1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15636) 15 қыркүйек, бейсенбі 2011
Сейсенбi күнi үкiмет отырысында бюджет мәселесi талқыланды. Қаржы министрi Болат Жәмiшевтiң айтуынша, 2011-2013 жылдарға есептелген бюджет 17,9 миллиард теңгеге толықтырылып, 5 триллион 170 миллиард теңгеге жетiптi. Және де әлеуметтiк саланың да қоржыны қомпайып, 40,8 миллиард теңгеге өсiптi. Жәмiшевтiң бюджет қаржысын қалай жiлiктеп, қалай бөлгенiн естiсең, құлағыңның құрышы қанады. 2011-2013 жылдарға есептелген 5 триллион 170 миллиард теңге жырымдалмай, ұрланбай, қалталарда “шөгiп қалмай”, өз мақсатымен жұмсалса, талай жыртығымыз жамалар едi-ау. Бiрақ... Мұхтар Әблязовтың ие­лiгiндегi “К+” деп аталатын спутниктiк телеарна бар. Сол телеарнасына Әблязов сұхбат берiптi. Парламент палаталарының бiрiккен отырысында президент Н.Назарбаев: “Бұдан үш жыл бұрынғы либералды банк жүйесiнiң нәтижесiнде жыларман күйге түстiк. Алаяқтар мен ұрылар көбейдi...”, – деген.

 

Б.ТIЛЕУХАННЫҢ “ӘРКIМНIҢ АЙТАҒЫНА ЕРМЕЙIК” ДЕГЕНIН ҚАЛАЙ ТҮСIНУГЕ БОЛАДЫ?
Өткен аптаның бейсенбiсiнде Парламент мәжiлiсiнде “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” және “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасы таныстырылды. Өкiнiшке қарай, Қазақ қауымы зарыға күткен заң жобасынан “Бәрекелдi” дейтiндей жағымды жаңалық көре алмадық. Заң жобасы бойынша құ­рылған жұмыс тобына Мәжi­лiстiң заңнама және сот-құқықтық реформа комите­тiнiң мүшесi Рамазан Сәрпеков жетекшiлiк етуде.
Белсендiнiң басына кигiзiлген сырға толған шелектi қозғалыс өкiлдерi осылай бағалады
Сейсенбi күнi көшеде хабарландыру iлiп жүрген “Халық майданы” және “Рух пен тiл” жастар клубының белсендiлерi Инга Иманбай мен Мұратбек Оразға қар­сы белгiсiз бiреулер арандату әрекетiн ұйымдастырды. Гоголь көшесiнiң бойымен беймарал кетiп бара жатқан қозғалыс белсендiсi Инга Иманбайдың басына кенет бiр шелек қара түстi сыр (бояу) құйылған. Жас белсендiнiң басына қара түстi сыр құйылған шелектi кигiзе салған бұзақы қаша жөнелiптi. Алайда Инганың жанындағы Мұратбек Ораз әлгiнiң артынан тура қуған. Осы сәтте бұзақыны құтқаруға қосылған үш жiгiт М.Оразды ұрып құлатып, мәшинеге отыра салып, оқиға болған жерден iз суытқан.
ҚАЗАҚСТАНДЫ ДА АЙНАЛЫП ӨТПЕДI
Үлкен жолдың бойында ойға батып 15 жастағы Азамат тұр. Жанарында мұң, қабағы қатулы. Өмiрге өкпесi қара қазандай. Бала кезiнен семiздiкке шалдықты. Салмағы жылдан-жылға артты. Әкесi баласының дене бiтiмiнен ұялатын халге жеттi. Бұл үшiн шешесiн айыптап, ұрып-соқты да. Көп өтпей ажырасып тынды... Анасы Азаматты өсiрiп, қатарынан қалдырмауға бар күшiн жұмсады. “Жегенi – алдында, жемегенi – артында”, “қарны тоқ – қайғы жоқ”. Шектен тыс қам­қорлық жасады. Алайда Азаматтың көңiлiне қаяу түсiп, жабырқай бердi. Жора-жолдастары жатырқады, артық салмақ өз ортасынан алшақтатты...
Ана сүтi – таптырмайтын тағам
Қасым Аманжолов – 100
Дарынды прозашымыз Несiпбек Дәутаевтың “Мәкеңдер, Малсекеңдер, заман” деген әңгiмесi бар. Ендi осы әңгiмеден шағын ғана үзiндi оқып көрелiкшi: “Мәкең көсiле сөйлеп, жұрт ұйып тыңдады. Сұрақ-жауапқа кезек келгенде, бәрi нiлдей бұзылды. Бәле шашы тiкiрейген сiрiңке қара баладан шықты.  “Ақдалада” аралары бiр-бiрiне жақын екi ескерткiш тұрғанын көрдiм. Бiрi – Абай Құнанбаевтiкi, бiрi – жаңағы сiз айтқан атақты қойшы Малсақбай Сомжүрековтiкi. Айтыңызшы, Абайдың ескерткiшi қойшынiкiнен не себептi он еседей кiшi? Абай күллi қазақтың күллi әлем мойындаған кемеңгерi емес пе едi?
Құрметтi Рысбек iнiм!
Сiз бен бiз, басқа да азаматтар қол қойған мемлекеттiк тiл туралы ашық хат ақтөбелiк “Эврика” газетi редакциясында талқыланып, қол қоюшы ретiнде менiң пiкiрiммен есептеспедi, мәселенi бұрмалады, қол қойған азаматтардың намысына тидi. “Эврика” газетiнiң редакторы В.Гербер “Сiздi ашық хатқа қол қойғандардың бiрi ретiнде пiкiрталасқа шақырамыз” деген соң, келiсiм бердiм. Барсам, жиналғандардың барлығы маған бiр айыпты адамша қарап, жан-жақтан жөн-жосықсыз “бұл – орысқа қарсы жасалған әрекет” деп, дөрекi сөздермен тиiсе бастады.

