1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15620) 26 шілде, сейсенбі 2011
Ресейлiк “Коммерсантъ” басылымына сұхбат берген Ермұхаммед Ертiсбаев мемлекет басшысы аяқ астынан билiктен кете қалған жағдайда оның орнын Тимур Құлыбаев басатынын мәлiмдедi.
  “Тимур Құлыбаевтың президент мұрагерi болуға қаншалықты мүмкiндiгi бар?” деген сұраққа жауап қатпастан бұрын президент кеңесшiсi ә дегеннен прези­денттiң денсаулығы қалпында, күш-қуаты бабында екенiн айтып тайсақтапты: “Расын айтқанда, мұрагерлiк тақырыбында ой қозғағым келмейдi. Жақында мемлекет басшысымен сөйлестiм. Ол 2016 жылдың желтоқсанына дейiн президент мiндетiн атқарады, оның елдiң индустриалды-инновациялық дамуына қатысты көп­теген жоспары бар. Сондықтан бiз бұл тақырыпты ойша ғана қаузай аламыз”.

ҚПК Орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ғазиз Алдамжаров жақында Атырауға келiп қайтты. Ол атыраулықтар үшiн сырттай ғана таныс саясаткер емес. 1987-90 жылдары Гурьев облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы және басқа да қызметтер атқарған Ғазиз Қамашұлын Атыраумен қызметтегi өсу жолын да тығыз байланыстырады. Белгiлi саясаткердiң өз сөзiмен айтсақ, Атырау облысы оның мақсаты мен мұратына жетуде өзектi орын алған. “Шамасы бiрде-бiр бiрiншi хатшы немесе облыс әкiмi өзi үшiн көп халық дауыс бердi деп мен құсап мақтанышпен айта алмайды десем ешкiм ренжiмес.

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Сулысай ауылында күтпеген оқиға болды. Розиевтiң үйiне құқыққорғау органының қызметкерлерi мен ҰҚК-нiң өкiлдерi баса-көктеп кiредi. Мұздай қаруланған топтың адамдары бетперде киiп, сақадай сай дайындалып келген. Алдынан шыққан үй иесiмен келiсiмге келе алмай, бетперде киген кiсiлер қоқан-лоққы жасай бастайды. Осы кезде үйден шыққан Розиевтiң 22 жастағы ұлы Идрис аңшы мылтығынан оқ атады. Ескерту ретiнде аспанға атылған оқтан зәре-құты қашқан полицейлер тым-тырақай безiп кетедi. Оқ ату кезiнде құдай сақтап, ешкiм зардап шекпеген. Қазiр бұл iс бойынша тергеу амалдары жүрiп жатқандықтан, Ярмұхамед Розиев бiздiң сұрақтарымызға жауап беруден бас тартты.

Қысқа мерзiмдi демалыстан қайтып орала салысымен президент Нұрсұлтан Назарбаев Қауiпсiздiк кеңесiнiң жиынын өткiздi. Прези­денттiң ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, оты­рыс­та дiн саласындағы тұрақтылық мәселесi мен осы бағытта атқарылатын iс-шаралар пысықталған. Ақорда сайтына iлiнген ақпараттан президенттiң дiни экстремизммен күрестi қолға алуды тапсырғаны мәлiм болды. “Қазақстан дiн ұстану еркiндiгiн жариялаған құқықтық зайырлы мемлекет болғанымен, бұл мемлекет дiн iсiне араласпайды деген сөз емес. Билiк органдары дiн саласындағы қарым-қатынасты реттеуден шеттетiлмейдi”. Қысқасы, Н.Әбiқаев, К.Мәсiмов, А.Мусин, Қ.Қасымовты жинап алып дiн мәселесiн талқылаған

“Ақжол” партиясының кенеттен пайда болған төрағасы Азат Перуашевтың “Экономикалық ер­кiндiк саяси еркiндiкпен қатар дамуы керек!”– деген мәлiмдемесiн оқып қайран қалдық. Астанада өткен “Ақжол” партиясының VIII съезiндегi сөзiнiң бiссiмiләсiн өзi басқаратын партияның танымалдылығын тiлге тиек етуден бастаған ол: “Бiр жағынан, бүгiнгi “Ақжол” партиясы – тәуелсiздiк ұранын ту етiп көтерген кешегi “Алашорда” пар­тия­сының рухани iзба­сары”, - деген екен. Ең қызығы, “Алашорда” автономиясы мен “Алаш” партиясының ара жiгiн Әлихан Бәйменовтiң оған ажыратып бермегенi ұят болды. Айтпақшы, бүгiн “тәуелсiздiк ұранын ту етiп көтерген кешегi “Алаш” партиясының” құрылған күнi.

