1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15635) 13 қыркүйек, сейсенбі 2011
Мақаланың тақырыбына таңғалмаңыз. Назарбаев – менiң де президентiм. Мен оны кез келген «нұротандықтан» артық жақсы көрмесем, кем көрмеймiн. М.Нәрiк­баев сияқты мен де: «Егер қажет болып жатса, Назарбаев үшiн жан қиюға әзiрмiн» деп айта аламын. Демек, Назарбаевты сыйлау жағынан, әрi патриотизмнен ада емеспiн. Барлық ұлы халықтар ана тiлiнiң маңызы мен рөлiн жақсы бiледi. М.Хайдеггердi тыңдайық: «Тiл дегенiмiз – болмыс тұрағы. Адам тiл мекенiнде өмiр сүредi. Ойшылдар мен ақындар – осы мекендi қырғи қорғаушылар. Тiл дегенiмiз – бол­мыс­тың өзiнiң айқын-тылсым құбылысы. Тiл дегенiмiз болмыс үйi, осында адам өзiн экзистендiредi, өйткенi, болмыс ақиқатын аялай келе, ол оған тиесiлi».

12 қыркүйек – бiртуар азамат, Алаштың ардақтысы Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. Халқының маңдайына бiткен жарық жұлдызы едi. Өкiнiшке қарай, ол саяси режим қорқауларының қолынан қаза тапты. Бұл күнi оның туыстары, достары мен жақтастары еске алу шараларын өткiздi. 11 қыркүйек күнi Медеу шатқалынан басталып, Алма-Арасанға асатын сүрлеу соқпақпен алпыстан аса адам биiктерге беттедi. Бұл – Алтыкең­нiң аптасына бiр мәрте жүрiп өтетiн бағыты болған.

– Өкiнiшке қарай, Атырауда тұтқындалған топ туралы әлде­ненi кесiп айту қиын. Себебi қо­лымызда оперативтi мәлi­меттер жоқ. Алайда қазiр елiмiзде терроризмнiң кейбiр көрiнiстерi анық байқалуда. Бiрақ терро­ристiк топтардың өзi туралы мәлiмет аз. Көп ретте ол топтарды немесе оған қатысушы адамдарды салафиттерге жатқызады. Бұл шындыққа жанасуы әбден мүмкiн. Бiрақ бiр нәрсенi анық түсiну керек. Ислам дiнi тәрiздi салафизм ағымы да түрлi тармақтарға бөлiнiп кеткен. Сондықтан бұл жерде нақты ұйымдар туралы сөз қозғау керек. Мәселен, Сауд Арабиясындағы салафизм сол елдiң мемлекеттiк дiнi. Әрi бұған сенетiн миллиондаған адамның басым көпшiлiгi террористер емес, бейбiт халық. Сөйте тұра өздерiн салафиттерге жатқызатын Әл‑Каида, Халық­аралық салафит джихады тәрiздi экс­тремистiк ұйымдар бар.

АЛТЫНБЕКТIҢ ШӘКIРТТЕРI МIНЕЗ ТАНЫТТЫ
Биыл Қазақ елi үшiн ерекше жыл екенi белгiлi. Өйткенi Қазақ тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығымен Абылай ханның 300 және Әлихан Бөкейханның 145 жылдығы тұспа-тұс келiп отыр. Өкiнiшке қарай, азаттық жолында күрескен екi ердiң мерейтойы билiк тарапынан ес­керусiз қалды. Жезқазған қала­сының әкiмi Берiк Әбдiғали болмаса, Абылай ханнның 300 жылдығы аталып өтiлмес те едi. Ал Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған халық­аралық конференцияның негiзгi ұйымдастырушысы – Ерлан Қарин. Бүгiн Астанадағы “Тәуел­сiздiк” сарайында “Алаш мұраты және Тәуелсiз Қазақстан” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция басталды.

