1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59-60 (15621-22) 28 шілде, бейсенбі 2011
“Пушкин өлдi, Ресей жетiм қалды!”. Қайтсiн-ай, ендi қалай айтсын-ай, Пушкин өлген кезде Гогольдiң аузынан шыққан өксiктi сөз ғой бұл! Өзiн қайтып жұбатарын, өзгенi қайтiп жұбатарын бiлмей таусыла күйiнген жүректен шыққан шерлi сөз, азалы күңiренiс қой бұл! Гоголь қайтiп жұбансын, Ресей қалай жетiм қалмасын, Пуш­­­кин –­­   орыс қауымының, орыс хал­­қының, орыс мемле­кетiнiң ырыс-құты едi ғой! Әдеби ырысы. Мәдени ырысы. Ұлттық құты. Рухани реңi. Осындай телегей-теңiз ырыс иесiнiң көзi жұмылғанда Гоголь қалай ғана бүй демесiн?! Гогольшелеп айтсақ, Мұқағали Мақатаев қаза болғанда қазақ халқы да жетiмсiр-е-е-еп қалды. Неге?
Мұратбек Оразұлы, Қытайдағы қазақ жастарының жанайқайын жеткiзушi
– “Жас Алашта” жарияланған бұл хатты жазудағы ең басты мақсат – социалистiк Қытай елiнiң аз ұлттарға ұстанған қатаң саясатының салдарынан аспанасты елiндегi қандастарымызды қытайландыру саясаты қарқынды жүрiп жатқанын жеткiзу едi. Алып айдаһардың ешбiр ұлтқа ұлттық негiздi сақтауға мүмкiндiк бермей отырғанын айту болатын. Сондықтан айдаһардың ысқы­рығына қарамаған тәуекелдiлiкпен Қытай елiндегi қазақтардың мұң-мұқтажын бiзге қамқор болар бiрден-бiр тұлға деп Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата жаздық.
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев мырзаға
“Қаражанбасмұнай” АҚ, “АрғымақТрансСервис” ЖШС, “Тұлпар­МұнайСервис” ЖШС мұнайшыларынан
АШЫҚ ХАТ
Егемендi елiмiздiң заңы шеңбе­рiнде Қазақстан Республикасының азаматтары ретiнде өзiмiздiң Консти­туциялық құқығымыз бен бостандығымызды қорғауға Сiздiң тiкелей араласуыңызды сұрай отырып, өтiнiшiмiздi жауапсыз қалдырмайтыныңызға сенемiз. Заңдылық пен әдiлдiктi қалпына келтiру мақсатында қайда, кiмге хабарласпадық, бiрақ ешқандай нәтиже жоқ. Әрi қарай “Басар тау, барар жерiмiз” қалмады. Шамасы, құқығымызды қорғап, осы мәселеге араласуын сұрап хабарласып жүрген азаматтарымыз Сiздiң сарабдал салиқалы саясатыңызды орындауға құлықсыз.
МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ЕРЕУIЛДIҢ БАСТАЛҒАНЫНА 78 КҮН БОЛДЫ
22 шiлде күнi “Барлау және Өндiру” АҚ президентi А.Балжанов ереуiлде жатқан мұнайшыларға арнап өзiнiң ресми мәлiмде­месiн жасады. Ол “ӨзенМұнайГаз” ӨФ мен “Қаражанбасмұнай” АҚ мұнайшыларының ереуiлiнiң салдарынан компания миллиардтаған теңге шығын көргенiн, ереуiлдiң заңсыз екенiн ескертiп, 25 шiлде күнi таңғы сағат 8-ге дейiн жұмысқа шықпаса, ереуiлде тұрған мұнайшылардың барлығын жұмыстан босататынын айтты. Және жұмыстан шығармау туралы арнайы мораторидың мерзiмi аяқталғанын мәлiмдедi. Бiрақ А.Балжановтың бұл бұйрығына ереуiлде тұрған мұ­найшылар құлақ асқан жоқ. 25 шiлде күнi таңғы сағат 7.00-де “МаңғыстауМұнайГаз” АҚ Қа­лам­қас кенорнының 4000-нан аса мұнайшылары
