1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (15639) 27 қыркүйек, сейсенбі 2011
Бiз бұған дейiн билiктiң аспалы торындағы бұлбұлды бiлетiнбiз. Ол – Ермұхамет Ертiсбаев. Ертiсбаевтың өзi бұған еш өкпелемейдi, қайта «бұлбұл» атанғанын мақтан көредi. Бұлбұлдың жанына ендi сауысқан қосылды. «Сауысқан» кiм? Ол – “Ақ жол” партия­сының қазiргi төрағасы Азат Перуашев. “Сауысқан” дегенге Азат Перуашев та өкпелей қоймас, сiрә. Өкпелеудiң ретi де жоқ. Рас, сауысқан бұлбұлға қарағанда сүйкiмсiздеу көрiнуi мүмкiн. Бiрақ анау айтқандай жаман құс емес. Қазақта “сауысқаннан сақ” деген сөз бар. Қазақ бекер айтпайды, сауысқан – өте сақ құс. Сақтығы жөнiнен Азаттың сауысқаннан қай жерi кем? Сауысқанның да айналасына пайдасы бар.

Нью-Йоркте, 21 қырүйекте БҰҰ-ның бас ассамблеясының 66-шы сессиясында Қазақстан басшысы Н.Назарбаев сөз сөйледi. “...Он жыл бұрын күллi әлемдi 11 қыркүйектегi жан түршiктiрерлiк қасiрет бiрiктiрдi, бiрақ одан түбегейлi қорытынды жасалмады. Халықаралық терроризмнiң ұшқындары әлемнiң әр қиырынан байқалып қалады”, - деп өз ойын ақтарып салды. Түбейгейлi қорытынды шығармағандар кiмдер екен, ә? Әлде әлемнiң барлық мемлекеттерi – ұйымға мүше елдердiң бәрi сол қасiреттен кейiн естен танып қалып па? БҰҰ сонда не бiтiрiп отыр? Бiр елдiң бiлдей бiр бастығы әлгi пiкiрдi кiмге бағыттап айтқаны белгiсiздеу болып қалды.

Сенбi күнi өткен “Единая Россия” пар­тия­сының съезiнде Дмитрий Медведев пен Владимир Путин қыз­метте­рiн өзара алмастыратындарын мәлiмдедi. Съездiң алдына бипазданып шыққан В.Путин әдетте “единоростықтарды” сайлауға президент бастап баратынын, бұл жолы да осы дәстүр бұзылмайтынын қадап айтты. Сөйтiп, Ресей премьер-министрi Д.Медведевке “Единая Россия” партиясын ДУМА сайлауына бастап барып, үкiметке жетекшiлiк етудi ұсынды. Iзiнше мiнбеге көтерiлген Ресей президентi де 2012 жылы өтетiн президенттiк сайлауға В.Путиннiң үмiткерлiгiн ұсынды. Өз сөзiнде В.Путин тандем мұны бiрнеше жыл бұрын шешiп қойғанын, бұл әлдеқашан

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстанда өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар мен табысы аз азаматтардың жалпы саны – 8,1 миллион адам. Олардың iшiнде жалдамалы жұмысшылар – 5,4 миллион, өз бетiнше нәпақасын тауып жүргендер – 2,7 миллион адам. Өзiн жұмыспен қамтитындардың денi, нақтырақ айтсақ, 71,2 пайызы ауылды мекендегендер. Егер “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы нәтижелi болса, елiмiзде кедейлiк деңгейi 6 пайызға төмендеп, жұмыссыздық 5,5 пайыздан аспайтын көрiнедi. 

ҚР президентiнiң Адам құқықтары жөнiндегi комиссиясының хатшысы Тастемiр Әбiшев көптеген қазақстандық әйелдер зейнет жасын 63 жасқа ұзартуға ниеттi екенiн жеткiздi. Ал Парламент мәжiлiсiнiң депутаты Тәңiрберген Бердiоңғаров керiсiнше, зейнет жасын, яғни дәл қазiргiдей ер адамдарға – 63, әйелдерге – 58 жас тым ұзақ екенiн, жас шамасын азайту қажеттiгiн алға тартып, үкiмет басшысына сұрақ тастаған болатын. Естерiңiзге сала кетейiк, дәл осы зейнет жасын ұзарту немесе кемiту жөнiндегi мәселе бұдан бұрын да үлкен мiнберлерде көтерiлген едi.
