1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (15633) 6 қыркүйек, сейсенбі 2011
86-НЫҢ СОЙҚАНЫН ЕСКЕ АЛЫҢЫЗ
Таяуда Қазақстанда Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмi ұйымының (ҰҚКҰ) саммитi өттi. БАҚ-та жарық көрген ақпаратқа қарағанда, бiрнеше мемлекет жетекшiсiнiң басын қосқан отырыстың негiзгi тақырыбы араб елдерiндегi төңке­рiс сабақтары болды. “Араб көктемi” бiздiң елдерге де келiп жетпей ме? Онымен қалай күре­се­мiз? Өз режимдерiмiздi халықтық төңкерiс­тер­ден қалай сақтаймыз?” деген сұрақтар ҰҚКҰ елдерi жетекшiлерiне маза бермесе керек. Бұл сұрақтың шешiмiн Беларусь прези­дентi Лукашенко тауып бергендей болды бәрiне.
ОНЫ ҮЙДIҢ IРГЕ ТҰСЫНДАҒЫ БIТПЕГЕН КОТТЕДЖДIҢ ҮСТIНЕ ЖАЙҒАСҚАН МЕРГЕН АТТЫ”
Тамыздың соңы атыраулықтарды беймаза күйге түсiрдi. Алдымен интернет арқылы облыста орын алмақ әлдебiр террактiлер туралы хабарлар тарады. Елдiң дегбiрiн қашырған бұл дүрмекке адамдардың алып-қашпа дақпырты қосылып, Атырауды атыс аймағына айналдыра жаздағаны да рас. Елдi тыныштандыру үшiн дүйсенбiде брифинг өткiзген Атырау облысы прокуроры Сейфулла Кемалов алаңдайтын дәнеңе жоқтығын айтқан. Ол террорлық актiлер жасауға ниеттенгендердiң бiрiнiң полицияға қарсы оқ атуы салдарынан қаза тапқанын мәлiмдеген едi. Дегенмен, осы ресми ақпараттан соң “ЖА” тiлшiсi ислам дiнiн қабылдаған 28 жастағы Сергей ЛИДIҢ ата-анасымен кездескен болатын. 30 жылдан астам уақыт ұстаздық еткен Борис ЛИ мен Елена БУРЛАКОВА ұлдарының қандай жағдайда қаза тапқаны жайлы әңгiмелеген едi.
МҰНЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТҮСIНЕМIЗ, ПРЕЗИДЕНТ МЫРЗА?
Парламенттiң қос палатасының алғашқы отырысы. “Туған елiм менiң, Қазақстаным!”. Әнұранды қосыла айтқан президент осы жолдарды ерекше екпiнмен қайталады. Иә, Қазақстанның бай, бақуатты мекен екенi кiмдi болса да тебiрентедi. Алайда парламент қабырғасында шырқаған президенттiң үнiне әлдебiр мұңлы дауыс алыстан араласқандай. Тыңдап көрiңiзшi, байтақ елiмiздiң қай бұрышынан шығады екен? Барлық өңiрiнен. Әдiлетсiздiкке, жемқорлыққа, кедейшiлiкке, әлеуметтiк теңсiздiкке наразы халықтың үнi мемлекеттiң түкпiр-түкпiрiнен естiледi. Тек оны тыңдайтын бүгiнгi парламенттегiлердiң құлқы болса...