Министр Сауат Мыңбаев мәлiмдеме жасаған сайын жанар-жағармайдың бағасы өсуде. Өткен аптада сан құбылған баға бiразға дейiн шарықтайтынын байқатты. Егiн жинау науқанында жыл сайын болатын мұндай “ауытқушылықтар” шаруаның қалтасын қағып, еңбегiн еш етедi. Әзiрге бұл үрдiске тоқтау салып, тежейтiн қауқар болмай тұр. Құрғақ сөзбен халықты жұбататын министрлердiң тығырыққа тiрелгенi анық. Бұған Мыңбаевтың мәнсiз мәлiмдемесi дәлел.

Түнде қазақ топырағынан шыққан ең алғашқы олимпиада чемпионы Абсент пен тектi тұлпарды құлын кезiнен баптап өсiрiп, ақтық сапарға да өз қолымен аттандырған Молдаш Әмiреев ақсақал түсiме ендi. Таңертең орнымнан тұра сала талай жылдан берi мойнымда қарыз болып келе жатқан парызды өтеу үшiн қолыма қалам алдым. Өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында республикалық жастар газетi “Лениншiл жаста” (қазiргi “Жас Алаш”) тiлшi болып жұмыс iстеп жүрген­мiн. Кезектi бiр iссапарда Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауытына (қазiргi Көгершiн ауылы) жолым түстi. Бұл жылқы зауытының атағын аспандатып төрткүл дүниенiң төрiне шығарған Рим олимпиадасының чемпионы – Абсент атты тектi тұлпар екенiн екiнiң бiрi әлi күнге дейiн жыр қылып айтады.
Алтын бесiк ауылға қара бұлттың үйiрiлуiне не себеп?! Тәуелсiздiктiң 20 жылында не бiтiрдiк? Жекешелендiру саясатынан ауыл не ұтты, неден ұтылды? Ұтқанымызды қайдам, ұтылғанымыз көп-ақ. Мәселен, қабырғаңа бататыны, ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелерiмiз немерелерiнiң маңдайынан иiскеуге зар болып қалды. Жастар тегiс қалаға ағылды. Себебi, жұмыс жоқ. Қаңыраған үйлердiң үңiрейген терезелерiнен үрейден басқа ештеңе көрiнбейдi. Мектеп пен әкiмшiлiктен басқа мекеме жоқтың қасы. Айта берсек, тiзе берсек, дәл қазiр ауыл-аймақта шешiлмеген мәселелер шаш етектен.
Қолындағы таяғына сүйенiп есiк ашқан 89 жастағы кейуана Сүйiмхан Ыбрайымова: “Ауыр тұрмысымды айтайын деп Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Ербол Шормановтың қабылдауына кiрген едiм. Қуды, “шық та, шық” деп. Егер халықтың мұң-зарын тыңдамаса, не бiтiрiп отыр бұл шенеунiк? Осы жасқа дейiн мұндай қорлық көрмеген едiм, қарағым...”, – дейдi көзiне жас алып. – Өмiр бойы естiмеген сөздi естiп, әбден қорландым. Бәрiн ретiмен айтайын, балам, сөзiм өтiрiк болмасын. Өзiм – тыл, шалым – соғыс ардагерi. Кезiнде Қонаев еңбегiмдi бағалап 2 бөл­мелi пәтер берген. Қазiр сол үйде күнелтiп жүрмiз. Өмiрiмде бiр жақсылық көрмедiм, – дейдi әжей. 
 БҰЛ СӨЗДIҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI ПРЕЗИДЕНТТIҢ МОЙНЫНДА
Дәл қазiр қазақ көшi қаңтарылып қалды. Билiк басында көштiң тоқырауына мүдделi топтар бар екенi байқалады. “Көлiктi көш кiмнiң немесе кiмдердiң тақиясына тар келдi сонда?” дейсiз ғой. Басқасын қайдам, шетте жүрген қандастарымыздың тарихи Отанына жаппай қоныс аударуы, сөз жоқ, ұлттық саясатқа дем бередi. Қазақстанда қазақтың саны артып, моноұлтқа айналуына сеп болады. Ендеше қазақтың асығы алшасынан түсiп, Қазақстанда ұлттық саясаттың жүргiзiлуiне қарсы топ қазақ көшiнiң жолын кесiп, тұсау салуда. Бұлай демегенде қайтемiз. Бүгiнде ел тiзгiнiн ұстап
