1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15632) 1 қыркүйек, бейсенбі 2011
“Айгөлек” журналының тiлшiсi маған “1 қыркүйек күнi өзiңiздi қалай сезiнесiз?” деген сұрақ қойды. Байқап отырмын, “Бұл күн – мен үшiн үлкен мереке” деп айтуымды күтiп отыр және соны iштей қалап та тұр. Шынымды айтуға тура келдi. Шынымды айтсам, 1 қыркүйек – мен үшiн аса бiр күйзелiстi күн. Осы күнi өзiмдi де, өзiмнiң жазған-сызғандарымды да ешкiмге керексiздей, тап бiр күресiнге лақтырып тасталған ескi-құсқы заттай сезiнетiнiм бар. Неге дейсiз ғой? 1 қыркүйек күнi әне бiр әрiптесiм де, мына бiр танысым да, өзiмнiң көршiм де баласын, не немересiн орыс мектебiне жетектеп алып бара жатады. Тiптi өзiмнiң ет жақын туыстарымның iшiнен де биыл екi бала орыс мектебiне барды. “Ау, бұларың не, қазақтың баласын қазақша оқытсаңдар қайтедi?” десең, бiрi кеңкiлдеп күледi, екiншiсi “осылай шештiк...” дейдi, үшiншiсi үндемей құтылады.
ОЛ НЕ ТАРАМАДЫ, НЕ ҚОЙМАДЫ. ДЕПУТАТТАР КҮПТI КӨҢIЛМЕН, ОППОЗИЦИЯ ҮМIТПЕН ӨМIР СҮРIП ЖАТЫР
Бүгiн Қазақстанның оқушылары мен депутаттары “ұясына” оралып, орындарына жайғасады. Бұлардың ұқсас жағы көп болғанымен, бiрi мектепке, бiрi парламентке барады. Қос палатаның бiрiккен отырысы бүгiн өтедi. Бұл туралы тараған ақпаратта депутаттардың нақты нендей мәселе қозғайтыны көрсетiлмеген. “Бүйректен сирақ шығарғыш” бұл кiсiлердiң тосын сыйына да үйрендiк. Сондықтан олардың не айтып, не қояры аса маңызды бола қоймас. Есесiне каникулға кетер алдында Ирак (Елекеев – М.Х.) “жарған бомбаны” жұрт ұмытпады. Ол мәжiлiс депутаттарын таратуды ұсынып, әрiптестерiн әбден ұшынтып едi. Әгәрәкiм, жағажайдың ыстық құмы райынан қайтармаса, бар жаңалық “ирактардан” шығады. Не, мәжiлiс депутаттары тарайды, немесе осы отырған орнын 2012 жылы бiр-ақ босатады.
ҚАШҚЫН РАХАТ ӘЛИЕВТI АВСТРИЯНЫҢ ӨЗI ДЕ ТАППАЙ ҚАЛДЫ. ОЛ ҚАЙДА ЖҮР?
Немiстiң “Зюддоче Цайтунг” басылымында “Адам өлтiрдi деген күдiктi қашып кеттi” деп аталатын мақала жарияланды. Онда Рахат Әлиевтiң iс-әрекетiне баға берiледi. Автор Катрин Кальвайт былай дейдi: “Тамаша биография мен ауыр айыптаулар әсер еттi ме, бiрнеше жыл бойы австриялық билiк Рахат Әлиевтiң үстiнен қылмыстық iс қозғаудан тартыншақтап келген.  Қазақстан соты оны адамдарға зорлық көрсеткенi үшiн сырттай соттады. Ендi мiне, Австрия iстi тергеп-тексерудi бастап едi, Әлиев iз-түзсiз жоғалып кеттi. Ресми ақпарат оның жоғалып кеткенiн растап отыр. Ол Мальтада көрiнедi. Мальтаның
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров мырзаның назарына
Бiр қарасаң, ертек сияқты. Бiрақ, ертек емес. Өмiрде бол­ған оқиға. Болғанда да, қазiргi күнi болып жатқан оқиға. Ендi осы оқиғаны ретiмен баяндайық. Мұның екеуi де кәсiпкер. Бiрi – Мехти Мамедов. Екiншiсi – Яшар Латыев. Бiрiн-бiрi ежелден таниды. Танығаннан кейiн, бiлгеннен кейiн шығар, Я.Латыев М.Мамедовтен 1 830 000 АҚШ долларын қарызға алады. Әрине, М.Мамедов та қарызды әншейiн бере салмайды. Қолхат алып, ақшаны куәлердiң көзiн­ше бередi. Құдай қисық жолға саламын десе, тез-ақ екен ғой. Қандай сайтанның түрткенiн кiм бiлсiн, Я.Латыев қарызын қайтармауға бекiнедi. Әртүрлi сылтау айтып қашқақтай бастайды. М.Мамедов Я.Латыевтың артынан қашанға дейiн жүгiредi, сотқа бередi.
