1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15618) 19 шілде, сейсенбі 2011
МЕМЛЕКЕТ ДIН IСIНЕ АРАЛАСПАСА, ДIН МЕМЛЕКЕТ IСIНЕ АРАЛАСАДЫ
Елдi дүрлiктiрген соңғы оқи­ғалар құдды бiр пинг‑понг ой­ыны тәрiздi. Ақтөбе облыстық ҰҚК ғимаратында өзiн‑өзi жару, Астанадағы жарылыс, Кеңқияқ пен Шұбаршидегi сақалдылар мен полицейлер атысы, Балқаш колониясынан қашпақ болғандардың өздерiн жаруы... Бiр тiзбектiң буындарынша алма‑кезек жалғасып жатқан оқиғалардан дiни экстремизмнiң белгiсi анық бiлiнсе де, билiк мұны ислам факторымен байланыстырудан аулақ. Құқық қорғау органдарын аяғынан тiк тұрғызған оқиғалар бүгiн басталмағаны түсiнiктi. Былтыр Ақтау түрмесiнен мұз­дай қаруланған 21 тұтқынның қашып шығуы таяқтың бiр ұшы ғана. Ресми органдар бұл кезде де түрмеден қашқан бiр топ тұтқынның өздерiн жарып жiбергенiн жасырып қалғысы

Мамыр айынан берi ереуiлдеп жат­қан “Ерсай Каспиан Контактор” мен “Қаражанбасмұнай” жұмысшылары өткен бейсенбiде Ақтау қаласындағы облыстық әкiмшiлiк маңындағы Ынтымақ алаңына жиналмақ болды. “Ерсай Каспиан Контрактор” компаниясының бұрынғы жұмысшысы Кәрiм Жалынның айтуынша, жұма күнi алаңға мұнайшылардан бөлек жұмысшыларды қолдау үшiн Ақтау мен оның төңiрегiндегi халық жиналыпты. Алайда алаңға таңертең келген мыңға жуық адамды жүзге жуық полицей күтiп алып, аумаққа кiргiзбей қойыпты. Дәл осы күнi Маңғыстау облыстық әкiмшiлiгi мен “ҚазМұнайГаз” басшылығы еңбек дауын реттеу жөнiндегi жұмыс комиссиясын құрған болатын.

Редакциямызға арнайы келген Қостанай облысының тұрғыны Ысқақ Наушанұлы Есiргепов өзi тұратын аймақтың проблемаларын халыққа жеткiзудi жөн санапты.
– Қазақстанның қай облысы болсын, өзiне жетерлiк проблемасы бар. Бiрақ Қостанай басқалардан гөрi тым жырақ, ел назарынан тыс қалған аймақ. Ақпарат құралдарында да бiздiң өңiр туралы деректер өте сирек айтылады. Облыстағы мемлекет­тiк тiлдiң халi мүшкiл, әлеу­мет­тiк тұрмысы мен экономикалық дамуы көш кейiн қал­ды. Бұл проблеманың бастауы жергiлiктi басшылардың әрекетiнен туындап отыр. Қазақтың несiбесiн жым­қырып, байлығын арқалап шетел асқандар аз емес. Осындай ұры-қарыларды алдын ала тексерiп, тосқауыл жасайтын кез жеттi,– дедi ол.
Алаш аманатын арқалаудағы ауыртпалықты анық сезiнген азамат Алтынбек едi. “Тiрi болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар едi, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!” – деп серт еткен Әлекеңнiң әз арманын орындай алатын да Алтынбек болатын. Қаскөйлер “тiрi болса” Алтекеңнiң “қазаққа қызмет қылмай қоймайтынын” жете түсiндi. Сондықтан да болар, амал-айласын асырған қандықол қарақшылар оны алашынан айырды. Алтынбек Сәрсенбайұлының билiкке қалай келгенi туралы былайғы жұрт көп нәрсе бiле бермеуi мүмкiн. Қарапайым журналистiң биiк белестердi ұлттық мүдденi ту ету арқылы бағындыруы бүгiнгi таңда мүмкiн емес сияқты болып көрiнедi. Әйткенмен, мақалада Әлихан мен Алтынбектiң арасындағы рухани үндестiктi аша түспекпiн. Оған себеп те жоқ емес.
