1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (15626) 11 тамыз, бейсенбі 2011
СОКОЛОВАНЫҢ СОТЫ ҚЫТАЙДЫҢ ЕКПIНI ҚАНШАЛЫҚТЫ ЕКЕНIН КӨРСЕТТI
Тамыздың 8-i күнi Ақтау қаласының №1 сотында мұнайшылар кәсiподағының заңгерi Наталья Соколова 6 жылға сотталды. Оған “әлеуметтiк жанжал тудырды” деген айып тағылды. Заңгер Н.Соколова бұған дейiн де үш рет әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған-ды. Мамырдың 23-iнде оны “17 мамырда рұқсатсыз митинг өткiздi” деп айыптап, 22 680 теңге айыппұл салған. Ал 24 мамырда “мамырдың 21-iнде рұқсатсыз жиын өткiздi” деп айыптап, 30 240 теңге айыппұлды мойнына iлдi. 25 мамырда Соколова Маңғыстау облыстық iшкi iстер департаментiнiң жанында “рұқсатсыз наразылық шарасын өткiзгенi үшiн” айыпты болып, 8 тәулiкке қамалды.

Алматыда қоғам қайраткерлерi, зиялы қауым мен азаматтық қоғам өкiлдерi мұнайшылардың отбасын қолдау жөнiнде қоғамдық комитет құрды. Бұл туралы олар арнайы баспасөз мәслихатын өткiзiп, мәлiмдедi. Үш айға жуық әлеуметтiк талап қойып ереуiлдеп жатқан мұнайшылардың отбасының жағдайы нашарлап барады. Баспасөз жиынында “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы комитеттiң негiзгi мақсаты мен жұмыс жоспарын түсiндiрiп өттi. Ереуiлге шыққан қарапайым жұмысшының әлеуметтiк талаптарын билiктiң орындауға құлқы жоқ. Ал мұнайшы отбасының мәселесi билiктi селт еткiзбесi тағы анық.

Маңғыстау облысындағы ереуiлшi мұнайшылардың отбасыларына қолдау көрсету жөнiнде қоғамдық комитет құрыл­ғанын хабарлаймыз. Қымбатты отандастар! Шетелдiк және отандық жұмыс берушiлерден еңбекақы төлеу жүйесiн қайта қарауды, кәсiподақ жұмысына килiкпеудi және мұнай өндiрушi кәсiпорын­дарды ұлттық меншiкке алуды талап еткен мұнайшылар ереуiлi үшiншi айға созылды. Бiз сiздердi олардың ашқұрсақ отырған бала-шағасына, отбасына көмектесуге шақырамыз. Маңғыстаулық мұнайшылар соншама уақыттан берi нелiктен ереуiлдi тоқтатпай отыр? Осы сауалға жауап iзде­сек, олардың “тойып секiр­мегенiн”, шыдамдарының шегiне жеткенiн, бұдан әрi қожайындардың деге­нiне көне бергiсi келмегенiн көремiз.
Шапағат КЕЛБАТЫРОВ, мұнайшы:
– Жұмыстан шығарылған мұнайшының бiрiмiн. Бiр ғана менiң жалақыма қарап отырған отбасымда бес адам бар. Жұмыссыз адамның тамағы қалай болады? Қара су мен қара нанды талғажау етiп, шықпа жаным шықпамен күн кешiп жатырмыз. Мектепке баратын баланың күйi келiсiп тұрған жоқ. Киiмi алынбады, қағаз-қаламы дайын емес. Бұлай мектепке қалай жiберерсiң? Мектепке жiбермеймiз деп отырмыз.

“Жас Алаш” газетiнiң өткен санында Жаңаөзен қаласындағы “Өзенмұнайгаз” компаниясының екi мыңнан астам мұнайшысының “Нұр Отан” партиясынан шығуы туралы мәлiмдемесi жарияланған едi. Кеше осы мәселеге орай “Нұр Отан” ХДП облыстық бөлiмшесi ресми мәлiмдеме жасады. Олар таратқан ақпарат бойынша, партиядан шығу мәселесiн мұнайшылар емес, мәселенi саясиландырғысы келген “Халық майданы” саяси бiрлестiгiнiң мүшелерi Болат Атабаев пен Жанболат Мамай көтерген екен. Ал мұнайшылар оларды қолдамапты. Бұған байланысты мен оқырмандарға мынаны айтқым келедi.

Жасыратын түгi жоқ, сауда орталықтарында, қара базарда, әсiресе, жабайы сауда нүктелерiнде күн сайын тұтынушылардың құқығы сан рет бұзылуда. Мәселен, азық-түлiктiң сапасыздығы, көпшiлiк өнiмнiң халықаралық стандарттарға сай еместiгi, кейбiрiнде қазақ тiлiнде толық мағлұмат бермейтiнi, тiптi өнiмдердiң құрамы сыртында көрсетiлген жарнамасынан алшақ кететiнi де бар. Заң жүзiнде сатушы мен тұтынушы тең құқылы бол­ғанымен, таразы басы тең болмай тұрғаны өкiнiштi-ақ.

