1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15638) 22 қыркүйек, бейсенбі 2011

 Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесiнiң қиылысында бiр ескерткiш тұр. Ескерткiш болғанда да, күнi өткен ескерткiш. Атың өшкiр КСРО-дан қалған кесiрлi һәм кекiрт ескерткiш. Қасиетсiз һәм қасiреттi ескерткiш-белгi. Жаяу жүргiншiлер көп жүретiн аллеяның бойына орналасқан осы ескерткiште төрт адамның бейнесi мүсiнделген. Алдыңғы планға әдет­тегiдей аға ұлттың өкiлi (яғни, орыс) шығарылған. Топты бастап келе жат­қан бұл орыстың большевик екенi және Мәскеуден келгенi бiрден аңғарылады: кеуделi, өктем, сұсты. О кезде қазақ байғұс орыстан ойы да кiшi, бойы да қалқыңқы болып бейнеленушi едi ғой. Бұл ескерт­кiште де қазақ бейшара орыс­тың артынан ермесе, адасып кететiндей кейiпте бейнеленген.

Кеше мәжiлiс депутаттары “Дiни қызмет пен дiни сенiм бостандығы” туралы заң жобасын мақұлдап жiбердi. Алайда бұл заң жобасының даулы тұстары көп. Қоғамда талас тудырған заң жобасының кейбiр баптары дiн жолын ұстанған адамды “не Құдайға құлшылық ет не мемлекетке адал бол” деген таңдауға итермелейдi. Заң жобасының шикiлiктерi намаз оқуға тыйым салумен ғана бiтпейдi. Саясаттанушы, “Quorum” талдау тобының мүшесi Тимур КОЗЫРЕВ заң жобасының оң және терiс тұстарын тiзiп бердi. – “Дiни қызмет пен дiни бiрлестiктер туралы” заң жобасының 3-бабының 1-тармағында “Мемлекет дiн мен дiни бiрлестiк­терден бөлiнген” делiнген. Қазiргi заң жобасында дiни бiр­лестiктер ғана мемлекеттен тыс. Заңда дiндi де мемлекеттен бөлiнген деп көрсету қаншалықты дұрыс?
Маңғыстау мұнайшылары ереуiлiнiң бастал­ғанына бес айдың жүзi болды. Ұзаққа созылған ере­уiл­ге байланысты бiрде-бiр өндiрiс басшысы жауапкер­шi­лiкке тартылған жоқ. Мұ­най­шы­ларды соққыға жыққан, үйлерiн өртеген, мұ­най­шы Жақсылық Тұрбаевты, Жансая Қарабалаеваны өлтiрген қандықол қарақшылардың әзiрге бiрде-бiреуi ұсталған жоқ. Бұл оқи­ғалар халықтың құқық қорғау орындарына деген сенiмiне үлкен сызат түсiр­дi. Ереуiлдi ұйымдастырды деген айыппен, бiрнеше адам сотталды. Екi мыңнан аса адам жұмыстан шығарылды. Әлеуметтiк араздықты тудырды деген айыппен “Қаражанбасмұнай” АҚ-ның кәсiподақ заңгерi Наталья Соколованы айыпты деп 6 жылға абақтыға қамауға үкiм шығарды.