немесе Мұхтар Әблязовтiң Ұлыбританиядан саяси баспана алуы жайында
Ақорданың төбесiнен жай түсiргендей хабар келдi өткен аптада. Халықтың басына не ауыртпалық түссе де, тiптi қара жер қақ айырылса да былқ етпейтiн билiктi не селт еткiздi сонда?! Әрине, жеке-дара билiкке қарсы тұрған күштердiң нығаюы. Ал дәлiрек айтсақ, сонау 2000 жылдардан берi Назарбаевтың авторитарлы режимiне қарсы күрес жүргiзiп (министр кезiнде-ақ оппозицияға жасырын қолдау бiлдiрген), демократиялық күштердiң елеулi тұлғасына айналған Мұхтар Әблязов Ұлыбритания үкiметiнен саяси баспанаға қол жеткiздi. 
Профессор Марк Фельдштейн­нiң журналистика саласында жүргенiне ширек ғасырға жуықтапты. Ол әлем­нiң белдi-белдi бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс iстеген. CNN телеарнасында және радиода қызмет еткен. Журналистиканың қыр-сырын бiр кiсiдей-ақ бiледi. Қазiр ол Джордж Вашингтон университетiнiң журналистика факультетiнде дәрiс оқиды. “АҚШ-та басылым ашу үшiн лицензия алу қажет емес. Ақпарат министрлiгi де жоқ. Бiрақ АҚШ-та газет шығару – өте қымбат шаруа. Сондықтан екiнiң бiрi газет аша бермейдi”, – дейдi профессор.  Журналистердiң құқығы мұнда барынша қорғалған. Әрине, АҚШ-та да журналистерге қастандық жасалады, бiрақ тәуелсiз журналистердi бiздегiдей “шенеунiктiң шамына тидiң” деп жиi-жиi сотқа сүйремейдi.
АҚШ-тың солтүстiгiндегi Портленд қаласының (Орегон штаты) бес жүз мыңнан астам тұрғыны бар. Портленд – АҚШ-тың ең жасыл қалаларының бiрi. Өңiрдiң табиғаты көркем. Ауасы құрғақ және жайлы. Тау-тасы мен табиғаты Алматы облысының Нарынқол өңiрiн көзге елестеттi. Тiптi Нарынқолдың тау-тасынан басқа, Қазақстанның көп жерлерiнде өсе бермейтiн кәдiмгi арша жайқалып тұр. Портлендте бiздi Ангес Андерсон атты америкалық қонаққа шақырды. Ол Портлендтен ат шаптырым қашықтықта, тау шатқалында тұрады. Ангес әбден да­йындалыпты. Оны үйiнiң кiреберiсiнен-ақ байқадық. Қазақтың қолынан шыққан түрлi текеметтер, сырмақтар төселген. Төрде қазақтың кiлемi iлiнiп тұр.

Қалмахан қария үшiн аңшылық – өмiрлiк кәсiбi болмаса да, бала күнiнен берi сенiмдi серiк етiп келе жатқан ермегi. Жалындаған жiгiт шағында колхоздың қат-қабат тiрлiгiнен қолы қалт ете қалса қос ауыз мылтығын иығына асынып салт атпен тау-тасты кезiп кететiн. Таулы өңiр­дiң тосын адамды шатастыратын шағылды шатқалдары мен бұлтпен таласқан қарлы шыңдарының, адым аштырмайтын бұралаң бұлтарысы көп асулары мен төбеден қарағанның өзiнде түбi әзер көзге шалынатын шыңырау құздарының, санасаң сан жетпейтiн сай-салаларының ұңғыл-шұңғылына дейiн бұған жақсы таныс. Туған табиғаттың тынысын бес саусағымдай жатқа бiлемiн десе де, бұнымен бұл өңiрде ешкiм тайталасып бәсекеге тү­се қоймас.

