1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15627) 16 тамыз, сейсенбі 2011
“ЖАМБАСЫ ТЕСIЛГЕНДЕР” ЖҰМСАҚ ЖАСТЫҚТАН ТАҒЫ ДӘМЕЛI МЕ?
Сенат сайлауы осы жұмада, 19 тамызда өтетiн болды. Президент Н.Назарбаев бұған қатысты жарлыққа өткен аптада қол қойды. Сонымен, қазақ қоғамы “шаңы” шықпайтын кезектi бiр сайлауды бастан өткермек. Сенат сайлауының қашан және қалай өткенiн көпшiлiк бiлмей де қалады. Бұл — сайлаудың маңызсыздығынан емес, сайланушылардың салмақсыздығынан. Парламенттiң жоғарғы палатасының сенаторларына қарағанда, төменгi палата — мәжiлiстiң депутаттары танымалдау. Неге? Өйткенi мәжiлiс депутаттары сайлау науқаны кезiнде жұрт алдына шықты, азды-көптi ащы терi шықты. Олардың бәрi қағаз жүзiнде “нұротандық” болғанымен, араларында “Нұр Отанға” iштей оппозициялары да бар. Ал сенат депутаттарының көпшiлiгiн мәслихат сайлайды. Қалғанын президент тағайындайды. Бұлар жұрт алдына шықпайды. Ең алдымен президент әкiмшiлiгiнен “бата” алуы тиiс, одан кейiн облыс әкiмдерiнiң “алдынан өтсе” болды, сенаттың төрiнен бiр-ақ шығады.

Жақында Қазақстанның Мәдениет министрлiгi мемле­кеттiк тiлге байланысты жоба жасап, басы дауға қалған едi. Тарқатып айтсақ, министрлiк мемлекеттiк тiл саясаты бо­йынша заңға толықтыру енгiзу мақсатында заң жобасын жасады. Бұл жоба интернетте жарық көрiп, елдi шулатып жiберген-дi. 2013 жылы барлық мекеменiң құжаттары тек мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, мемлекеттiк қызметкер азаматтармен қазақ тiлiнде сөйлесуге тиiс делiнген жобаның интернетте жариялануы бөлек әңгiме. Қазақстандықтардың тарапынан бұған айтылған пiкiр көп болды. Мемлекеттiк тiл туралы айтыла бастаса, шоқ басқандай ыршитын кiсiлер бұл жолы армансыз “секiрдi”. Ерiнбегеннiң барлығы Мәдениет министрлiгiнiң “жаңалығын” талқылады.

Бұл туралы интеллигенция арасында екi пiкiр бар. Олардың бiреулерi ұлтшылдықты фашизм мен шовинизимге барар жолдың басы десе, ал, екiншiлерi одан ешқандай да ерсiлiк көрмей, оны табиғи-тарихи процесс ретiнде қабылдайды. Ал Олжас Сүлейменов болса, ұлттық идеяны iздеу ұлтшылдыққа бастайтын бiрден-бiр сара жол деп алып, көп ұлтты Қазақстан мен Ресейге интернационалистiк бағыт-бағдардағы ұстанымдар керек дейдi. Оның пайымдауынша ұлттық идея табыла қалса, мемлекет те, ұлт та тұйыққа тiреледi-мыс. Сондықтан олар секiлдi­лерге коммунистiк интернационализм негiзiнде тыныс-тiршiлiк кешетiн, ұлттық құндылықтардан қол үзген ел-жер үлгiсiндегi қарым-қатынас керек.

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бас еңбек инспекторы С.Бисакаев редакцияға арнайы хабарласып, ереуiлдеген мұнайшылардың жағдайын өзiнше түсiндiрдi. Оның сөзiне қарағанда, мәселенiң мәнi мүлде басқаша-мыс. 
Естерiңiзде болса, мұнайшылар мамыр айының ортасында бас көтерiп, ереуiлге шықты. Ол кездегi талаптары жұмысшылардың құқы­ғын қорғап жүрген Н.Соколованы босату, өздерiнiң жалақысына өзгерту енгiзу болатын. Ал қазiргi кезде мұнайшылардың талаптары көбейе түскен. Себебi, заңсыз ереуiлге қатысып, жұмысқа шықпағанын басшысы жұмыстан босатуда. Қазақстан Республикасының Еңбек қатынастары

Тамыздың 14-i күнi Мәскеуде қазақстандық мұнайшыларды қолдау митингiсi өттi. Грибоедов ескерткiшiнiң жанына жүздеген адам жиналып, Маңғыстаудағы ереуiлге өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Митингi Ресейдiң коммунистiк жұмысшылар партиясының ұйымдастыруымен өткiзiлдi. Оған кәсiподақ белсендiлерi мен “Левый фронт” ұйымының мүшелерi қатысты. Маңғыстаулық үш мұнайшы ереуiлге шығуға қандай жағдай итермелегенiн, кәсiподақ заңгерi Н.Соколоваға қатысты әдiлетсiз шешiм шыққаны туралы ойларын ортаға салды. Ресейлiк кәсiподақ қызметкерлерi мен белсендi топ мұнайшылардың талаптарын орынды санайтынын және қолдайтындарын бiлдiрдi

“Өзенмұнайгаз” компаниясының ереуiлдеп жат­қан екi мыңдай мұнайшысы “Халықтық майданға” қосылды. Осыған дейiн әлеуметтiк талап қойып, ереуiлдеген мұнайшылардың саяси ұйымға кiруiне әркiм әрқалай пiкiр бiлдiруде. Әдiлдiктi талап етiп, жалақы мәселесiн шешудi сұрап, ереуiлдеген мұнайшыларға билiк мойын бұрмады. “Нұр Отан” партиясының қатарынан кететiнiн ашық мәлiмдеген өзендiктер жағдайдың саяси арнаға ауысқанын жасырмайды. Соттар мен құқыққор­ғаушылар компания басшыларының сөзiн сөйлеп, сойылын соғып отыр. Осыған наразы болған мұнайшылар талаптарына халықаралық ұйымдардың назарын аударуды жөн санайды.