26 шiлде күнi жергiлiктi уақытпен таңертеңгiлiк сағат 7-де Ақтөбе қаласындағы ағайынды Жұбановтар көшесiндегi 300-үйдiң тұрғындарын полицейлер “газ жарылуы мүмкiн” деп қорқытып, үйлерiнен қуып шыққандай болды. Қоса-қабат тұрған көп қабатты үйдiң 70 пәтерiнiң адамдары көлiкке мiнгiзiлiп, алысқа әкетiлдi. Жарылыс болуы мүмкiн дегесiн жұрттың зәресi ұшып, абдырап қалды. Бiрақ осы маңға не өрт сөндiрушi, не апатты газ қызметiнiң көлiктерi келмедi. Сөйтсе, осы үйдiң 6-қабатында тұратын күдiктiнi ұстау операциясы басталмақшы екен...
ЕРТIСБАЕВТЫҢ ПIКIРIН ҚОЖАСЫ ДА ҚОЛДАҒАНДАЙ БОЛЫП, “БАЙҚАП КӨРЕЙIК” ДЕПТI
Осы аптаның басты ньюсмейкерiне айналған президент кеңесшiсi Ермұхамед Ертiсбаев мұрагер тақырыбын тұздықтауды жалғастырып жатыр. Ендi Ертiсбаев президенттiң “Коммерсантъ” басылымындағы сұхбатқа қатысты бiлдiрген пiкiрiмен бөлiстi. Президент кеңесшiсi Tengri­news.kz агенттiгiне бұл сұхбат жайлы Назарбаевпен әңгiмелескенiн жеткiздi. Әуелi Ертiсбаев елдi шулатқан сұхбатты “мәлiмдеме емес, өзiмнiң жеке пiкiрiм” деп айтып ақталыпты. “Мен ешқандай мәлiмдеме жасаған жоқпын. Мәлiмдеме жасауға өкiлетiм де жоқ. Қажет десеңiз, менiң ондай қызметтiк мiндетiм де жоқ.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫҢ БАҒАСЫ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАМАҚ
Небәрi 1 ай бұрын елiмiзде жанар-жағармайдың бағасы көтерiлмейдi деп қабағын түйген Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев уәдесiнен тайып, дәрменсiз күйге түстi. Нелiктен дейсiз бе? Ресейде бензин бағасы қымбаттады, бұл Қазақстандағы нарыққа сөзсiз ықпал етуде. Өйткенi әуелден экономикасы тәуелдi болатынын бес саусақтай бiлсе де, қазақ үкiметi көршi ел тастаған ноқтаға ерiктi түрде бас сұқты. Ендi мiне, тығырыққа тiрелген билiк алақан жаюға мәжбүр болуда.
Бұл жақта қазақтiлдi басылымдарға сұраныс­тың төмен екенi жөнiнде талай жазылды, айтылды. Оның iшiнде, әсiресе, Степногорскiде. Ана жолы бiр барғанымызда пошта бөлiм­шесiнде орналасқан газет дүңгiршегiне соқтық. Сатылатын дүниенiң 99,9 пайызы орыс тiлiндегi басылымдар екен. Қазақша 3-4 газеттi сатушы сөредегi газет-журналға қоспай, былай алып тастапты. Себебiн сұрадық. Көрiп отырсыздар, қазақ тiлiнде шамалы ғана газет түседi. Соның өзi өтпейдi. Тiптi келген қазақтарға алсаңдаршы деп жалынам. Бiрақ алушы шамалы, – дейдi сатушы келiн­шек ақталып. Онысы рас. Степногорск түгiлi, Астанаңның өзiнде солай.
“ШЫМКЕНТМАЙ” АҚ МЕН “АСТЫҚ ӨНIМДЕРI” ҰЖЫМДАРЫ ОСЫНДАЙ ТАЛАП ҚОЙЫП, ПРЕЗИДЕНТКЕ АШЫҚ ХАТ ЖОЛДАДЫ
Өткен сейсенбi күнi Оңтүстiк Қазақстандағы “Шымкентмай” АҚ мен “Астық өнiмдерi” ұн өнiмдерiн жасау өнеркәсiбiнiң жұмысшылары наразылық танытып, президентке ашық хат жолдады. Президенттiң ауылөнеркәсiбiн дамытуға байланысты тапсырмаларын алға тартқан, жұмысшылар салық комитетi тарапынан өрескел заңбұзушылық әрекеттерiнiң болғанын айтады. Мәселен, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық салық басқармасы “Шымкентмай” АҚ-на 2007-08 жылдардағы ҚҚС-ның сомасын дұрыс төлемегенiн хабарлаған.