“Алма-Ата инфо” басылымының бас редакторы Рамазан Есiргепов науқас шешесiнiң жанында болу үшiн жетi күнге рұқсат алып, Алматыға келдi. Қылмыстық атқару кодексiнiң 93-бабы бойынша Р.Есiргеповке қысқа мерзiмге колониядан шығуға рұқсат берiлдi. Есiргепов Алматыға келгеннен кейiн жергiлiктi полицияға тiркелуi керек және ешқайда кетiп қалмағанын айтып, күн сайын колонияға хабарласып отыруға мiндеттi. Егер тәртiптi бұзса, биыл қаңтарда аяқталуға тиiс жаза мерзiмi одан әрi ұзартылуы әбден мүмкiн. Естерiңiзге сала кетейiк, Рамазан Есiргепов “Мемлекеттi кiм басқарады – президент пе, әлде ҰҚК ме?” деп аталатын мақаласынан соң тұтқынға алынып, 3 жылға сотталған-ды.
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаровтың назарына
Жақында “Жас Алаш” га­зетiнде бiздiң “Заңды жеке­ше­лендiрiп алуға болмайтын шығар” атты мақаламыз жариялан­ған едi (“Жас Алаш” газетi, 1 қыркүйек 2011 жыл). Бұл мақалада қазiргi күнi шетелге қашып, бой тасалап жүрген Яшар Латыев деген кәсiпкердiң екiншi бiр кәсiпкерге, атап айтқанда, Мехти Мамедовке көрсеткен қорлығы мен зорлығы баяндал­ған-ды. Әр нәрсенiң шегi бар. Қорлық пен зорлық көрсетуде шектен шығып кеткен Яшар Латыев өзiнiң М.Мамедовтен алған қарызын (1 830 000 доллар!) қайтармас үшiн киллер жалдап, М.Мамедовтi өлтiрткiзiп жiберуге күш салады. Құдай қағып, М.Мамедов тiрi қал­ды. Ауыр жараланып, төрт рет операцияға түсiп, әупi­рiммен жан сақтады.
ӘБЛЯЗОВ: ОРЫС ТIЛI РЕСМИ МӘРТЕБЕДЕН АЙЫРЫЛСА, ҚАЗАҚ IЛГЕРIЛЕУДЕН ШЕТ ҚАЛАДЫ
Қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязов те қазақ тiлiнiң мәселесiне үн қатты. Ол жуырда 138 адам қол қойған Конс­титуцияның 7-бабының 2-тармағын алып тастау жөнiндегi ұсынысына қатысты “Көтер басыңды, қазақ, желкеңдегi жендеттi түсiр!” деген айғайлаған тақырыппен үндеу жасады. Әблязов тiл жанашырлары жазған ашық хатты “парламент сайлауы қарсаңында орыстiлдi сайлаушыларды демократиялық күштерден үркiтiп, оларды “Нұр Отанға” дауыс беруге итермелейтiн президент әкiмшiлiгi тапсырмасымен жасалған әрекет” деп бағалайды. Сондай-ақ оның ойынша, бұл хат “бiрұлтты мемлекет құруға, қазақ емес ұлттарды республикадан шеттетуге немесе оларды екiншi сорттық азаматтарға айналдырып, қазақты бақытты етуге болады деп есептейтiндерге арналған”.

