1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15625) 9 тамыз, сейсенбі 2011
НЕМЕСЕ “ҚАТIГЕЗ ХАН” МЕН “КIНӘЛI УӘЗIРЛЕР” ТУРАЛЫ АҢЫЗ
...Бiрде ерiккен хан айналасындағы уәзiрлерiн жиып алып:
— Ертең бәрiң менiң көңiлiмдi көтеретiн бiр нәрсе айтуға тиiссiңдер. Бiрақ сөздiң басын “Хан ием, менiң басымды шауып тастауыңызға болады...” деп бастайсыңдар, — деп бұйырыпты.
Уәзiрлердiң әбден басы қатады. Содан олар ақылдаса келе, мақтау сүйетiн ханның көңiлiн көтерудiң жолын тапқандай болып тарқасады... (Аңыз-әпсананың немен аяқталатынын сөз соңында баяндармыз).
ДЕГЕН ЕКI МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢАӨЗЕН МҰНАЙШЫЛАРЫ “НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАТАРЫНАН ШЫҚТЫ
Бiрнеше айдан берi ашық аспан астында ереуiлдеп тұрған мұнайшыларға билiк партиясының бiр өкiлi келмегенiне, бiрпартиялы билiк режимiне наразылық ретiнде олар осындай қа­дам­ға барғанын жария еттi. “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа Маңғыстау мұнайшылары Үндеу жолдап, партия қатарынан шығатындықтарын мәлiмдедi. Үндеуде былай делiнген: “Еңбек жағдайымызды түзеп, жалақымызды өсiрудi сұрап, әдiл­дiктi талап етiп, ереуiлде тұрғанымызға үш ай болғанын Сiздiң бiлмеуiңiз мүмкiн емес. Бiздiң ереуiл туралы
“Аман саулық” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматыда “Қазақстандағы коррупция: қауiпсiз қауiп” тақырыбымен дөңгелек үстел өттi. Бұл жиынға Ұлыбритания елшiлiгiнен Стивен Хиклинг, ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары және заң бағдарламасы бойынша кеңесшiсi Штефан Бухмайер, Еуропарламент депутаты Марек Мигальский және 80-нен астам мемлекеттiк емес ұйымдар, саяси партия өкiлдерi қатысты. Қоғамдық қордың төрайымы Б.Түменова алғысөзiнде елiмiздегi өзектi мәселелерге тоқталып, билiк пен халық арасындағы шиеленiскен проблеманың тамыры сыбайластықта деп атады.
ШЕНЕУНIКТЕРДIҢ НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҒЫНЫҢ САЛДАРЫ БҰЛ
Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылының тұрғындары жаппай дертке шалдықты. Мемлекеттiк санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетi төрағасының мiндетiн атқарушы Нұр­лан Садуақасов таратқан ақпаратқа қарағанда, олар ластан­ған судан уланып, ауруханаға жеткiзiлген. Бесқайнарда «А» гепатитiне 19 адам шалдыққан. Әйткенмен, ауыл тұрғындарының айтуынша, бас-аяғы үш-төрт күннiң iшiнде ауыр­ған адамдардың саны 19 емес, елуден асып кеткен. Алға­шын­да, неге екенiн қайдан, дәрiгерлер науқастардың санын жасырып, жапқан. Дерт ауылдағы бiрден-бiр ауызсудың көзi – бұлақтан келдi деп шыр-пыр болса да, ақ халаттылар да, жергiлiктi шенеу­нiктер
Жасыратыны жоқ, соңғы кездерi жамбылдықтар жарты аралда қалып кеткендей күй кешiп жүр. Бiр қарағанда, Тараз қаласы Астанаға да, Алматыға да анау айтқандай алыс емес. Таңертең тауық шақырған кезде Тараздан тартып кеткен көлiк Алла жол берсе жарты тәулiкке жетер-жетпесте Елорданың есiгiнен кiрiп барады. Ал Алматы мен көне қаланың арасы 550 шақырым. Алайда елдiң көбi алыс жолға пойызбен ырғалып барғанды жақсы көредi емес пе?! Оның үстiне дәл қазiр Жамбыл облысының жолдарында қызу құрылыс жүрiп жатыр.

“Түптiң түбiнде Қазақстан мен Ресей бiрiгiп, бiр мемлекет болады!” деп ұран көтерген орыс ұлтшылдары өз арманын қалай да жүзеге асыруға құмар тәрiздi. “Бұл бастаманы бiз ғана емес, қалың көпшiлiк қолдайды” деген ойды жеткiзу үшiн Ресейде арнайы сауалнама да жүргiзiлдi. “Ресейдiң қай мемлекетпен бiрiккенiн қалайсыз?” деген сұраққа сауалнамаға қатысқан 1600 адамның 30 пайызы Қазақстанды таңдады” деп мәлiмдедi әлеуметтану орталығы. Бүгiндерi әлеуметтану халықтың көзқарасын өздерiне қажеттi бағытқа бұрып, қоғамдық пiкiрге ықпал етушi билiктiң бiрден-бiр құралына айналды.