немесе астық науқанындағы бос сөздер
Бүгiнге дейiн елiмiзде 20,1 миллион тонна астық жиналып, бастырылды. Бұл туралы ауылшаруашылық министрi арнайы хабарлады. Қазақстанның астық жинау науқанында рекордтық көрсеткiшке жетуi бұл бiр емес. Жыл сайын осылай. Пәленбай миллион тонна астық өнiмiн аламыз деп алақайлап, жарияға жар саламыз. Алайда мұның шаруалар пайдасынан гөрi зиянын тартып, келесi көктемге әупiрiммен әрең жетедi. Белшесiнен батқан қарызы титықтатып, тоқтап қалған техникасы мезi етедi. Бұл да жыл сайынғы жаттанды көрiнiс. Астық жинау науқаны тұсында шарықтайтын жанармай бағасы жығылғанға жұдырық болады.
Қадiрмендi тiл жанашырлары!
Өздерiңiзге мәлiм, таяуда бiз, ұлт зиялылары, партия, қоғамдық ұйым мүшелерi, ақын-жазушылар, өзге де тiл жанашырлары бiрлесiп, мем­ле­кеттiк тiлдiң бү­гiн­гi аянышты жағдайы туралы баспасөз беттерiнде ашық хат жарияладық. Ашық хатта мемле­кеттiк тiл төңiрегiнде қордаланып қалған өзге де жайттармен қатар Конституцияның 7-бабының 2-тармағын алып тастау туралы мәселе көтердiк. Себебi, Конституцияның 7-бабында “Мемле­кеттiк тiл – қазақ тiлi” деп бадырайып жазылып тұрса да, 2-тармаққа “орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады” деген тiркес ендiрiлген.
Алтын Орда мемлекетiнiң сынығы – Ноғай Ордасы дәуiрiндегi ескi жұрттан бұзылмай жет­кен нақыл. Ноғай ғалымы, тарих ғылымдарының докторы,   Ресейдiң Черкеш қаласында­ғы тарих институты маманы Қази Керейтов “Арал-Каспий өңiрiнiң тарихи-мәдени байланыстары” тақырыбымен Ақтөбеде өткен конференцияда осы нақылды тағы бiр қайталады. Қазақтарды ел тәуел­сiздiгiнiң 20 жылдығымен құттықтай отырып, орыс империясының озбырлығынан жан-жаққа шашырап кеткен ноғайдың ұлтжанды тұлғаларын күрсiне еске алды.  Жыл өткен сайын байырғы түрiк туыстар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар жiгi ажырап бара жатыр. Ресейдегi түркi ғалымдары мұны астарлап жеткiздi.
КЕРЕКУЛIК ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТIЛ ЖАНАШЫРЛАРЫН ҚОЛДАУ ХАТЫ
Жақында баспасөз беттерiнен, ғаламтордан ҚР Мәдениет ми­нистрлiгi әзiрлеген “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк тiл саясаты мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын оқыдық. Өкiнiшке қарай, заң жобасын қолдаушылардан гөрi мемлекеттiк тiлдi “қорлаушылар” көбейiп кеттi. Қарсы шығушылар қарасының көп болуын әлдебiр арам пиғылды топтардың заманауи технология мүмкiндiктерiн пайдалана отырып жасаған жымысқы әрекеттерi деп топшылаймыз. Балабақшаларды қазақтiлдi ету арқылы – мемлекеттiк тiлдi енгiзу керек деген идеяға сол топтар тағы жаппай қарсы шығып, өздерiн әшкереледi.
Жаңылмасам, 1992 жыл болуы керек. Қы­тайдың Үрiмшi қаласындағы халық құрылтайы сарайының залында Бибiгүл Төлегенованың концертi болды. 3000 орындық залда ине шаншар орын жоқ. Бiрен-саран қытай, ұйғырлар болмаса, отырғандардың денi – қазақтар. Бибiгүл Төлегенова сахнаға шыққанда, зал ұзақ уақыт қол шапалақтап тұрып алды. Айта­йын деп отырғаным, Бибiгүл Төлегенованы әншi ретiнде Қытай қазақтары да өте құрмет­теушi едi. Ендi не болды? Бибiгүл апайдың санамдағы көрiктi бейнесi көк тиынға татымай қалды. Неге дейсiз ғой? Өйткенi ол кiсi серттен тайды. Тегiнде, абырой, бедел жинау қиын да, онан айырылу әп-сәтте-ақ екен.