Ресми дерек қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевты “1938 жылы атылды” дейдi. Осы деректi жоққа шығаратындардың бiрi – әйгiлi батырымыз Бауыржан Момыш­ұлы. Б.Момышұлы 1948 жылы Сiбiрдегi №59 бригада командирiнiң орынбасары болып тағайындалады. Кезектi әскери жаттығу кезiнде ол ну орманның арасында отқа жылынып отырған тұтқындардың арасынан Мағжан Жұмабаевты көредi. Мағжанға жолығып, бiр-екi ауыз тiл де қатысады. Мағжан Жұмабаевты көрген кезде Бауыржан Момышұлы дәл 38-де. 38 жастағы жiгiттiң жаңылысуы мүмкiн бе? Әрине, мүмкiн емес. Оның үстiне Баукеңнiң жады ерекше тұтқыр екендiгi, бiр көрген жерiн артынан әскери картаға айна-қатесiз түсiретiндiгi елдiң бәрiне мәлiм. Сонымен қатар

(Ташкенттегi қазақ студенттерiне етiлген баяндама)
Mағжанның ақындығын сынауға бiлiмiмiз, кү­шi­мiз кәмiл жетедi деп айта алмаймыз; толық сынау үшiн, оның алды-артын орап, өрiсiн артылтып шығарлық сегiз қырлы, негiздi бiлiм керек. Кеңiнен толғамай, шұғылдан iстелген жұмыс өңсiз, үстiртiн болмай тұрмайды. Мағжан өлеңдерiнiң егжей-тегжейiн, ноқатын, тәститiн қалдырмай тәптiштеп қарап шығуға көп уа­қыт, көп дерек (материал керек), ақынның ақындығын үстiнен қарап топшыламай, iшiне кiрiп зерттеу (изучать ету) керек. Бұ жағынан да емiн-еркiн бола алмадық. Мағжанды тексергендегi тағы бiр қиыншылық мынау. Қандай өнерпазды, ақынды, данышпанды болсын, өз заманының сыншылары әдiл көзбен қарап, баға беру шетiн нәрсе.
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМIН
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Волейболдан елiмiздiң қыздар құрамасы өткен аптаның соңғы үш күнiн қарбаласпен өткiздi. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында гран-при жарысының екiншi iрiктеу кезеңi өттi. Бұл сын басында Жапонияда өтедi деп жоспарланған. Алайда жер сiлкiнiсi мен атом электр стансасы жарылып, өздерi жарымжан күйге түскендiктен, дода өтпейтiн болып, ұсыныс бiздiң елге түсiптi. Қонақжайлылығын жоғалтпаған қазекем бiрден келiсiм берген. Осы дода өтер алдында ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев былай деп едi:
Бокстан қазақ елiнiң жiгiттерi Азия чемпионатынан жеңiспен оралды. Жарысқа қосылған он боксшының бесеуi жартылай финалға дейiн жетiп, жүлдегер атанды. Күмiс жүлденi уысымызға 52 келiдегi Iлияс Сүлейменов салды. Ақтық сын алдында филиппиндiк Раэ Салударды ол үш раунд бойы төпелей сабап, 30:17 есебiмен жеңдi. Ақтық сында қытайлық Енг Чанг Сүлейменовтiң сағын сындырып кеттi. 60 келiде Айдар Әмiрзақов жарады. Ол ақтық айқасқа дейiн алқынбай жетiп, финалда қытай үмiтiнiң сенiмiн селге кетiрдi. Ли Хуанды қуып жүрiп ұрған жер­лесiмiз Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласынан Азия чемпионы атанып қайтты.
Өткен жексенбiде футболдан ел бiрiншiлiгiнiң екiншi кезеңi басталды. Елiмiздiң алты қаласында Премьер-лиганың кезектi ойындары өттi. Астана өз алаңында Қарағандының “Шахтерiнен” 1:2 есе­бiмен ұтылып қалды. Кеншiлер алдымен есеп ашқан. Хижниченконың нәтижелi шабуылы 29-минутта голға ұласты. Артынша Богавец пенальтиден есептi теңес­тiрдi. Артынша Отарбаев (64-мнутта) гол соғып, кеншiлерге жеңiс сыйлады. Үш ұпай олжалаған “Шахтер” турнир кестесiнде екiншi сатыға орнықты. Жетiсу Талдықорғанда “Ертiс­тi” есеңгiретiп, 3:0 есебiмен ұтты. Климавичюс 43-минутта таблодағы көрсеткiшке өзгерiс енгiзiп едi, артынша Ұлықбек Бақаев 77, 85-минуттарда қос доп соғып, маңдайы жарқырады.