7 қыркүйек... Осы күн спорт тарихына қаралы күн болып жазылады деп ешкiм ойламаған шығар.    Ресейдiң Ярославль қаласының “Локомотив” клубының мүшелерi қаза болды. Биылғы құрлықтық хоккей лигасы кеше ғана басталған сияқты едi.
“Як-42” ұшағы әуеге көтерiлгенде радиомаяктың дiңгегiне соғылып, қайтадан жерге құлдилап, суға құлаған. Ұшақ iшiндегi 45 жанның 43-i мына ғазиз дүниемен қош айтысты. Пенделiк оймен: “Апырай, ұшақ тiзгiнiндегi капитан неге сезбедi екен?” деймiз. Ал сол капитан әуеде 7 мың сағаттай ұшып, оның 1,5 мыңын дәл осы “Як-42” ұшағымен өндiрген екен. Демек, әуе көлiгiн тәжiрибесi мардымсыз маман басқарды деу қисынсыз.
Кеше мемлекет, қоғам қай­раткерi Алтынбек Сәрсенбай­ұлының туған күнiне орай бильярдтан турнир өттi. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қор ұйымдастырған тастаяқ сайысына 60-қа жуық үмiткер қатысты. Алтынбектiң қатар жүрген серiктерi атынан Төлеген Жүкеев, студенттiк жылдарын бiрге өткiзген Нұртөре Жүсiп, Шәм­шидин Паттеевтер атаның баласынан алаштың ұлына айнал­ған қайраткер замандастары турасында сағыныштан өрiлген естелiктерiн айтты. Бiр мезет жазуды доғарып, қалам орнына кий ұстаған ақын-жазушы, журналистер арасындағы биылғы турнирдiң жүлдесi де қомақты. “Алтынбек Сәрсенбайұлы
Өткен сенбiде футболдан премьер-лига ойындарының 26-туры өттi. Талдықорғанда жер­гiлiктi “Жетiсу” жер болды. Олар турнир кестесiнде 6-сатыда тұрған шымкенттiк “Ордабасы” клубынан 1:2 есебiмен ұтылды. Ес­ептi алғаш болып қо­нақ­тардан Бабатунде ашқан. Оның 15-минутта соққан голынан кейiн Бақаев 20-минутта таразы басын тең­шегенiмен, 50-минутта Мвесигва жеңiс голын соғып, “Ордабасы” үш ұпай олжалап қайтты. Баянауылда “Ертiс” кеншiлердiң “Шахтерiн” 2:1 есебiмен жеңдi. Бұл ойында алаң иелерiнен Финонченко 14-минутта гол соқты. Мальцев 36-минутта қарымта қайтарып, есептi теңестiр­ген. Алайда бiрiншi таймның аяқталуына екi минут қалғанда Шабалин екiн­шi голды тоғытып, “Ер­тiс” үш ұпайға қол жет­кiздi.

Нұрбала жаратылысы, жан дүниесi өзгелерден бөлек, ақылына көркi сай ерекше жан болатын. Оның қонақжайлылығы, атымтай жомарттығы, мейiрiмдiлiгi, әйелге тән сезiмталдығы, инабаттылығы, имандылығы, iшi-бауырыңызға кiрiп кететiн ашық-жарқын мiнезi бәрiмiздi тәнтi ететiн. Орынсыз айтылған сөзiн, не терiс қылығын байқаған емеспiн. Өн бойы ар-ұят, намыстан жаралған ба дейсiз. Жалпы, атам қазақ “тектi жердiң қызын ал» деп бекер айтпаған. «Тектiлiк» – тұқым қуалайтын, балаға ана сүтiмен даритын, Алла тағаланың адамзатқа сыйлаған асыл қасиет­терiнiң бiрi. Мiне, сол тектiлiк Нұрбаланың бойында да бар едi.