентi Ресей президентiне жеделхат жолдап, көңiл айтты. Бiздiң бiр түсiнбегенiмiз, Ресей қаралы күн жариялаған күнi “Қазақстан” мен “Хабар” телеарнасының дикторлары қара киiнiп отырды. Құдай-ау, қаралы күндi Қазақстан жариялаған жоқ қой, бiздiң дикторлар неге қара жамылуға тиiс? Осы бiз бояушы, бояушы дегенге сақалымызды да бояп жүрген жоқпыз ба? Әйтпесе, Ресейдiң автономия­сы емес, тәуелсiз ел емеспiз бе?!”
СИРИЯМЕН “СҮЗIСТIРМЕК”
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 тамызда Сирия ұлттық құрамасымен жолдастық кездесуiн елордадағы “Астана-Арена” стадионында өткiзедi. Бұл елдiң футболы бiзге таңсық емес. Бұған дейiн де сириялықтар­ға қарсы ойнап, салымыз суға кеткен. 1995 жылы Азия кубогiнiң iрiктеу ойынында (Дамаск қаласында өттi) олар бiздi 2:0 есебiмен жеңген едi. Артынша қарымта кездесу Алматыда өттi де, бiз тағы да 0:1 есебiмен жол бердiк. Ол кезде құраманы Серiк Бердалин баптайтын. Кейiн тiзгiндi Ваит Талғаев ұстағанда да кездесiп, жеңiлiп қалдық. Сирия мен Қазақстан арасындағы соңғы ойын Иорданияның