1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15631) 30 тамыз, сейсенбі 2011
Ислам дiнiнiң қазақ топырағына тамыр жайғанына 1250 жыл болды.
Қазақстан халқының 70 пайызы – мұсылмандар.
Қазақстандағы мешiттердiң саны 2000-нан асады.
Мұсылман өркениетiнiң дамуына, жалпы әлемдiк өркениет пен әлемдiк бiлiм-ғылымның дамуына айрықша зор үлес қос­қан данышпандар мен iрi ғұламалар қазiргi Қазақстан территориясынан өте көп шыққан: Әбуқасым әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари, Махмуд Қашқари, Жүсiп Баласағұн, Ахмет әл-Исфиджави, Жамаладдин Түркiстани, Қожахмет Ясауи, Байлақ әл-Қыпшақи, Мұхаммед Хайдар Дулати және т.б.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫ МЕКЕНДЕЙТIН ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКIЛДЕРIНЕ
Көшiрмесi:
Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа
Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке
Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Қ.Мәмиге
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжiлiсiнiң төрағасы О.Мұхамеджановқа
 
“15 жылдан берi мемлекеттiк тiлдi аю да үйренiп алатын уақыт болды...”
 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР президентi
“Аюға намаз үйреткен – таяқ”
Халық даналығы
30 тамыз “Қазақ елi” монументiнiң айналасы дүбiрге толады. Астананың қақ ортасында орын тепкен монументтiң қай елдiң және кiмге арналып жасалғанын бiз айтпай-ақ бiлесiз. Әйгiлi хандарымыз бен батырларымызға бұйырмаған орын “Қазақ елiне” бұйырды. Қош, сонымен қазақ елi Конституция күнiн тойлайды. Жалпы, бұл күн бiзде қандай деңгейде өтедi? Конституциямыздың сапасы мен бағасы қандай? Әлемнiң барлық елi Конституция күнiн ерекше атап өтедi. Конституция негiзгi заң болғандықтан, бұл күн мемлекеттiк мереке саналады. БҰҰ- ға мүше 194 елдiң көпшiлiгiнiң мемлекеттiк
Бүгiн – Қазақстан Республикасы конституция күнi. Осыдан 16 жыл бұрын 30 тамыз күнi елiмiздiң жаңа конституциясы қабылданған-ды. “Бұл – президенттiң жеке билiгiн күшейтетiн құжат, қарапайым халықтың емес, шен-шекпендiлер мен бай-манаптардың мүддесiн қорғайтын ата заң” деп сол кезде-ақ мәлiмдеген бiрқатар саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерiнiң айтқаны айна-қатесiз келдi. Қазiргi конституцияның билiктiң сойылын соғатын құралға айналғанын уақыттың өзi дәлелдедi. Қазiргi ең күйiп тұрған мәселе қандай? Маңғыстаудағы мыңдаған мұнайшының ереуiлi, әрине! Әр мұнайшы – Қазақстан азаматы. Яғни, оның әрқайсысының конституциялық құқы, заңды түрде қорғалуы тиiс мүддесi бар.
Әлеуметтiк қамсыздандыру, денсаулық сақтау, бiлiм беру iсiн үйлестiруге қауқарсыз үкiметтiң сөзiне жас жеткiншек сене ме?
Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекова жаңа оқу жылының алғашқы сабағын танымал тұлғалар, оның iшiнде салауатты өмiр салтын насихаттауда үлгi көрсете алатын саясаткерлер мен спортшылардың қатысуымен “денсаулық” тақырыбында өткiзу жөнiнде ұсыныс жасады. Министр көкейiне не түйгенiн қайдам, бiздiңше, оқушылар арасында бұл тақырыпты қозғау үшiн әуелi мына мәселелердi сүзгiден өткiзу қажет-ақ.
БҰЛ БIЗГЕ ДЕ САБАҚ БОЛСА ИГI
Татарстан ұлттық майданы кезектi жеңiске жеттi. Осындай ақпарат таратқан ИА REGNUM татар халқының тiл мәселесiн ың-шыңсыз шешкенiн айтады. Қазан қалалық бiлiм беру басқармасының басшысы Ильнар Хидиятов 2011-2012 оқу жылдарында татар тiлi мен әдебиетiне қатысты айтарлықтай өзгерiстiң жоғын мәлiмдеген. Алайда Татарстандағы орыс ата-аналар мұнымен келiспейдi. Осыған дейiн олардың мектеп бағдарламасында татар тiлiне басымдық берiлiп, орыс тiлiнiң шеттеп қалғанына наразы бол­ғаны бар. Татардың шаңырағында тұрып, орысша мәселенi көтеруi орекеңе әдет болғалы қашан. Бiр татар елiнде емес, Қазақстанда да мұндай проблеманың өзегi ашылмай отыр.