Өмiрiм қалыпты арнасымен ағып жат­қан әдемi уақытта Алматының мазасыз тiршiлiгi шаршатқандықтан ба, әлде үлкен шаһардың қапырық ауасынан тұншыққандықтан ба бiлмеймiн, көңi­лiмдi кiр басқандай болып, қаланың шаң-тозаңынан сiлкiну үшiн Ар­­­қа­ға кеткiм келдi. Күрең күздей көңiлiм жабырқап, жетiмсiреген айдың мұңлы сәулесiндей сарғайып, үмiттiң оты сөнуге айналған күндерiмнiң бiрiнде аяқ астынан арманым орындалып, жұмыс бабымен Астанаға ауыстым. Балаша қуанып, iштегi құйын сезiмiмдi баса алмай, бiр перизат күй көңiлiмдi шалқытып, бөктерден соққан самал желдей бойымды сергiтiп тастады.

Бiр қызығы, жыр сүйер қауымның қатары жас өскiндермен толыққан сайын Мұқағали Мақатаевтың жыр әлемiне деген оқырмандар қызығушылығы үдей түсiп, жырларын жатқа оқып, оны өзiне ұстаз тұтатындардың саны толастамақ түгiлi, жылдан-жылға еселеп кеттi десе болғандай. Қолына қалам ұстағандардың арасындағы кейбiр егде ағайындар тарапынан ара-кiдiк болса да: “Бұ не, бұл? Кешке дейiн “Мұқағали, Мұқағали” дей бересiңдер. Одан басқа ақын жоқ па қазақта?” – деген тектес пiкiрлер де айтылып жатады. Рас-ау, тегi. Ол кiсiлердi де түсiнуге болады. Неге бiз кешке дейiн Мақатаевты айта беруiмiз керек?! Сөйтсек, мәселенiң төркiнi бiз ойлағаннан анағұрлым тереңде жатқанға ұқсайды. Бiр айқын нәрсе

Қазақ ғылымының кеңiстiгiнде   “абайтану”, “шоқантану”, “әуезовтану” т.б. деген ұғымдар қалыптасқалы және осы салаларда тың iзденiстердiң толассыз жүрiп жатқаны баршаға мағұлым. Соңғы жылдарда “мұқағалитану” деген түсiнiк тек ғылым иелерiнiң түйсiгiнде ғана емес, әр қазақтың танымына тереңдеп енiп бара жатқаны да шындық.  Мұқағалиды әр қазақ өз болмысы арқылы iздейдi, тануға ұмтылады. Жан дүниесiндегi қиын түйiндердiң шешуiн Мұқағалидың жырларынан тауып, тамсанады, сүйсiнедi, сүйiнедi. Сөйтiп, өзiнiң сүйiктiсiне айналдырады. Мұқағалидай тұлғаның өзгелерден қандай ерекшелiгi барын бiлуге өз бетiнше талпынады. Нәтижесiнде өз жүрегiн­де өзiнiң
“ӘУЕЛI ӘНДI ТЫҢДА, ӘН ӨЛМЕСIН”
Бiз бұған дейiн “Мұқағалитану бастауы” сериясымен үш кiтаптың жарық көргенiн, бұл жобаны әзiрлегендер мен кiтапты құрастырғандар (Жақыпжан Нұрғожаев, Рысбек Сәрсенбай, Бейбiт Дәлденбай, Батық Мәжитұлы) жөнiнде жазған едiк. Мiне, бүгiн сол “Мұқағалитану бастауы” сериясымен төртiншi кiтап жарық көрдi. Кiтап аты – “Әуелi әндi тыңда, ән өлмесiн”. Бұл кiтапқа Мұқағалидың өлеңдерiне жазылған әндер топтастырылған (әндер ноталарымен берiлген). Кiтаптың алғысөзiн жаз­ған белгiлi сазгер, Қазақстанның еңбек сiңiрген қай­раткерi Бейбiт Дәлденбай былай дейдi:
Өткен жұма күнi Норвегия қара жамылды. Ең тұрақты елдердiң бiрiнде бұрын-соң­ды болмаған қанды терак­тiде 90-нан астам адам көз жұмды. Алдымен ел астанасы Осло қаласында орналасқан премьер-министр кеңсе­сiнде жарылыс болды. 7 адам қаза тауып, 20 шақты адам ауыр жараланды. Артынша қандықол қылмыскер Утойя аралында жиналған норвегиялық жұмысшылар партиясының жастарына оқ жаудырды. Аралда қырғын жасаған қылмыскердiң қолынан 86 адам қаза тапты. Қос терактiнi iске асырған қылмыскер – 32 жасар Андрес Беринг Брейвик шабуылдарды жасағанын мойындаса да
...Нұры болған өлеңнiң Киелi есiм,
Неге менiң түсiме жиi енесiң?!
Мынау күйкi тiрлiктiң күйбеңiнен
Тазарсын деп жүрсiң бе, күйелешiң?..
 