Қасиеттi рамазан айы – Аллаға құлшылық еткен өз пенделерiне мейiрiм шапағатын шашатын ай. Әрбiр мұсылман осы айда тек қана 30 күн оразасын ұстап қана коймай, бойындағы өз нәпсiсiн тежей бiлуi шарт. Бұл ай араздасқан ағайынды татуластыруға, ерегiскен дұшпанды достыққа шақыруға, тiптi соғысты да тоқтатуға тиiс болған. Рамазан айында бiр-бiрiн кешiре бiлу имандылықтың, тектiлiктiң белгiсi. Маңғыстау мұнайшыларының ереуiлi басталғанына 118 күн болды. Бiз қасиеттi рамазан айында ұзаққа созылған мұнайшылардың ереуiлi бейбiт жағдайда шешiлiп, ортақ келiсiмге келер деп ойлағанбыз. Өкiнiшке қарай, бәрi де керi­сiнше болып шықты. Сөзiмiз дә­лелдi болу үшiн тамыз айындағы маңызды деген оқиғаларға қысқаша тоқталайық
Президент келедi десе, шенеу­нiк­тердiң алашапқын болатын әдетi емес пе, бұл жолы да кәдуiлгi “сценарийге” куә болдық. Сол баяғы “ас iшерденiң...” керi, ойда-жоқта Назарбаевтың табаны тиетiн тұстар тотыдайын таранып, оның көзi түсетiн маң ажарланды. Алажаздай әк көрмеген ағаштар сыланып-сипанып, орталық көшелердiң кейбiр жыртық-тесiгi бүтiнделдi. Көп қабатты үйлердiң көше бетi ғана боялып, қоршауы қораш жеке үйлерге “дарбазаларыңды дұрыстаңдар” деген тапсырма берiлдi. Жаңалық сол – күз түскенде гүл егiлiп, шөп орылды. Көрiнген жерге билбордтар iлiнiп, бiраз шаруа “тындырылғанын” да айта кетейiк. Бұлар – “сценарийдегi” президент келмей атқарылған шаруалар. Барлығы да әдеттегi әрекет болса, бiр сәрi.

Ерейментау шынымен-ақ ерлеп тұр. Олай дейтiнiмiз, кейiнгi 6 айдың iшiнде екi әкiм ауысты. Жай ғана ауысқан жоқ, коррупцияға қатысы бар болғасын, орнынан алынды. Бұрын Бұланды ауданын басқарған Нұрлан Ережепов 2007 жылы Ерейментауға келiп, Егор Каппельдiң орнына жайғасқан-ды. Дегенмен, ­    3 жылға жетер-жетпес уақытта iстi болып, басы дауға шатылды. Тағы да сол атың өшкiр пара, тағы да сол белгiлi “10 пайыз”. Ақмола облыс­тық қаржы полициясы басқармасының мәлiметiне сенсек, Ережепов “НСБЖ Строй” серiктестiгiнiң басшысы Н.Шайсұлтановтан пара талап еткен. Әйтеуiр сотталғаннан аман, бiрақ қызметiнен аластатылды.

Кеше Алматыда “Халыққа баспана қалдырайық”, “Талмас” қоғамдық ұйымдарының баспасөз мәслихаты өттi. Ұйым жетекшiлерiнiң сөзiне қарағанда, соңғы кездерi құқыққорғау органынан оларға түрлi қысымдар жасалып жатқан көрiнедi. “Талмас” қоғамдық қозғалысының жетекшiсi Айнұр Құрманов бұл әрекеттердiң барлығын саяси белсендiлiктерiмен байланыстырады. Сонымен қатар ол: “Қыркүйек айының соңында болатын ЕҚЫҰ-ның жиынына Е.Өктешбаев екеуiмiзге арнайы шақырту келдi. Сондай-ақ, Еуропарламенттiң алқалы отырысына да баруды жоспарлап отырмыз. Билiк жолымызды кесу мақсатында түрлi кедергiлер ойлап табуда”, – дейдi.

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНАН ЕЛ ОҢ НӘТИЖЕ КҮТIП ОТЫР
Шымкент педагогикалық институтының жаңа белесi, жаңа тарихы басталды. Аталған оқу орны жуырда үкiметтiң қаулысымен Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты деген атау­мен қайта құрылды. Араға 18 жыл салып оқу орны өз алдына қайтадан ту тiгiп, еңсе көтердi. – Жоғары оқу орнын ашып, оған мемлекеттiк мәртебе беру оңай жұмыс емес. Қыруар шығынды қажет ететiнiне қарамастан үкiмет осындай оң қадамға барды. “Көптiң тiлегi қабыл болады” деген рас екен. Бұл оқу орнының отау тiгуiне, түтiнi түзу ұшуына жауапты азаматтар жанашырлық танытып жатса қара шаңырақтың киесiмен, қасиетiмен санасқаны шығар, бәл­кiм...
