1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (15623) 2 тамыз, сейсенбі 2011

Той көрмей жүрген жоқпыз, талай тойды көрдiк қой. Бiрақ Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық торқалы тойындағы халықтың ықыласын көрiп, өзiмiз де таңғалдық. Алматы облысының бiр фермерi (аты-жөнiн әдейi айтпай отырмыз) өз ақшасына су жаңа шетелдiк автокөлiк сатып алып, оны той комиссиясына алып келiп: “Мына автокөлiктi қабылдап алыңыздар! Бұл – менiң Мұқағали тойына тартуым! Ат бәйгесiне тiгесiздер ме, жоқ мүшәйрада озған ақындарға бересiздер ме, ол өздерiңiздiң ерiктерiңiзде. Әйтеуiр, тойға, тойдың қызығына жаратыңыздар!” – дептi. Содан кейiн “Менiң аты-жөнiмдi жарнамаламаңыздар.

ҚОС АСТАНАДАҒЫ БАЛАБАҚШАНЫҢ ЖАЙЫ ОСЫНЫҢ ДӘЛЕЛI
Қазақстанда балабақша мәселесi әлi күйiп тұр. Әсiресе, Астана және Алматы қалаларында кезегiн күтiп жүрген бүлдiршiндер көп-ақ. Шыдамның да шегi бар. Жақында Астанада кезекте тұрған ата-аналар ызаға булығып, түйiндi таратуда өгiз аяңға салған жергiлiктi шенеунiктерге наразылығын бiлдiрдi. Естерiңiзде болса, осыдан екi жыл бұрын үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов бұрынғы Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевқа кәрiн төгiп, балабақша мәселесiн шешудi тап­сыр­ған. Сонда жергiлiктi әкiмқа­ра­лар да табанымен шоқ басқандай күй кештi. Сасқан үйрек артымен сүңгидiнiң кебiн киiп, ескi әуенге салды.
“ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ” ҰҢҒЫМАСЫНДАҒЫ ӨРТТЕН БIР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Үш айдан берi ереуiл алаңына айналған Жаңаөзен қаласындағы “Өзенмұнайгаз” кенiшiнiң ұңғымасында өрт шықты. Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiктiң таратқан ақпаратына сүйенсек, өрт ұңғыманы күрделi жөндеуден өткiзу кезiнде шыққан. Министрлiктiң мәлiметiнше, өрт ПАП-50 автокөтергiшiнiң қызып кетуi салдарынан болған. Мәселенiң анық-қанығын бiлмек болып “Өзенмұнайгаз” компаниясының директоры Киiкбай Ешмановқа хабарласқанымызда, ол өрт кезiнде бiр адамның қайтыс болғанын растады. “Үшiншi мұнай-газ өндiру басқармасының ұңғымасында күрделi жөндеу жұмыстары жүрiп жатқан. Көтергiш агрегаттың ақа­уы кесiрiнен өрт шықты.
ЖАРЫЛЫСТА ТАҒЫ ЕКI АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Жұма күнi Ақтөбе қаласының шетiндегi “Жаңажол” саяжайындағы үйлердiң бiрiнде жарылыс болды. Жарылыстан сол үйдiң тұрғыны мен бiр полицей көз жұмды. Оқиға былай болған. Әуелi атыс жұма күнi Ақтөбедегi Қар­ғалы өзенiнiң көпiрi маңында болыпты. Куәгерлердiң айтуынша, бес-алты адам екi сағат бойы атыс­қан. Бұл уақытта полицейлер көпiрдi жауып тастап, оқиға орнына БТР-лер жеткен. Артынша “Жаңажол” саяжайында жарылыс болыпты. Ақтөбелiк полицейлер мұны бiрнеше апта бұрын болған қылмысты ашу операциясының жалғасы деп түсiндiрдi. 10 шiлде күнi Ақтөбеде «Мазда» көлiгiнiң 22 жас­тағы жолаушысы – Н.Темiров­ке қарулы шабуыл жасалып, ол ауруханада қайтыс болған-ды.

