1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (15628) 18 тамыз, бейсенбі 2011
ӨЙТКЕНI, БИЛIК – ҚАЗАҚ ТIЛIН, АЛ ҚАЗАҚ ТIЛI БИЛIКТI ӨЛЕРДЕЙ ЖЕК КӨРЕДI
Обалы не керек, ҚР мәдениет министрлiгi мемлекеттiк тiл туралы заңның жобасын қатырып-ақ жасапты. Бұл заң жобасы қазақ тiлi жанашырларының бәрiнiң де көңiлiнен шықты. Бiрақ... Ал ендi осы жобаны парламентке бiр-ақ ұсынбай, мұны интернетке салудың не қажетi бар едi? Қазақ тiлiне қарсылардың өре түрегелетiнi онсыз да белгiлi емес пе?! Өре түрегелушi­лер­дiң пiкiрiнен өлердей қорқып, Мәдениет министрiнiң орынбасары Ғазиз Телебаевтың “Мемлекеттiк тiл туралы заң жобасынан әне бiр бапты алып тастадық, мына бiр бапты мүлде жойдық, кей жерлерде қаттырақ кетiп қалыппыз, оларды жұм­сарттық...” деуi қалай? Алып тастауға, жұлып тастауға, жұм­сартуға қандай қақысы бар оның? Қазақ тiлiн Ғазиз Телебаев жасаған жоқ! Қазақ тiлiн жасаған – халық, қазақ халқы! Сондықтан да Ғазиз Телебаевтың “алып тастауға”, “жұлып тастауға”, “жұмсартуға
Статистика агенттiгi тамыз айында негiзгi азық-түлiк тауарларының бағасы арзандайды деп ақпарат таратқанымен, қара базардағы баға ырыққа көнер емес. Дүниежүзiлiк банк таратқан ақпаратқа қарағанда, әлемде азық-түлiк бағасы соңғы 1 жылдың iшiнде орташа есеппен 33 пайызға өстi. Мәселен, жүгерiнiң орташа бағасы – 84, қант – 62, бидай – 55, соя майы – 47 пайызға қымбаттаған. Ал шикi мұнай бағасы 45 пайызға өскен. Әлемдiк азық-түлiк қоры өте төменгi деңгейде қалуда. Қымбатшылық және басқа да түрлi себептерден туған дау-жанжалдың, тәртiпсiздiктiң салдарынан, әсiресе, Африканың күншығысында 12 миллион адам ашаршылыққа тап болды. Дәл қазiр ашыққан, тарыққан адамдар көмекке зәру.

Ресми ақпараттарға қарағанда, Қазақстанда жалпы бiлiм беретiн 7576 мектеп бар. Оның 3811-i ғана таза қазақтiлдi мектеп. 1598-i – орыс, 62-сi – өзбек, 14-i – ұйғыр, 2-уi – тәжiк тiлiнде оқытылады. Елiмiзде әлi күнге 2089 аралас мектеп жұмыс iстеуде. Санаулы күндерден соң Қазақ елiнiң тәуелсiздiк алғанына 20 жыл толмақ. Ұлттық, мемлекеттiк саясатты мықтап қолға алдық дегенде, алдымызға жан салмаймыз. Әйткенмен, осы жылдар аралығында үкiмет, ең болмағанда таза қазақ тiлiнде бiлiм берудi жолға қоя алмады. Бiлiм беру iсiндегi салақтықтан таза қазақ тiлiнде оқытылатын мектептердi ашу, тiптi, оқушы саны азайған орыс тiлiндегi мектептердi қазақшалаудың өзi билiк үшiн мұң болып тұр.

Кулагин басқаратын облыстан тыныш кеттi. Осыған дейiн ұрлық-қарлық, парақорлық деген пәлемен көбiне оңтүстiк аймақ шулап жататын. Соңғы кездерi “жемқорлық жарысынан” солтүстiк өңiрi де қалысар емес. Мәселен, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Жалғысқан ауылдық әкiмi Тамара Тасболатова жұмыста жоқ адамды жалақы парағына енгiзiп, пайда “тапқан”. Тамарадан қай жерiм кем дедi ме екен, Сарыкөл аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы Роза Щерботаева миллиондарды қалтаға басыпты. Есепшiсiмен келiсе отырып, аванс ретiнде 21 миллион теңгенi олжалаған басшының оқушыларға көрсеткен үлгiсi осы. Тапжылмай облысты жетi жыл басқарған Сергей Виталийұлы