Биыл Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы аталып өттi. 37 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өңiрде бiрқатар iс-шаралар атқарылды. Қыр­күйек­тiң 1-iнде Жаңаөзен қаласының “Жұлдыз ықшамауданында 1200 орындық мектеп ашылды. Мектепте оқушылардың сапалы бiлiм алуына барлық жағдай жасалған. Құры­лыс­тың сметалық құны – 1 миллиард 779 миллион теңге. Сондай-ақ, Жаңаөзеннiң “Арай” ықшамауданында бұрғылау құрылғысын бейнелейтiн биiк­тiгi 12 метрлiк композиция орнатылған “Бұрғышылар алаңы” ашылды.

Осыдан бiраз бұрын ұсынылған “Қазақстан Республикасының тiл саясаты жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу” бұқаралық ақпарат құралдарының орталық тақырыбына айналды. ҚР Мәдениет министрлiгi енгiзген “2012 жылдан бастап мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдi пайдалану және iс қағаздарын қазақ тiлiнде жүргiзу” туралы норма негiзiнен мемлекеттiк қызметкерлерге қатысты болғанымен, ресейлiк басылымдар мен республика iшiндегi орыстiлдi газеттер мен орыстiлдi порталдар жоқ жерден шу шығарып, бұл “мемлекеттiк төңкерiске алып келедi” дедi.

“Бүкiл фармацевтика табиғатта жатыр, жасанды дәрiлердi ойлап табудың қажетi жоқ” деген немiстiң көрнектi ғалымы Самуэль Ганеман химиялық дәрi-дәрмекке қарсы шығып, адамның жаны мен тәнiн қоса емдеудiң жаңа тәсiлiн ойлап тапты. Гомеопатия деп аталатын бұл медицина – қазақтың “уды у қайтарады” деген емшiлiк дәстүрiн еске түсiредi. Гомео – ұқсайтын, патос – ауруды өзiне тән табиғаттағы баламасымен емдеу. «Ендi осы гомеопатия қазақ жерiнде қалай дамуда?» деген сауалмен республикамызға танымал, Халықаралық және Қазақстан гомепатия лигасының вице-президентi, Қазақстан гомеопатия орталығының бастығы, гомеопат-дәрiгер Исаева Әсемгүл Оразбекқызын әңгiмеге тарттық.  

