1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15637) 20 қыркүйек, сейсенбі 2011

Қоғамдағы әлеуметтiк топтың бiрi – қайыршылар. Қазақстанда тiленшiлiктi кәсiп еткендердiң саны жыл өткен сайын көбеюде. Iшкi iстер министрлiгi баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, жақында Қазақстанда 3 күн “Құқықтық тәртiп” жедел-профилактикалық iс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесiнде мың сегiз жүзге жуық қаңғыбас және қайыршы ұсталған. Сорақысы сол, республикада тағдыр тауқыметi­не түскен тiленшiлермен бiрге рухани қайыршылыққа тап болғандардың қатары артты. Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы Даму бағдарламасы негiзiнде 2015 жыл­ға дейiн табысы күнкөрiс минимумынан төмен адамдардың үлесiн 2 есе қысқартуды жоспарлаған. Бұл ұйымның бiр мүшесi ретiнде Қазақстан да кедейлiкпен күре­судi қағаз жүзiнде қолға алды.

Қазiргi кезде парламентте “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” жаңа заңның жобасы талқыланып жатыр. Тек қана парламентте ғана емес, сонымен қатар әртүрлi БАҚ-та, зиялы қауым өкiлдерi арасында аталған заң жобасына байланысты пiкiрлер айтылуда. Саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдiжәлел Бәкiрмен сұхбаттасқанымызда ол: “Жаңа заң жобасында ежелгi дiндерге басымдық беруi керек” дедi және оған дәлелдер келтiрдi.
– Әбеке, 1992 жылы қабылдан­ған заңнан айтарлықтай зардап шеккенi­мiз жасырын емес. Себебi аталған заң Қазақ елiн қосдiндi­лiк­тен көпдiндiлiк­ке алып келдi. Мысық пиғылды миссионерлерге есiгiмiздi айқара ашуымыз көсеге­мiздi көгерттi ме?
Тартысқа түскен қайран тiл
Өткен аптада тiлге қатысты дауға Сенат спикерi араласты. Қайрат Мәми Конституцияның 7-бабының 2-тармағы алынып тасталмайтынын, тiл мәселесiне қатысты Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енбейтiнiн кесiп айтты. “Қазақ тiлi – мемлекетiмiздiң негiзгi тiлi, бiрақ ұлтаралық келiсiм тәуелсiздiктiң ең басты жетiстiгi екенiн ұмыт қалдырмау керек. Ал бiздiң жағдайда ұлтаралық келiсiм көптеген қазақстандықтың орыс тiлiнде сөйлеу мүмкiндiгi мен құқығына негiзделедi. Сондықтан парламент биыл­ғы жылы да, келесi жылы да бұл мәселе бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзудi қарастырмайды”, – дедi ол. Сарапшылардан осыған қатысты пiкiр сұраған едiк.
Мемлекеттiк тiлге қатысты ашық хаттан бас тартқан 138-дiң бiрi КСРО және ҚазССР халық әртiсi Бибiгүл Төлегенова өткен аптада баспасөз мәслихатын өткiздi. Бұған дейiн де ашық хатқа қол қоймадым деп мәлiмдеген Бибi­гүл Ахметқызы осы жолы да хаттағы “агрессивтi” талапты қолдамайтынын тағы бiр мәрте жеткiзiптi. “Интерфакс-Қазақстан” баспасөз клубында өткен жиынға шақырту келмегендiк­тен, бұл жиын­­ға қатыса алмаған едiк. Артынша ақпарат агент­­тiкте­рiнен баспасөз мәлихатында айтыл­ған әңгi­ме ауанымен таныс болдық. “Ештеңеге қол қоймағанын, хат мазмұнымен келiс­пей­тiнiн” тағы бiр қадап айт­қан Б.Төлегенова өзiнiң интернационалды отбасынан шыққанын сөз еттi. “Менiң әкем – қазақ, анам – татар.
Бибiгүл апай, Сiздiң жақында журналистер алында берген сұхбатыңызда мемлекеттiк тiл жанашырларының Үндеуiне “қол қойғаным жоқ” деп ат-тоныңызды ала қашып, ақталғаныңызды көрiп таңғалғаным соншалық, көңiл-күйiм құлазып, Сiзге қатты қапа болдым. Сiздiң сол кездегi айтқан сөздерiңiз, маған ашық аспанда күн күркiреп, найзағай ойнағандай әсер еттi. Дауылпаз ақын Қ.Аманжолов жазғандай: Күлемiн де жылаймын, Жылаймын да күлемiн, – демекшi, күлу қайда, қайран ана тiлiм, бейшараның күйiн кешiп, тартысқа түстiң-ау деген оймен көзiме мөлтiлдеген жас тамшылары келумен болды.