“Кенесары Хан” қоғамдық қорының президентi, Кенесары ханның жетiншi ұрпағы Талғат Айдаровтың бастауымен елiмiзге белгiлi бiр топ зиялы қауым өкiлдерi Қырғызстанға барып қайтты. Бұл сапардың әлқиссасы әу баста қырғыз елiндегi “Инсанат” қорының төрағасы Өмiрбек Эгембердиевтiң Алматыда болған сапарында айтылыпты. Конференцияның мақсаты – өткен тарихымыздағы құндылықтарымызды жоғалтып алмай, сақтап қалу. Екi елдiң ежелден келе жатқан туыстық қарым-қатынасын одан ары күшейту. Конференция Бiшкектiң “Даелия” мәдени орталығында өттi.

ТАУ
Алып таулар ояныңдар ұйқыдан,
Неге сұлық жаттыңдар?
Тауға қарап бой түзеген арысты,
Желкесiнен аттыңдар...
Тау болудан дәмесi бар төбелер,
Бола алмасын бiлсе де,
Тауға қарап ойланбайды төрелер,
Тауға шығып жүрсе де,
ҚОНАЕВТЫҢ 100 ЖАСҚА ТОЛУЫНА БIР ЖЫЛ ҒАНА ҚАЛДЫ
Айта берсек, құлазытатын да, қанаттандыратын да құбылыстар баршылық. Бiрақ, негiзi мына бiр тақырыпты айналып өтпегенiмiз жөн болар. Ол –­­ мынау. Осы бiз тек қазақ арасы ғана емес, Қазақстан бойынша да емес, сонау алып ел болған посткеңестiк өңiрде, бүкiл Ислам әлемiнде ең биiк лауазымға көтерiлген, көзiнiң тiрiсiнде-ақ пайғамбар атанған (Алла тағаланың өзi пайғамбарларды адамдардың арасынан iрiктеп, таңдап алып отырған ғой) Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа байланысты сый-құрмет, марапат, ғибадат, тағзым пәтуаларын жеткiлiктi жасадық па?
Алматыда мамыр мен шiлде айларында қатты жел соғып, дауыл тұрды. Күштi дауыл қаладағы және таудың етегiндегi мыңдаған ағаштарды тамырымен жапырып кеттi. Мәселен, шiлде айында болған дауыл Медеуге апарар жолдағы 8 мыңға жуық ағашты түбiмен қопарып кеткен. Алайда ауа райын болжау орталығы таулы аймақтағы жасыл желектi жайпап өтiп, Алматыны алай-түлейге айналдырған дауыл, жаңбыр мен бұршақты қалыпты құбылыс деп есептейдi. Десек те “Табиғат” қозғалысының жетекшiсi, эколог Мэлс Елеусiзов дауылды қалыпты құбылысқа жатқызбайды. Экологтың айтуынша, Алматыда ағылып жүрген көлiктер, ағаштардың аздығы қаланы қатты қыздырып жiбердi. Соның салдарынан алай-түлей да­уыл ойнады. Әрi мұндай күштi дауылдар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Осыдан 20 жыл бұрын әлемге адам сенгiсiз ақпарат тарады. 28 жыл бұрын АҚШ-тың ғарыш айлағынан көтерiлген зымыран iшiнде болған астронавт Чарльз Гинсон аман-есен жерге қайтып оралды. Ол мiнген “Джемини” ғарыш кемесiмен ұшырылудан кейiн 3 сағат 58 минут өткеннен кейiн байланыс мүлде жоғалған. Арнаулы радарлар да оның кемесiн ғарыш төрiнен тiмiскiлеп, таба алмаған. Сосын амалсыздан, Чарльз Гинсонды хабар-ошарсыз кеткендердiң сапына жатқызған да қойған. Бiрақ бұл ақпаратты АҚШ-тың NASA-сы растаудан бас тартқан.