“Студентпiн. Ауылдан бiлiм қуып Алматыға келгенiме 2 жыл толды. Әке-шешемнiң күнделiктi өмiрге қажеттi шығынымды өтеуге шамасы жоқ. Жұмыссыз. Төрт-бес қараның бетiне қарап отырған жайлары бар. Сондықтан жазғы демалыста қара базарда ала сөмке арқалауға мәжбүрмiн”. “Мiне, биыл төртiншi жыл. Күн жылынды дегеннен арба сүй­реймiз. Қайтемiз, басқа амал жоқ. Ауылдағы әке-шешеме, бауырларыма қарасуым керек. Оған қоса сырттай жоғары оқу орнында оқимын. Оның төлемақысы тағы бар. Пәтерақы, күнделiктi тамағың, киiм-кешегiң... Айта берсеңiз шығын көп. Табатын еңбекақымыз қалт-құлт жетедi ғой, әйтеуiр...”
Алматы және Астана қаласын төңiректеп, ауылдан көш аударған замандастарымды көргенде көңiлiм құлазиды. Бiр ғана Алматының өзiнде бiрнеше мың қазақ жастары қара жұмысқа жалдан­ған, әлi де жалдануда. Олар қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдан қалаға қаншама баға жетпес байлық алып келуде. Мәселен, қала тiршiлiгiн қадiрi қашқан қазақ тiлiмен суаруда. Бiрақ, әттеген-айы, дәл осы қазақ жастарының тыныс-тiршiлiгi жаныма тастай батады. Асылы, басқасы басқа, үкiмет бұл екi қаладағы жүздеген мың жастардың әлеуметтiк жағдайына ерекше мән беруi қажет. Үй-күйi жоқ, жалақысы мардымсыз... Айта берсек, олар көптеген қиындыққа тап болуда. Нәтижесiнде, тiптi үй болып, отбасы құрудан қаймығатын талай замандастарымыз бар.
Барлап қарасақ, бүгiнгi бiлiм беру iсiнде шикiлiктер жетiп артылады. Сырт көзге оны түзеу үшiн, күзеу үшiн ауқымды iс-шаралар атқарылып жатқандай түйiледi. Ал шынтуайтына келгенде, бұл сала керi кетiп жатқандай. Мәселен, бүгiнгi билiк басындағылар мәлiмдегендей 2015 жылға дейiн 200 мектеп салатынына, электронды оқытуға көшетiнiне, сапалы 12 жылдық бiлiммен қамтамасыз ететiнiне күмәнiм бар. Өйткенi қазiргi 11 жылдық бiлiм беру iсiнiң материалдық-техникалық базасы, кадрлардың iс-тәжiрибесi көңiл көншiтпейдi. Сонда 12 жылдық бiлiм беру iсiне қай бетiмiзбен көшпекпiз? Мұны елiмiздегi бiлiм беру iсiнiң бiр шалалығы деңiз.
ОҚЫТУШЫЛАРДЫ “ЖУЫНДЫРДЫ”
2-курста оқып жүрген кезiмiз. Алтын күз мерекесiне дайындық басталды. 1 күн қалғанда бас тартамыз ба, әлде топтың намысын жiбермеймiз бе деп таласқа түстiк. Сөйтiп екiншi шешiмге тоқтап, сабақ аяқталғаннан кейiн жарты сағат ақылдасып, бәрiмiз ақ матаға қара бояу жағып, ақ қайың болуға келiстiк. Сценарий құрдық. Ал Ханшайым жаңбырдың рөлiн сомдайтын болды. Басына су құйылған бакалашканы қойдық. Келiсiм бойынша суды “перваштарға” шашуы қажет едi. Бiрақ ол қобалжығаннан суды басқа жаққа шашып, оқытушыларды әй келiп “жуындырсын”. Кейiннен дәл осы оқиғаны оқытушы сабақтың үстiнде айтып, Ханша­йымның екi бетiн әбден қызартты...
