1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15630) 25 тамыз, бейсенбі 2011
“Қазақта шекара болмаған, мемлекеттiлiк болмаған” деген сөз үшiншi рет айтылса, орыс ұлтшылдары Қазақ жерiн басып алуға үндейтiн шығар
Қазақстандағы орыстарға арналған russiankz.info сайтында Максим Акимов деген әлеуметтанушының көлемдi мақаласы жарияланды. Мақала “Қазақстандағы ресейлiк отандастарға... Орыстар, ояныңдар!” деп аталады. Онсыз да “ұйқы безi iсiнген” бiздiң орыстарды Акимов одан әрi өрекпiтiп қойыпты.
“Сәлеметсiздер ме, “Лад” славян қозғалысының белсендiлерi!” деп бастайды мақаласын Акимов. Көрдiңiз бе, кiмдердiң құлағына ши жүгiртiп отырғанын. Онсыз да “ұлы орыстық” шовинизм десе, құйрығы жер иiскемейтiн “ладтықтар” қопаңдасып-ақ қалған шығар.

Ертең, яғни 26 тамыз күнi Қазақ шекарасын белгiлеу туралы декреттiң жарық көргенiне 91 жыл толмақ. 1920 жылы шекарамызды шегелеуде Алашорда қайраткерлерi қажыр көрсеткен болатын. Соның нәтижесiнде “Қазақ Автономиялы Кеңестiк Социалистiк республикасын құру туралы” декрет жарияланды. Өкiнiшке қарай, қазiргi ресми билiк осыған орай ешқандай iс-шара өткiзбейтiн сияқты. Оны айтасыз, тiптi 2010 жылғы Қазақ шекарасының анықталғанына 90 жыл толған мерейтойы да ескерусiз қалдырылған-ды. Демек, билiктен аталған жайға байланысты игiлiктi iс күтудiң өзi –орындалмас арман.

БҰЛ БIЛМЕСТIК ПЕ, ӘЛДЕ ӘДЕЙI ӘРЕКЕТ ПЕ?
Халықтың шынайы ықыласына бөленген Қонаев сияқты дара тұлғалар дүниеге бiр-ақ рет келедi. Ондай тұлғаның 100 жылдығы да бiр-ақ рет аталып өтiледi. “Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?” деген сөз осындайда айтылған шығар. “Билiк қаулыны қабылдасын, қабылдамасын, бәрiбiр Димекеңнiң мерейтойын атап өтемiз” дейдi ардақты тұлғаның атындағы Оңтүстiк Қазақстан облыстық қордың мүшелерi. Олар дәл қазiр Дiнмұхамед есiмiн иеленген азаматтарды есепке алып жатыр екен. Алдағы қазан айында солардың басын қосып Шымкентте үлкен iс-шара өткiзбек.
22 тамыз – Димекеңнiң дүниеден қайтқан күнi. Бұл күнi жүз шақты оңтүстiкқазақстандық ардагерлердiң қатысуымен Димекеңнiң аруағына құран бағышталып, ауызашар берiлдi.

Ақтау қаласының соты 28 мұнайшыны жұмысқа қайта алу талабын негiзсiз деп тапты. Мамыр айының соңында әлеуметтiк талаптарын қойып ереуiлдеген жұмысшылардың жұмысынан босатылып жатқанын осыған дейiн хабарлағанбыз. «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның жұмысшылары жұмысқа қайта алу туралы компания басшыларына талап қойып, сотқа шағымданған болатын. Осыған дейiн жүздеген мұнайшы жұмыссыз қалғаны мәлiм. Мұнайшылар өз шағымдарында компания басшылығы еңбек дауын бейбiт келiсiммен шешудiң орнына, құқықтарын бұзғанын мәлiмдедi. №2 Ақтау қалалық соты 28 мұнайшының заңсыз ереуiлге шыққанын алға тартып, жұмысқа қайта алмау туралы шешiм шығарды.