БЕЛСЕНДI ӘЙЕЛ, ШЕНЕУНIК БАЛАЛАРДЫҢ АСЫН ЖЕП
Павлодар облысының Баянауыл ауданы жер көлемi мен малдың саны жағынан облыстағы ең үлкен және 160-тан аса шалғайдағы мал қыстақтарына орналасқан елдiмекендерi бар, әлеуметтiк аз қамтамасыз етiлген отбасылары және облыстағы көп балалы аналар ең көп тұратын аудан болып есептелiнедi. Осы ауданда 2010 жылы наурыз айында құрылысы аяқталған, жалпыға бiлiм беретiн 600 оқушыға арналған мектеп-интернат жұмыс iстейдi. Дүниежүзiлiк қаржы дағдарысына қарамастан жалпы құрылыс құны 2 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрайтын осы мектеп-интернат заман талабына сай арнайы жабдықталған кабинеттерi, шеберханалары, зертханалары, дыбыс-бейнелеу оқыту құралдары, кiтапхана қоры
Қасым Аманжолов – 100
Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бiр қарашы.
Танисың ба сен менi
 Мен – қазақтың баласы!
Бұл – Қасым жыры. Жәй жыр емес, қайсар жыр. Отты жыр. Бөрi жыр. Қасқыр жыр. Қазақтың жыры. Қасымның қаламының құдыретi сол, ақын асқақтаған тауды жырласа да, тебiренген теңiздi жырласа да, сайын даланы жырласа да оның өлеңдерiнде   бiр бекзаттық бар. Қасымның өз болмысындағы өр мiнез оның өлеңдерiнде де өмiр сүредi.
Әдеби ортадан оңашалау жүрген қаламгердiң тiрлiгi қашанда қиындау. Кейде жазған-сызғаның баспасөз бетiне шығуының өзi шырғалаңы мол шаруаға айналады. Шыға қалса, оны оқып, былай деп пiкiр айта қоятын тағы ешкiм жоқ. Алматы мен Астанадан алыстау жүрген адамға осы жазғаным қалай деп ақылдаса қоятын кiсi де бола бермейдi. Ел iшiнде осындай жұмыстарды жандандырып, қалам ұстап жүргендердi бiр ортаға жұмылдырады деген Жазушылар одағының облыстардағы бөлiмшелерiнiң аты бар да, заты жоқ. Рауза Молдайыпқызымен әңгiмелесiп отырып, осыны ойладым. Егер Астанада, не болмаса Алматыдағы газет-журналдардың төңiрегiнде жүрсең, әлдеқашан-ақ сенi әс көтерiп, жалпақ елге жария етер едi-ау дедiм iштей сосын.
Қазақстандық жастардың әлеуметтiк келешегi жоқ деп есептейдi саясаткер Ерлан Қарин. Олардың бүгiнгi жалақысымен тiптi күрке алудың өзi мүмкiн емес. Бiрақ жастар арасындағы экстремизмнiң көрiнiс табуын тек қана кедейшiлiкпен байланыстыруға болмайды. Мұның әр кезеңде жiберiлген қателiктердiң кесiрiнен екенi белгiлi. “Әр түрлi ағымдарға тек қана кедей отбасынан шыққандар, жұмыссыздар немесе қоғамдағы әдiлетсiздiкке шыдамағандар кiредi” деп кесiп-пiшу қисынсыз. Жасыратын түгi жоқ, шындығында да дәл қазiр жастардың әлеуметтiк жағдайы сын көтермейдi.