Әкiмдердiң қат-қабат тiрлiгiне рең берiп, рет-ретiмен орынға бөлетiн рейтингтiк көрсеткiш бойынша Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаев соңғы мәрте екiншi орыннан көрiндi. Бұл жетiстiк, әрине, үнемi тiзiмнiң жуан ортасында жүретiн Жамбыл облысы үшiн үлкен жаңалық болғаны рас. Бозымбаевтың беделiн сырттан келiп жатқан инвестициялардың өсiмi аспандатып тұр. Әрине, мұның бәрi iрi бизнес, iрi жоба, үлкен тiрлiктер. Әйтсе де Жамбылдың шағын және орта кәсiпкерлiгiне әлi күнге шыр бiтпей, өз қолы өз аузына жетпей жатқанын жасыруға болмас. Негiзi елдiң тұрмысын тез түзеп, тiрлiктiң шырайын кiргiзетiн сала осы шағын кәсiпкерлiк емес пе? Қолдағы бар мәлiметтерге қарасақ,
(“Жас Алаштың” арнайы экспедициясы күнделiгi)
Бiздiң Мағжан Жұмабаевтың өмiр дерегiне қатысты дәйек­тердi нақтылауға, қабiрiн iздеу­ге, рухына тағзым етуге арнал­ған Магаданға сапарымыз Алматыдан және Атырау облысының Құлсары ауылынан басталды. Құлсарыда ақиқатты анықтаудың ең басты әрi “тiрi құжаты” Абдулла Әбдiрахманов ақсақал тұрады. Жолсапарымызды бейнетаспаға түсiруге дайындалған оператор жiгiт Нұрбол Мұғалiм екеумiз кештетiп 300 шақырым қашықтықтағы Құлсарыға жол тарттық. Жол шалғай болғанымен тақтайдай тегiс. Атыраудың мұнайының қазаққа пайдасы шамалы болғанымен, әйтеуiр мұнайлы ауданға барар жолды барынша тегiстеуге тырысқан. Iлгек әжей ауызашарға арнап

Тамыздың 16-сы күнi Алматыда Б.Есжанова баспасөз жиынын өткiз­дi.Өзiн коммунистiк партия мүшесiмiн деп таныстырған ол Қазақстан ком­мунистiк партиясы мен тiркелмеген “Алға” партиясының әрекеттерiне тоқталды. Оның сөзiне қарағанда, тiр­келмеген “Алға” партиясының капи­талис­терi ҚКП-нi ықпалына жығып, күшпен басып алғалы жатқан көрiнедi. Шетелден қаржы бөлiп, осындай күш берiп отырған қашқын банкир Мұхтар Әблязовтiң “алғалықтары” Ғазиз Алдамжаровты да тырп еткiзбей қойыпты-мыс. Б.Есжанова таратқан баспасөз хабарламасында партия мүшелерi жалған коммунист Ғ.Алдамжаровтың коммунистiк құндылықтар мен идеалдарды сатып мазақ болмай, бiрiншi хатшы қызметiнен кетудi талап етiптi. 

(Ташкенттегi қазақ студенттерiне етiлген баяндама)
Пушкин, Лермонтов, Байронға, Шекспирге елiктеген. Толстой сықылды әлемге аты шыққан жазушы да Пушкинге, Гогольге елiктеп жазған. Леонид Андреев, Чехов, Арцыбашев, Сологуб сықылды ақындар Достоев­скийге елiктеген, Максим Горький, Пушкиндердi жатқа бiлген. Абай Лермонтов, Пушкинге елiктеп жазған. Бiр ақын көп елiктесе, сол көп елiктеушi Мағжан деуге болады. Мағжан елiкте­генде орыс, қазақ, татар, араб деп талғамайды. Кiмнiң сөзi көңiлiне жақса, соған елiктеп жазады. Сондықтан Мағжанның алғашқы кездегi өлеңде­рiн­де неше түрлi рух бар. Сыртқы түрiнде орыстың бейнешiлдерiне (символист) елiктесе, iшкi рухында күйрек­тiк, жылауықтық
(поэма)
Бар екен де, жоқ екен,  
Аш екен де, тоқ екен,
Ертек – ертек – ертекте:
Ала қарға – азаншы,
Қара қарға – қазаншы,
Шымшық терген шөпшектi.
Биыл қас талант, Алаштың аты аңызға айналған ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына – 100 жыл. Бұл мүшәйра тойды республика деңгейiнде емес, ЮНЕСКО көлемiнде тойлау туралы айтылғанымен, оның қолдаусыз қалғаны бөлек әңгiме. Айтпағымыз, өзiнiң батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйiспеншiлiгiне ие болған бiртуар дарын иесiне Алматы қаласының бiр көшесiнiң атын беру мәселесi. Астана қаласының әкiмi Иман­ғали Тасмағамбетов Алматы қаласының тiзгiнiн ұстап отырған кезде ақын Қасым Аманжоловқа көше атын беру туралы бастама көтерiлген-дi.