Ерте ерте ерте екен,
Ешкi жүнi бөрте екен,
Асу асу бел екен,
Аса бiр соққан жел екен,
Ұшан теңiз ар жағы,
Ұлы да таудың бер жағы –
Дәнимәрк деген ел екен,
Етек-жеңi кең екен.

“Ауырып ем iздегенше ауырмайтын жол iзде” деген қағиданы, шыны керек, баршамыз сақтай бермеймiз. Сондықтан да көбiмiз бас ауырып, балтыр сызғанда дәрiгердiң көмегiне жүгiне­тiнiмiз жасырын емес. Өкiнiшке қарай, дәрiгер­дiң қолында алдына келген азаматты науқастан арашалап алатындай дәрi-дәрмек кейде бола бермейдi. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында “СҚ-Фармация” ЖШС-ның тендiр­лiк комиссиясы байқауға қатысуға өтiнiш бiлдiр­ген азаматтардың хаттарымен танысты. Олар қажеттi дәрi-дәрмектермен және медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ететiн болады.

Шынын айту керек, популизм қуған әншiнiң халыққа танылуына ән ғана емес, әнбаянның да ықпалы күштi екенiн дәл бүгiнгi қоғамда ешкiм жоққа шығара алмайды. “Құлақтан кiрiп, бойды алатын” әсем әнi болса да, көгiлдiр экраннан клипi көрсетiл­меген әншiнi жалпақ жұрттың жұлдыз ретiнде мойындауы екiталай. Оның сыртында клипi жоқ әншiнi әншiлердiң өзi шетте­те­тiнi тағы бар. Олай болса, қа­зiргi қазақ эс­традасының шеңбе­рiнде түсiрiлген клип атаулы қаншалықты көңiлден шығып жүр? “Әу” деп жүрген әншiлер мен клипмейкерлердiң өтi жарылып кетсе де ашығын айту керек, қазақша әнбаяндардың көпшiлiгi шетелдiк өнiмдердiң сапасыз көшiрмесi ғана. Отандық клип түсiрушi режиссерлер мен сценаристер АҚШ-ты айтпағанда, көршiлес Ресейде сонау 90-жылдары түсiрiлген арзан клип­тер­дiң сюжетiн қайталап, солардың ескi сүрлеуiмен бi­реудiң қаңсығын сүйретiп келедi.
ДИНАНЫҢ ТОЙЫ
Дәулескер күйшi Дина Нұрпейiсованың 150 жылдығын мерекелеу Батыс Қазақстан облысында басталып кеттi. Домбыраның шанағынан күй төккен Динаның мерейтойы өзiнiң туған жерi Жаңақала ауданына да шапағатын шашты. Тойдың құрметiне аудан орталығында Құрманғазы, Дина, Мәмен, Қали Жантiлеуов, Оқап Қабиғожиннiң мүсiндерi ашылды. Сондай-ақ республикалық домбырашылар байқауы да өтедi. Байқаудың жеңiмпаздары ертең анықталады.
“Еларна” телеарнасынан “Шiркiн, life Бурабайда” деп аталатын жүргiзушiлердiң сөзiмен айтқанда “реалити шоуды” көрдiм. Бұл шоудың ұмытпасам, үшiншi маусымы ғой деймiн. Бiзге осы бағдарлама керек пе? Жастардың аудиториясы үшiн керек те шығар. Алғашқы маусымында “жұлдыздарды” Алматының iргесiндегi Үмбетәлi ауылына жинап, қатысушыларды ауылдың күйбең тiршiлiгiне үйретпекшi болды. Онысынан түк те шықпады. “Ауылда туып, ауылда өстiм” деген Алмас Кiшкенбаевтың аттан өлердей қорыққанын көргенде-ақ бұл бағдарламадан көңiлiм қалған. Ендi мiне теледидарды қосып қалсам, тағы да шұрқырап жатыр.