Тарқатылып өмiрдiң шымасынан,
Бал татырып көңiлдiң тұмасынан,
Албырттық пен аңғырттық қатар артқан
Арылсын деп жүрсiң бе күнәсынан?..
“Тiлсiздiк” дегендi екi түрлi оймен айтып отырмын. Екеуi де тiлдердi қолдану мен дамытудың алдағы он жылға арнал­ған, президент Н. Назарбаев мырза биылғы 29 мау­­сымда №110 қаулысы­мен бекiткен бағдарламадан туындады. Бұл он жыл тәуелсiздiк алғанымыздан бергi тiл “жырымыздың” жалғасы десек, мынау кейпiне қарағанда, одан арыда да бiте қоймас “әләуләй” сияқты. Осы орайдағы бiрiншi ой: бағдарлама жобасын азды-көптi тал­қылауда айтылған, қазақ тiлiнiң мәр­тебесiн көтерудi көздеген пiкiр­лердiң көбi “ескерiлдi, енгiзiлдi” деумен бүркемеленiп қалыпты

“23 маусым күнi таңертең әкем Алтынбек Анарбеков “РА Плюс” ЖШС-ға қарасты құрылыс нысанында (Алматы қаласы, Гагарин және Мыңбаев көшелерiнiң қиылысы) жауапты қызметкерлердiң салақтығынан, немқұрайлығынан, қауiпсiздiк шаралары дер кезiнде жасалмағандықтан лифтен құлап, өте ауыр халде Алматы қалалық №12 ауруханасына жеткiзiлдi. 9 күн жансақтау бөлiмiнде жатып, бақилық болды. Әкем өлiм мен өмiр арасында арпалысып жатқан сәтте де, қайтыс болып, қара жамылғанымызда да құрылыс компаниясынан ешқандай көмек көрсетiлмедi. Жаныма бататыны, ЖШС басшыларының хал үстiнде жатқан әкемдi ескерусiз, елеусiз қажетсiз заттай сыртқа тастай салғаны

Жақында аудан орталығы Көктөбеде “Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен аумақтарды ауыл шаруашылығына қайтару керек пе?” деген сауалға жауап iздеген экологтармен кездесу өттi. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жұмыс iстеп жүрген қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi СЯСП (Семей ядролық сынақ полигоны) аумағына өте жақын орналасқан, жерiнiң 39 пайызына атом, сутегi бомбалары сыналған елдiмекен тұрғындарының осы мәселеге қатысты көзқарастарын бiлуге келген көрiнедi. Баз бiреулердiң халық пiкiрiмен санаспай, “осы сынақ алаңындағы “Опытное поле” мен “Ча” деп аталатын екi аумақтан басқа жерлердi ауыл шаруашылығына пайдалануға беруге болады

Грузияның саяси элитасы Шығыс Еуропа және өзге шет мемлекеттерден өздерiн ресми түрде “Джорджия” деп атауды өтiндi. Олардың пiкiрiнше бұл атау екi ғасыр бойы Ресей қалыптастырып кеткен термин болып табылады. “Батыста бiздiң ел “Джорджия” атауымен  танылған. Ал Шығыс Еуропаға  бiз “Грузия” деген атпен белгiлiмiз. Бұл атау 200 жыл бойы Ресейдiң қол астында болып келгенiмiздi есiмiзге түсiредi”, – дейдi Парламенттiң шетелдегi гүржiлермен байланыс жөнiндегi  комитетiнiң басшысы Нугзар Циклаури. Бiздiң елде де “Ресейдiң қол астында болып келгенiмiздi есiмiзге түсiретiн” терминдер көп бол­ған соң осы мәселеге тоқталғанды жөн көрдiк.

Қаладағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетiне мән-жайды бiлмек болып жөн сұрай барған “Қазақстан” ұлттық телеарнасының меншiктi тiлшiлерiн аталған жоғары оқу ордасының оқытушылары қой отарларына шапқан қасқырдай көрiп, қарсы алыпты. Әрiптестерiмiз өздерiн БАҚ өкiлдерiмiз деп таныстыр­ғандарына қарамастан, жауап беруден жалтарған олар “Ректор жоқ, кетiңдер” деп дөрекiлiк танытып, қуып шыққан. Артынша өз iс-әрекеттерiнiң таспаға жазылғанын аңғарған оқытушылар журналистер университет аумағынан көп ұзамай-ақ арттарынан қуып жетiп, айғақ зат – бейнекамераларын сындырып тастапты.  

“Қазiр ештеңеге таңғалуға болмайды”. Бұл – талай адамдардан естiген сөзiм және бұны өзiм де сан рет айтқанмын. Бiрақ... Бiрақ шектен шыққан жайттарды естiген сайын бәрiбiр таңғалуға мәжбүрсiң. Ал бұл жолы ұрымен айқасқан жап-жас қыздың ерлiгiне емес, бүкiл №65 автобустағы жолаушылардың “сен тимесең, мен тимендiлiгiне”, немқұрайдылығына, немкеттiлiгiне, көзжұмбайлығына таңғалдым. Тiптi автобусқа кiрген-шыққандардан ақы алып тұрған Еркебұланның (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан келген) да түк көрмей, түк бiлмей қалғанына таңғалдым. Құдай-ау, ұры ұстараның жүзiмен қыздың бiлегiн тiлiп жатса, қыз қарап тұрды дейсiз бе?
Елiмiзде жол-көлiк апаты жылдан-жыл­ға артып барады. Соның салдарынан сан мыңдаған адам қаза тауып, көпшiлiгi мәңгiлiк мүгедек болып қалып жатыр. Бұл жөнiнде жазылудан да, айтылудан да кенде емес, бiрақ одан шыққан нәтиже шамалы. Осы орайда бұл апаттың алдын алу үшiн менiң де төмендегiдей ұсынысым бар. Жол-көлiк оқиғасының себептерi сан түрлi, солардың бiрi – жол белгiлерiнiң кемшiлiгiнен болатын апат. Қазiргi көрiп жүрген жол белгiлерi темiр тұрбалардан жасалған. Олар жол бойында ұзақ уақыт қызмет көрсете алмайды. Жол бойындағы белгiлердiң көбiсi әлдеқашан құлап қалған, немесе қисайып
ҚР Денсаулық сақтау министрi С.З. Қайырбекованың назарына!
Ата заңымыз Конституцияның алғы сөзiнде – ең басты құндылығымыз адам өмiрi, құқықтары деп айқындалса да, сол адамдардың құқықтарының аяқ асты болып жатқанын күнделiктi өмiрде көрiп жүрмiз. Адамның ең басты байлығы – оның денсаулығы. Өкiнiшке қарай, медицина мамандарының жауапсыздығынан науқастардың өмiрiне үлкен қауiп тудыратын жағдайлардың көп­ болуы баршаға аян.  Маңғыстау облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасына қарасты орталықтанған патолого-анотомогиялық бөлiмшесi нау­қастардың қатерлi iсiк (рак) және басқа да адам ағзасына қауiптi кеселдердi анықтайтын арнайы зертханасы болып табылады.
Бүгiнде қазақ жерiндегi дiнге қатысты дүрбелең қатты белең алып тұр. Осы әңгiменiң де ерiксiз есiме түсiп, қартаң жүрегiмдi мазалағаны айдан анық. Елге септiгi тиер, мұсылманшылық жөнi осы екен деп өздерiнше бүйректен сирақ шығарып жүрген дiншiл­дерге сабақ болсын деген ниетпен қолыма қалам алдым, оқырман. Былтыр мен Мекке-Мәдинеге умра қажылыққа барып, мұсылман парызымды өтедiм. Меккеге барған соң Құдайы садақаны – бiр-бiр қойды Меккедегi, Мә­динедегi оқып жатқан қазақ жастарына бергiм келдi, – дедi қажылыққа барып келген ақсақал бiр дастарқан басында. – Сонымен, Меккеде тамақтан соң бата беру кезiнде, бұл жердiң халқының әдет-ғұрпында дастарқанға бата жасамайды деген сөз шықты.