“САҒЫНДЫМ АЛМАТЫМДЫ” ӘНI ҚАЖЫТАЙ IЛИЯСОВТIКI МЕ?
Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаевқа қатысты дау ушығып барады. Бұған дейiн Марат Iлиясов пен Мұратхан Егiнбаев әндерiн даулап, А.Қоразбаевты сотқа берген-дi. Соттың жай-жапсарын “Жас Алаш” жазды. Сотта Iлиясов пен Егiнбаев ұтылып қалды. “Сот бұра тартты. Әйтпесе, Қоразбаевтың бiзге “жиендiк” жасап, әнiмiздi ұрлағаны айқын едi”, – дейдi “Жас Алаштың” редакциясына арнайы келген Марат Iлиясов пен Мұратхан Егiнбаев. Әндерiн даулап жүрген сазгер­лер­дi қолдап сазгер, Қазақстанға еңбегi сiңген қайраткер Шәмiл Әбiлтаев та редакцияға бас сұқты. Ш.Әбiлтаев бүй дейдi: “Бибiгүл Төлегенова орындаған “Еңлiктiң ариясы
Өткен аптада Атырауға президент Нұр­сұлан Назарбаев келiп кеттi. Алайда iргедегi Жаңаөзенге ат басын бұрған жоқ.
Президент Атырауға дейiн Ре­сей­дiң Астрахан облысында өткен аймақаралық VIII форумға қатысып, РФ президентi Д.Медведевпен кездестi. Алайда былайғы жұрт   “елбасымыз Медве­дев­тiң туған күнiне барыпты” дестi. Екi президент арасындағы әңгiмеден ұққанымыз, Медве­девтiң шаруасы түгел. Кеден ода­ғы жұмыс iстей бастағаннан берi сауда-саттықтарының өрлеп тұрғанын белiн сыза айтты. Тiптi Ресей саудасының 70 пайызы осы аймақ арасындағы араластықтың үлесiнде екен.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА
Желтоқсан – 25
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Әр халықтың ұлттық тарихи тағдыры яғни ұлттық ар-намысы, құқықтары мен мүддесi, өзiндiк бет-бейнесi болады. Егер ұлт ретiнде өзiнiң тарихи тағдырын ұлт талабына сай қорғай бiлмесе, ол халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ. Үстiмiздегi жылы желтоқсан айында халқымыз екi ұлы мерекенi: Қазақстан Республикасы тәуелсiз­дi­гiнiң 20 жылдығын және 1986 жыл­ғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығын атап өтедi. Алғашқы тарихи күндi әдетте бiз өз деңгейiнде атап келемiз. Ал тарих толқынындағы елеулi желтоқсан көтерiлiсiне деген көзқарас әлi де нақтыланбай келедi.
Сөзден сөз туып, бiрде бiр студент жiгiттiң: «Аға, Мағжан берiде ақталған екен ғой? Оған дейiн ол “жабық есiм” болып келiптi ғой?» деп таңғалғаны маған терең ой салды. “Апырай-ә, – дедiм iш­тей, – 37-нiң зұлматы мен зобалаңынан бейхабар ұрпақ өсiп келедi екен-ау?”. Бұған да тәубе. Соның алдында ғана қазақ радиосынан Шынболат Дiлдебаевтың “Шындық туралы”: Айтса нанар момын халық едiк қой, Момындықтан талай таяқ жедiк қой. Халқымыздың қамын жеген ұлдарды
Тұлға
Қазақ кинематографиясына үлкен үлес қосқан тұлғалардың бiрi әрi бiрегейi – Серке Қожамқұлов. 1925 жылы актер әрi режиссер ретiнде Қазақ театрының (Алматыдағы М.Әуезов атындағы драмалық театр) негiзiн қалаушы, iргесiн құраушы да Серке Қожамқұлов болатын. Бiрнеше орденнiң иегерi, Ресейдiң және ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Социалистiк Еңбек Ерi Серке Қожамқұловтың қазақ үшiн, қазақтың өнерi, мәдениетi үшiн сiңiрген еңбегi ұшан-теңiз. “Алдаркөсе”, “Бiздiң сүйiктi дәрiгер”, “Амангелдi” киносын әлi күнге дейiн тамсанып көретiнiмiз шындық. Серке Қожамқұловтың азан шақырып қойған аты – Сералы.