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының соңғы директорлар кеңесiнде маңызды мақсат – барлық еншiлес бөлiмшелерде бiрлесiп басқарудың түбегейлi сапалық жаңа деңгейiн қамтамасыз ету мәселесi тал­қыланды. Дағдарыс кезiндегi қордың басты мiндеттерiнiң бiрi – жедел шешудi талап ететiн мәселелерге, анықтап айтсақ, мемлекет қазынасына қаражат түсiрiп, ұлттық капиталды арттыруға қайта оралу. Шындығында, бұл шешiм тосыннан туған жоқ. Ең iрi қор пайда табумен айналысуы тиiс. Бұл заңды да. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның аяқталуы, мемлекеттiк экономиканың соңғы 2 жылда тұрақты даму бағытына көшуi  “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының барлық құрылымы мен еншiлес компанияларының бас­қару жүйесiнiң ауысуына түрткi болды.
Көптеген жылдардан берi думаны мол қалада жүрсем де туған ауылымды естен шығарған емеспiн. Әсiресе, 1990 жылдардағы елi­мiздiң нарыққа көшкен өтпелi кезеңдегi ауылдың құлдырағаны әлi есiмде. Сол кезде мүмкiндiгi болмағандар (шын мәнiсiнде туған жердi қимағандар) ауылда қалып қойды. Оларға оңай болмағанын да естiп-бiлiп жүрдiк. Несiн жасырайық, өзiмiз де қалада қысылып-қиналып жүрдiк. Сөйтiп, ауылдағы ағайындарға көмектесе алмадық. Амал не? Қол қысқа. Бiрақ сырттай оларға тiлеулес едiк. Жақында жолым түсiп, ең қиыр шеттегi елдiмекен – Сартерекке барып қайттым. Сартерек – бұрын Зайсан ауданына қарайтын iргелi бiр совхоздың орталығы болған.
 АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА “ЛАҢКЕСТIК  БАҒЫТТАҒЫ ТОП  МҮШЕЛЕРI” ДЕГЕН КҮДIКПЕН18 АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ. ОЛАРДЫҢ БIРI  ҚОЛҒА ТҮСIРУ БАРЫСЫНДА  ҚАЗА БОЛДЫ
Бұл жайлы тамыздың  31 күнi ресми брифинг өткiзген облыс прокуроры Сейфулла Кемалов ресми түрде хабарлады. Оның ай­туынша  соңғы бiрнеше күннiң iшiнде Атырау облыстық  құқық қорғау органдары қызметкерлерi лаңкестiк бағыттағы топты құрықтап, 6 адамға қатысты  қылмыстық iс қозғаған. Тамыздың 29-ы күнi осы топтың  белсендiсiнiң бiрi оны тұтқындау барысында, құқық қорғау органы қызметкер­лерiне қарсы оқ  атқандықтан көзi жойылды. Оқиға орнын, тексеру кезiнде  қолдан жа­сал­ған жарылғыш заттар, қысқа сапты қарулар мен дiни тақырыптағы әдебиеттер табылды.
