1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15629) 23 тамыз, сейсенбі 2011
Билiк жарапазаншыларының сөзiмен айтқанда, өткен аптаның соңындағы сенат сайлауы “еуропалық озық деңгейде” өттi. Өзi де қалтаң-қалтаң етiп жүрген “қарт билiк” сенатқа өзi құралпы “шалдардың” алғаш­қы легiн иiрiп әкеп қамады.  Сенаторлар бiздi “шал” дедi деп өкпелесе, атам заманда сүйегi қурап қалған римдiктердiң бүгiнгi үрiм-бұтағынан құн даулауына болады. Өйткенi латынның senatus (senex) сөзiнiң түп-төркiнi “шал”, “қарт” (старик)деген мағынаны бiлдiредi. Сенатты ойлап тапқан — римдiктер. Сонымен бiздегi “шалдар” сайлауы қалай өттi? Кiмдер өттi сенатқа?
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ОРЫНБАЕВ ОЙЫНА КЕЛГЕНIН IСТЕП ОТЫР МА?
“Асар” ықшамауданы — “Нұрлы көш” бағдарламасының iшiндегi пилоттық жоба. Басқалармен салыстырғанда оларға айрықша артықшылықтардың қарастырылуы осыдан”. Ел үлкен үмiт артқан бағдарламаны бұра тартып, бұрмалаушылар осылай деп ақталатын шығар. Бұған да келiсер ме едiк, бәлкiм? Бiрақ өзге өңiрлер пилоттық жобаны жүзеге асырғанда атажұртына қоныс аударған оралмандар дүниенiң қай бұрышынан келсе де барлығын жаппай жатырқамай қабылдап жатыр. Ал оңтүстiктегi “Асар” ықшамауданына оралмандар Өзбекстанның тек бiр ауданынан, онда да бiр ғана рудан тұратын адамдардың iрiктелiп қоныстануы қалай? Әлде мемлекеттiк бағдарлама оралмандарды географиясы мен автобиографиясына қарап алалайтын ат төбелiндей топтың жетегiнде кетiп, жеке мүдденi көздейтiн “дәулер” “диспетчерлiк” жасап отыр ма? 

ҚазТАГ-тың таратқан ақпаратына қарағанда, Оңтүстiк Корея мен қазақстандық ресми өкiлдердiң арасында келiссөздер жүрiп жатыр. KEPCO (Korea electric power corporation) корейлiк компаниясы Қазақстандағы уран саласындағы үлесiн арттыру және АЭС салу мәселесiне қызығушылық танытып отыр. Келiссөз шаралары осының аясында болып жатқан көрiнедi. Осыған дейiн кәрiстердiң Қазақстаннан уран сатып алудағы үлес пайызын көбейтуге қол жеткiзе алмай келгенi мәлiм. Егер тараптар келiссе, екi аттап, биге шығатын болды. Яғни уран мәселесiн де шешедi және Қазақстанда АЭС құрылысына да атсалысады. Ақпарат көзiнiң мәлiметiнше, бейресми кездесу барысында екi тарап осы мәселелердi талқылап, алдағы уақытта мақсаттарын жүзеге асыруды жоспарлап отырған көрiнедi.

Мен саясаткер де, бизнесмен де, шенеунiк те емес, қарапайым халықтың бiрiмiн. Дегенмен, қоғамнан тыс өмiр сүрiп жатпағандықтан, қоғамдық мәселенi қалт жiбермеймiз. “Жас Алаш” газетiнiң (24 ақпан 2011 жыл) санында жарияланған шағын мақалада стратегиялық зерттеу институтының мамандары бүгiнгi оппозицияға “саяси өлiк” деп айып тағып, билiк сайлаудан кейiн жаңа, басқа оппозицияны құру мәселесiн ойлануы қажет” деп жазыпты. Бүгiнгi оппозиция жөнiнде осылай деп ұсыныс айтқанда, сарапшылардың 16 миллион халықтың атынан кесiп-пiшiп сөйлеуi қалай болар екен? Олар бүгiнгi оппозицияны жаратпаса, бүкiл халық та жаратпайды деп ойлай ма?

