1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (15634) 8 қыркүйек, бейсенбі 2011
Тәкен Әлiмқұловтың куәлiк етуiнше, Қасым Аманжолов 1932 жылы “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнде жұмыс iстеген. Әрине, бiз, жасалаштықтар, мұны мақтан етемiз. Газетiмiздiң биылғы көктемде өткен 90 жылдық мерейтойында былай деп жаздық: “Рас, “Лениншiл жастың” – “Жас Алаштың” тарихында сүрiнген сәттерi де бар. Бүгiн, бiз, жасалаштықтар, сталиндiк сұрқай замандағы қуғын-сүргiнде (1937- 1952 жылдар) газет бетiнде орынсыз айыпталған Алаш ардақтыларынан және олардың ұрпақтарынан кешiрiм сұраймыз! Коммунистiк идеологияның, комсомолдық бел­сен­дiлiктiң желiгiмен дiнiмiз­ден безiнуге, ұлттық құндылықтарымыздан жерiнуге үндеген кейбiр мақалалардың газет бетiнде жарияланғаны үшiн кешiрiм сұраймыз!
Қырықтың мол iшi қазақтың кiл қаймақтарына неге жұт боп тие бередi осы? Үшiншi мүшел мен төртiншi мүшелдiң арасында (37 жас пен 49 жастың арасы) жоғалттық зиялыларымыздың көпшiлiгiн. Алаш күрескерлерiне мылтық кезелгенде олардың түгелге жуығы қылшылдаған қырықтың iшiнде едi, екiншi мүшел мен үшiншi мүшелдiң арасында... “Егер қырықтан аман шықсам, жүзге жетемiн”, – дейдi екен Қасым Аманжолов. Сөйткен Қасым дәл қырық төртiнде бақиға аттанды. “Мен бүгiн дәл қырықтың бесеуiнде” деген Мұқағали Мақатаев та сол өзi жырлаған қырық бесiнде өттi дүниеден. Қазақтың көрнектi жазушысы Жүсiпбек Аймауытов “ұлтшыл” деген айыппен атылғанда 42 жаста емес пе едi? Қазақ Сәкен Сейфуллинiнен 44-iнде айырылды. Қайраткер Тұрар Рыс­құлов та дәл 44-iнде оққа ұшты. Айта берсең, қырықтың iшiнде көз жұмған қайраткерлерiмiз сұмдық көп.

Қазақ халқына және өзге ұлт өкiлдерiнiң атына жазылған “Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын!” атты ашық хаттан кейбiреу­лер ат тонын ала қашуда. Солардың қатарында әйгiлi әншiмiз Бибiгүл Төлегенова мен “Алаш” партиясының рухани iзбасары” Азат Перуашев бар. Екеуi де “хаттың мазмұнымен толық таныс емес едiк” деп “ағынан жарылып” отыр. Естерiңiзде болса доктринаға байланысты дауда Досхан Жолжақсынов осылай деген едi. Ендi мiне арада бiр жарым жыл өткенде атал­ған “вирустың” белгiсi қайта байқалды. “Қазақ тiлiне қатысты мәселенi, күшпен емес, ақылмен шешкен жөн”, – деп есептейдi Жетiншi арнаға берген сұхбатында Бибiгүл Төлегенова.

Мемлекеттiк тiлге байланысты ұлт жанашырлары мен саясаткер, зиялы қауым өкiлдерi жариялаған үндеуде Конституцияның мемле­кеттiк тiлге байланысты 7-бабын алып тастау мәселесi қозғалды. Мiне, дәл осы талап яғни орыс тiлiнiң ресми тiл болып қосақталуына қарсылық – жайшылықта мiнбер­ден көсемсiгендердiң бетпер­десiн сыпырды. Орыс тiлiнсiз ертеңiн елестете алмайтындар ұлардай шуласа, қойған қолдарынан бас тартушылар басын иiп кешiрiм сұрасуда. Қазақтан емес, әрине. Өзге ұлт өкiлдерiнен. Бұл шудың мәнi неде? Астары қандай? Әлгi дүрмекке депутат Бақыт Сыздықова да қосыла кетiптi. Оның ойынша ағылшын тiлiне ресми мәртебе берген жөн екен.

