1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15640) 29 қыркүйек, бейсенбі 2011
2 қазан – тұңғыш қазақ ғарышқа ұшқан күн
Бұдан екi апта бұрын сенатор Ғани Қасымов премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке депутаттық сауал жолдады. “Қазақстанның мақтанышы, Кеңес одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкiров 2 қазан күнi Қазақстаннан бiрiншi болып ғарышқа ұшты. Дәл сол күннен Қазақстанның ғарыш саласы дами бастады. Құрметтi Кәрiм Қажымқанұлы, осы мәртебелi күннiң 20 жылдығына орай 2 қазанды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мерекесi етiп бекiтуiңiздi сұраймын”, – дедi Ғ.Қасымов мұрты едiрейiп. Мәсiмов те қу ғой, мұрты майланып, қытайша жымиып қойды. Мәсiмов өздiгiнен шешетiн мәселе емес бұл. Тоқтар Әубәкiров қа­зiр билiктен шеттеп жүр. Тоқтарға ондай мәртебенi оп-оңай бере салатындай Мәсiмовтiң басы екеу емес. Қазақтан шыққан екiншi ғарышкер (!) Талғат Мұсабаевтың iшiне пышақ айналмайтын қызғаншақ
Қазақстан жұртшылығының ҚР президентiне
АШЫҚ ХАТЫ
Президент мырза!
2011 жылдың 2 қазанында еңбек сiңiрген сынаушы-ұшқыш, Кеңес одағының Батыры Тоқтар Әубәкi­ровтiң қазақ халқының тұңғыш пер­зентi ретiнде ғарышқа ұшқанына 20 жыл толады. Осы ерлiгi үшiн ол “Ха­лық қаһарманы” атағына ие болды. Тоқтар Әубәкiровтiң ұшуы хал­қымыздың патриоттық мақтанышын оятты, Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiкке қол жеткiзуiне ұлас­қан ұлттық сана-сезiмнiң қуатты серпiлi­сiнiң бiр бөлiгi болды. Бұл оқиға – ғарышты игерудегi елiмiздiң аса көрнектi рөлiнiң көрiнiсi. Өйткенi бiздiң Байқоңыр – Жер орбитасына аттанған барлық сапардың жартысынан көбiн қамтамасыз еткен адамзаттың ғарыш бесiгi.

Бақытжан Момышұлы дегенде, ең алдымен есiмiзге халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлының түсерi заңды. Қазақтың қайсар ұлы Баукеңнiң баласы ел есiнде әке аманатын адал арқалаған азамат ретiнде сақталған. Қаншама атақты, абыройлы тұлғалардың артында қал­ған ұрпағы қауқарсыздық танытып, ұлы адамның атын сақтай алмағаны жасырын емес. Алайда Бақытжан ағаның өзгелерден оқ бойы озық тұратыны Баукеңнiң мұрасын келешекке бүтiн күйiнде жеткiзе бiлуiнде. Батыр атаның әрбiр жазған парағын, айтқан сөздерiн сақтап, сараптап, мұра етiп жариялау тектi азаматтың қолынан ғана келетiнiн Бақытжан аға дәлелдедi.