24 МЕКТЕПТIҢ ОРНЫ ОЙСЫРАП ҚАЛДЫ
Қазақстанда биыл 24 мектептiң есiгiне қара құлып салынды, 9 жаңа мектеп ашылды. Таратып айтсақ, Шығыс Қазақстан облысында – 7, Ақмолада – 6, Ақтөбеде – 4, Оңтүстiк Қазақстанда – 4, Батыс Қазақстанда – 2, Солтүстiк Қазақстанда – 1 орта бiлiм ошағының орнын сипап қалдық. Қабырғасы сөгiлген 24 мектеп қайда орналасқан едi? Бiлуiмiзше, басым бөлiгi елдiмекендерде. Жасыратын түгi жоқ, дәл қазiр ауылға ондағы мектеп қана әр берiп тұр. Сонда бұл биыл елiмiзде 24 мектеппен бiрге 24 ауылдың орны ойсырап қалды деген сөз. Ресми деректер 24 мектептiң жабылуын ондағы оқушы санының небәрi 313 болғанымен түсiндiредi. Шынтуайтына келгенде, мәселенiң түп төркiнi қайда? Әрине, құлдырап, құрып бара жатқан елдiмекендердiң мәселесiнде. Қазақтың алтын бесiгi – ауылды алға сүйреймiз десе де, сөзi мен iсi үйлеспей тұрған жайбасар үкiметтiң жүйесiз тiрлiгiнде.
ТIЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ ҮКIМЕТКЕ ОСЫНДАЙ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Кеше Алматыда ұлт жанашырлары мен зиялы қауым өкiлдерi, түрлi саяси ұйымдар мен партиялардың өкiлдерi М.Шаханов басқаратын “Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысы ғимаратында бас қосты. Таяуда Мәдениет министрлiгiнiң мемлекеттiк тiлге қатысты заң жобасы қоғамда дүмпу тудырғаны мәлiм. Бұл жобаға қарсылық бiлдiрген орыстiлдi азғантай топ мемлекеттiк тiлдiң меселiн оңбай қайтарды. Олардың у-шуынан қаймыққан министрлiк жобаға енгiзiлген бiрнеше бапты дереу алып тастады. Осыған байланысты өткен бас қосуда ел азаматтары үкiметтегiлердiң мұндай жалтақтығына ренiшiн бiлдiрдi. Мемлекеттiк тiлге байланысты өз ұсыныстарын ортаға салған олар мәселенi халықпен бiрiге отырып шешудi, ұлттық мүдденiң баршаға ортақтығын сөз еттi.
Қасым Аманжолов – 100
Ат-атақсыз-ақ Абай деген, Мағжан деген ұғым халыққа қандай қасиеттi, қадiрлi болса, Қасым да – ұлт жүрегiнiң бұрын да, бүгiн де дәл сондай ықыласы мен құрметiне бөленген аяулы ұланы. Ол сол даласындай данышпан Абайдың, мөлдiр Мағжанның жалғасы. Өйткенi Шыңғыстаудағы Абай қалыптастырған мәдени орта, әдеби рухани тiрлiк Сарыарқаны кең жайлап кетiп, сұлу Көкше маңындағы Мағжанға мол дарыса, сол қос алыптың поэзиядағы жасампаздығы қасиеттi Қарқаралының Қасымына кәусар боп құйылған.
Қасымның кезiнде:
Неге мұнша, сорлы жүрек, соғасың?
Неге күйiп, неге мұздап тоңасың?

Тамыздың 3-iнде Алматыдағы Инвестициялық қор ғимаратының жанында “Халыққа баспана қалдырайық” қозғалысының мүшелерi жиналды. Бұл топқа қозғалыстың Шымкент, Павлодар, Ақ­төбеде және Талдықорғандағы аймақтық бөлiмдерiнен азаматтар қосылды. Бұл күнi борышкерлер “Самұрық-Қазына” қорының өкiлi Айдан Кәрiбжанов және Асқар Кәримуллинмен кездестi. Кездесу барысында А.Кәрiбжанов борышкерлерге бiр реттiк акция өткiзудi, бүкiл аймақтағы қозғалыстың мүшелерiнiң арыз-шағымдарын жинап, банкке тапсыруды ұсынды. Осылай ету арқылы банк пен жеке тұлғаның арасындағы проблеманы шешу тиiмдiрек дегендi алға тартқан ол акцияның 5 қыркүйекте аяқталатынын жеткiздi. Жиналған арыз-шағымдарды банк пен “Самұрық-Қазына” қоры 15 қыркүйекке дейiн қарап