Тiлшi: “Время” газетiнiң сәрсенбiлiк санында Герольд Бельгердiң, Азат Перуашев­тiң, Қыдырәлi Болмановтың, Бибiгүл Төлегенованың, Болат Әбiлевтiң, Ғазиз Алдамжаровтың санаулы уақыт бұрын қазақ баспасөз беттерiнде мемлекеттiк тiл төңiрегiнде жарық көрген ашық хатқа қатысты әрқилы пiкiрлерi жарияланыпты. Осы мәселеге қатысты өз жауабыңызды бiлдiрсеңiз? Мұхтар Шаханов: 1989 жылы 22-қыркүйекте екi тiл бiрдей мемлекеттiк мәртебе иеленiп кеткен тұста, бiз оған қарсы дауыс көтерiп, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк дәреже алуына септiгiмiз тиiп едi. Содан берi 22 жыл бойы тiлiмiз бiрнеше мәрте заң жүзiнде күзелдi. Тiптi, оған “орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады” деген тармақ енгiзiлдi. Сонда қазақ тiлiмен қатар орыс тiлiнiң де мемлекеттiк тiл болғаны ма?
Қасымның қай өлеңiн алсаңыз да от болып, жалындап тұрады. Эпиттерде, теңеулерде Қасымның мiнезi мен болмысы айқын көрiнiп тұр. Ол ойын ашық әрi анық айтатын. Осы анықтығы мен ашықтығы оның әр шығармасын жүрекке жеткiзiп, көкейге қондырып беретiн. Қасымды ортасынан оқ бойы оздырып, ерекшелендiрiп тұрған оның бетке айтатын тiк мiнезi мен ақындық өресiнiң биiктiгi болды. Бұл кейде айналасындағы ақындардың қызғаныш сезiмiн де оятты. Қарапайым адамдар секiлдi ақын-жазушылардың арасында да қызғаныш сезiмi болады. Қасымға қызғана қараушылар Қасымға қамшы болды деуге де болады.
Ақын, ең алдымен, өз қоғамының мүшесi және мейлiнше белсендi мүшесi болуға тиiс. Олай болса, шын ақын өзiнiң тағдыры арқылы да, өзгелердiң тағдыры арқылы да қоғамдық шындықты суреттейдi. Екiншi сөзбен айтқанда, ол әлеуметтiк маңызы бар шығармалар ғана жазады. Азаматтық өмiр тарихы кедей автордың шеңберi, тынысы кең шығарма тудыруы қиын. Ондай авторлар өз басы жете бiлмейтiн, жан-жақты зерттелмеген тақырыптарға лажсыз барады да, “шамасы осылай шығар” деп долбар­ға ұрынады. Содан барып өмiр шындығы ақсайды. Әрине, басыңнан кешкен, жақын байқаған шындықтың бәрi, өзiң сезiнген әсерлердiң бәрi шетiнен сәттi табысқа алып барады деген ойдан аулақпыз.
Ұлы Қасымның аруағына
... Хақ-Дала!
Ақын-Дала!
Қасым-Дала!
Тазарып кiр-қоқыстан асылдана,
Жарқ та жұрқ жалын шашты жан-жағына
Қойнына көктен жауған жасынды ала.
Тау емес.
Сен – құдiрет, айхай Дала!
Жағынбас жаңғырықпен айқайға да.
Оралар өзiңдi аңсап, өзек жарып
Кетсе де сан ұлдарың қай-қайдаға.
