1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15619) 21 шілде, бейсенбі 2011
Н.Әбiқаевтың кеңсесi жемқорлық пен сотқарлықтан әлi де арылмапты
Естерiңiзде болса, 3 маусым күнi Жаңа­қор­ған ауданындағы ҰБТ кезiнде 500-ден аса оқушы мен оның ата-аналары орын алған келеңсiздiктерден кейiн шу шығарған болатын. Бiлiм және ғылым министрлiгiнен келген мемлекеттiк құпияға жататын тестiлеу қапшығынан сынақтың сұрақ-жауаптары ұрланған және ол көптеген оқушыларға сатылып кеткен-дi. Оның аяғы 3 тәулiк бойы аудандағылардың наразылығына ұласты. Сөйтiп, заң көпе-көрнеу бұзылды, түлектер жылап-сықтады, ата-аналар дүрлiктi. Бүгiнге дейiн облыс­тық бiлiм басқармасы, облыс әкiмдiгi, тiптен бiлiм министрi “бiзде қандай кiнә бар?” деп алақан жайғаннан басқа шара таппады.

Кеше “Жас Алаш” газе­тi­нiң редакциясына Еуропарламент өкiлдерi арнайы келдi. Олар бас редактор Рысбек Сәр­сенбайұлымен Қазақстандағы жұмысшылардың құқықтары жөнiнде, Батыс өңiрiндегi мұнайшылардың ереуiлiне қатысты мәселелер жайында әңгiмелестi. “Бiз қазақстандық мұнайшылардың ереуiлiн көзбен көрiп кетуге ғана келмедiк. Мүмкiн­дi­гiнше қолдан келген көме­гi­мiздi берсек деймiз. Мұнайлы өлкенiң азаматтары билiкке дұрыс талап қойып отыр деп санаймыз. Құқықтарын қор­ғап, мұнайшының мүддесi үшiн күресетiн тәуелсiз кәсiподақтың жоқтығы өкiнiштi. Өз тарапымыздан мәселенiң барынша тиiмдi шешiлуiне күш салғымыз келедi. 

– Маңғыстау мұнайшыларының ереуiлiн өз көзiңiзбен көрiп, ахуалмен таныстыңыз. Одан қандай әсер алдыңыз?
– Ең алдымен жұмысшылардың батылдығы мен ұйымшылдығына таңғалдым. Ереуiлге мыңдаған жұмысшы қатысып жатыр. Жаңаөзенде мың, Ақтауда да мыңға жуық адамның алдында сөйледiм. Мұнайшылар полиция мен жұмыс берушiнiң қысым көрсеткенiне қарамастан ары қарай да қарсылық көрсетуге дайын. Олардың құқын қорғаушы заңгер мен белсендiлер жауапкершiлiкке тартылып жатыр. Соған қарамастан ереуiлдiң күшейiп жатқаны таңдандырды.

Ақтөбе облыстық IIД баспасөз орталығының аға инспекторы Ерболат Сарқұловтың айтуынша Шұбаршидегi қылмыскерлер есiрткi пайдаланған көрiнедi. Осылай айды аспанға шығарған аға инспектордың “Сараптама қорытындысы бойынша олардың үшеуiнiң қанынан есiрткi табылды. Олар марихуана шеккен”, – деген сөзiне сенесiз бе? Бұл жай 1986 жылы алаңға шыққан қазақ жастарын КСРО-ның “бұзақы”, “нашақор”, “маскүнем” деп айыптағанына қатты ұқсайды екен. Әрине, бiз желтоқсан ұлт азаттық көтерiлiсiне қатысқан жастарды Шұбаршидегi содырлармен салыстырып отырғанымыз жоқ.

Зымыран-ғарыш қызметi шоғырланған аймақта оның халықтың денсаулығына қаншалықты қауiптi екенi бесенеден белгiлi. Қанша жамап-жасқап, зымыран-ғарыш қыз­метiнiң ғылымға, халық шаруашылығына тигiзетiн пайдасын алға тартып, жуып-шайғанмен шындықтан шалғай кете алмайсың. Мәселен, баллистикалық зымырандар мен зымырантасығыштар ұшырылғанда оның зардабы, нысанның күрделiлiгiне қа­рай, көтерiлген старт алаңынан бастап 800-2500 шақырым қашықтыққа дейiнгi аралықта сезiледi екен немесе 1500-5000 шаршы шақырымда зиянды “дақ” қалатын көрi­недi. 1991 жылы Мәскеу­дiң “Бiлiм” баспасынан шыққан “Ғарыш және экология” атты мақалалар жинағында осы жөнiнде жазылған.