2011 жылдың 2 қазанында, жек­сенбi күнi сағат 11-де, қалалық әкiмшiлiктiң арнайы рұқсатымен, Алматы қаласындағы “Сарыарқа” кинотеатрының маңындағы алаңда “Мем­ле­­кет­тiк тiлдi қолдау” акциясы өтедi. Баршамыз митингiге жиналып, өзiмiздiң тiлге деген жанашырлығымызды танытайық!  Өздерiңiзге мәлiм, таяуда бiз, ұлт зиялылары, партия, қоғамдық ұйым мүшелерi, ақын-жазушылар, өзге де тiл жанашырлары бiрлесiп, мемлекеттiк тiлдiң бүгiнгi аянышты жағдайы туралы баспасөз беттерiнде ашық хат жарияладық. Ашық хатта мемлекеттiк тiл төңiрегiнде қордаланып қалған өзге де жайттармен қатар
Алматыдағы “Ұлттық баспасөз клубында” мемлекеттiк тiлдi қолдау аясында қоғам қайраткерi, ақын Мұхтар Шаханов, “Ақ жол” партиясының өкiлi Бөрiхан Нұр­мұхамедов, “Жасылдар” пар­тиясының өкiлi Серiкжан Мәм­бетәлi, “Болатхан Тайжан атындағы қордың” жетекшiсi Мұхтар Тайжан, “Болашақ” жастар қозғалысының жетекшiсi Дәурен Бабамұратов бастаған ат төбелiндей аз ғана топ баспасөз конференция­сын өткiздi. Жиын барысында негiзiнен 2 қазан күнi болатын акцияға көп­шiлiктi жинау мәселесi сөз болды.  – Тiл, тiл деймiз, мысалы мынаған мән берiп көрдiңiздер ме? Биыл орыс сыныбын бiтiрген түлектердiң арасында 90 балл жинаған талапкер мемлекеттiк грант­қа түстi де, қазақ сыныбын бiтiрген оқушы 97 балл жинаса да грантқа iлiге алмады
Ұлттық баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төрағасының бiрiншi орынбасары Талғат Мамашев “ұрғаным бар” деген бейәдеп сөзi үшiн оралман ағайындардан кешiрiм сұрады. Естерiңiзге сала кетейiк, 6 қыркүйек күнi Мамашев мырза қазақ көшiнiң тоқырап қалған бүгiнгi жай-күйiн жiлiктеп, ашына айтқан қандастарымыздың бетiнен қағып, бүй деген-дi: “Мен әрi-берiден кейiн, қазақша айтқанда, ұрғаным бар. Турасын айтайын, әр нәрсенiң орны бар. Сыйлап жүрмiз бе, сыйластықпен жүрiңдер адам сияқты. Ал жөнi жоқ есiрiп, құтырғанды қою керек”. Дәл осы сөзiне арада 20 күн өткеннен кейiн жауап берген ол:
ӘРКIМНIҢ ТУҒАН ЖЕРI ӨЗIНЕ
Мемлекеттiк тiлге қатысты ел азаматтары талап қоя бастап едi, қал­тарыс­тан тағы бiр ши шықты. Орыс­тiлдi ақпарат құралдары мен ғаламторда “Орыстар Ресейге көшiп жатыр” деген мақалалардың айдарынан жел есуде. Орыстың өз елiне көшуiнде тұрған не бар дерсiз? Мiне, мәселе де осында. Орыс ағайындар атажұртына қазаққа өкпелеп көшiп жатыр екен-мыс. Нақтырақ айтсақ, әлгi басылымдар солай суреттеуде. Тiптi ресейлiк сарапшылар соңғы кездерi Ресейге көшем деген орыстардың саны күрт өскенiн айтады. Бұл жерде сiз бен бiз ойлағандай еш­қандай саясат жоқ. Олардың Қазақстаннан кетуiне екi түрлi себеп бар, болды, басқа түк жоқ.
Н.СОКОЛОВАҒА ШЫҒАРЫЛҒАН ҮКIМ ӨЗГЕРIССIЗ ҚАЛДЫ
“Жас Алаш” газетiнiң өткен №76 санында “Соколованың соты – үмiттiң оты” атты мақалада Наталья Соколоваға қатысты облыстық соттың басталғанын, ол соттың Ақтау қалалық сотына қарағанда дұрыс жағдайда өтiп жатқан­ын, әдiл шешiм шығар деп үмiттенетiнiмiздi жазған едiк. Себебi куәлiк берген ереуiлшiлердiң барлығы Н.Соколованы жұмысты тоқтатып ереуiл жасауға ешқандай қатысының жоқ екенiн сотта айтып бердi. Алматыдан келген арнайы маман Соколоваға тағылып отырған ҚР Қылмыстық iстер кодексiнiң 164-бабымен сотталуы қате екенiн, бұл бапқа жатпайтынын мәлiмдедi. Себебi ол әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк жанжал тудырмағанын нақты айғақтармен дәлелдедi.
“Талмас” қоғамдық ұйымының жетекшiсi Айнұр Құрманов пен “Халыққа баспана қалдырайық” қо­ғамдық қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев Варшавада ұйымдастырылған ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегi бюросына мұнайшылардың мұңын жеткiзу үшiн Қазақстаннан ұшып кеттi. Әңгiменiң әлқиссасын әрiден бастасақ, Айнұр Құрманов пен Есенбек Өк­тешбаевтың үстiнен ҚР Қылмыстық кодексiнiң 327-бабы бойынша айып тағылып, қылмыстық iс қозғалды. Айнұр Құрмановтың сөзiне қарағанда, құзырлы органдардың бұл әрекетi олардың саяси белсендiлiгiмен тiкелей байланысты.

