1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15624) 4 тамыз, бейсенбі 2011

Ақтөбе облыстық iшкi iстер департаментiне тиесiлi “Арлан” арнайы жасағының сарбазы Игорь Титов Мәдениет министрiне хат жазыпты. Неге екенiн қайдам, бiрақ бастапқыда өмiрде бар-жоғы белгiсiз осы сарбаздың сөзiне иланғандар аз болған жоқ. Мәде­ниет министрi блогының қоржынына келiп түскен хатты ақпарат құралдары сол мезетте iлiп әкеттi. Басқасын былай қойғанда, жауын­гердiң нелiктен мәдениет министрiне шағымданғаны түсiнiксiз. Бiрақ Интернет кеңiстiктi бiр күн бойы гулеткен хаттың авторы “Арлан” жасағында қызмет етпейтiн болып шықты. Бұл туралы әлгi хаттың мазмұнына аң-таң болған Ақтөбе облыстық iшкi iстер департаментiнiң баспасөз хатшысы Алмат Иманға­лиев мәлiмдедi. “Бұл – арандату. Бiзде Игорь Титов есiмдi сарбаз жоқ”, – дептi ол.

Сейсенбi күнi Астана қаласының қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының отырысында мемлекеттiк айыптаушы Тельман Әленов бұрынғы Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиевтiң бар мүлкiн кәмпескелеп, 7 жыл бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегi колонияда жазасын өтеудi сұрады. Денсаулық сақтау ми­нистрi болып бiр емес, екi рет тағайындалған медицина ғылымының докторы, профессор Жақсылық Досқали­ев­тiң басына қара бұлт қайдан үйiрiлдi?

Тоталитарлық қоғамда өмiр сүретiн бiз үшiн АҚШ-тағы қалыпты жағадайлардың бәрi таң. Бiр ғана мысал: қайбiр жылы кiшi Джорд Буш (ол кезде АҚШ-тың президентi – Е.Р.) атшы-қосшысымен Калифорния штатына жұмыс сапарымен барды. Штаттың губернаторы Арнольд Шварценеггердiң Бушта шаруасы болмады. Ол президенттi алаулатып-жалаулатып күтiп алған жоқ. Оның табанының астына кiлем төсеген жоқ. Студенттер мен мұғалiмдердi қаздай тiзiп Буштың жолына тұрғызған жоқ. Өзi президентке таңдайы тақ-тақ етiп есеп берудi қажет санамады. Ол Калифорнияның түкпiрiндегi бiр фермада, халықтың арасында жүрдi.

АЛ ОЛ – ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚЫТАЙЛАНДЫРУДЫҢ БАСТЫ АЛҒЫШАРТЫНЫҢ БIРI
Билiк басында жүрген космополиттер, қоғамдық пiкiрдiң басым бөлiгi қаншама қарсылық бiлдiрсе де, белден басып “үш тұғырлы тiл” дегендi санамызға сiңiрiп жатқаны аздай ендi қытай тiлiн үйретудi бастады. Бiз кезiнде осылай кете беретiн болса, таяу уақытта сол космополиттер: “төрт тiл – төрт құбылаң” дегендi тағы да ойлап тауып, халықты қытай тiлiн үйренуге шақырулары да мүмкiн екенiн айтқан едiк. Бұл күдiгiмiздiң бекер еместiгi расталды. Маусым айында Ақтөбе мемлекеттiк педагогикалық инс­титуты жанынан “Конфуций институтының” салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл ұйғарым 2010 жылдың 1 желтоқсанында Қы­тай тiлi кеңсесi

Маусым айында нарықта елдi елең еткiзген оқиғалардың бiрi – “Қазкоммерцбанктiң” “7”Я” супермаркеттер желiсiнiң кредиттiк қарыздарын қайта құрылымдаудан бас тартып, өз қаражатын қайтару үшiн оны сотқа беруге мәжбүр болғаны аян. Яғни, банк Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгiнiп, “7”Я” супермаркеттер желiсiмен қоса, оның жалғыз акционерi болып табылатын “Food Retail Invest” ЖШС және несие алуға кепiлдiкке тұрған қазақстандық жетекшi жекеменшiк компаниялардiң бiрi “Resmi” компаниялар тобы” АҚ-ынан 2 484 308 270,46 теңгенi заңды түрде өндiрiп берудi сұраған болатын.

Осы жылдың 6 маусымында Жем – Шалқар учаскесiнде №4502 жұмыс пойызы бағдаршамның ескерту шамына қарамас­тан, бiрiншi жол­да тұрған жолаушылар пойызына барып соғылады. Соның салдарынан “Ақтөбе – Алматы бағытындағы №24/23 пойызындағы 48 жолаушы зардап шеккен. Күтпеген тұстан болған соққыдан вагондар қақтығысып, iшiндегi азаматтар дене жарақатын алған. Оқыс жағдай барысында “Батыс” аймақтық филиалының “Жолаушылар тасымалы” Акционерлiк қоғамына қарасты осы пойыздың жолсерiктерi жолаушыларға жедел көмек көрсетедi. Осы оқиғаға байланысты №24/23 “Ақтөбе – Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерiктерi Б.Ажимов пен C.Жалғас­баевты және жолаушылар пойызының басшысы Н.Қалиевтi сөзге тарт­тық.