Кешкiлiк үш немеремдi ертiп саябаққа баратын әдетiм бар. Ақтөбеде соңғы жылдары субұрқақтармен бiрге тамаша безендiрiлген гүлдерге толы саябақтар қаланың әр бөлiгiнен бой көтере бастады. Балаларды серуенге алып шығу тек құр қыдырыстау емес, өз құрдастарыңмен емен-жарқын әңгiмелесу, соңғы жаңалықтардан құлағдар болу. Мен бiз сияқты ата-әже жасына жеткендердiң бала ертiп жүрмейтiнiн аңғардым. Тiптi боянып-сылан­ған, «кемпiр» десең шоршып түсетiндердiң көбейiп кеткенi. Орындықты меншiктеп алғандар маған күле қарайтын болды десем қателеспеймiн. Бiр күнi «жұрттың баласын бағып не керек, әке-шешесi не қарайды?» дегендi естiп, шошып кеттiм.

·               Адамдарға әрдайым жақсылықтар жасап, жақсы адамдардың жанында болсаң, мақсатыңа жетесiң!
·               Адамдарға олардың күт­кенiнен де көбiрек берiңiз және оны жан-жүрегiңiзбен жасаңыз.
·               Естiгеннiң бәрiне сене бермеңiз, өзiңiзде бардың бәрiн де жұмсай бермеңiз, шаршағанша ұйықтамаңыз.
·               “Кешiрiңiз!” деп адамның көзiне қарап айтыңыз.
·               Күресiңiз әдiлеттi болсын, қарсыластың намысына тимеңiз.

“Адамның күнi адаммен” деген ата-бабаларымыз. Менiң ұғымымда осы қағида көршiге тiкелей қатысты секiлдi. “Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын”,   “Көршiден артық туған жоқ” деген сөздi де атам қазақ тегiн айтпаса керек. Терең ойланып, астарына үңiлiп көрсеңiз, әрине, бұл нақылдың үлкен мән-мағынасы, маңызы бар екенiне көз жеткiзу қиын емес. Адам болған соң басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Той-томалақта да, қаралы кезде де көршi керек. Осындай сәттерде жақсы көршiң қасыңнан табылады. Ал жаманы сырт айналады. Мұның көзге көрiнбейтiн ортақ өзегi – сыйластықта, үлкенге – iзет, кiшiге – құрметте жатыр.

Бiз қандай жарыс болмасын жүлде дәмететiн бiр спорт түрi бар, ол – бокс. Жарыстардың аламаны саналатын Олимпиадаға қазақ елiнiң спортшылары дербес ел болғалы төрт рет қатысты. Осы додаларда бокс­шылар алтынсыз қайтқан емес. Келер жылдың тамызында алғашқы таңы ататын Лондон олимпиадасында үмiттiң жуан ұшын боксшыларға байлайтынымыз тағы анық. Сенiм арқалайтын марғасқаның бiрi – ең жеңiл салмақтағы Бiржан Жақып. 2005 жылы өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Жақып жас емес. Отызға тақап қалған боксшының қазiргi басты межесi – Лондон олимпиадасы.
ТӨРТ БОКСШЫ ТОҚТАДЫ
Астанада басталған жас­өс­пiрiмдер арасындағы бокс­тан әлем чемпионатында әзiрге 48 келiдегi Заңғар Темiрхан доминикандық Род­ригестi 17:14 есебiмен ұтты. Қайыргелдi Дәуiтбек (63 келi) белорусь боксшысы Iлияс Адзинаевты айқын басымдықпен жеңдi. 70 келiде Дәулет Байбөгетов 10:7 есебiмен немiс Норберт Шульхтiң “шаңын қақты”. 52 келiдегi отандасымыз Рауан Затулла екi ұпай айырмашылығымен белорусь Эд­уард Вахтан жеңiлуге мәжбүр болды. 57 келiде Ерболат Ермеков үндi үмiтi Құмар Сандиппен тең түскен. Әдетте төре­шiлер мұндайда бәйгенi алаң иесiне ұстататын. Бұл жолы керiсiнше болды. Есеп 9:9 болып аяқталғанда рефери Құмардың қолын жоғары кө­тердi.