Өткен аптада Павлодар қалалық сотында мемлекеттiк тiлге қатысты сот отырысы өттi. Бұл егемендiк алғалы берi осы аймақта туған тiлiмiздiң намысын қорғау бағытындағы тұңғыш рет заң таразысына тартылған мәселе болғасын, әдейi барып қатыстық. Арызданушы – сол өңiрдегi белгiлi ұлт жанашыры, “Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық қозғалысының төрайымы Руза Бейсенбайтегi. Жауапкер – “Павлодарлифт” серiктестiгi. Руза Зайкен­қызын ерiксiз сотқа жүгiнуге мәжбүрлеген тағы да сол, осы өңiрде екi күннiң бiрiнде болып тұратын белгiлi жайт – қазақ тiлiн тiл деп есептемейтiн шовинистер­дiң шектен шыққан iс-әрекеттерi.

ҮМIТКЕР “НҰРОТАНДЫҚТАР” САЙЛАНЫП ҚАЛМАҚҚА ҚАРМАНЫП ЖАТЫР
Сырдағы сенат депутаттығына үмiткерлердiң қазiргi кезге дейiнгi ұзын-саны – 8 адам. Бұл тiзiмнiң iшiнде екi мәрте сенатор болған Бақберген Досманбетов те бар. Сонымен қатар Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары Мұрат Мұхамедов тiзiмнiң соңына iлiккен. Қалған алты адам “Нұр Отан” партиясынан үмiткер Мұрат Мұхамедовтiң жалауын көтерушiлер. Бұл әрине, өзi би, өзi қожа “Нұр Отанның” тапсырмасы. Олай демегенде қайтемiз, тiзiмге қарап отырсаңыз ұяласыз. Заң шығарушы парламентке механик, математик, биолог, гидротехник, тiптi құрылысшылар ұсынылуда. Айтпақшы, оның iшiнде жұдырығы жуан спортшыларға да орын берiлiптi.
Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi жөндi-жөнсiз жанар-жағармай бағасын көтергендерге қатаң жаза қолданылатынын ресми түрде мәлiмдедi. Әйткенмен, қымбатшылық қос бүйiрден қысып тұрған дәл бүгiнгi таңда агенттiктiң, тiптi қазақ билiгiнiң көлiк отынының бағасын бiрқалыпты тұрақтандыруға шама-шарқы жетедi дегенге сену қиынның қиыны. Бүгiнде бензин бағасын төмендету былай тұрсын, тұрақтандырудың өзi мұң болуда. Олай дейтiнiмiздiң өз себебi бар. Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаевтың сөзiмен жеткiзсек, жоғары октанды жанармай Ресейден тасымалданады. Қазақстан бағаның бағамына келгенде терiскейдегi көршi елге жалтақтауға, таразы басын тең ұстауға мәжбүр.

Сенiмдi дереккөздердiң бiрiнен “қызықты” ақпарат келiп түстi. Электрондық поштаға жолданған хаттың мазмұны төмендегiдей: “Президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевты құттықтауға болады. Таяуда ғана “мұнай ханзадасы” өзiнiң “тоқалы” Гога Ашкеназиден туған ұлы Адам Беркалиевтi мұсылмандық салт бойынша сүндетке отырғызып, Мәскеуде ұлан-асыр той жасады. Ағыл-тегiл дастарқан жайылған той-думанды өткiзуге миллиардер Құлыбаев 1 миллион доллар шашты. Тимур – Гога бақытты “жұбына” берiлген сый – сияпаттың қымбаттығы мен көптiгi сонша – талай байлықты көрген қонақтардың өзi осынша “молшылыққа” таңғалыпты.