БҰЛАЙ ДЕУIМЕ БIР ӘРIПТЕСIМНIҢ ЕСТIР ҚҰЛАҚ СЕНЕ БЕРМЕЙТIН ДОССОРЛЫҚ КӘСIПКЕР ТУРАЛЫ ӘҢГIМЕСI СЕБЕП БОЛДЫ
Пайдасыз тұяқ қимылдамайтын замандағы мырзалықты көзiммен көргiм келген. Сол үшiн арнайы Доссорға бардым. Құлақпен есту бiр басқа да, көзбен көру бiр басқа ғой. Доссорлық кәсiпкер Ержан СЕРIКБАЕВ бизнесте көшбасшы болмаса да, шалқып-тасып өмiр сүрер табысы бар. Маңдай терiн төгiп тапқан ақшасын бас­қалар шетелдегi вилларға жұмсаса, ол Доссорға тал егiп, оның қоқысын тазалаумен айналысып, мұғалiм жалдап жүзден астам баланы шет тiлiне тегiн оқытып, алғашқы мұнай ұңғымасының айналасын демалыс саябағына айналдырғысы келiп жүр.
Үш айдан берi ереуiлдеп жатқан “Қаражанбасмұнай”, “Өзенмұнайгаз” және “Ерсай Каспиан Контрактор” жұмысшыларының өкiлдерi Алматыға арнайы сапармен келiптi. Ереуiлшiлер­дiң өкiлдерi наразылық акциясы жайлы үзбей хабар таратып жатқан “Жас Алаш” газетiне де соқты. “Өзенмұнайгаз” компаниясының бұрынғы жұмысшылары Тұрсынбай Оразбай мен Жанар Сақтағанованың айтуынша, Жаңаөзендегi алаңда әлi күнге дейiн 2 мыңға жуық мұнайшы мен олардың тiлеулестерi наразылық акциясын жалғастырып жатыр. “Ерсай Каспиан Контрактордың” бұрынғы жұмысшы Амангелдi Лұқманов 650 жұмысшының жұмысқа шықпағанын айтты.

Ағылшындардың орыс мен­та­литетi туралы мынадай ескi бiр анекдоты бар: Патша заманы болса керек, Санкт-Петерборға жаңа келген ағылшын елшiсiнен сарайға жақын жүретiн бiр әскер басының бәйбiшесi сұрайды-мыс. “Айтыңызшы, сiздердiң Питт (Ан­глияда Питт деп о заманда премьер-министрдi айтқан) қалай жүредi? ” Елшi үлде мен бүлдеге малынып-төгiлiп отырған мына ханымның не дегiсi келгенiн ұқпай (әлде сөйлеткiсi келiп ұқпаған болып), ”Қалай жүргенi несi, кәдiмгiдей жүре­дi, ханым” дейдi лондон­дық­тар­ға тән мұзқаракесек әлiп­те. Дәу бәйбiше ”Жоқ, жоғары мәртебелi елшi мырза, сiз менi түсiнбедiңiз

Бiр тақырыпқа екi хат
Ақсу қаласы құрылғалы елу жыл толып отыр, ертеде бұл жер Қызылшырпы деп аталған. Бұл жердi қарттар: “Суын iшсең нәрi таусылмас, балығын жесең дәмi аузыңнан кетпес”, – дейтiн. Ақсу – әсем әрi экологиялық тұрғыдан таза қала. Ал Павлодар – менiң туған қалам. Балалық шағым, сәби күндерiм осы қалада өттi. Сондықтан да мен оны жан-жүрегiммен жақсы көрiп, қадiрлеймiн. Қаланың тұрған жерi дөңес, жар­қабақ, өзеннiң арғы жиегi ну тоғай. Қала көшелерi оқтай түзу, қала халқы мәдениеттi, еңбекқор, бiлiмдi жастар көп. Ақсу да – дамыған қала, қынжылтатыны...

Осыдан 50 жыл бұрын арман қуып, бiлiм алуға Алматыға, қасиеттi қара шаңырақ – Қазақтың мемлекеттiк қыздар институтының кiтапхана фа­культетiне (бiр орын­ға 5-6 адамнан тұратын бiлiм жарысынан өтiп) 50 қыз оқуға алынып едiк. Бiр жатақханада жатып, бiр асханадан тамақтанып, бiр дәрiсханаларда лекция тыңдап, кiтапханалардың оқу залында да бiрге да­йындалып, демалыстарды да бiрге өткiзгендiктен болар, бiр отбасының балаларындай бауырласып кеттiк. Институт қабырғасындағы қызықты өмiр, қыздар арасындағы сырласулар жазғы каникулда Мақтааралда мақта терумен, Қостанайда қырманда астық жинаумен, құрылыс отрядтарында жұмыс iстеумен жалғасын тауып жатты.