Балалық шағынан жетiмдiктiң тауқыметiн көп көрген Әнуар Әлiмжанов өзiнiң шыдамдылығы мен бiлiмпаздығының арқасында талай биiк белестерге жеттi. Ол кiсiнi ұлтшылдығына қарап Тұрар мен Мұстафаға ұқсатсақ, өршiлдiгi мен батырлығына қарап Махамбетке ұқсатасың. Халқы үшiн барлық күш-жiгерiн, қажыр-қайратын, маңдай терiн, абырой-беделiн сарп еттi. Қарап отырсаңыз, Әнуар Нұрлыбекұлының қазақ халқына сiңiрген сүбелi еңбегi аз емес. Кешегi КСРО-ның таралуына қол қойған, 11 жыл Қазақстан Жазушылар одағын басқарған, 6 жыл Қазақстанның тарихи ескерткiштер қорғау қоғамының төрағасы болған, 8 жыл Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы қызметтерiн абыроймен атқарған

Ес бiлiп, етек жиған шағымнан бастап, сұрапыл соғыстың қасiретiн ерте көрген әкем Қабен мен анам Көңiлашар, бiрi Сталинград майданында, екiншiсi Новороссийск түбiнде қаза болған әкелерi Манап Әмiрханов пен Оқанбай Шитiмовтi iздеумен болды. Балалық шағымда сұрапыл соғыстың кесiрiнен асыл жарынан айырылып, шиеттей төрт баламен жесiр қалған әжем Мағидың әңгiмесiнен атам Әмiрханның майданнан қайтпаған жалғыз ұлының жолын өмiрiнiң соңына дейiн зарыға күтiп өткенiн жиi еститiнмiн. Балғын балалық өмiрдiң жетегiнде сол бiр оқиғаға аса мән берiп, тереңiне үңiле алмасам да, есейе келе оның тегiн емесiн бiлдiм, бiр шаңырақтың қасiретi екенiн зерделедiм. Майдан даласында көз жұмып, артынша қара қағаз келген аталарымды iздестiрудi мен 1989 жылдан бастадым
Баяғыда беталды боздай берген баланы “Ойбай, «бабай» келе жатыр” деп қорқытушы едi. Дәл сол сияқты бiздiң Жамбыл облысының басшылары да “емшек” сұраған елдi “ойбай, “ЕуроХим” келе жатыр” деп “қорқытатын” болды. Әйтеуiр, “ЕуроХим” туралы айтқанда Әулиеатаның әкiмдерi “Мың бiр түннiң” хикаясынан сыр шерткендей, ғажап бiр күй кешетiндерi жасырын емес. Ойбай, “ЕуроХим” келсе, елдiң қорасы қойға, шарасы майға толады, әсiресе, Сарысу мен Талас аудандары жұртшылығының күн сайын жегендерiқой, көргендерi той болатын сияқты көрiнетiн. Осындай әңгiмелерден кейiн ел бұл компанияға сыртынан ғашық болып, бет-жүзiн көрмей жатып күйiп-жанғандары да рас. Бiрақ, өкiнiшке орай, әнi-мiне есiк көрiп қалады деген “ЕуроХим”-нан мiне, бақандай үш жыл болды, ешқандай хабар жоқ.
Бұл оқиға Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында болған. Әкем сол тұста жиырма бестердегi жiгiт екен. Өзi қапсағай денелi, iрi де қарулы болыпты. Өзiнiң салмағы 120 келi шамасында. Күш атасы атанған алып Қажымұқан бiрде жолы түсiп бiздiң ауылға келгенде халық алдында өнер көрсетiп, кеудесiне қойған үлкен тасты әкеме салмағы ауыр балғамен ұрғызады. Бiр соққанда-ақ тас екiге бөлiнiп кетедi. Палуан қолын көтерiп, “тоқтат” деген белгi бередi. Әдетте тас жарылмай, бiрнеше соққы жасалады екен. Сол күнi кешкiсiн әкем Қажымұқанды колхоз бастығы Тұртай ағасының үйiне машинасымен алып барады. Тамақтанып болған соң “Сенде күш бар екен, менiмен күреске түс” дейдi