ҚҰЛТЕМIР ҰСТАЗДЫ АЛМАСТЫРА МА?
Оңтүстiк Кореяның Тэгу қаласындағы бастауыш мектептердiң бiрiнде құлтемiр ұстаз сабақ берiп жүр. Ингки атты құлтемiр 4-сынып оқушыларына ағылшын тiлiн үйретедi. Құлтемiр-ұстаз ағылшынша ән салады, сөйлейдi. Артынша сыныптағы балалар да оның сөздерiн қайталайды. Алайда адам даусымен сөйлейтiн Ингкидi Филиппинде отырған ұстаз басқарады. Мұғалiм мониторға қарап отырып сабақ өткiзедi. Құлтемiрдiң басындағы сұйық кристалды панелiнен сол ұстаздың бет-жүзiн көруге болады. Бұндай әдiс бiр жағы балалардың пәнге қызығушылығын оятса, екiншi жағынан кәрiс үкiметiнiң басын қатырған мәселенi шешiптi. Оңтүстiк Кореяда ағылшын тiлiнен жақсы мамандар тапшы.
Өткен аптаның соңын ала өткен ел бiрiншiлiгiнiң 21-туры қызыққа толы болды. “Ер Төстiгiм бiр төбе” демекшi, сенбi-жексенбi күндерi болған ойындардың iшiнде “Ақтөбе” мен “Ертiс” арасындағы тартысты айтпай кетуге болмас, сiрә. Бұл ойын голға бай болды. Тiптi аспаннан гол жауғандай әсер қалдырды. Ендi бiрде “Ертiс” командасы қақпашы Циринсiз ойнап жат­қан секiлдi әсер қалдырды. 10 мың көрермен жиналған стадионда “Ақтөбе” өз жан­күйерлерiн жерге қаратқан жоқ. Керiсiнше, бәрi бөркiн аспанға атып қуанды. Ойын басталғанына 5 минут өткенде Хайруллин есеп ашты. Примус 20-минутта есептi еселеген.
“Тур де Франстың” соңғы кезеңiнде британдық Марк Кэвендиш жеңiмпаз атанды. “ВМС” клубының атынан сынға түскен Марктен кейiн мәреге норвегиялық Эдвальд Хаген (“Sky Procycling”) жеттi. Үшiншi болып немiс Андре Грейпель (“Omega Pharma-Lotto”) келдi. “Астаналық” велошабандоздар Максим Иглинский – 18, Дмитрий Фофонов – 39, Андрей Гривко – 114, Реми Ди Грегорио – 126, Андрей Зейц – 131, Роман Кройцигер 141-iншi болып жеттi. Биылғы велобәйгенiң басты жүлдесi жалпы есеп қорытындысы бойынша, австралиялық Кэйдл Эванстың қанжығасына байланды
Ақтөбе Еуропа лигасының iрiктеу турындағы қарымта ойы­нын өз алаңында өткiзiп, 0:0 есебiмен аяқтады. Вен­гриялық “Кечкеметтiң” жолын бөгеген “Ақтөбе” – жарысты одан әрi жалғастыратын жалғыз команда. “Тобыл”, “Ертiс”, “Шахтер” саптан шығып қал­ды. Биылғы еурокубоктық жарыста сенiмдi “Ақтөбе” ғана арқаламақ. Олар ендi 28 шiлдеде ресейлiк “Алания” клубымен жарыс жолдамасы үшiн тартысқа түседi.  “Ертiс” Грузияда тең ойнап, өз алаңында 2 доп айырмашылығымен ұтылады деп кiм ойлаған?! Бәрi де күтпеген жерден болды. Бiрiншi голдың соғылуына “Ертiс” қорғаушысы Кулибалидiң “қосқан үлесi” зор. Мүмкiн, ол қақпаға допты жақындатпаудың амалын iстеген шығар