Павлодарда Бас редакторлар клубы мен Журналистер одағының облысаралық бөлiмшесi ұйымдастырған аймақтық медиа-форум өттi. Бұл шараға елiмiздегi ресми және тәуелсiз БАҚ-тар, облыстық, аймақтық баспасөз қызмет­кер­лерi, Медиа стандарттар институтының, ҚазҰУ-дың журналистика фа­культетiнiң өкiлдерi, Ресейдiң Павлодар облысымен шекаралас Новосiбiр, Алтай аймағынан келген әрiптестерiмiз, “Associated Press” агенттiгiнiң Қазақстандағы тiлшiсi, осы облыстағы республикалық БАҚ-тардың меншiктi тiлшiлерi қатысты. Жалпы, төртiншi рет өткiзiлiп отырған бұл форумның қажеттiлiгi айтпаса да белгiлi

Газетiмiздiң өткен сандарының бiрiнде Павлодарда мемлекеттiк тiлдi және өзiнiң жеке басын қорлағаны үшiн “Павлодарлифт” ЖШС-ын сотқа берген жергiлiктi тiл жанашыры Руза Бейсенбайтегi жайлы жазған бо­ла­тынбыз. Оқырмандардың есiне сала кету үшiн қысқаша айтсақ, Руза Бейсен­байтегi төлемақы жөнiнде мемлекеттiк тiл­де сауал қойғанда, “Павлодарлифт” серiк­тес­тi­гi қызметкерлерiнiң бiрi оған: “Говорите на нормальном русском языке”, “Еще пожалеете о своем казахском, вот подадим в суд, тогда посмотрим, на каком загово­ри­те!”деген секiлдi дөрекi жауап қайтар­ған. Одан бөлек, төлемақы үшiн келетiн түбiртектерде оның аты-жөнi әдейi бұрмаланып, “Бейсенбай MERI”, “Бейсенбай тiги ТЗ”, “Бейсенбай ТЗ” деп жазылған.

Елi мен жерi үшiн күреске даяр нағыз жанкештi мемлекетшiл тұлғалардың өз арман-мақсаттарын жүзеге асыра алмай аяусыздықпен ажал құшуы – ұлттық    қасiрет. ХХ ғасыр басында атылып кеткен қазақтың мемлекетшiл, ұлтжанды тұлғаларының   қазiргi кезде де орындары ойсырап тұр. 30-жылдардағы кеңестiк отарлау дәуiрiнде мемлекет басқарған тұлғалардың тарихи рөлдерi жете және шынайы бағаланбады. Бұлардың қатарында Голощекин билiгi тұ­сын­да өлкелiк өкiметтiң түрлi   ша­руа­шылық салаларын басқарған Ұзақбай Құлымбетовтiң азаматтық бейнесi де көмескi қалды.

Бұл мақаланы Бiшкекте (Қырғызстан) әр ай сайын шығып тұратын “Түркел” газе­тiнен аударып берiп отырмын. Шың­ғыс хан туралы бiздiң елiмiзде әртүрлi пiкiрлер бар екенi белгiлi. Ал ендi Шың­ғыс қаған туралы Түркияның беделдi ғалымы Саадеттин Гөмечтiң пiкiрi қандай? Отандас­тарым мұны да бiле жүрсiн дедiм. Фадли Әли, түрктанушы-ғалым.
Әлем тарихындағы ең iрi әмiршiлердiң бiрi   – Шыңғыс қаған (1161-1227). Оның жеңiстерi мен заңдары туралы қазiрге дейiн мыңдаған еңбек жазылғаны белгiлi. Шың­ғыс қағанға деген қызығушылық, әлбетте, тегiн емес.
“АЙХАН”. БҰЛ ҚАНДАЙ ФИЛЬМ?
Көрерменге бұған дейiн “Аран”, “Ән мен анаша” фильмдерiмен таныс болған “Паң Нұрмағамбет” киностудиясы үшiншi көркем фильмiн түсiрудi аяқтады. Психологиялық драма жанрында түсiрiлген “Айхан” фильмi Кеңес одағының чемпионы, әйгiлi боксшының тағдырынан сыр шертедi. Бала жастан бокспен шұғылданып, “Әлемдiк аренада өз өнерiн көрсетем” деген арманына қол созым қалғанда олимпиадаға баратын спортшылардың қатарына iлiнбей қалған кейiпкер құсалық күйге түседi. Дүниеден баз кешiп, үмiтсiздiкке ұрынған спортшыға жан жары демеу болып, тығырықтан алып шығады. Фильмнiң режиссерi, сценарий авторы – дарынды өнерпаз Баянғали Әлiмжанов.
Елбасымыздың бағы бар,
Астында мызғымайтын тағы бар.
Өйткенi мызғымайтындай етiп,
Парламентiмiздiң
Шығарып берген заңы бар.
Назарбаев университетi бар,
“Ұлт көшбасшысы” атағы тағы бар,
Жалпы, Александр Дюма ­– екеу. Әкесi және баласы. Кәдiмгi кiшкентайымыздан қызыға оқитын – “Үш ноянды”, ­ “Граф Монте-Кристоны”, “Мадам де Монсороны”, “Королева Маргоны” жазған да – Александр Дюма. Әкесi. Александр 1802 жылы Париж маңындағы Вилле-Котре қаласында дүниеге келген. Оның әкесiнiң аты да – Александр Дюма. Александр Дюма Наполеонның досы және Наполеон әскерiнiң генералы болған. Бiрақ ол Наполеонмен қатты ренжiсiп, ақырында отбасының күн көрiсiне да қаржы таппай қалады. 1806 жылы генерал Дюма қайтыс болған соң, анасы, әпкесi Александрина-Эме және 4 жасар Александр жоқшылықтың зардабын әбден тартады.