Ресми мәлiметтерге қарағанда, биыл 36 мыңнан аса мектеп түлегi мемлекеттiк бiлiм грантын жеңiп алып, өз таңдауындағы жоғарғы оқу орнының студентi атанды. Сондай-ақ, жергiлiктi әкiмшiлiктiң, жоғарғы оқу орны ректорының грантын қанжығасына байлағандар да бар. Отбасы “бюджетiнiң” есебiнен бiлiм алуға ниеттенген жастар жетiп артылады. Мемлекеттiк 36 мың оқу гранты түлектердiң жұмырына жұқ болмады. Мұны сырт көз емес, ел тiзгiнiн ұстап отырған шендiлердiң өзi де мойындауда. Сондықтан болар соңғы уақытта мемлекеттiк бiлiм беру грантын 30-50 пайызға, ал шәкiрт­ақыны 2 есеге өсiру жөнiнде ұсыныстар жиiрек айтылуда. Әйткенмен, нақты шешiм қа­шан қабылданатыны әлi белгiсiз.
Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атакент қалашығынан редакцияға қоңырау шалған Сейiлхан Төлебаева Қ.Cәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң машина жасау институтында бiлiм алып жүрген сүт кенжесi Абылай Төлебаевтан қапыда көз жазып қалғанын айтып, мұң-шерiн төктi. Сейiлхан апай былай дейдi: “Өткен жылы балам өз күшiмен мемлекеттiк грантты жеңiп алды. 1 семестрдi тәп-тәуiр аяқтады. Өткен жылдың аяғында, балалармен бiрге жоғарғы курстың студенттерi­мен жаға жыртысып қалып, сабаққа қатыспай жүрген. Әттеген-айы, бұл туралы дер ке­зiнде маған ешкiм хабар бер­медi.
Студент күнделiгiнен
Бүгiнде интернет желiсiнде не көп, блок ашқан жастар көп. Әркiм өз әлiнше тiрлiк iстеп, тiршiлiгiн жасауда. Бiрi саясатты “шағады”, екiншiсi экономиканы електен өткiзедi. Ендi бiрi әлеуметтiк жағдайды “айналдырады”. Ал студенттiк өмiрдiң қызығы мен шыжығын жазып-сызғандар көп-ақ. “Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ!” деп сөз бастаған Розатайдың блогын ақтарып, жатақхананы “ұстайтын” қыздың мына әңгiмесiн көзiмiз шалды. Аздап қана күзеп, газетке ұсындық. “1-курсым өте көңiлдi өттi. Түн ортасынан ауғанда туған күнiмен құттықтап, улап-шулап өзгелердiң бөлмесiне барамыз, ән айтамыз, торт жеймiз. Концертке барамыз, қыдырамыз. Кешiгiп қалсақ, балконға өрмелеймiз. Тс-с-с, мынаны комендант естiп қоймасын!
Үкiмет басшысы Кә­рiм Мәсiмовтiң блогына шетелдiкпен некеге тұрған қазақстандықтарды Қазақстан азаматтығынан айыру жө­нiнде ұсыныс түстi. “Бүгiнде шетелдiктер қандай жолмен болсын Қазақстанға келiп, азаматтық алуға барын салуда. Бұл үшiн олар Қазақстан азаматтарымен некеге тұруды көздеуде. Әсiресе, алматылық қыз-қырқындар шетелдiктерге шығуды әдетке айналдырды. Мәселен, мыңдаған қытайлықтар қазақтың қарашаштарына үйленiп, азаматтық алуда. Сондықтан мынадай заңды қабылдауды ұсынамын: “Республиканың кез-келген азаматы шетелдiктермен некеге тұрса, сол мезетте Қазақстан азаматтығынан айырылсын.