Алматы – Нарынқол тас жолымен ызғытып келемiз. Көкпектiң жазығындағы Ойрантөбенiң тұсына тақағанда үш аяқты велосипед мiнген екi адамды қуып жеттiк. Бiр әйел, бiр еркек. Бас терiлерi қазаққа келмейдi. Тоқтадық та, жөн сұрастық. Ерлi-зайыпты шведтер екен. Сонау Швециядан велосипедпен шығыпты. Шарын шатқалы мен Көлсай көлiн көру үшiн арнайы келе жатқан беттерi. “Шарын мен Көлсай туралы ғаламтордан бiлдiк. Мұндай аса сирек һәм сұлу жерлердi көрмей кетуге болмайды”, – дейдi күн қағып, әбден тотыққан екеуi жымиып. Шарын, Көлсай, одан әрi Үрiмшiге велосипедпен өтпекшi...

Тауына тарих түнеп, даласынан дастан өрген Баян елiнiң байырғы басылымы, ел мен жұрттың ежелгi сырласы, кербез өлкенiң көне жылнамасы “Баянтау” газетiнiң iрге көтергенiне осы қыркүйек айында 80 жыл толып отыр! Бұл жылдар белесiнен жай ғана асып келе салған аудандық көп газеттiң бiрi емес. Бетiнде талай жақсының қолтаңбасы қалған, тiгiндiсiн ақтарсаң, тарих тiрiлетiн тағдырлы басылым! Қазақ қаламгерлерiнiң аға буын өкiлi, ақын, әрi жорналшы марқұм Ғалым Малдыбаев 1931 жылы “Ленин туы” аталған осы газетке тұңғыш редактор болып келген соң, әулие Мәшһүр-Жүсiпке барып, бата сұрап, ақ жол тiлептi.
ТӘЛIПОВТIҢ ТӘЛIМI
Сисенбай Тәлiповтiң жасы 90-ға таяп қалды. Бiрақ қарт әлi қунақ. Қунақтығы емес пе, соңғы 10 жылдың iшiнде Сисенбай қарт өз қаржысына батыр бабалары, Маңғыстау елiнiң атақты да әйгiлi батырлары Ер Шабайға, Ер Шабайдың ұлдары Есен батыр мен Сүгiр батырға, Ер Шабайдың немерелерi Бердәулет батыр мен Жоламан батырға ескерткiш орнатты. Нақтырақ айтсақ, осы батырлардың басына мазар тұрғызып, күмбез орнатты. Бұл батырлардың бәрi де – тарихшылардың еңбегiнде аты аталып, ерлiгi сөз етiлетiн атақты батырлар. Күмбез тұрғызу оңай емес
Халықтың ғасырлар бойғы iшкi-сыртқы тiрлiгiн таразыға тартып, көшпендi жұрттың тұтастығы мен елдiгiн, татулығы мен бiрлiгiн сақтауда данагөй билердiң атқарар мiндетi ерекше болды. Есiкте ергенек, қазанда қақпақ жоқ бейқамдау заманда, бауырдың басын қосып, ағайынның арасына дәне­керлiк еткен би-шешендердiң қазақ қоғамы үшiн орны бөлек бол­ған. Қазақ даласының атақты биле­рiнiң бiрi – Шоң би Едiгеұлы (1764-1836). “Едiгенiң Шоңы едi, жақсылардың соңы едi, iстеген iсi оң едi” деп халық айырықша қадiрлеген Шоң би – Ресей өкiме­тiнiң отарлауына табанды қарсылық танытып, хандар институты таратылып, сыртқы округтер ашыла бастаған уақытта “төртуыл одағын” құрып, Баянауыл дуанын ашуға қол жеткiзген тарихи тұлға.
Миллиардердiң баласы ерiккен күнi Каспий теңiзiнде балық аулап отырған. Қармағының қалтқысы бүлкiлдей бастағанда, тартып қалып едi, құйрығы күнге шағылысып, алтын балық жағада жарқ-жұрқ етiп жатты. Кәдiмгi ертегiдегi алтын балықтың өзi! Быттиған беттерiнiң арасына мұрыны “жасырынып” қалған байдың баласы балықты ұстай берiп едi, алтын балық сөйлеп қоя бердi:
— Мырза, мен алтын балықпын ғой...
— Болсаң қайтейiн?

Құрметтi “Жас Алаштың” оқырмандары! Әдiлдiгiн өздерiңiз айтарсыздар деген оймен сiздерге жан сырымды жазып отырмын. Мен өмi­рiмде бiраз қызметтi атқардым. Зейнеткерлiкке 45 жыл еңбек өтiлiмен шықтым. Қазiр жасым – 73-те. Жеңiл өнеркәсiп технологиясы инс­титутын бiтiрген соң өндi­рiс­те мастер, аға мастер, смена бастығы, цех бастығы қызметтерiн атқардым. Қы­зылорда аяқ киiмi фабрикасына 30 жасымда директор болып, жалпы Қызылордада 30 жыл қызмет еттiм.Соның iшiнде 20 жыл әлгi аталған фабрикада бас директор болдым. Осы жылдарда түрмеге де 8 ай қамал­ған уақыттарым болды. Айыбым – обком пар­тияның маған қымбатты қонақтарға дастарқан жай­ғызып, оны прокуратура ор­гандарының заң бұзушылық деп табуы едi.

Менiң жасым 75-те. Қырық жыл мектепте еңбек еттiм. Кезiнде өзiм орысша бiлмеген­дiктен көп қорлық көрсем де, немерелерiмдi қазақша мектепке бердiм. 2010 жылы бiр немерем орта мектептi бiтiрiп, медицина университетiне түспекшi болды. Мен оны 7-сынып оқып жүргенде қалаға әкелiп оқытқан едiм. 11-сыныптың мұғалiмi: “Мүмкiндiктерiңiз болса, ауылда оқысын. Ауылдың квотасы жоғары оқу орнына түсуiне жеңiлдiк бередi”, – дедi. Немеремнiң ауылға барғысы келмедi, жол­дас­тарын, мек­те­бiн қимады. Жан-жақты түсiндiрген­нен соң, ол келiстi. ҰБТ тапсырып, 100-84 балл алды. Әрине, бұл балмен ол өзi қалаған медицина универ­ситетiне түсе алмады. “Ауыл квотасы қайда?” десек, комиссия мүшелерi: “Бiз ондайды бiлмеймiз” дейдi.

Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi:
Ертең елiмiздiң нөмiрi бiрiншi боксшылары Бакуды бетке алады. Әзiрбайжан астанасында өтетiн әлем чемпионатына ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов тоғыз боксшыны чемпионат дуына қоспақ. Бiздiң ел тәуiлсiздiктен берi бокстан осыған дейiн тоғыз әлем чемпионатына қатысыпты. Оы сайыстардың iшiнде ең көп жүлдемен 2005 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатынан оралды. Серiк Сәпиев 64 келiде топ жарса, Ердос Жаңабергенов 81 келiде әлем чемпионы атанды. Бiржан Жақып 48 келiде, Мират Сәрсембаев 51 келiде, Бақтияр Артаев 69 келiде қола жүлдемен оралған едi. Ал осыдан екi жыл бұрынғы әлем чемпионаты ше?

Баяғы заманда Қожанасыр есегiмен айдалада келе жатып, кешке таман қараңғы түскен кезде елсiз жерге түнеуге бел буыпты. Көзге түртсе көргiсiз тастай қараңғы. Қожанасыр айсыз түнде тiрнектеп, өзiне жатын орын дайындап жатқанда, кенет оның дәл жанынан әлсiз бiр шуылдың шыққанын естидi. Бұдан қатты қорыққан ол қалт тұра қалып тың тыңдаса, шынында да бiр нәрсе “шу-шу...” етедi екен. Төбе шашы тiк тұрған Қожанасыр жан дәрмен апыл-ғұпыл жиналып, есегiне қарғып мiнiп қаша жөнелген. Сол зытқаннан тоқтамастан зымыраған күйi шуыл шыққан тұстан он шақты шақырымдай ұзаған соң ғана бiр-ақ есiн жиыпты.

ҚОЛАҒА ҚОЛ ЖЕТКIЗДI
Кеше Алматыдағы “Достық” спорт кешенiнде қол добынан ХХI Азия чемпионаты аяқталды. 21 жасқа дейiнгi қыздар арасында өткен сынға Азия құрлығының азулы 8 құрамасы қатысқан болатын. Қазақ елiнiң қол добы ше­берлерi iрiктеу ойындарын сәттi бастағанымен, топтық кезеңде жапон қыздарына жол берген. Алайда қола жүлде үшiн тағы да Жапония құрамасына қарсы ойнап, 31:39 есебiмен жеңдi. Ақтық сынға шыққан Қытай мен Корея құрамасының қыздары сары құрлықта тегеурiндi команда екенiн байқатты. Тартысты өткен ойын 32:15 есебiмен кәрiстердiң пайдасына шешiлдi.
БIРДЕН АЛТЫ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДI
Англияның Бирмингем ауруханасында отыз жасар Хэзер Керрол бiрден алты бала туды. Әрине, алты баланы дүниеге әкелу оңай емес, сондықтан дәрiгерлер Хэзер Керролға операция (iштi жарып, баланы алу) жасауды ұйғарыпты. Бұл операцияға 50 дәрiгер қатысты. Сондықтан болар, үш минуттың iшiнде бес қыз бен бiр ұл дүниеге келдi. Сәбилердiң денсаулығын тексерiп тұру үшiн әр нәрестеге бiр емес, бiрнеше дәрiгерлер бекiтiлдi. Себебi, сәбилер айы-күнiне жетпей, яғни 12 апта бұрын туған. “Бұған қарамастан нәрестелердiң денсаулығы жақсы”, – дейдi дәрiгерлер. Хэзер Керролдың бұдан басқа үш баласы бар. “Тоғыз баланың анасының да денсаулығы қанағаттанарлық”, – дейдi дәрiгерлер.