Әлихан Бөкейхан – қазақтың басын бiрiк­тiрiп, ерiктi ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетiн: ақыл-ойын, өнер-бiлiмiн, жiгер-қайратын, бар саналы өмiрiн арнаған адам. Егер ол өзiнiң бас пайдасын ғана ойлап, патша заманында мансапқор болып, шен-шекпенге қызығып, ұлық болғысы келсе, өзi ақсүйек, хан әулетi әрi оқымысты Әлихан Бөкейханға ол жол оңай едi. Бiрақ Әлихан қара басының қамын ойлаған жоқ, туған халқының қамын ойлап, белiн бекем байлап, ел үшiн еңбек ету жолына түстi. Аяғын шалыс басып, адасса да қилы заман, қиын асуда қиналып қателессе де сол жолда адас­ты, сол жолда қателестi.

Халқымыз жақсы мiнез-құлқымен, өнегелi iсiмен көзге түскен жастарды “әдептi бала екен” дейдi. Әдептiлiк – барлық адамға көрiк беретiн қасиет. Бұл адамның бала жасынан алған тәрбиесiне, өскен ортасына байланысты қалыптасатын қасиет. Қыз баланың әдептiлiгi оның сөйлеген сөзiнен, iстеген iсiнен, мiнез-құлқынан, әртүрлi жағдайда өзiн ұстай бiлуiнен, адамдармен ара-қатынасынан, жалпы, жүрiс-тұрысынан көрiнiп тұрады. Қазақ қыздары көбiнесе биязы, iлтипатты, әдептi, сүйкiмдi болып бой жеткен. Қызды әуел бастан-ақ iзеттiлiкке, ұқыптылыққа, iскерлiкке, сыпайылыққа, тәрбиелегенде оған болашақ ана ретiнде қараған. “Қызға қырық үйден тыйым” дейдi халқымыз. Бұл да қыз балалардың отбасындағы тәрбиесi, өмiрге бейiмдiлiгi, әдептiлiгi, сезiмтал да саналығы биiк болсын деген ойдан туған.

Мен өтiрiк сөйлейтiн жас бала емеспiн. Аузымнан шыққан әрбiр сөзге жауап беремiн. Зейнеткермiн. Жасым – 56-да. Әрине, айтайын дегенiм бұл емес.Қазақстанға 2006 жылы көшiп келген едiм. Жақында қара жерде қалған ата-бабаларымның басына барып тәжiм етiп қайттым. Түрiкмен елiнде туып-өстiм, бiлiм алдым, отбасын құрдым. Ол жақ пен бұл жақтын арасы жер мен көктей. Мысалы, газ, су, жарық, тұз, бiлiм алу, медицина – тегiн. Мұны бiр деңiз. Екiншiден, жеңiл көлiгi барларға ай сайын 150 (жүз елу) литр жанар-жағармайды тегiн бередi. Үшiншiден, пәтер алу да тегiн, яғни кезекпен аласыз. Қазақстандағыдай “приватизация” деген сөз жоқ.

Жақында Алматы қалалық Саңыраулар қоғамы басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет қол-қимыл аудармашыларының бай­қауы өттi. Байқауға саңыраулар қо­ғамының әр мекемесiнен 15 үмiткер қатысты. 3 түрлi сынақ қорытындысы бойынша “Сервис” колледжiнiң аудармашысы Х.Исраил 1-орынды, осы колледждiң аға оқытушысы Т.Пухтаевич 2-орынды жеңiп алды, ал 3-орынды қалалық басқарманың қол-қимыл аудармашысы Н.Колесникова иелендi.

Осы жылдың 4 тамызында (№62) “Жас Алаштан” Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Қ.Көрпебаевтың “Ауыл әкiмiне қаржы бөлсiн” деген мақаласын оқыдым. Шындығы керек, маған салса, ауыл әкiмдерiне бiр тиын да бермес едiм. Неге дейсiз бе? Бiрiншiден, аула сыпыру, қоқыс жинау және тағы да басқа адамдарға (штат ашылса) ақша бөлiнсе, онда әкiм мiндеттi түрде өзiнiң таныс-тамырын жұмысқа алады. Екiншiден, штат бөлiнген күннiң өзiнде де бәрiбiр ондай жұмысқа оқушыларды, мұғалiмдердi жегедi. Үшiншiден, ол бөлiнген штаттың ақшасы әкiмнiң қалтасына кетуi әбден мүмкiн.