Жуырда Оңтүстiк Кореяның Ичхон қаласында аяқталған Азия бiрiншiлiгiнде қазақ боксшыларының қоржынға салған 5 медальдiң iшiнде аса ауыр салмақта елдiң намысын қорғаған жерлесiмiз Досжан Оспановтың олжалаған алтын медалiнiң орны ерекше. Құрлық бiрiншiлiгiнде аса ауыр салмақта сонау 1998 жылы Мұқтархан Дiлдәбеков топ жарған болатын. Содан бергi 12 жыл iшiнде бұл салмақта бiзге бас жүлде бұйырмапты. Ал осыдан 8 жыл бұрын шымкенттiк талантты боксшы Бейбiт Шүменов чемпион атанып, айды аспанға шығарған болатын. Мiне, 2011 жылы Шымкент бокс мектебiнiң жұлдызы тағы да жарқырай түсiп, Азия чемпионатының алтын медалi бөктергiге байланды. Шыны керек, Досжан Оспановтың бұл додада бас жүлденi жеңiп алатынына сенгендер аз болды. Себебi, құрлық бiрiншiлiгi былай тұрсын, қылшылдаған 25-тегi былғары қолғап шеберi қатарынан екi жыл ел чемпионатының ақтық сынында жеңiлiске ұшырады да. Соңғы екi маусым бойы қостанайлық Иван Дычко аса ауыр салмақта ешкiмге дес берген емес. Оның үстiне Азия чемпионатында Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi, қытайлық Жанг Жилейдiң өнер көрсетуi де алтын медальдiң тағдырын алдын ала шешiп қойғандай едi.

23 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасының iрiктеу турындағы қарымта ойындардың бiрсыпырасы өттi.  “АПОЭЛ” өз алаңында “Висла Краков” клубын қабылдап, 3:1 есебiмен ұтты. Алдыңғы кездесуде қарсыластарынан 0:1 есебiмен ұтылған болатын. Бұл жолғы ойында кипрлiктер кеткен есенi молынан қайтарып алды. Ойынның 29-минутында Сергей Парейко өзi қорғайтын қақпаға автогол соғып, алаң иелерi алға шықты. Осы голдан кейiн шабуылшы Айлтон арындай түстi. 54 және 87-минуттарда гол соқты. Поляк футболшылары бiр ғана голмен жауап қатты. Цезарий Вильк 71-минутта еншiсiне гол жазды. Бiрақ оның нәтижелi шабуылы командасына еш көмек болмай, команда Чемпиондар лигасындағы сапарын осы арадан үзуге мәжбүр болды.
ЖҰПТАСҚАНДА ЖАҚСЫ-АҚ...
Қазақстандық теннисшi Ярослава Шведова амеркандық ракетка Ваня Кингпен тiзе қосып, АҚШ-та аяқталған халықаралық турнирдiң бас бәйгесiн ұтты. Жүлдеге тiгiлген 2 миллион доллар үшiн қос қыз барын салған. Алғашқы кездесуiне олар амеркандық жұп Алекс Глатч пен Кристина Мак-Халды үш сетте 3:6, 6:4, 10:5 есебiмен жеңдi. Ширек финалда тағы да АҚШ теннисшiлерiне қарсы ойнады. Бұл жолы Лизель Хубер мен Лизу Раймондты екi сетте-ақ (7:6, 6:4) сыпыра ұтты. Жартылай сында ресейлiк Екатерина Макарова және қытайлық Жи Женг те бұларға екi сет қана төтеп бере алды. 6:1, 6:3 есебiмен жеңген Шведова – Кинг жұбы ақтық айқаста оңтүстiкафрикалық Натали Грандин мен чех қызы Владимир Ухлированы үш сетте тiзе бүктiрдi.
Ел аузынан
Әрiп ақынның жасырақ кезi болса керек. Бiр тойда өзiмен айтысқан қыз-келiншектердiң бәрiн шетiнен қирата жеңiп шығады. Намысқа тырысқан әйелдер оны қалай да бiр сүрiндiрудiң амалын iздестiредi.
Ақынның аты әйгiлi болғанмен, дәулетi шағын, оның үстiне баласы өзiне тартпаған босбелбеу, момын екен. Осы жағдайды бiлетiн келiншектiң бiреуi аттанғалы жатқан Әрiптi қолтығынан ала берiп:
– Қош, сау бол, әрiптесiм ақын Әрiп,
Адамсың, есептесем, нағыз ғарiп.
Малың аз, дәулетiң жоқ, балаң нашар