“ЛЕНИНШIЛ ЖАСЫМДЫ” САҒЫНАМЫН” ДЕЙДI СУРЕТШI, ФОТОТIЛШI ҚАСЫМБЕК НҰРБЕКОВ.
...Ол бiр ғажап дүние. Оның алдында кiм де болсын тiк тұрады. Мейлi атақты, мейлi президент бол, ол кез келген пенденi бiр сәтке болса да демiн iшiне тартқызып, өзiне тура қаратады. Ол, ол ма, тiптi ешкiмнiң қолынан келмейтiн уақытты да бiр сәтке тоқтатады. Ол дүниеңiз – қарапайым фотоөнер. Саналы ғұмырын фототiлшiлiкке, сонымен бiрге кескiндемеге, графикаға арнаған Қасымбек Нұрбеков мiне осындай құдiретке ие, осы өнердi бағындырған азамат. Ол фототiлшiлiкке базбiреулердей кездейсоқ немесе нан тауып жесем деген ниетпен келген жоқ. Оны бұл өнерге табиғат берген тума таланты жетелеп келген.

XIX ғасырдың ортасы ауа қазақ жерiне Ресейден орыс шаруалары үдере қоныс аудара бастады. Сондай қоныс аударушы шаруа көшiмен Семей шаһарына Томск губерниясынан Соломон Лейбин деген мұжық келiп, қазақ жерiндегi тұңғыш фотозертханасын ашады. Бүгiнгi бiзге жеткен Құнанбай әулетiнiң, Абайдың, Шоқан Уәлихановтың және жер аударылған Федор Достоевскийдiң фотобейнелерiн сол Лейбин түсiредi. Бiрақ та бұл өте құнды фотолардың авторы жөнiнде басқа да пiкiрлер бар. 1873 жылы Жетiсу губернаторы Колпаковский сол Лейбиндi Верный шаһарына алдырып, Штабной және Колпаковский (қазiргi Гоголь және Достық даңғылы қиылысы) көшелерi түйiскен тұста қаладағы алғашқы фотостудия ашылады.

Бiр жұма “Sinam Erdem” спорт кешенiнде әлемнiң 104 елiнен 900-ден аса балуан тер төккенiн, Түркияда күрес түрлерiнен бас­тал­ған әлем чемпионатында грек-рим балуандары тәуiр нәтиже көрсетiп, елге еңсе тiктеп орал­ғанын жазған едiк. Қазақ елiнiң еркiн күрес бал­уандарына келгенде қомсынып қалатыны анық. Күрес түрлерiнiң iшiнде осы еркiн күрестен өзгеге есемiз еселенiп кетiп жүргенi жан­ға бататын.   Тәуелсiздiк ал­ғалы бiздiң еркiн күрес балуандары арасынан тек Мәулен Мамыров қана 1997 жылы (Ресейдiң Красноярск қаласы) өткен әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды. Содан берi 14 жыл өттi, бiз еркiн күрес балуандарынан жүлде күтумен келдiк.
Өткен сенбiде Премьер-лиганың 27-туры өттi. Өскеменнiң “Востогы” өз алаңында “Атырауды” қа­былдап, 1:2 есебiмен жол бердi. 25-минутта Згура Александрдың голы өс­кемендiктердi алға шығар­ғанымен, Данилюк Тарас 35-минутта есептi теңес­тiрдi. Сол Тарас ойынның екiншi таймында да гол соқты. 78-минутта айып добын тамаша орындап, голға айналдырды. Қажымұқан атындағы стадионда шымкенттiк “Ордабасы” елордалық “Астананы” жеңдi. 21-минутта Тәжiмбетов есеп ашты, 27-минутта төрешi белгiлеген пенальтидi Касьянов сәттi орындады.
ЖҮРЕГI НӘЗIК ҚЫЗДАРДЫҢ БIЛЕГI КҮШТI
Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде бокстан қыздар арасында II халықаралық турнир мәресiне жеттi.
Елiмiздiң бойжеткен боксшылары 6 алтын, 5 күмiс, 11 қола жүлденi иеленiп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Басты қарсылас саналған ресейлiк боксшылар турнирде 1 алтын, 3 күмiс, 3 қоланы қанағат тұтты. Үшiншi орынды Марокко (1 алтын, 1 күмiс, 1 қола) қыздары еншiледi.