Менiң әжем жасы жүзден асқан ауылымыздағы ең кәрi кемпiр едi. Жүзден қанша асқанын өзгенi қойып өзi бiлген емес, жасын сұраған адам­ға қай уақытта да қызыл иегiн малжаңдатып: “Шүкiр, түзден астық қой”, – деп отырушы едi жарықтық. “Асса ас­қан шығар, мен осы елге келiн боп түскен кезде кексе қатын едi, одан берi қай заман! Бiз де, мiне, жетпiстi желкелеп қалдық қой”, – дер едi ондайда, күндiз әжемiзбен бiр мезгiл шүйiркелесiп кететiн Бибiш деген көршi апамыз. Бұл сөздi әжем естiсе де естiмегендей болып, қолындағы қойдың ұйысқан жүнiн үнсiз түтiп отыра бередi. Ал отыратын орны – қысы-жазы бiр-ақ жер – төр басындағы төрт

Көптеген мектептер бiлiмсiз оқушыны, ал жоғары оқу орындары – сапасыз маман дайындап жат­қанынан хабардармыз. Емтихандардан ақшамен өту “модаға” айналып кеттi. Ал ақылы оқу орындарында бiлiм деңгейi жоғары болады дегенге сену өте қиын. Жоғар­ғы оқу орындарының сапасыз мамандар дайындауда олқылықтары жеткiлiктi. Тiптi жылдан-жылға бұл үрдiс тереңдеп бара жатқан сияқты. Мектеп – iргетасы қаланатын қасиеттi мекен. Егер бiздiң iрге­тасымыз мықты болса ғана бiлiмдi оқушылар шығады. Өкiнiшке қарай, бiздiң iргетасымыз шытынап жатыр. Оған себеп – ұстаздардың жаңа технологияны, әдiстеменi, жалпы жаңашылдықты игере алмауы, бұрынғы деңгейлерiнен аса алмай, жалқаулыққа

Ұлытау – қазақтың хандары мен билерiнiң, әулиелердiң, батырлардың ордасы болған киелi дала. Және қазақтың XIV-XVIII ғасыр аралығында үш жүздiң басын қосқан қасиеттi мекен. Қазақтың үш биiнiң – қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидiң Ұлытауда бас қосып, қазақтың бiрлiгiн, рухын шақырған жер ешқашан тегiн болмайды. “Ендi неге “Ақ Орда” (хан ордасы) деп аталған мекенге үкiмет ескерткiш қоймайды? Оған Жезқазған жерiндегi Қазақмыс корпорация комбинатының шамасы жетедi ғой” деген ой ерiксiз мазалайды. Және Ұлытау ауданының орталығын дұрыстау қажет, ол үшiн көрнектi үйлер салып, көшесiн реттеп, Хан ордасы аталған жерге монумент-ескерткiш орнатып, туристiк мекемелер ашып, көлiк қатынасын жөндеу қажет.

Түркiстан – қасиеттi де киелi қала. Сондықтан да Түркiстан дегенде әрбiр мұсылманның жүрегiнде ерекше бiр сезiмнiң оянатыны сөзсiз. Өйткенi бұл қасиеттi қаланың төрiнде ислам дiнiнiң негiзiн қалаушының бiрi – Қожа Ахмет Ясауидiң сүйегi және қазақ халқының бар жақсылары мен жайсаңдарының сүйектерi жатыр. Сондай-ақ Түркiстан – кезiнде қазақ хандығының астанасы және қазақ халқының рухани әрi дiни, саяси орталығы болған қала. Бiрақ кешегi кеңес үкiметi кезiнен берi сол Түркiстан тек ауданның орталығы ғана болып қалды, әлi де солай. Түркiстанда 2010 жылғы халық санағының мәлiметi бойынша 21 ұлттың өкiлiнен құралған 235 202 халық тұрады. Осының 131 401-i қазақтар, 98 785-i өзбектер, қалғаны басқа ұлттардың өкiлдерi.