Сауалнама
Бүгiнде әншiлердiң “дайын асын” сазгерлер мен ақындар даярлап бередi. Рас, тегiн дүние жоқ, адамның органына дейiн сатылған заманда саз да, сөз де саудаланатыны белгiлi. “Ана ән 5 мың АҚШ долларына сатылыпты”, “мына топ өздерi орындап жүрген әндi 3 мың долларға сатып алыпты” дегендi естiп те, оқып та жүрмiз. Бүгiнгi сахнаның хитына айналып жүрген әндер саптай тiзiле қалғанда, болмаса концерттерде орындалғанда, алдымен олардың авторы ретiнде сазгерi ғана аталады. Мәселен, Ескендiр Хасанғалиевтiң “Атамекен” әнi, Шәмшi Қалдаяқовтың “Менiң Қазақстаным” әнi секiлдi. Ал әндердiң мәтiнiн жазған ақындар есiмi көбiне көлеңке тұста қалып қояды.
 “Қайсар” футбол клубының төрағасы Ермек Көкетов
Қызылордалық “Қайсар” футбол клубы Премьер-лига ойындарының екiншi кезеңi басталғалы берi 5 ойынның бiреуiнде ғана, тек “Тобылға” есе жiбердi. Қалған 4 ойынның 3-еуiнде жанкүйерлерiне жеңiс сыйлап, бiреуiнде тең түстi. Бiрiншi кезеңде көш соңында қалған ұжым қазiр турнир кестесiндегi жағда­йын бiршама жақсартты. “Қайсар” 17 қыркүйек күнi өткен 27-турда “Таразды” 2:0 есебiмен ұтты. 28-турда да қызылордалықтар өз алаңында “Востокты” дәл осындай есеппен жеңдi.
Өткен сенбiдегi Премьер-лиганың 28-туры турнир кестесiндегi жағдайға бiршама өзгерiс енгiздi. Ең негiзгi “үрей” қазiр талды­қор­ғандық “Жетiсуға” төнiп тұр. Топ бастап келе жат­қан клубтың соңғы өткiзген ала-құла ойындарының нә­тижесi көшбасшылық тiз­гiндi уыстан сусытып барады. “Жетiсу” бұл жолы елордаға қонаққа барып, тағы да жеңiлiп қайтты. Бiрiншi тайм аяқталуға тақағанда соғыл­ған Жұмасқалиевтiң жалғыз голы “Астанаға” үш ұпай әкелдi. “Тараз” өз алаңында “Тобылдан” ұтылды. 27-турдағы “Қайраттан” “жеген таяқ” сабақ болса керек, “Тобыл” футболшылары ширақ ойнады.
БОКСТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШIН
ҚР Бокс федерациясының басшылары былтырғы жылы боксты өркендету мақсатында федерацияның кубогi үшiн сайыс өткiзген едi. Бұл үрдiс биыл да жалғасын тапты. Жуырда   биылғы сайыстың жеребесi тартылып, “Батыс”, “Шығыс”, “Оңтүстiк” және “Солтүстiк” дивизиондарға (әр дивизионда 4 команда бар) бөлiнген командалардың өзара кездесетiн күндерi белгiлi болды.  “Батыс” дивизионы. 1/8 финалдық iрiктеуде мына командалар кездеседi: 1 қазанда Ақтау қаласында Маңғыстау облысының боксшылары Батыс Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлерiмен күш сынасады. 2 қазанда Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысы мен Атырау облысының боксшылары рингке шығады.
САҢЫРАУЛАР ТҮРКИЯҒА ҰША АЛМАДЫ
Air Mediterranee әуе компаниясы 18 туриске дәл ұшаққа отырар сәтте ұшуға рұқсат бермедi. Олар Франциядан Түркияға ұшуға тиiс­тi болатын. Туристердiң iшiн­де бiреуiнiң есту қабiлетi дұ­рыс, ал үшеуi шала-пұла ес­тидi, қалғандары түгел саңырау екен. Саңыраулардың сурдоаудармашысы: “Бiз Марсель аэропортынан Түркияға ұш­уы­­мыз керек едi. Тiркеуден өтiп, қол жүгiмiздi тапсырдық. Ендi ұшаққа отырар кезде ұшақ командирi бiздiң ұшуымызға қарсылық бiлдiр­дi. 2010 жылы осы топтың Туниске ұшқаны да пилотқа әсер етпедi”, – дейдi.