Жұмыс уақыты бастала салысымен әрiптесiм Володяны сөзге тарттым.
– Кеше футболды көрдiң бе? Әйтеуiр әупiрiмдеп жүрiп, әзiр­байжандарды 1:2 есебiмен ұттық-ау, – деймiн мен көп уақыттан берi жеңiлiстен жауыр болған құрамамыздың табысына көңiлiм тоғайып.
– Жоқ, бiз 3:1 есебiмен жеңдiк, – дедi Володя да бастырмалап.
– Сен бiр голды қайдан соғып жүрсiң? Әзiрбайжандарға қарсы ойында қос голды да екiншi тайм­да соқтық емес пе? – деп күлiп едiм, “мынаның есi дұрыс па?” дегендей бетiме ожырая қарады да:

“Ақтөбе” Еуропа лигасының iрiктеу ойындарының алғашқысын тең нәтижемен аяқтады. 15 шiлдеде Венгрия­ның Кечкемет қаласындағы “Шектой” стадионында есеп­тi бiрiншi венгрлер ашқан. Айып добы қақпаға қарай әуелей ұшып, оған елден бұрын “Кечкемет” капитаны Синиш Раданович жеттi де, баспен қақпаға бағыттады. “Ақтөбе” қақпашысы бүктеле құлағанымен допты қайтара алмады. Бұдан кейiн “Ақ­төбе” күш алып, андыздай шабуылға шықты. Малик Мане қорғаушылардың арасынан сытылып шығып, Джиласқа керемет мүмкiндiк жасаған. Бiрақ далбасалап жүрiп, ол аптығып тептi де, қақпадан қиыс кеттi. Екiншi таймда Малик өзi алыстан тура соғып, венгр қақпашысы қанша жерден тырмыс­қанымен, тосқауыл бола алмады. Қарымта ойын 21 шiл­деде Ақтөбеде өтедi.

Өткен аптада ел бiрiн­шiлiгiнiң 20-тур ойындары өттi. Талдықорған қаласында “Жетiсу” шымкент­тiк “Ордабасымен” ойнап, 2:1 есебiмен жеңiске жеттi. Есептi алдымен қонақтар ашқан. 40-минут тақағанда Төлебек гол соғып, “Ордабасыны” алға шығарған. Артынша Ұлықбек Бақаев (43-минутта) 11 метрлiк айып добын голға ұластырды. Бақаев ойынның 56-минутында тағы да қанжығасын майлап, командасына үш ұпай олжалады. “Астана-Аренада” “Тараз” елордалықтармен тең ойнаған. Бәленiң бәрi төрешi қосқан қосымша уақытта басталды. Йованович ойын ережесiн бұ­зып, айып добы белгi­лендi. Богавец қателескен жоқ, “Астана” 1:0 есебiмен жеңiске жеттi.
ҚҰНЫҢ ҚАНША, ФУТБОЛШЫ?
Немiстiң “Тtransfermarkt.de” сайты Қазақстан Премьер лигасында ойнап жүрген футболшылардың бағасын жариялапты. Ел бiрiншiлiгiндегi футболшылар iшiнде “Жетiсу” клубының мүшесi сербиялық Милош Михайловтың бағасы аспандап тұр екен. Оның “құны” – 900 мың еуро. “Астана” клубы мен ұлттық құраманың шабуылшысы Таңат Нөсербаевтың “бағасы” – 800 мың еуро. Үш серб легионерлерi Марко Джордевичтiң (“Қайрат”), Милош Адамовичтiң (“Тараз”), Владимир Джиластың (“Ақтөбе”) бағасы – 500 мың еуро екен.  
Михаил Кукушкин ресейлiк әрiптесi Михаил Елгинмен жұптасып, Швеция ашық бiрiншiлiгiнiң жартылай финалына жолдама алған болатын.