АҚШ-тың иммиграциялық қызмет орталығы лаңкестiк қауiп төндiретiн елдердiң тiзiмiн жариялады. Американдық сарапшылардың сөзiне қарағанда, түрiкмен, тәжiк, қырғыз, өзбек елдерi сияқты Қазақстан да қауiптi елге айналған. Ал қазақ шенеу­нiк­терi американдық әрiптестерiнiң бұл әрекетiн түсiнбей дал. Үнемi халқын көршi мемлекетпен салыстырып, “тәубесiне түсiруге” бейiм Қазақстан билiгiнiң түсiнбеген сыңай танытуы күлкiлi-ақ. Мәселен, бiзге көбiрек ұқсайтын Түрiкменстанда полицейлер мен азаматтардың арасында қақтығыс болды. Ал көршiлес Тәжiкстан жастары араб әрiптестерiнiң ерлiгiн қайталамақ.

Мемлекеттiк деген мәртебесi бар қазақ тiлi жайлы жаңа бағдарлама қабылданып, тағы да шуласып жатырмыз. Қайсы бiр облыстарда талқыға салыныпты, тiл ғылымына қатысы бар ғалымдар, қаламгерлер, мемлекеттiк қызметкерлер, депутаттар т.б. өз пiкiрлерiн айтыпты. Осы бағдарлама жайлы Тiл комитетiнiң төрағасы Бауыржан Омаровтың “Астана ақшамы” газетiне берген сұхбатын да көзiмiз шалып қалды. Қайтадан облыс пен аудан орталықтарында қазақ тiлi қоғамдары ашылмақшы екен. Қазақ тiлiн оқытуды жетiлдiрiп, оған арнайы назар аударылмақ екен. Бiрақ үш кезеңнен тұратын он жылдық бағдарламадан елең еткiзерлiк ешқандай өзгерiс көре алмадық.
Маңғыстау облысы Шетпе кентiнiң тұрғындары ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа ашық хат жолдады. Онда былай делiнген:
“Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Сiз Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуының негiзгi кепiлiсiз. Халық қиналған сәтте өзiңiздiң көмегiңiзге жүгiнедi. Сондықтан да сiзден 22 маусым күнi Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентiнiң үстiнен халықтың үрейiн ұшырып, әбiгерге салған СУ-27 ұшағының басшыларын, олардың ұшқыштарын заң алдында жауапкершiлiкке тартуыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасының және халықаралық заң талаптарында елдiмекендердiң үстiнен әскери ұшақтардың әуе жаттығуларын жасауына қатаң тыйым салынған.
ХIХ ғасырдағы ұлт-азаттық күресiнiң батырлары мен     ХХ ғасыр қайраткерлерiнiң жұмбақ жағдайда өлтiрiле беруi   қазақтың маңдайына жазылып қойғандай. Нағыз ұлтжандылар   жалғыздықтан, жауыздықтан, опасыздықтан өлiп жатыр. Кеше де, бүгiн де, алда да солай бола беретiн түрi бар... Бұл – ұлттың ғасырлардан асқан қасiретi. Өкiнiштiсi, елiн өрге сүйрер қайраткер тұлғаларына пана бола алмаған сорлы жұртының мiнез-құлқы    уақыт пен қоғам алмасса да өзгерер емес. Қайраткерлерiмiздiң жұмбақ өлiмдерi ашылмаса, елдiң рухы ешқашан көтерiлмейдi. Олай болса, Кенесарының денесi мен басы қосылмаса, қазақтың ұлттық рухы биiктемейдi деген сөздiң салмағы ауыр. 

 Қырғызстан демократиялық құндылықтардың негiзiн қалап, өзге елдерге үлгi болды. Авторитарлы билiк құрған президенттерiн елден аластап, халықпен санаспаудың салдарын көрсетiп бердi. Бұған қоса қырғыз билiгi сөз бостандығын шектейтiн БАҚ туралы заңдағы қылмыстық жауапқа тарту туралы бапты түгелдей алып тас­тады. Жалған ақпар бердi деп журна­листi жауапқа тартып, ақпарат құралына айыппұл салатын, тiптi жауып тастайтын заңның бұл баптары келмеске кеттi. Жылдың басында “Ата Мекен” партиясының өкiлi Өмiрбек Текебаев осы мәселе бойынша бастама көтерген болатын.