Қойдан қоңыр қазақтың кеңдiгi, кешiрiмдiлiгi басқа жұртқа баяғыдан мәлiм. Өткен ғасырларда қазақ даласын аралаған шетелдiк саяхатшы тарихшы-ғалымдардың қайсысының жолжазбасын оқы­саң да, арғылары “көш­пендi қырғыз-қайсақ” деп, бергiлерi “көшпендi қазақ” деп бастап: мiнезi ашық-жарқын, қарапайым, әңгi­меқұмар халық; аты-жө­нiңдi сұрап бiлуден бұрын дастарқанын жасап, бар-жоғын аузыңа тосады, дейдi. Бертiнде өзiмiз де сан рет куә болған шындық. Қазақстанның басқа елдерше бүлiнбей, қаншама ұлт-ұлысының ұйып отырғаны – ең алдымен қазағының құдай берген осы қасиетiнiң арқасы.

Бұлтты буған бұла жайма көктi,
Суық жел суыт соғып айдап өттi.
Сыртта сәуiр, сонда да қар жауып тұр,
Қазақстан, көктемiң қайда кеттi?
 
Қуанғаннан ататын бөрiк деп пе ең,
Қыстан ел-жұрт жүргенде жерiп көптен, –
Қандай қадiр бар дейсiң қарда қазiр,
Жерге түсiп болмастан ерiп кеткен.
ӘУЛИЕЛЕРДIҢ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҚ
Ресейде әулие Кирилл мен әулие Мефодий атындағы әдеби сыйлық бар. Бұл сыйлықты Орыстың орталық православтық шiркеуi тағайындаған. Осы сыйлық жыл сайын берiлiп тұрады. Бiр “қызығы”, бұл сыйлық осы күнге дейiн бiрде-бiр рет дiндар жазушыға берiлген емес. Сыйлықты беру жөнiндегi комиссияның құрамында 2 жазушы, 2 әдебиет сыншысы, 2 дiни қызметкер, 2 философ, 1 журналист бар. Бұлар бiр ауыздан былай дейдi: “Пушкин, Гоголь, Достоевский, Шмелев... Осылардың әдеби дәс­түрiн байыта, дамыта ал­ған жазушыға ғана берiледi бұл сыйлық!”

Бiр таксист досым ескi “Жигули” көлiгiмен жолаушыларды отырғызып алып Жетi­сай қаласына табан тiреген тұста полицейлер тоқтатыпты. Жазылмаған заң, қалыптасқан әдет бойынша қалтасынан 200 теңгенi суырып алып жағалы жiгiтке жүгiрiп жетедi ғой. Ол: “Жоқ, болмайды, аз ғой, қоссайшы”, ­– дейдi. “Неге? Күнде бере­тiн “ставка” ғой”, – деп шофер шыр-пыр болады. Сонда погонды бастық: “Ей, бауы­рым, көрмейсiң бе, жанармай, ұн, ет, шөп, бәрi қымбаттап кеттi емес пе?!” – деп қасарысып тұра берiптi. Таксист досым 400 теңгесiн тастап, керi бұрылып кетiптi. Қап, әттеген-ай, ар-ұят арзандап, барлық нәрсенiң қымбаттап кет­кенiн қараңызшы.

Көрме залында тұрмын. Менен басқа адам жоқ. Ұстазым Салихаддин Айтбаевтың өз қолынан шыққан туындыларының бiразы көрмеге қойылыпты. Оңаша тыныштықта ұстазымның жүрек сезiмiмен, ойымен сырласып тұрмын. Жұмыстарын көрiп, ұстазыммен бетпе-бет оңаша сөйлескендей боламын. Жаңашыл ой, бояу үндестiгi, тың тебiренiстер, қазақы рух, бәрi-бәрi көз алдымнан өтiп жатыр. Ұстазымның жымия күлiп есiктен кiргенi, сыпайы бас изеп амандасқаны, әрбiр оқушының жұмысына бөгелiп қарап, үндемей күлiмсiреуi күнi кеше ғана емес пе едi? Суреткер ұстазымнан дәрiс алғалы менiң бойымда өзгеше күш, ерекше қуат пайда болған едi. Шетелдiң жаңашыл суретшiлерi өз елдерiнде бейнелеу өнерiн жаңаша сөйлетсе, менiң ұстазым Салихаддин Айтбаев