Аса құрметтi Нұрсұлтан Әбiш­ұлы! Сонау тәуелсiздiк алған алғаш­қы жылдары сiздi пiр тұтып, хал­қымызды жарқын болашаққа апаратын ұлы тұлға деп санаушы едiм. Кейiнгi кезде көңiлiме күдiк пен үрей ұялай бастады. Сiзге деген сенiмiмдi жоғалттым. Соншама таусылатындай, не болды екен дейсiз ғой. Халықты алаңдатар сан алуан, кезек күттiрмейтiн мәселе көп-ақ. Мен соның бiреуiне ғана тоқталмақпын. Ол – ұлтымыздың қазiргi аса ая­нышты, мүшкiл хал-ахуалы. Сiз кезектi бiр сұхбатыңызда “ауылдың жағдайынан толық хабардармын” – деп едiңiз. Жоқ, Нұреке, айналаңыздағы жылпостар мен жағымпаздар ауылдың шын бейнесiн көлегейлеп, сiзге көрсетпей отыр. Осы жерде танымал жазушы Дулат Исабектiң мына бiр әңгiмесiн (“Жас Алаш”, 05. 07. 2007 жыл) айта кеткен артық болмас

Таңғы шабытта сонау көк жотаға дейiн бытырай жайылып, өрiстеп кеткен қоралы қойдың алдын керi қайырып, ауылға қарай төңкерген Қалқаман төрт тарапқа көз жiберiп, осы арада бiраз бөгелiп тұрып қалды. Қазiр жайлаудың әбден толықсып пiскен кезi. Айнала-төңiрек – әлi iз түспей тусырап жатқан жап-жасыл дүние. Желкiлдеген жердiң түгiн бұл күнде жейтiн ауыз жоқ. Не өспейдi бұл төңiректе?! Көк сiрiк пен бiтiк бетеге, қазоты мен қарабас шалғын, таубұршақ пен сарбас жоңышқа... Былтырғы ақ шөппен араласып, жабағы боп ұйысып қалған. Несiн айтасың, нағыз “бiр май, бiр еттiң” өзi.

“ПУТИН ДЕ, МЕДВЕДЕВ ТЕ ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ”
Әр билiктiң тұсында өз сұрқылтайы болады. Мәселен Қазақстан билiгiнiң сұрқылтайы њәм “бұлбұлы” – Ермұхамет Ертiсбаев. Билiк көкейiндегiнi соның аузымен айт­қызады. Ертiсбаев сияқты Ресейдiң де өз сұрқылтайы бар. Ол – Владимир Жириновский. Қазақстанның Қасымов сияқты президенттiк сайлаудан қалмайтын “кезекшi кандидаты” бар, ал Ресейде бұл “мiндет” тағы сол баяғы Жириновскийдiң мойнына жүктелген. Жириновский келер жылдың наурызында Ресейде өтетiн президенттiк сайлауға қатысты бүй дедi: “Менiң пайымдауымша, 2012 жылы наурызда өтетiн президенттiк сайлауда қазiргi президент Дмитрий Медведевпен, премьер-министр Владимир Путинмен және Коммунистiк партияның басшысы Геннадий Зюгановпен бәсекеге түсуiме тура келiп тұр.
Жақында Отан соғысының ар­дагерi, майданда 3 рет жарақат алып, талай орден-медальдермен марапатталған Байгелдi Құдабаев қария қайтыс болды. Қария бейбiт еңбекте де абыройсыз болған жоқ. Өзi бiреудiң ала жiбiн аттамайтын адал, еңбек­қор адам едi. Елге сыйлы, асыл азамат ретiнде өмiрден озды. Ата салты бойынша марқұмның отбасы дереу орны толмас қаза туралы ағайын-туыс, жекжат-жұратқа, ауыл әкiмдiгiне, аудан басшыларына, аудандық әскери комиссариатқа хабар бердi. Бiрақ басшылар селт етпедi. Тек қалыптасқан дәстүр бо­йынша аудандық газетке марқұмның отбасына көңiл айтумен шек­телдi. Марқұмның отбасына көңiл айтуға аудандық ардагерлер кеңе­сiнiң төрағасы бастаған 2 мәслихат депутаты кiрiп шыққан.
Күйеуiм қайтыс болып, балаларым жетiм, ал мен жесiр қалдым. Қаншама қиыншылықтар бастан өттi. Күнделiктi тiршiлiк қамымен жүрiп, балаларымның тез есейгенiн де бiлмеппiн. Бiр қызым ауылдың бiр баласына тұрмысқа шықты. Ауылдасыммен құда болып, құйрық-ба­уыр жедiк. Мiне, ендi сол қызым 17 жылдан соң он мың теңге үшiн күйеуiмен ажырасты. Қазiр олардың бiр баласы бар. Бәрiн басынан бастайыншы... Құдағидың қызы анасының туған күнi жақындағанда күйеубалама: “Жеңгеме айтпа, он мыңнан жинап жатырмыз” деп телефон шалыпты. Оны менiң қызыма бiреу айтып қояды. Кешкiсiн дастар­қан басында екеуi осы үшiн ренжiседi. “Неге маған бiрауыз айтпайсың” дейдi ғой менiң қызым.