Дарынды сазгер, Қазақстанның халық әртiсi, профессор, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Мыңжасар Маңғытаев дүние салды. 74 жасқа қараған шағында. Мыңжасар Маңғытаевтың “Iздедiм сенi”, “Қарагөз”, “Ақ маржан” сияқты әндерi той-томалақтың сәнiне айналса, ал ендi “Отырар” операсы, “Қозы мен Баян”, “Арман”, “Құлагер” секiлдi симфониялық поэмалары, “Шексiз махаббат” ораториясы, “Ақсақ құлан”, “Қаратау әуендерi” атты хорға арналған поэмалары, ән-романстары – қазақ музыка өнерiн байытқан бағалы, құнды дүниелер. Музыка мамандары М.Маңғытаевты бiлiмдi, терең сазгер-суреткер ретiнде жоғары бағалайтын.
Бiз 2 қыркүйектегi Түркия алаңындағы ойынның әсерiнен арыла алмай жүргенде, әзiрбай­жандар өз алаңында Қазақстан құрамасын қапы қалдырды. 3 маусымда “Астана-Аренада” Сергей Гридин қос гол соғып, мерейiмiздi тасытып едi ғой. Алмақтың да салмағы барын әзiрбайжандар өте жақсы түсi­недi екен. Мирослав Беранек баптайтын құрама Бакудегi Тофик Бахрамов атындағы стадионда Берти Фогтс шәкiрттерiнен 2:3 есебi­мен жеңiлуге мәжбүр болды. Ойын аса тартысты бастал­ған. Бiрiншi таймда бәрi де Беранектiң ойлағанындай болған. Шабуылға ынтық бiздiң құрама дүркiн-дүркiн Агеевтiң мазасын алды
ШИМОНЕКТIҢ ШАТТЫҒЫ
Төрт күн бұрын Румыния жастар құрамасымен тең ойнап, ұпай бөлiскен Слободан Крчмаревич баптайтын 21 жасқа дейiнгi жастар 6 қыркүйектегi Словакияға қарсы ойында көңiл көншiтпедi. Словакия құрамасы да осалдан емес. Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 1:0 есебiмен Словакия құрамасының пайдасына шешiлдi. Кездесуде соғылған жалқы голдың авторы – Шимонек. Ойынның 75-минутында ол Ордабаевты опындырып, командасына жеңiс сыйлады. 2013 жылы өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу турында 3 ойын өткiзген Қазақстан жастар құрамасы 9-топта 2 ұпаймен 4-сатыда тұр. Көш басында әзiрге
Қазiргi таңда кез келген қазақстандық жас отбасылар тұрғын үйдi қажет етедi, тұрмысын жақсартуды қалайды. Бұл үшiн жас отбасыға қымбат ипотекалық несие алу шарт емес. Тұрғын үй мәселесiн шешуге арналған қолайлы жол бар. Ол – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесi. Оның мүшесi болу үшiн ерлi-зайыптыларға “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң” арнайы “Жас Отау” акциясы шеңберiнде шарт жасасу қажет. Тұрғын үй, әсiресе жаңа отбасы үшiн өзектi мәселе. Отбасын құру үшiн тұрғын үй аса қажет. Сондай-ақ, тұрмысты түзеу керек. Дегенмен, баспана, тұрғын үй сатып алуға мүмкiндiк бола бермейдi. Оның үстiне әр адамның өмiрiнде маңызды кезең басталады. Нәресте дүниеге келгеннен тұрғын үй алаңын кеңейту қажеттiлiгi туады.
ДҮНИЕГЕ ЖҮКТI БОЛЫП КЕЛГЕН ҚЫЗ
Сауд Арабиясында өте таңғаларлық оқиға болды. Бiр айлық қыз екiқабат болып шықты! Мұны бiлген дәрiгерлердiң таңғалғандары соншалық, ауыздарына сөз түспей қалды. Анасы өздiгiнен босана алмаған соң, қызды iштен жарып (кесарево сечение) алады. Дүниеге келген сәби құса бердi және iшi жиi-жиi қататын болды. Сонымен қатар нәрестенiң iшi де өсе бастайды. Ақылдаса келген дәрiгерлер қызға үш сағат операция жасады. Бiр айлық қыздың iшiндегi өлi баланы алып тастады. Бұл – әлемде өте сирек кездесетiн оқиға.