Тамыздың 24-i күнi жа­ңа­өзендiк Жансәуле Қарабалае­ваның мәйiтi табылды. Қаладан 6 шақырым жерден табыл­ған дененiң сау тамтығы қалмаған. Мәйiттi көр­ген кiсiлер­дiң сөзiне қарағанда, қылмыскер 16 жасар қызды әбден қинап, денесiне көптеген жарақаттар түсiр­ген. Мұнайшылардың ереуiл­деп жатқанына аз болмады. Айуандықпен өл­тi­рiл­ген өрiмдей жас қыз – белсен­дi мұнайшының қызы. Жаңа­өзендiк ереуiлшiлер Жансәу­ленi қасақана өлтiрдi дейдi. Ереуiлдi тоқтату мақсатында әлде­кiмдер осылай ескертiп, қорқытып отыр. Маңғыстаудағы тоқтамаған наразылық шарасынан секемденген адамдар осындай қадамға барды. Осындай ой-пiкiр­лерiн алға тартқан мұнайшылар райларынан қайтпайтынын бiл­дiрдi.

Кiмдiкi дұрыс, кiмдiкi бұрыс? Дiни басқарма тез арада мұның ара жiгiн ашып беруi тиiс
Жақында “Время” басылымына “Имам 007 или “Великая” исламская миссия Исматуллы Абдыгаппара” деп аталатын мақала шықты. Авторы – белгiлi журналист Геннадий Бендицкий. Мақаланың атауынан өздерiңiз-ақ байқағандай, мәселе қазақ қоғамында абың-күбiң әңгiме тудырып жүрген дiни алауыздық хақында. Дiни алауыздық болғанда да, Сматулла Әбдiғаппардың әлемдегi және Қазақ жерiндегi “жорықтары” туралы. Мұндай жайттарға аса сақ қарайтын, әсiресе, дiн мәселесiнде “екi шоқып, бiр қарайтын” басылым “Время” қалайша өздерi iндетпеген мәселенi жазды? Мұны жазуға не мәжбүрледi? Мәселен, басылым былай дейдi:
Жақында Арқаның ақтаңкер ақыны Серiк Ақсұңқарұлы “Қазақ радиосына” берген сұхбатында “...Қасымға ендi ештеңенiң керегi жоқ, ал қазаққа Қасым керек” деген аса байсалды пiкiр айтты. Дау жоқ, елең еткiзер пiкiр. Дауылпаз Қасым рухынан нәр алып, ХХI ғасырға Қасымша үн қатқан өрелi ақын осылай сөйлесе керек. Байсалды пiкiрдiң байыбына бармағандар, бара алмайтындар Серiк Ақсұңқарұлының не айтқысы келгенiн түйсiнбеуi әбден мүмкiн. Ал менiң байыптағаным – С.Ақсұңқарұлы бұл сұхбатта жоқшының сөзiн сөйледi. Дүниенiң боғын емес, ұлттың жоғын iздеген жоқшының сөзi. Әсiресе, кенжелеп қалған Қасымтанудың қатпарлы проблемаларын қасқайып тұрып айтты. Ашық айтты, ақтарып айтты.
Мықтыгүлдi биыл түлен түртiп, дүкен ашайық деген бiр “бастама” көтердi.
 – Әй, анау мұрнынан суы аққан Дымқыл ғұрлы жоқсың ба, отыр әне, бiр емес, екi дүкендi қатар ұстап! Давай, қозғал!
Шегiнер жол жоқ, “қозғалуға” тура келдi. Бұрын кiм дүкен ашып көрген?! Әркiмнен сұрастырып көрсем, әуелi өтiнiш жазып, аудан әкiмiнiң орынбасарына бару керек екен. Онымен азды-көптi таныстығым бар. Сонау жастық шақта қызға бiрге қырындап дегендей, шамалы уақыт қатар жүргемiз. Соңынан ол “өсiп”, комсомолға барды, одан әрi кетiп бiрер мекеменi басқарып, сонау бiр кездерi “мемлекет мүлкiн талан-таражға салғаны үшiн” деп, үш-төрт жыл “ана жаққа” да барып келгенiн бiлем. Тiптi сол жақтан оралғасын, кездейсоқ көшеде ұшырасып, екеумiз баяғы күндердi еске алып, бiр “самопалды” бөлiп iшкенiмiз де есiмде.