Бұдан он жыл бұрын қатты ауырып, Оңтүстiк Қазақстан облыстық ауруханасында көп жаттым. Шымкенттегi дәрiгер менiң бала-шағама: “Бұл кiсi жаман аурумен ауырады. Екi апталық өмiрi қалды”, – деген екен. Жұ­байым Шәрипа бұған келiспептi. Алматыға, республикалық Сызғанов атындағы ауруханаға (квотамен) апарды. Мiне, содан берi он жыл уақыт өттi. Шынымды айтсам, әуелi Алланың, содан кейiн дәрiгерлер Тимур Ешмұратов пен Нұрлан Арыновтың арқасында осы уақытқа дейiн аман-есен жүрмiн. Несiн жасырайын, алдыңғы кезде дұрыс диагноз қоя алмады. Мен ауруханаға түскен кезiмде медицина ғылымының докторы Нұрлан Арынов Ыстықкөлде отбасымен демалыста екен

Қытайдағы қандастарымыздың арманы ақсап, аяғы тұсалып тұр. Қалай дейсiз бе? Былай: тапқанын тарта жеп, ата-жұртына жету үшiн ақша жинап шақырту жасатады. Ақшадан басқаны бiлмейтiн делдалдар Қазақстанның қазақ азаматы атынан төрт-бес, тiптi оннан астам адамды шақыртады. Ал Қытай болса екi адамнан артық шақырту қағазын жарамсыз деп танып, куәлiктерiн жасамай жатыр. ...Қытаймен көшi-қон келiсiмшартына отырып, осы iстiң бәрiн у-шу қылмай-ақ атқаруға әбден болады. Қазақстанды бiр қазаққа болса да көбейте берейiк.
Апта басында волейболдан қыздар ұлттық құрамасы жаттығу жиынын пысықтады. Бас бапкерлiкке бекiгенiне аз ғана уақыт болған Бақытжан Байтөреевтiң бағын сынайтын кез жақындап келедi. Алдымен қыздарымыз Қы­тайдың Нанджинг қаласында жаттығуын сабақтап, жергiлiктi командалармен жолдастық кездесулер өткiзудi жоспарлап отыр. Одан кейiн Луохе қаласына аялдап, әлемдiк гран-при жарысының алғашқы iрiктеу ойындарын бастайды. Осы жайды көпшiлiк­пен бөлiскен ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев құраманың жай-күйi туралы былай дедi:
Қостанайдағы “Центральный” стадионында өткен словакиялық “Слован” мен “Тобыл” арасындағы тартыс тең нәтижемен аяқталды. Сергей Петренконың шәкiрттерi­не өз алаңдарында кеткен есенi қайтару үшiн алдыңғы ойында қақпаларына кiрген екi голды еселеп соғу қажет болатын. Оған бiздiң “Тобылдың” қарымы жетпедi. Ойын басталысымен екпiндi шабуылдар ұйым­дас­тырып, “Слован” қақпашысы Пут­ноц­кидi бiраз терлеткен. 5-минут сырғып бара жатқанда, сол қапталдан Бауыржан Жолшиев Сергей Гридинге тамаша мүмкiндiк туғызып едi. Қорғаушылар арасынан сытылып шыққанымен Сергейдiң созған аяғы допқа жетпей қалды.
ҚОС ҚҰРАМА ДА ҰТЫЛДЫ
Шанхайда су спорты түрлерiнен өтiп жатқан әлем чемпионатынан бiз үшiн қуанышты хабар болмай тұр. Ватерполшы қыздарымыз екiншi кездесуiнде де жеңiлiске ұшырады. Нидерланды құрамасымен суда топ қуған қазақстандықтар 13:3 есебiмен ойсырай ұтылды. Алғаш­қы кездесуiнде бiздiң құрама Венгрия қыздарынан 6:21 есебiмен жеңiлген болатын.
Жiгiттерiмiздiң де жiгерi құм болды. Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Испания құрамасымен өткiзiп, 5:18 есебiмен тiзе бүктi. Екiншi кездесуiн олар Венгрия құрамасына қарсы өткiзедi.
ГАУҺАРТАСТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Жақында үндiнiң Мумбай (бұрын Бомбей деп аталатын) қаласында болған жарылыстан 11 адам қаза тауып, 73 адам жараланған едi. Бұл теракт жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатқан опера театрының жанында болған. Ал опера театры болса, сау­да орталығының (зергерлiк бұйымдар – гауһартас, алмас және т.б.) қасында орналасқан. “Бомба жарылған кезде құны 5,6 миллион доллардай тұратын гау­һартастар жан-жаққа шашыл­ған”, – деп жазады Times of India газетi.
Бомба жарылған уақытта көшеде көп адам болыпты. Олардың iшiнде