Қазақстан Үкiметiнiң назарына
ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың ел анимациясына арнайы көңiл бөлiп, назар аударуының нәтижесiнде каржыландырылған өнердiң жай-күйi қазiргi күнi көңiл толтырарлық нәтиже бере алмай отыр. Мәселенi жүйелi түрде шешу керек екенiне мамандардың көзi әбден жеттi. Тәуелсiз, дара мәдениетi бар елiмiзде “KAZAKH-ANIMA Ұлттық Анимация Студиясы” мекемесi бой көтеруi керек. Ел мәдениетiне, ұлттық тәуелсiздiгiмiзге бұл өнердiң өкiлдерi қомақты үлесiн қоса алады.  “Бала тәрбиесi – баршаның iсi!” Бүгiнгi балаларымызды, яки ертеңгi ел азаматын тәрбиелеу науқанына қоғам болып, көпшiлiк болып, жұмыла кiрiскенiмiз абзал. 

Демограф ғалым Мақаш Тәтiмнiң соңғы деректерiне жүгiнсек, бүгiнгi таңда елiмiзде 30-50 жас аралығындағы 170 мыңдай сүрбойдақ бар екен. Отбасын құрып, бала сүймеген азаматтар – қоғамның қасiретi. Жастық шақтың қатесiн қартайғанда тартарын ойланбай, серiлiкпен сайран құрған бойдақ жiгiттер өздерiнiң өсiп-өнуiне ғана емес, ұлтымыздың табиғи өсуiне де керi әсерiн тигiзiп жүргенiн ұғынбайды. Қырықтың қырқасына шығып, серiлiгiн қимаған талай азамат артында тұяқ қалдырмай, жалғыз өтiп бара жатқанын жете түсiнсе, сүрбойдақ күнiне нүкте қояр едi.

Балқашқа барғанда естiген бiр әңгiме есiмнен кетер емес... Айырылмастай қос құрбыны күндеске айналдырған, араларынан жүгiрiп өткен қызғаныштың “қызыл қаншығы” екен... Оған жiгерсiз жiгiттiң жетесiздiгi де жол берген... ...Айжан мен Айман (кейiпкер­лер­дiң есiмдерi өзгертiлген) бiр мектепте оқыды. Қашан көрсең де жұптары жазылмайтын қос құр­быға көпшiлiк қызыға, кейбiреулерi қызғана қарайтын. Мектептi бiтiретiн жылы ару Айжан (қалалық арулар байқауында екiншi орын иеленген) жоғары әскери учили­щенi бiтiрiп, әскери қызметiн одан әрi жалғастыру үшiн Балқашқа жiберiлген жас лейтенант Қайсармен танысады.

“Отбасы” қосымша газетiнiң өткен нөмiрiнде (№51 01.07.2011ж.) тараздық келiншектiң басындағы жағдайды оқып, ерiксiз қолыма қалам алдым. Менiң де күйеуiм ата сақалы аузына бiткенде, өзге келiншекпен жасырын некелесiп, отбасымызды ұятқа қалдырды. Балалар есейiп, немере бағып отырған шақта мұндай әбестiкке барған жолдасыммен талай рет сөйлесiп көрдiм. Алайда еш нәтижесi болмады. Имамдардың сауатсыздығы жаныма батты. Дiни сауаты төмен молдалардың кесiрiнен талай шаңырақ осылай шайқалып жатқаны сөзсiз. Күйеуiмнiң некесiн молда бiрiншi әйелiнiң, яғни менiң рұқсатымсыз қиған. Бұл туралы хабардар болған соң, ағайын-туыс отағасын ортаға алдық.