Бiз бұған дейiн газетiмiздiң бетiнде қоғам қайраткерi, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бастаған арнайы экспедиция­ның (атыраулық ақсақал Абдулла Әбдiрахманов, газетiмiздiң Атырау облысындағы меншiктi тiлшiсi Сәния Тойкен, оператор Нұрбек Мұғалiм, Мағжан Жұмабаевтың немере қарындасы Райхан Жұмабаева, жиен немересi, кәсiпкер Шәйзада Бекiшева) Магаданға Мағжанның сүйегiн iздеп барғаны жөнiнде кеңiнен жаздық. Дәл осы мәселеге қатысты газет оқырмандарынан түсiп жатқан сауалда қисап жоқ. Осыдан үш күн бұрын Мағжан Жұмабаевтың жиен қарындасы, белгiлi кәсiпкер Шәйзада Бекiшева Мағжанның рухына бағыштап арнайы ауызашар өткiздi. Бұл ауызашарға “Жас Алаш” газетiнiң ұжымы тегiс шақырылды.

Егер сiзден бiреу “Сен қай мемлекетте өмiр сүрiп жатырсың?” деп сұраса, әрине, “Мен тәуелсiз, жасампаз Қазақстанда өмiр сүрiп жатырмын!” деп, мақтана һәм масаттана жауап беретiнiңiз анық. Шын мәнiнде, бiз лабораторияда өмiр сүрiп жатырмыз. Иә, иә, ла-бо-ра-то-рия-да! Сенбейсiз бе? Онда тыңдаңыз. 1932 жылы Ф.И.Голощекин “Қазақстан” деп аталатын үлкен лабораторияда “қазақтар аштыққа қалай және қанша мерзiмге шыдайды екен?” деген “аса өзектi” мәселеге эксперимент, яки тәжiрибе жасады. Голощекин бұл тәжiрибенi тек қазақтарға ғана жасады. Қазақстанда тұратын өзге ұлттарға жасаған жоқ. Рысқұловтың Сталинге жазған хатын оқыдыңыз ба? Оқысаңыз, осы хатта “Ауыл қазақтары аштан қырылып жатыр, ал жұмысшы поселкелерiндегi жұмыскерлер қорадағы шошқаларын мұрты кетiлмеген бөлке-бөлке ақ нанмен жемдейдi. Бұ қалай?” дейдi.
ЖАПОНДАР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIН САЙЛАДЫ
Кеше Жапонияның бұрынғы қаржы ми­нистрi Иосихидо Нода Демократиялық пар­тияның көшбасшысы болып сайланды. Осылайша Нода ендi Жапония премьер-министрiнiң тiзгiнiн ұстайды. Отставкаға кеткен Наото Канның орнына бiрден-бiр үмiткер ретiнде Сэйдзи Маэхараның аты-жөнi аталатын. Маэхара – Куриль аралдарына қатысты Ресейге батырып-бытырып айтып жүрген батыл саясаткер-тiн. Маэхараның үкiмет басына келмегенiне ең алдымен орыстар қуанышты. “Құлағымыз тыншитын болды” деп... Иосихидо Нода – 54 жаста. Талай құқайды көрген саясаткер һәм экономист. Әзiрше жаңа премьер-министр Куриль аралдарына қатысты нақты ұстанымын
Сериясы АЖ №152535 неке туралы куәлiк жарамсыз деп табылсын. Өйткенi мен басқа әйелмен некесiз-ақ тұрып жатырмын (Газеттегi хабарландырудан).
Ертең №12 балалар бақшасының ауласында сенбiлiк өткiзiледi. Сенбiлiкке қатыспаған ата-аналарға балалары берiлмейдi.
Бiр балалы әйелге бiр бөлмелi пәтерi бар еркек қажет...
Шешiнiп кiрмегендерге тамақ берiлмейдi (Асханадағы хабарландырудан).
Құрметтi ханымдар! Бiздiң шеберлер сiздiң басыңызға әртүрлi шаш үлгiлерiн жасайды (Шаштараздағы хабарландырудан).
Қолсағатым бұзылып қалды. Салып ұрып сағат жөндейтiн шеберханаға келдiм.
Обалы не керек, шебер менi өте жайдары қарсы алды. Күлiмсiреп тұрып:
– Өкiнiшке қарай, шашлық таусылып қалды. Тек люля-кебаб қана бар. Айтпақшы, чахохбили да болуы керек...