Өмiрде дәлелдi сөйлесең, еш­кiмнен ұтылмайсың. Дәйексiз сөйлесең, бәледен құтылмайсың. Қазiр газетке мақала жазу да қиын. Себебi кейбiр дөкейлер “ар-намысыма тiл тигiздi” деп бiр ауыз сөзiңе бола, дұрыс сөзiңнiң өзiн бұрысқа айналдырып, таныс соты арқылы түбiңе жетуi әбден ықтимал. Аякөздiң арнасы бүгiн керi ағып жатыр. Жолдары, ауызсуы, тазалығы, жылуы, жарығы заман талабынан қалыс қалған Аякөз ауданына былтыр Зайсаннан Әнуарбек Мұхтарханов әкiм болып келдi. Әуел баста өзге әкiмдер сияқты халықтың қаражатын жеп-жеп, қарны тойған соң безетiн шығар деген ойда болдық. Жоқ, керiсiнше, Аякөздiң ажарына қан жүрiп, ­бойы­на жан кiрiп қалған сыңайлы. Орталық көшелер ретке келiп қалды. Тек Құдай ұзағынан сүйiндiрсiн деймiз.

Мен 11-сыныпта оқимын. Жас болғаныммен, ес бiлiп, етек-жеңiмдi баяғыда-ақ жинап алғанмын. Мұның өз себебi де бар. Әкемiз ерте қайтыс болып бар ауыртпалық анама түскен соң, базарда анаммен бiрге көкөнiс саттым. Жыл сайын сыныптастарым жазғы каникул жақындаған сайын қайда барып демалатындарын алдын ала, “Алматыға барамыз...”, “Шымкентке...” “Бурабайға барып демаламыз”, – деп айтып отыратын. Ал менiң 7-сыныптан берi “демалатын” жерiм – базар. Алғашқы кездерi базарда ұстаздарымды көрсем, төмен қарап бүгi­жектеп немесе базарда картоп сатып алуға келген адам секiлдi сыңай танытатынмын. Кейiн бәрiне үйрендiм. Тiптi, мектеп директоры келе жатса: “Ағай, картоп алыңыз”, – дейтiн болдым. “Ұялғанның керi де”, – дейдi анам.

Мен 2007-2011 жыл аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетiнiң “басқару” факультетiн “әлеу­мет­тiк жұмыс” мамандығы бойынша бiтiрiп шықтым. Топ басшысы болып, қоғамдық жұмыстарға қатыс­тым. 3-курста жоғар­ғы дәрежелi бiлiмiм, отбасылық жағдайым төмен (ата-анам жұмыссыз) болғаны үшiн “Президент” стипендиясына ие болдым. Сондай-ақ азды-көптi ғылыми жетiстiктерге қол жеткiздiм. Атап айтқанда, 2010 жылы шыққан “Қазақстан қо­ғамының әлемдiк дағдарыс жағда­йын­дағы әлеуметтiк-экономикалық проблемалары” атты кiтапта “Мүм­кiндiгi шектеулi азаматтардың психо-әлеуметтiк ерекше­лiктерi және олардың проблемалары” атты мақалам жарық көрдi

...Кешеге дейiн, яғни күйеуге шыққанымша өмiрдiң көлеңкелi тұстары барын бiлмеппiн. Ата-анамның еркесi болдым. Мектептi жақсы тәмамдап, жоғары оқу орнын – Қазақтың әл-Фараби атындағы университетiн (грант) бiтiрдiм. Ойымды алаңдататын, тұңғиық мұңға батыратын ештеңе бола қойған жоқ. Күйеуге шыққан соң мына өмiрде арамдықтың, жалғандықтың, бiрге туған адамдардың бiрiн-бiрi сатып кетушiлiгiнiң барын бiлдiм. Жағамды ұстадым. Қазiр 30 жастамын. 3 қыз, бiр ұлым бар. Күйеуiм тамаша адам. Дүниеге екiншi қызым келгенде абысындарым, қайнысiңiлiлерiм: “Ұл деген жақсы ғой...”, “Өзiмiз қатар-қатар ұл туғанбыз