МАГАДАННАН МАҒЖАНДЫ IЗДЕДIК...
(“Жас Алаштың” арнайы экспедициясының күнделiгi)
 
Таңертеңгi сағат 8-де Магадан облыстық iшкi iстер басқармасының ақпараттық орталығының жетек­шiсi майор Михаил Се­региннiң қа­былдауына кiр­дiк. Оған жағдайды айтып түсiндiрдiк, алайда мұрағаттағы өзiмiзге қажеттi құжаттармен таныса алмадық. Архангельскдегi оқиға бiзге ащы сабақ болды. Құжат иесiнiң немесе оның тiкелей туысқандарының рұқсатынсыз мұрағат құ­жат­тарын көрсеткен құқық қорғау органы қызметкер­лерiне қатысты қылмыстық iс қозғалды. Өйткенi адамның жеке өмiр тарихына қатысты де­рек­тердi кез келген бөгде жанға беруге заң рұқсат етпейдi. Егер өмiрден өткен адам болса, оның туыстары оған қатысты жайттарды қазбалағанды қаламауы мүмкiн.
Осыдан бiраз уақыт бұрын әншi Меруерт Түсiпбаева ғылыми атағын қорғады. Бүгiнде оның есiмi жазылған тұсқа әншi деген сөзбен қатар “педагогика ғылымдарының кандидаты” деген тiркес те қоса жазылады.   Жуырда әншiмен сұхбаттасқан едiк. Сiздi жұрт әншi ретiнде таныды. Солай қабылдады. Ал сiз 2008 жылы ғылым кандидаты атандыңыз. Не түрткi болды бұған? Мен кандидаттық жұмысты 8 жыл жаздым. Эстетиканы зерт­тедiм. Ақын-жыраулардың эстетикалық тәрбие ойларын сараладым. “Сiзге кандидаттық не үшiн керек болды?” дедiңiз ғой. Менiң өзiмнiң iшкi есебiмде өнердi адам баласы қырықтан асқан соң доғару керек секiлдi. Неге? Даусың да қарлығады, қартаясың, қуатың да кеми бас­тайды.
Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбековтiң сөзiне қарағанда, Қазақстан астық өндiруден дүниежүзi бойынша алтыншы орынды иеленген. Биыл дала қырманына 19 миллион тоннаға жуық астық жинау жоспарлануда. Әйткенмен, егiн егетiн негiзгi өңiрлерде, мәселен, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар сынды облыстарда астық сақтайтын қоймаларына 1,5-2 миллион тонна астық сыймайды. Сондықтан мемлекеттiк ресурсқа кiретiн солтүстiк өңiрдегi астықты басқа аймақтардың элеваторларына көшiру мәселесiн тез арада шешу қажет. Орақ науқанының басталуына аз-ақ күн қалды. Мамандар астық қабылдайтын кәсiпорындар, дәндi сақтайтын элеваторлар, оны кептiретiн құрал
СЫМБАТ СҮЙIНШI СҰРАЙДЫ! 
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Өзбекәлi Жәнiбеков атындағы орта мектептiң 10-сынып оқушысы Сымбат Рахманбердиева Чехиядан жүлделi оралды. Прага қаласында өткен жас орындаушылар байқауында ол I-орынды жеңiп алды.Мен бұл конкурста Нұртуғанның “Қанеки, тiлiм, сөйлешi” термесiн орындадым. Астанада өткен “Ақ көгершiн” ән байқауында жеңiмпаз атанғанмын. Сонда әдiлқазылар осы сайыста ел намысын қорғауды маған тапсырды. Әкемнiң менi 5 жасымнан ән айтуға баулығаны көп септiгiн тигiздi. Фестиваль жыл сайын өтедi. Мәселен, былтыр Германияда ұйымдастырылды. Жарысқа қатысатын күн жақындаған сайын толқыдым, ал сахнаға шығарда мүде басқаша
Дүниежүзiлiк банктiң басшысы Роберт Зеллик әлемдiк деңгейдегi жаңа экономикалық дағдарыс тағы да болуы мүмкiн деп болжапты. Мәселен, өткен аптада бүкiл әлемдiк биржа саудасындағы акциялар құны бiрден құлдырап кеттi. Мұның қатарында Қазақстанның iрi өнеркәсiптерiнiң құнды қағаздары да бар. Дәл осындай жағдай 2009 жылғы қыр­күйекте басталған. Сол кезде Қазақстан қор биржасының индексi 13 пайызын жоғалтып, небәрi төрт күннiң iшiнде Еуразиялық корпорациялар мен Халық банкiнiң акциялары құнын төмендетiп алды. Сиднейде өткен алқалы жиында Дүние­жүзiлiк банктiң басшысы 2008 жылғы экономикалық дағдарысқа ұқсамайтын басқа дағдарыстың алдында тұрғанымызды айтыпты.
Дәл қазiр Қазақстанда үкiмет кесiп-пiшiп қойған “тұтыну кәрзеңкесiмен” өмiр сүру мүмкiн емес. Саясаткер Серiкболсын Әбдiлдиннiң пiкiрiнше, “тұтыну кәрзеңкесi” әлеуметтiк мәселе емес, саяси түйiн. Мемлекет дәл осы түйiндi таратқанда кәрзеңкеге тек қана күнделiктi тұтынатын азық-түлiктiң ең төменгi мөлшерiн кiргiзуi –  қисынсыз. Ал бiр адам 1 айда 16 851 теңгенi азық етедi дегенi адамның денсаулығын құртумен, өлiмге итерумен тең. Бiле бiлсек, бұл қаражат – шенеунiктiң бiр реттiк “шайына” ғана жететiн сома. “Сондықтан бұл мәселеге саяси тұрғыдан баға берiп, шешу керек деп санаймын. “Тұтыну кәрзеңкесiнiң” құнын көбейтуге Қазақстанда мүмкiндiк бар. Бұл – бiр. Екiншiден, мемлекеттiк бюджет әлеуметтiк бағытқа құрылған дегенi – бос сөз.
Елордадағы “Дәулет” спорт кешенiнде адам ығы-жығы. Сырт­қа шықсаң, қайтып iшке өткiзбейдi. Есiк аузындағылардың айтары бiреу ғана: “Орын жоқ”. Өйтетiн де жөнi бар, “Қазақстан барысы” белбеуiне талас­қан, анығында 150 мың АҚШ доллары үшiн белдескен балуандардың бәсiн көзбен көруге бәрi де құмар. I республикалық спорт форумы аясында ҚР Пре­зидентiнiң жүлдесi үшiн өткен қазақ күресiнен сайысқа елiмiздiң барлық облысы және Алматы, Астана қаласынан 62 балуан қатысты. (Бiз газе­тiмiздiң өткен санында бұл са­йысқа кiмдер қатысатыны туралы айтқанбыз). Сайыс басталардан бұрын мың бұралған бишiлер тобы “Шашу биiн” тарту еттi.