– Тұра тұрыңызшы, – дедiм мен де өте жайдары түрде, – Шашлықтың не қатысы бар бұл жерге? Мен шашлық сататын жерге емес, сағат жөндейтiн шеберханаға келiп тұрмын ғой. Солай емес пе?
– Солай. Сiз сағат жөндейтiн шеберханаға келiп тұрсыз. Сондықтан да бiз сiзге тек люля-кебаб пен чахохбилидi ғана ұсына аламыз. Шашлық түске дейiн-ақ бiтiп кеткен...
Нұржан СМАНОВ, даңқты былғары қолғап шеберi, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң меңгерушiсi
Оңтүстiк Қазақстан облысы бiрқатар спорт түрлерi бойынша жұмыр жердiң жұртшылығы қызығушылықпен қарайтын биiктiктердi бағындырып жүр. Облыс орталығы — Шымкент қаласында соңғы жылдары жаңадан бiрнеше спорт мектептерiнiң ашылуы осынау жетiстiктерге жетуге септiгiн тигiзе бастады. Биыл Шымкентте халықаралық теннис орталығы iске қосылмақ. Жеңiл атлетика манежi мен бассейн де пайдалануға берiледi деп күтiлуде. Бүгiнде Шымкент қаласындағы 11 спорт мектебiнде 5200 бала жаттығады екен. Осы тақырып­қа тереңiрек үңiлу үшiн кезiнде атақ-даңқы дүркiреген талантты былғары қолғап шеберi, бүгiнде Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiн абыроймен атқырып келе жатқан Нұржан Смановқа көкейдi мазалаған сауалдарды көлденең тартқан едiк.
Парижде аяқталған әлем чемпионатынан елiмiздiң ерлер және қыздар құрамасы жалқы күмiспен ғана қайтты. 60 келiде белдескен Еркебұлан Қосаев алғашқы белдесуiнде татамиге шыққан жоқ. Әлем чемпионатына екiншi кезеңнен қосылған болатын. Осы белде­суiнде американдық балуанды жеңген. Үшiншi кездесуiн ресей­лiк спортшымен өткiзiп, жеңiлу­ге мәжбүр болды. Елдос Сметов болса, алғашқы айқасын армениялық балуанмен өткiзiп, ұтылып қалды. Жасөспiрiмдер дуында қарсыласын қаңбақтай көтерiп, талай додада топ жарған Наурызбек Майлашев пен Азамат Мұқановтан мұндай босбелбеу­лiктi күтпеп едiк. Наурызбек жарысқа екiншi айналымнан қо­сылды да, алғашқы белдесуiн Таиланд балуанына қарсы өткiзiп, жеңдi.
Премьер-лига ойындарының 25-туры тартысқа толы өттi. Әсiресе, “Астана-Аренадағы” жергiлiктi “Астана” мен баянауылдық “Ертiс” арасындағы егес. Елордалықтар 72 минут iшiнде 5 гол соқты. Жұмасқалиев – 21, Нөсербаев – 47, Богавец – 65, (74-минутта пенальтиден), Бугаев 72-минутта бесiншi голды енгiзiп, iрi есеппен ұтып жатқан. Қарсы командадан Мальцев қана 79-минутта гол соқты.Кеншiлер өз алаңында Шым­кенттiң “Ордабасы” клубын қабылдап, 2:2 есебiмен тең тарқасты. Ойынның 17-минутында Финонченко есеп ашып, “Шах­тердi” алға шығарған. Алайда Әшiрбеков бiрiншi таймның аяқталуына 3 минуттай қалғанда таразы басын теңестiрдi. Екiншi таймда Хижниченко (61-минутта) гол соғып, кеншiлер ұзай бастаған.
Астана қаласында өткен “Қазақстан барысы” деп атал­ған күрестi теледидардан түгел көрiп шықтым. Менiң осы са­йысты ұйымдастырушыларға айтар уәжiм бар. Ең бiрiншi атауы­на байланысты. “Қазақстан барысы” несi? Атам қазақ байырдан аста, жиын-тойда ортаға шығып, қарсыластарын қоғадай жапырғандарды “түйе балуан” демеушi ме едi? Бәрi де өңшең түйедей жiгiттер. Екiншi, балуандарға қиянат жасады. Бесiн ауа басталған күрес түн ортасына дейiн созылды. Барлығы – 62 балуан. Күресуге 7 сағатқа жуық уақыт берiлдi. Мұндай қысылтаяңда шын мықты анықтала ма? Кемiнде екi-үш күнге дейiн ұзартуы керек едi. Белдесуге шығатын балуандар әбден тыңаюы қажет. Ал оны басшылар ескермедi де.