Отыздан асқанша ұлының үйленбей жүргенiне Қадиша онша алаңдамап едi. Ендi, мiне, ұлы Азат 35-ке келдi. Әлi сүрбойдақ. Өзiмен бiрге тебiсiп өскен достары баяғыда үйлi-жайлы болды, балалары мектепке барып жүр. Бүгiн ертемен дүкенге барғанда ескi көршiсi Нариманның баласын кезiктiрдi. “Апай” деп тани кеттi. Қасында ересек екi ұл тұр. “Менiң ұлдарым” дедi. Мақтана, шаттана айтты. Қадиша да құрақ ұшып, беттерiнен сүйген болды. Алайда кеудесiн бiр қызғаныш тырнап кеттi. Үйге келген соң өзiнен-өзi күйiп-пiстi. Өз қатарынан қалып, қу тiзесiн құшақтап жүрген ұлына деген ызасы күнi бойы басылмады. Не жетпейдi оған?

Мұндай ойын болады деп кiм ойлапты? Бiздiң қыздар тым құрыса бiр сетте ұтады деп бек сенiмдi едiк. Теледидардың алдында жайланып отырмыз. Қазiр басталады. Гран-при жарысын өткiзушi ел – Қытай құрамасы мен қазақ елiнiң қыздары ойнайды. Ойын басталды. Тәп-тәуiр-ақ келе жатыр едi. Алғашқы сетте қос құрама iркес-тiркес бiрiн-бiрi ұзатпай, ұпайды алма кезек еншiлеп отырды. Ойынның бұлай өрбiгенi ханзулардың қитығына тиген болуы керек, шабуылды үдете түстi. Бұл ойында бiздiң қыздарға не жетiспедi? Қорғанысымыз қақырап қалды. Қараңыз, қытай қызы Руоки Хуэй шабуылға шығады. Үйлестiру­шi туралап допты оған көтерiп бе­ре­дi.
“Ақтөбе” де еурокубок жолындағы сапарын аяқтады. Өз алаңында владикавказдық “Алания” командасымен тең ойнап, (1:1) пенальтиде ұтылды. Қобыланды батыр атындағы стадионды толтырған 13 мың жанкүйер жеңiлiстi тамашалау үшiн келмегенi белгiлi.  Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. 55-минутта әуелеп келе жатқан допты Бикмаев самайымен сүйкей салып едi, Бойченконың қақпасына қарай зулай жөнелдi. Сөйтiп, қонақтар алға шықты. Ендi шабуылды күшейту керек. Таялы-таяғымен алға андыздаған “Ақтөбе” футболшылары ашуға
БОС ҚАЙТПАДЫ
Тайландтың Бангкок қаласында кадеттер арасында грек-рим күресiнен әлем чемпионаты аяқталды. Елiмiзден барған Мейрамбек Айнақұлов 58 келiде алтын медальға қол жеткiздi. Осы әлем чемпионатымен қатар Бухаресте де (Румыния) күрестен жастар арасында әлем чемпионаты өттi. Грек-рим күресi бойынша 50 келiде белдескен Жансерiк Сәрсенбиев күмiс жүлдегер атанды. Қыздардан Эльмира Сыздықова қоланы мiсе тұтты. Еркiн күрестен Нұрсұлтан Найзабеков қана (50 келi) қола жүлденi иелендi.