Қазақстан құрамасы бұған дейiн Түркия футболшыларынан ұтылып келдi. Жеңiлгенде де жер болып қайтып жүрдiк. Өз алаңымызда болсын, Ататүрiк топырағында болсын, пешенемiзге ойсырай ұтылу жазылып қойғандай... Бiз тағы да ұтылдық. I-таймның соңын ала болдырып қалатын бiздiң елдiң футболшылары бұл жолы тоқсан минут бойы жанкештiлiк танытты. Тек соңғы сәтте ғана iргесi сетiней қалып едi, көреген көз түрiктер сәттi пайдалана бiлдi. Бiрақ осы жеңiлiстiң дәмi кермек тати қоймайды-ау... Ыстамбұл қаласындағы “Түрiктелеком арена” атты стадиондағы бұл ойынды Түркия президентi Абдолла Гүл келiп тамашалады. Және де ойын соңына дейiн тапжылмай көрдi. Көңiлге қуаныш сепкен әсерлi жайттарды айтпай кетуге болмас. Мәселен, екi елдiң әнұраны орындалған сәт.
ОЛЬГАНЫҢ ОҢ ҚАДАМЫ
Жеңiл атлетикадан Кореяның Дэгу қаласында өткен әлем чемпионатында жерлесiмiз Ольга Рыпакова үш аттап секiруде күмiс жүлдегер атанды. Ол әлем чемпионы атанған украин үмiтi Ольга Саладухиден бар болғаны 5 сантиметр ғана кем секiрдi. Бұған дейiн Еуропа чемпионы болған украин спортшысы алғаш­қы мүмкiндiгiнде-ақ 14 метр 94 сантиметрге секiрiп, чемпиондықтан үмiттi екенiн байқатқан. Өскемендiк Ольга болса, 14 метр 89 сантиметрдi бағындырып, күмiс жүлдегер атанды. Әлем чемпионатының қола жүлдесi 14 метр 84 сантиметрге секiрген колумбиялық Катарин Ибаргуенге бұйырды.
Ұзындыққа секiруден екi дүркiн әлем чемпионы болған кубалық Яргерис Савинье бар болғаны 14 метр 43 сантиметр ғана секiрiп, чемпионатты 6-орынмен аяқтады. 
Қыркүйектiң 12-18-i аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында күрес түрлерiнен (грек-рим, еркiн, қыздар күресi) әлем чемпионаты өтедi. Мұратбек Қасымханов баптайтын грек-рим балуандары әлем чемпионатына мына құрамда баратын болды: 55 келiде Асхат Құдай­бер­генов белдеседi. 60-та Алмат Кебiсбаев күреседi. Елiмiзде бұл салмақта бә­секелестiк өте жоғары. Бей­жiң олимпиадасының қола жүлдегерi Нұрбақыт Теңiз­баев, одан сырт Ербол Қо­ңы­ратов бар. Бiрақ бапкерлер ақылдаса келе түрiк боз­кiлемiнде тартысқа Алматты шығаруды көздептi. Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегерi атанған Алмат өткен жылы ҚР пре­зидентiнiң кубогында Теңiз­баевты тұсаған болатын.
АЛЫП ШЕГIРТКЕ
Салмағы 12 келi тартатын алып шегiртке малдардың мойнын кемiрiп, сүйектерiн сындыра берiптi. Бұған шыдамаған жаңазеландиялық фермер Барри Гисслер әлгi алып шегiрткенi мылтығымен атып өлтiрiптi. Мiне, осы оқиғадан бiр жыл өткен соң фермердiң өз алқабында өлi денесi табылды. Мойын омыртқасы сынған және денесiнде белгiсiз жәндiктiң шаққан iздерi қал­ған. Фермердiң жұмбақ өлiмiн тексерген полицейлер нақты қорытындыға келмедi. Бiрақ мар­құмды шаққан “мутант-жәндiк болуы мүмкiн” деген жорамалды да есепке алып отыр. Ал фермердiң достары: “Шегiрткенi атып өлтiргеннен кейiн Барридiң фермасында себепсiзден себепсiз бiрнеше рет өрт болды. Малдары қырылды. Барридiң өзi бiрнеше рет көлiк апатына ұшырады. Бұл жантүршiгерлiк жайттар бiр жылдың iшiнде болды.