Өткен аптаның сенбiсiнде Астана қаласындағы “Сарыар­қа” велотрегiнде республикалық “Sport” газетiнiң тұсаукесерi өттi. Бұл газеттiң негiзi 1959 жылдың 1 қаңтарында қаланған. Жарты ғасыр оқырманымен бiрге жасап келген газет 2010 жылдың басында белгiсiз себептермен жарыққа шығуын тоқтатқан болатын. Арада бiр жылдай үзiлiстен кейiн газет қайта “оянды”. Елу жыл Алматыдан шығып келсе, биылдан бастап, Астанада жарық көретiн болды. Газетiмен қайта қауышқан оқырманның ықыласы ерекше. Тұсаукесердi газеттiң директор-бас редакторы Несiп Жүнiсбайұлы жүргiздi. Басылымның осыдан жарты ғасыр бұрынғы санын жарыққа шығарғандардың бiрi, ардагер спорт журналисi

Өткен аптада футболдан Премьер-лиганың 24-тур ойындары өттi. Алматыда алаң иелерiн атырау­лықтар әбден састырды. Ойын басталысымен-ақ “Атырау” футболшылары қақпашы Рихардтың мазасын әбден қашырды. Ойынның алғашқы минуттарында-ақ атырау­лықтар бұрыштама допқа ие болды. Тамаша көтерiлген допты Сидельников басымен бағыттап, гол соқты. “Қайрат” қақпасынан саңылау тапқан қонақтар алға шықты. Бұған еш жауап қата алмаған алматылықтар шабуылға белсенiп кiрiстi. Алайда нәтиже шығара алмай, Шабанов күзеткен қақпа талайға дейiн сыр бермедi. Ойынның негiзгi уақыты бiтiп, тек төрешi қосқан қосымша уақыт қана қалды. “Қайрат” ойыншылары таразы басын теңестiредi дегенге ешбiр жанкүйер сене қоймады.