Жуырда Астана төрiнде “Қазақстан барысы” анықталды. Ол – Сырдың түйе палуаны, 2009 жылғы Азия чемпионатының дзюдодан қола жүлдегерi Ұлан Рысқұл. 64 спортшы iшiнен суырылып шыққан оған 150 мың АҚШ доллары табысталды. Қазақ күресi тарихында жеңiмпазға бұрын-соңды мұндай жүлде тiгiлiп көрген емес. Және мұндай дүбiрлi дода алғаш рет ұйымдастырылды. Бұл шараға бас демеушiлiк еткен – Қызылорда облысы мен “КТК” телеарнасы. Сыр өңiрi “Қазақстан барысын” өткiзу үшiн 265 мың АҚШ долларын аударды. Қазақ спортының рухын аспандатқан айтулы шараны қалай мақтасақ та жарасады.

Түркияның Ыстамбұл қаласында күрес түрлерiнен әлем чемпионаты өтiп жатқанын газетiмiздiң өткен санында хабарлағанбыз. Алдымен боз кiлемге грек-рим күресiнiң шеберлерi шықты. Жарыстың алғашқы күнi Бейжiң олимпиадасының қола жүлдегерi Әсет Мәмбетов (96 келi) бiрiншi белдесуiнде-ақ жауырыны жер иiскедi. Оның сәтсiздiгi Асхат Құдайбер­геновтiң де жолына көлденең тұрды. 55 келiде белдескен Асхат үндi балуаны Жохиндар Сингтiң сағын сындырған. Артынша қытайлық Ли Шхуинге шамасы жетпедi.
13 қыркүйекте “Камп Ноу” стадионындағы “Барселона” мен “Милан” арасындағы ойын тартысқа толы болды. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiндегi ойын­да есептi бiрiншi болып қонақтар ашты. Британдық төрешi Мартин Аткинсонның ысқырығы естiлiсiмен ша­буыл­ға лап қойған “Милан” ша­буыл­шысы Пато үш бiрдей қор­ғаушының арасынан сытылып шығып, “Барселона” қақ­пашысы Виктор Вальдестiң бұтының арасынан ала допты өткiзiп жiбердi. Ойынның бас­талғанына небәрi бiр минут ғана болған. Хосеп Гвардиолланың жiгiттерi тартыстың бұлай тұтанарын бағамдамаса керек. Бiрден жинақы ойнауға көштi.
Тайландтың Патая қаласында ауыр атлетикадан жасөспiрiмдер арасында Азия чемпионаты аяқ­талды. Сары құрлықтың сақадай сай сайыпқырандары бас қосқан жарыста қазақ елiнiң спортшылары үлкен нәтиже көрсеттi. Бұл жарыста қазақ халқының ұландары жалпы саны 9 медальға: 4 алтын, 1 күмiс, 4 қоланы олжалады. Азия чемпионатына қатысқан елiмiздiң 17 жасқа дейiнгi 7 спортшының 5-еуi елге жүлдемен оралды. Жасөспiрiмдер арасынан ел қоржынына алғашқы алтын медальдi салған Ғалымбек Жұбат­қанов болды. Ғалымбек қос са­йыстың қортындысында 275 келiлiк зiлтемiрдi басынан асыра көтерiп, Азия чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеру әдiсiнде 125 келiнi еңсердi де, серпе көтеруде 150 келi сом темiрдi басынан асырды

 Отандық өндiрушiлердiң қолдаудың бiрден-бiр жолы – мемлекеттiк сатып алудағы қазақстандық үлестi арттыру. Бұл әлдеқашан қолға алынып қойған шара. Алайда бұл ретте туындайтын мәселе шаш етектен. Мәселен, отандық өндiрушiлер үшiн мемлекеттiк компаниялардың сатып алуын қалайша қолжетiмдi және тартымды етуге болады? Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың жолдары қандай? Бұл мәселелер таяуда Астанада өткен бизнес-форумда талқыланды. Жиынды “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған едi. Қазақстандық үлес мәселесi – осы формуның басты тақырыбына айналды.