Өткен жексенбiде бүкiл­әлем­дiк бокс сериясының (WSB) 2011-12 жылғы жере­бесi тартылды. Биылғы командалар екi топ­қа бөлiндi. Әр топта алты командадан бар. Әр топтан жоғары ұпай жинаған төрт команда плей-офф жолдамасына ие болады. Былтыр көз сүйiндiрiп, ақтық айқасқа дейiн жеткен “Астана арландары” биыл да сол биiктен төмендемеудi мақсат етiп отыр. Былтырғы маусымда бокс­шыларымызды қырсық шалды. Бақыт Сәрсекбаев қарсыласын сабап жат­қанда, қабағынан қан ағып, төрешi­лер жеңiстi әзiрбайжан боксшысына ұстатып жi­бердi. Лондон олимпиадасының жолдамасы үшiн Қанат Әбутә­лiпов пен Ержан Мүсә­пiров тартысқа түсiп, Қа­нат қана се­нiм­дi ақтады.
Жаздың аптап ыстығында, қыстың қақаған боранында, желдiң өтiнде тыным таппай халыққа қызмет етiп шапқылайтын адам – ауыл әкiмi. Әкiмнiң жұмысы сан ал­уан: ауылдың тазалығы, көгалдандыру, жеке иелiктегi малдарға бақташы табу, елдiмекендi ауызсумен қамтамасыз ету, мәдени iс-шаралар өткiзу, жол жөндеу, төрт түлiк малды емдеудi ұйымдастыру, ақсақалдар алқасы мен жастар ұйымымен қоян-қолтық бiрлесiп жұмыс iстеу және тағысын тағылар. Мiне, осындай жауапты қызметтi атқару ауыл әкiмiне жүктелген. Қысқа жiп күрмеуге келмейдi, сiз қанша iскер, бiлiктi маман болсаңыз да барлық проблема қаржыға келiп тiрелгенде шарасыздық танытатын сәттер көп.

...“Түстi жақсыға жору керек”, – дейдi бiлетiндер. Мен түсiмде көпқабатты үйлерден құлап бара жатамын немесе тауға шыға алмай, мықшыңдап жатып оянамын. Бұдан басқа да түстер көремiн, бiрақ олар есiмде қалмайды. Өтiрiк айтқаным емес, мына түстердi жиi көремiн. Өзiмше жақсыға жорып, “биiктен көрiнедi екенмiн” деп қоямын. Бiрақ биiктен әлi көрiнетiн түрiм жоқ. Әжем жарықтық “түсiнде шыбын-шiркей, құрт-құмырсқа көрген адам бай болады” деушi едi. Ал менi құрт-құмырсқа шағып жатады. Түсiмде, әрине. Әлi байитын түрiм жоқ. Көмiр де саттым, бiр облыстан бiр облысқа көкөнiс пен жемiс-жидек те тасыдым. Бiрақ “баяғы жартас сол жартас”...

ЗАРИНАДАН ҮМIТ ЗОР
Қазақстандық теннисшi Зарина Диас Қытайда бас­тал­ған халықаралық турнирдiң екiншi айналымына өттi. Жүлдеге тiгiлген 75 мың доллар үшiн бұл сынға ешкiм де жеңiлу үшiн қатыспасы белгiлi. Заринаға алғашқы ойыны ауыр соқты. Себебi ол осы турнирдiң сегiзiншi нөмiрлi ракеткасы саналған украиналық Элина Свитолинаны екi сетте 6:1, 6:3 есебiмен мысын басты. Келесi кезеңдегi ойынын ол ендi кәрiс қызы Со-Джунг Кимге қарсы өткiзедi. Ким алғашқы бәсекесiн ханзу теннисшiсi Ван Тинг Лиге қарсы өткiзiп, 6:2, 6:1 есебiмен үстемдiгiн байқатып, жеңiп кеткен болатын.
ЧАРЛИ ЧАПЛИН ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК ТАБЫЛДЫ
Чарли Чаплиннiң өмiрбая­нында әкесi Чарльз – әншi, ал шешесi Ханна Чаплин де әншi деп көрсетiлген. Ал шындығында олай емес болып шықты. Жақында Чарли Чаплин­нiң балалары әкесiнiң жазу-сызуларын қайтара ақтарып отырып қызықты хатқа тап болды. Онда атақты Чарли Чаплиннiң саябақта, сығандардың күй­мелi арбасының iшiнде туғаны жазылған. Чарлидiң анасы сығандардың баронессасы болғанын және ол сығандар циркiмен әрдайым бiрге саяхаттап жүргенi айтылған. Бұл хатты Ч.Чаплиннiң немере ағасы жазыпты. Чарли­дiң ұлы Майклдың айтуынша, бұл хатты әкесi Чарли кабинетте, ешкiм таба алмайды-ау деген жерге тыққан.