Салтанат ораза ұстапты. Қарасай ауданына қарасты Алғабастағы Атабайдың қызын айтамын. Алғабас – Алматыға кiрiгiп кеткен ауыл. “Алатау ауданына қосылады” деп “Алматы ақшамы” қала жоспарын жариялап та қойған. Анасы Светамен, ағаларымен бiрге әмбебап дүкенде жұмыс iстейтiн оралман Салтанат ауыз бекiтiптi. Аллаға шүкiр, қарындасымыз­ға Құдай қуат берген! Әкесi Атабай Қалмырзаев марқұм қыз алыспас ағайыным едi. Жiгiттiң сұлтаны болатын. Мырзашөлдiң марқас­қасы едi. Оңтүстiкке дәрпi көкпар атындай кеңiнен жайылған жiгiт едi. Қазiргiдей жарамсақ жарнамамен жария болған жоқ, жалғанның жарығына жақсы аты дастарқанымен жайылды. Алматыдан үйiне бармаған қонақ жоқ.
2 тамыз күнi футболдан ұлттық құрамамыз Түркия құрамасымен кездеседi. Келер жылы өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу турындағы кезектi ойынға тыңғылықты дайындалған Мирослав Беранек бастаған футболшылар Түркияға аттанып кеттi. Мақтау деп қабылдамаңыз, Беранек келгелi бiздiң футболдың бетi берi қарады. Немiске де, орысқа да тiзгiндi ұстатып көрдiк. Құрама жеңiлуден көз ашпады. Жығылғанда да оңбай құлап келдiк. Қандай құрамамен ойнасақ та iрi есеппен ұтылып жүрдiк. Мирославтан жанкүйер қауым осыдан үш ай бұрынғы жетiс­тiктi, нақтырақ айтқанда ерлiктi күтедi. Бiрақ оған әйгiлi голландиялық бапкер Гус Хиддинктен сабақ алатын түрiктер мүмкiндiк бере қояр ма?
Жансақтау бөлiмiнде өлiм мен өмiрдiң арасында арпалысып жатқан 14 жасар Челси Бэнтонның ата-анасы қыздарының аман қалуын Құдайдан тiлеп тұрған едi. Челси медициналық қолдан демалдыру аппаратымен демалып жат­қан. Аурудан әбден қажыған, қиналған қызды көрген ата-анасы бiр Құдайға ғана сенiп, қолдан демалдыру аппаратын тоқтан ажыратып тастайды. Бұдан соң Челси Бэнтонның тiрi немесе өлiп қалатынын, әрине, ешкiм бiлмедi. Екi көзiнен саулай аққан жасты сүрте берген анасы Челсидiң төсегiнiң жанында отша жарқырап тұрған денесiз нәрсенi көредi.  Перiште!­ Бұл – перiште! – деп сыбырлады ол.
ЕКЕУДIҢ ЕҢСЕСI ТӨМЕН
Шаңғымен тұғырдан секiру­ден Алматыда әлем кубогының кезеңi аяқталды. Тұғырдан аспанға қалықтаған шаңғышылар iшiнен словениялық Юрий Тепеш топ жарды. Тепештiң отандасы Юре Синковец күмiс жүлденi еншiледi. Бұл сайыстың бәс бәйгесiн бiлгiштер күнi бұрын кесiп-пiшiп, норвегиялық Том Хильдеге ұстатып қойған едi. Жеме-жемге келгенде бәрi де басқаша болды. Дақпырты елге жа­йылған Хильде алғашқы мүм­кiндiгiнде 11-сатыға тұрақтады. Екiншi қайтара секiрiп, аспанға 126 метр ғана көтерiле алды. Жарысқа 39 спортшы қатысқан болатын. Жетi бiрдей қазақстандық тұғырдан секiрушiнiң тек екеуi ғана келесi айналымға өткен. Алайда Азия ойындарының жеңiмпазы болған Алексей Королев 25-сатыға орнықты.