ҚАУIПТI ОЙЫНШЫҚТАР
Жақында техникалық реттеу комитетi мамандарының тексеру жұмыстарын жүргiздi. Осы iс-шараның барысында қазақстандық балалардың ойнап жүрген ойыншықтарының көбi жарамсыз әрi аса қауiптi екенi анықталған. Ресми мәлiметке қарағанда, елiмiзге ойыншықтың 85 пайызы Қытайдан әке­лiнедi. Жас балаға арнал­ған заттардың бұрыштары тым өткiр, қабырғалары жарылған, бояуы сапасыз, ал жасал­ған құрамы улы заттарға толы екен. Мамандар мұндай ойыншықты пайдаланған баланың денсаулығына үлкен қауiп төнетiнiн айтып дабыл қағуда. Алайда осыған дейiн де осындай iс-шаралар жүргiзiлгенiмен, нәтижесi мардымсыз шыққан.
Өткен аптада ел бiрiншi­лi­гiнiң 22-тур ойындары өттi. “Атырау” өз стадионында “Ақтөбенi” қабылдап, 1:1 есебiмен тең тарқасты. Есептi алдымен ақтөбелiктер сапынан Джилас ашып, командасын алға шығарған. Ойын осы нәтижемен аяқталар ма едi, егер Лисенков қақпа алаңында ойын ережесiн бұзбағанда. Төрешi 11 метрлiк айып добын белгiледi. Шафф қателескен жоқ, атыраулықтарды жеңiлiстен құтқарды. Былтырғы ел чемпионы Қостанайдың “Тобылы” өз жанкүйерлерi алдында мас­қарасы шыға жеңiлдi. Шым­кенттiк “Ордабасы” клубы қостанайлықтарды 3:1 есебi­мен жеңiп, турнир кестесiнде 6-сатыға мықтап орнықты.
Бiз осы көлгiр сөйлеп, асыра мақтаудан бәрiнiң алдына түсiп кеткен секiлдiмiз. Күнi кеше Астанада өтетiн бокстан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионатының дақпырты жайыла бастағанда не деп күпiндiк? Аға жаттықтырушы Сұлтан Кастоев­ке командалық есепте бас жүлденi алуды тапсырды емес пе басшылар. Бiрақ Сұлтанның сайып­қырандары көздеген жерге жете алған жоқ. Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың айтатындай жөнi бар. Кей жекпе-жектерде төрешi­лер бұра тартты. Өз жерiмiзде өтiп жатқанына қарамастан бiздiң

“Көлденең жатқан көк белдi тұяқпен тураған” арғымақтар бәйгесi басталарда елдiң делебесiнiң қозғаны-ай! Қиқулап жылқы малының жарысын тағатсыздана күттi. Бұған дейiнгi бәйгелерде аламанға таза қанды арғымақтар мен қазақы аттарды қосып айдайтын. Атбегiлер бұл әдiс әдiл болмаған соң, бөлiп жарыстыруды жөн деп тапса керек. Алдымен қазақы арғымақтар аламан жарысын бастап кеп жiбердi. Ат айдаушы қолындағы жалаушасын түсiргенi мұң екен, Шалкөденiң май топырағы тұлпарлардың тұяғымен майдаланып жатты. 25 шақырым қашықтыққа шапқан аттар алғашқы үш айналым бойы iркес-тiркес жүрдi де, бiртiндеп бiр-бiрiнен ұзай бастады.

БЕЛБЕУ БЕЙБIТТIҢ БЕЛIНДЕ ҚАЛДЫ
Кәсiпқой боксшы Бейбiт Шүменов WBA тұжырымы бойынша өз атағын абыроймен қорғады. Лас-Вегаста өткен бокс бәсiнде Бейбiт Шүменов американдық Дэнни Сантьягоны 9-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Осы уақытқа дейiн жерлесiмiз 11 кездесуiнiң тек бiреуiнде ғана жеңiлген болатын. Ал қарсыласы Дэннидiң Бейбiтке қарағанда жасы да үлкен, өткiзген жекпе-жектерiнiң де саны басым. Ол 31 кездесуiнiң 19-ында қарсыласын есiнен тандырып, нокаутпен ұтып, төрт мәрте жүнi жығылып жеңiлген екен.