Абдуррахман Девежи Иранның түрiкмендер жиi қоныстанған Түрiкменсаһра аймағында туған. Ақын, прозашы, тәржiмешi, өнертанушы-ғалым ретiнде танымал. Ыстамбул университетiнде өнертану саласы бойынша диссертация қорғап, өнер тарихы және археология докторы атағын алған. Оннан аса көркем-әдеби, ғылыми кiтаптардың авторы. Шығармаларын парсы, түрiк, түрiкмен, тәжiк тiлдерiнде жазады. Түрiкменнiң классигi Мақтымқұлының жырларын парсы тiлiнде сөйлеттi. А.Девежи биыл елiмiзде 100 жылдығы тойланар қазақтың көрнектi ақыны Қасым Аманжоловтың жырларын да парсы тiлiне аударып жүр.

Сейсенбi күнi Мәдениет министрлiгiнде қазақ тiлiне қатысты кезектi отырыстың 70 пайызы орыс тiлiнде өттi. Шыны керек, атал­ған жай мешiт уағызын шiркеу қызметкерi жүргiзгендей әсер қалдырады екен. “Баршаға түсiнiктi тiлмен” сөйлеуге әуестенген шендiлердiң қазақ тiлiне шекеден қарауы қашан тыйылады? Ол жағы белгiсiз. Белгiлiсi Мәдениет министрлiгiнiң жауапты хатшысы Жанна Құрман­ғалиеваның айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiздегi барлық iсқағаздар қазақ тiлiне көшiрiлетiн көрiнедi. “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк тiл саясаты мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” Қазақстан Республикасының

НИЕТ ЖОҚ! НИЕТ ЖОҚ БОЛҒАННАН КЕЙIН...
ҚР мәдениет министрлiгiнiң жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, мәдениет министрлiгi “Орысша-қазақша тiлашарды” миллион данамен шығарыпты. Қазақша үйренгiсi келетiндердiң бәрiне бұл тiлашар тегiн таратылады екен. Бiздiң ойымызша, сөздiктер мен тiлашарды миллиондап емес, миллиардтап шығарыңыз, бұдан ешкiм қазақ тiлiн үйрене қоймайды. Неге? Өйткенi оларда ниет жоқ. Ниет жоқ жерде ештеңе жоқ... Қазақстанда қазақ тiлiн бiлмейтiндердi қазақшаға үйретудiң бiр-ақ жолы бар. Ол қандай жол? Ол – мәжбүрлеу. Қазақ тiлiн үйренуге мәжбүр ету. Мәжбүр болған адам қазақ тiлiн әрi кеткенде бес-алты айда-ақ үйренiп алады. Мәжбүрлеу үшiн не iстеу керек?

Қытайда тұратын қандастарымыздың Қазақстанға келу үшiн виза рәсiмдеуi өткен жылдың көктемiнен берi күн санап күрделене түстi. Виза және тiркеу жүйесiндегi қиындықтарға байланысты “Жебеу” Республикалық қоғамдық бiрлестiгi ең алғаш дабыл қағып, парламенттiң алдына мәселе қойған болатын. Бекболат Тiлеухан бастаған бiр топ мәжiлiс депутат 2010 жылдың 17 маусымында премьер-министр Кәрiм Мәсi­мовке депутаттық сауал жолдады. 50 ша­қты депутат қол қойған осы сауалға жартымды жауап болмаған соң, 2010 жылдың 14 қазанында депутат Бекболат Тiлеухан премьер-министрге қайта хат жазады. Өкiнiшке қарай, жауап “мен не деймiн, қобызым не дейдi?” дегенге ұқсайды. Премьер-министр К.Мәсiмовтiң 2010 жылдың 12 қарашасындағы жауап хатында:

Ұйғырдың қуғында жүрген саясаткерi Рәбия Қадыр Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының оңтүстiгiндегi Қашқар мен Қотан қаласында болған ұлтаралық қақты­ғыс­қа қатысты “Азаттыққа” сұх­бат берiптi. — Бұл оқиғалардың бәрi (ұйғыр мен қытайдың арасындағы қақтығыстар — ред.) бiрiмен-бiрi сабақтасып жатыр. 2009 жылы шiлденiң 5-i күнi Үрiмшiде болған оқиға кезiнде 10 мың ұйғыр тұтқындалды. Төрт-бес мыңға жуығы iз-түзсiз жоғалып кеттi. Тағы 4-5 мың адам оққа ұшты. Жуыр­дағы оқиғаға қатысқандар өлген адамдардың туыстары деп ойлаймын. Мұның аса қайғылы оқиға болғанына қарамастан, бұған ешкiм бас ауыртып отырған жоқ. Қытай билiгi әлi күнге дейiн адамдарды тұтқындап жатыр.
Зерттеулерге сүйенсек, қа­зiргi заманда отыз жасқа дейiнгi жiгiттердiң үйленуге жағдайы жоқ, жағдайы болмаған соң құл­қы да жоқ. Көбi отызға дейiн үйленбеген соң, бойдақ өмiрле­рiне еттерi әбден үйренiп кеткен, ендiгi күнде үйленгiлерi де келмейдi. Отбасы болмаған соң, бала аспаннан түсе ме?! Оның арты неге соғатынын өздерiңiз ойлай берiңiздер...
Жастарды тiземен басып үйлендiретiн қазiр ата-ана да қалмады, олардың айтқандарына көне қоятын жастар да қалмады. Өз басым Астана қаласында үш жерде жұмыс iстеймiн. Оның бiрi – бюджеттiк ұйым. Пәтерге мұқтаждардың тiзiмiнде тұрғаныма 4 жыл болды.

Алматыны артқа тастап, Үржарға жетiп жығылдық. Ертеңiне таңертең Алакөлге жүргелi жатқанбыз. Қайынағам Берiкхан бiзге Алакөлге кетпес бұрын Тарбағатай тауының бөктерiндегi Теректi ауылындағы сыныптасына соға кетсек деген ұсыныс айтты. Сонымен Үржардың солтүстiгiндегi тас жолға түсiп, Тарбағатай тауын бетке алып жүрiп кеттiк. Биiкке көтерiлген сайын табиғаттың шеберлiгiне таңдай қағумен болдық. Жотаның бәрiн сан алуан өсiмдiктер көмкерген. Гүлдердi айтсаңшы! Бейне бiр алып кiлем төселгендей! Олардың бәрi өзара үйлесiм тауып, өрнектеле жайқалып тұр. Түске қарай Тарбағатай тауының терең түкпiрiндегi Теректi ауылына да келiп жеттiк.

Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, “Өрнек” ауыл тұрғындарының “Мұхамеджан Сералин ауылындағы мектеп неге жабылды?” (“Жас Алаш”, 14 шiлде, 2011 жыл) деген мақала жарияланған едi. Осы мақала бойынша аталған елдiмекенге министрлiктiң тапсырмасымен және Қостанай облыстық бiлiм басқармасы басшысының жетекшiлiгiмен арнайы комиссия жiберiлiп, тексеру жұмыстары жүргiзiлдi. Комиссия жұмысының нәтижесiнде Қарабалық ауданының әкiмi Ф.И.Филиппов ауылдағы “бастауыш мектептi” “негiзгi мектепке” ауыстыру жөнiнде қаулы қабылдады. Мектеп оқушылары санының аздығына қарамастан (бастауышта – 11, негiзгi мектепте – 15) ауыл тұрғындарының өтiнiшi ескерiлдi.
АЛДЫНАН АРҚАН КЕРШI...
Көп уақыт бiр-бiрiн көрмеген 3-4 әйел отырған жерiн базар етiптi. Әйелдердiң даң-дұңынан басы айналған Үржан: “Әй, бiреуiң ана әйелдердiң алдынан арқан керiңдершi-ей”, – дептi ренжiп. Отырғандар: “Мынау не дейдi?” – деп бажырая қарағанда Үржан: “Әй, сендер ненi бiлесiңдер? Мына шуылдақтар (әйелдердi меңзеп) етi қызған сайын шабатын бәйге аты секiлдi болды ғой. Ондай атты бұрынғылар алдынан арқан керiп тоқтатушы едi. Жаңағы айтқаным, соны меңзегенiм, – дептi.
Ендi он күннен кейiн Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнiң төрiне төселген кiлемде 150 мың доллар жүлденiң иегерi анықталады. Қызылорда облысының әкiмдiгi мұрындық болып, ерте көктемде “Қазақстан барысы” атағының иегерiн анықтау үшiн әр облыс пен Астана, Алматы қаласында iрiктеу сайыстары өттi. Салмағы 74 келiден жоғары балуандар белдесiп, әр облыстан 4 балуан ақтық айқасқа жолдама алды. Сонымен сайдың тасындай iрiктелген 64 балуан түйе балуанға тiгiлген жүлде үшiн белдеседi. Ба­луан­дардың жасы мен салмағын екшеп көрсек, ең жас қатысушылар: Алматы облысының балуаны Жәнi­бек Дүйсенбаев, (91 келi), Ақмола об­лысынан Леонид Станеев

Дәл қазiр Тараз қаласының солтүстiк-батыс бөлiгiндегi Асқаров көшесiнiң бойында орналасқан 30 гектар жерде жаңа базар құрылысы жүрiп жатыр. Алдағы уақытта орталық базардың осы жаққа көшетiнi көктемде-ақ белгiлi болған едi. Қала халқының саны жыл санап өсiп келедi. Сондықтан базарлар негiзiнен осы жаққа шоғырланғанымен қаланың басқа тұстарында да үлкен сауда кешендерi бола беретiнi тағы анық. Мiне, Тараздың солтүстiк жақ бетiнен қазық қаққан “Атакент-Тараз” базарының да басты мақсаты осы сияқты. Жалпы жайлы да, ыңғайлы, бүгiнгi заманға сай базардың көп болғаны бәсекелестiктi арт­тырмаса, кемiтпейдi. Бұл тұрғындар үшiн де өте қолайлы.

Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында басталған Азия чемпионаты бел ортадан ауды. Бiрталай боксшылар қаңтарылды. Мықты санап, жолынан жүлде күткен жiгiттердiң көбi чемпионатты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Қазақ елiнiң боксшыларының да қатары селдiреп барады. Жартылай сынға командадан тек бес боксшы ғана шықты. Азамат Исақұлов ринг қожайыны Хун Жонг Шиннан ұтылып қалды. 56 келiде сынға түскен Мәди Шолақовтың да жеңiсi шолақ болды. Бұған дейiнгi кездесулерiн керемет өткiзiп келген Мәдидiң мұратын тәжiк Әнуар Юнусов кестi. Мұның алдында ғана өткен Еревандағы жарыста да Мәди осы тәжiктен өте алмаған болатын.
БАҚТИЯРДЫҢ БАСТАМАСЫ
Жуырда журналист Бақтияр Қабасовтың “Жауһар” баспасынан “Тарланбоздар” деген атпен тұңғыш кiтабы жарыққа шықты. Спортқа бiр табан жақын жүретiн Бақтияр журналистика саласында спорт тақырыбын жиi қаузайды. Алғашында апыл-тапыл басқан қадамы бертiн келе қарақанаттанып, төселдi. Мер­зiм­дi басылым беттерiнде спорт тақырыбын өндiртiп жазған ол “Президент және халық” газетiнде спорт бөлiмiнiң редакторы болды. Одан кейiн ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз хатшысы болды. Бұл ауыр атлетиканың маңдайы жарқырап, жұлдызды ша­ғы туған кезi едi. Мiне, осы федерацияның толағай табысын жария жар салып таныстырды.
98 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЕРЛIГI
Сан-Франциско қаласының тұрғыны, 98 жастағы Кейко Фукуда дзюдодан қара белбеудiң 10-дәрежесiне ие болды. Осы уақытқа дейiн мұндай ең жоғары марапат тек үш-ақ рет қана тапсырылған едi. Айта кетерлiгi, Кейко Дзюдо федерациясы пайда болғалы берi әлемде қара белбеудiң 10-дәрежесiне ие болған тұңғыш әйел. Рекордшының балалық шағы Жапонияда өткен. Көптеген жапон қыздары секiлдi Кейко да кiшкентай кезiнен бастап көркем жазуды, шай дайындау өнерiн үйрендi. Ал дзюдомен шындап айналысуға оның өз басынан өткерген, яғни әйел затына деген өктемдiктер себеп болды.

“Альянс Банкi” АҚ-ның проблемалық несиелер портфелiн сатуға байланысты келiссөз жұмыстары аяқталуға жақын. Жеке тұлғаларға кепiлсiз берiлген несиелердiң қарыздары банкке шығын келтiретiнi сөзсiз. Мiне, осы тұрғыдан алғанда, “Альянс Банкi” АҚ қарқынды жұмыстар жүргiзiп, көптеген нәтижелерге қол жеткiзiп отыр. Бұл туралы БАҚ өкiлдерiмен болған кездесуде Банктiң Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев хабарлады. Проблемалық несиелер портфелiн сатудан шамамен 14 миллиард теңге табыс түсiру жоспарланып отыр.

Жаңа пәтердi қалай алуға болады? Бұл мәселе қазақстандықтардың көбiсiн ойландырады. Әрине, көптеген мүмкiндiктердi қарастырамыз және көп жағдайда жаңа тұрғын үй алудың ең тиiмдi тәсiлi ретiнде үстемдiк кредит алуға берiледi. Сонымен бiрге ұсынылған кредиттеу бағдарламаларын қарастыру, таразыға салып көру, жақындармен ойластыру қажет – қысқасы жұмысы көп. Бiрақ бұл қалтаға ауыр тимейтiн тиiмдi шарттар тапқан кезде ләззат әкелетiн жанға жағымды жұмыстар. Ал барлық ерекшелiктердi үздiк етiп шығару үшiн шынында өзiнiң қоныстой формуласын тапқандарға жолығу қажет. Оларды табу өте оңай болып шықты – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi” АҚ жолықтық.