Қазақ елiм дариясың буырқанып тасыған,
Жақсы-жайсаң сүйiнетiн, дұшпандарың шошыған.
Күнi кеше ағысыңмен көлшiктердiң ласынан
Тазарушы ең қыран құстай дода көрген жасынан.
Бүгiнгi күн ағысың жоқ, суың-дағы сасыған
Балығың да әр көлшiкте шiрiп жатыр басынан.

Мен 43 жыл мектепте қызмет жасаған, Қазақстан республикасының оқу-ағарту iсiнiң үздiгi болған қарт ұстазбын. 35 жылдай мектеп басқардым. Соңғы жылдары көзiме катаракта деген ауру жабысып, көзiмнiң көруi өте нашарлап кеттi. Зейнеткерлiкке шығысымен қызметтi әрi қарай жалғастырмай өз еркiммен жұмыстан шығып кеттiм. Содан берi көздi емдейiн деп бармаған жерiм, баспаған тауым жоқ. Көз дәрiгерлерiнiң бәрiнде жан-жағын қоршаған толып жатқан аппараттар. Соларымен қарайды да әр аппаратына 2000-3000 теңгеден ақшаны сыпырып алады. Одан кейiн бес тиындық пайдасы жоқ қымбат дәрiлердi үйiп-төгiп жазып бередi. Жеке меншiк дәрiгерлерге де қаралдым

Несiн жасырайық, редакциямызға келiп түсiп жатқан хаттардың көбi арыз-шағым. Зейнеткерлерден, мұғалiмдерден, студенттерден... тiптi белi бесiктен шықпай жатып арыз жазуды оқушылар да бiледi екен. Факспен, хатпен, электронды пошта арқылы келiп жатқан арыз-шағымды айтпағанның өзiнде, өздерi редакцияға арнайы арыз айта келетiн оқырмандар да жеткiлiктi. Әрине, бiз бiр адамның үстiнен түсiп жатқан арыз-шағымдарды жариялап жатқан жоқпыз. Мұны көзi қарақты оқырман бiлiп те, көрiп те жүр. Арыз жазушылар: “Хат жiбергенiмiзге пәленбай уақыт болды, неге газет бетiнен жарық көрмейдi?”, “Шындықты жазып отырмыз, неге бiзге сенбейсiздер?” –   деп ренжидi.

УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы дүбiрi де басталды. Францияның “Лион” командасы өз алаңында Ре­сейдiң “Рубин” клубын қабылдап, 3:1 есебiмен ұтты. Ойын өте тартысты өттi. Стадионға жиналған, одан сырт көгiлдiр экран алдында отырған жан­күйерлер тамаша футбол көрдi. Есептi бiрiншi болып қазандықтар ашқан. Ойынның екiн­шi минутында бұрыштан көтерiлген допты Дядюн басымен тура бағыттап, командасын алға шығарды. Бiрақ бұл гол “Лион” футболшыларының сағын сындыра алған жоқ, керiсiнше, қамшылай түстi. Сөйттi де олар шабуылды демiл-демiл ұйымдастырды. Стад Жерлан атындағы стадион­да жанын шүберекке түйiп, жеңiс тiлеген жанкүйерлерi алдында iркiлудi жөн көрмесе керек
АЛҒАШҚЫ СЫНДА АЛҚЫНБАДЫ
АҚШ-та өтiп жатқан халықаралық турнирде жерлесiмiз Андрей Голубев екiншi айналым­ға өттi. Жүлде қоры 2,5 миллион доллар болатын сайыста жеңiмпаз атану – әркiмнiң-ақ арманы.Андрей алғашқы кездесуiн швейцариялық Станислас Вавринк­пен өткiзiп, ойынды үш сетте (3:6, 6:4, 6:1) аяқтады.Оның ендiгi қарсыласы чех Радек Штепанек пен американдық Джон Изнер арасындағы тартыста белгiлi болады.Бұған дейiн елiмiздiң атынан бұл сынға ертеректе Михайл Кукушкин қатысып, ақтық айқаста жапон теннисшiсi Кею Нищикориден екi сетте 3:6, 4:6 есебiмен ұтылып қалған-ды.Бұл турнирдi Роджер Федерер төрт дүркiн жеңген екен. Былтыр да Роджердiң мерейi үстем болған.