“Шарапты алдымен адам iшедi, кейiн шарап адамды iшедi” дейтiн жапон мақалы бар. Шындығы солай. Ресейлiктер жан басына шаққанда 15 литр спирттiк iшiмдiк iшедi екен. Қазақстандықтар да 12-15 литр аралығында спирт iшетiн көрiнедi. Ресейде жыл сайын арақ-шараптан 40 мың адам өледi. Шекарамызды ашып қойдық. Тез қамданбасақ, Құдайы көршiмiздiң кеселi бiзге де жұғуы мүмкiн. Бүгiнде дүниежүзiнiң 80-дей мемлекетiнде алкоголизм мен маскүнемдiктiң алдын алу туралы мемлекеттiк бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Жер шарында 600 ұлт алкоголь iшiмдiктерiн татып алмайды. Ресейдiң Тува республикасы 5 жылдан берi арақ-шарап iшiмдiгiн iшпегендiктен, тұрмыс-тiршiлiгi күннен-күнге жақсарып келедi. Шешендер арақты аластап жатыр. Араққа қарсы майдан ашқан елдер де бар.

Мұқанның жездесi Ақан мау­бас екен. Тiптi ат үстiнде де қалғып жүретiн болса керек. Мұқан оған: “Бұл әдетiңдi қоймасаң, сенi перi соғады”, – дептi. Сонда да ол қалғығанын қоймапты. Бiр күнi кешкi алакеуiмде Мұқан қу тозған жалба тонын айналдырып киiп, Ақанның жүретiн жолын тосып ауыл жанындағы апанға тығылып жатады. Ай самаладай жарық. Анадайдан Ақан көрiнедi. Сыр мiнез жуас атының сылбыр аяңына қарағанда ол тағы да қалғып келе жатқан сияқты. Мұқан салт аттымен қатарласа келiп, ыңғайлы жерде атқа қарғып мiнедi. Селк еткен Ақан сас­қалақтай жалт қараса, артына жабысып бiр пәле отыр. Жүрегi тас төбесiне шыққан ұйқышы арық торыға жуан қамшыны басып-басып

Осы аптада УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңiнiң кезектi ойындары өттi. Мәскеудiң “ЦСКА” клубы өз алаңында Италияның “Интер” клубынан 2:3 есебiмен ұтылды. Лиусио 6-минутта бұрыштан берiлген допты голға ұластырып, “Интердi” алға шығарды. Нәтиженi еселеудi көздеген Клаудио Раньери шәкiрттерi 23-минутта гол соғып тынды. Джампаоло Паццини қақпаға допты тобығымен түрте салды. Мәскеулiктер есiн содан соң ғана жиды. Сөйттi де, бiрiншi тайм бiтiп, төрешi қосқан қосымша уақытта Алан Дазгоев (45+3-минутта) есеп айырмасын қысқартты. 77-минутта Вагнер Лав есептi теңестiрiп, командасын жеңiлiстен құтқарған. Алайда Крис­тиан Кивудiң 90+2-минуттағы соққан тамаша голы “Интерге” үш ұпай әкелдi.

Бакуде басталған әлем чемпио­натының алғашқы күнi бiздiң ел үшiн сәтсiз болды. Ең жеңiл салмақтағы (49 келi) Бiржан Жақып өзiнен бойы да аласа, жасы да кiшi кубалық бозбаладан жеңiлiп қалды. Бұл бiз бiлетiн Бiржанға мүлдем ұқсамайды. Алғашқы раундтан-ақ сылбыр қимылдады. Тiптi соққылары басын тарс бүркеп алған кубаның қара домалағына дари қоймады. Керiсiнше, өзiне ауыр соққыларды жiберiп алды. Тiптi соңғы раундта кубалық қабылан бiздiң Бiржанның тұмсығын бұзып, қанатып жiбердi. Өкiнгенмен не пайда? Бұған дейiн қытайлық тапал Зоу Шиминг­ке ғана ығысып жол берiп жүрген Жақыповтың алдына ендi Куба боксының жаңа үмiтi Иосвани Вейтиа да түсетiн болыпты
Аймауытовтан сөз артылған ба?! Жарықтық Жүсекең (Жүсiпбек Аймауытов) “Қазақ – есесiн де көп жiберiп, хақысын да көп жегiзген халық. Не есе­мiз, не хақымыз қайтар емес!” дейдi. Ж.Аймауытовтың осы сөздi айтқанына аттай 88 жыл болыпты. Бiрақ әлi сол: қазақтың есесi түгенделген жоқ, қазақтың хақын жеушiлер көбейген үстiне көбеюде.
Алаш ардақтыларының айтқаны – “Жас Алаш” үшiн сертпен тең. Ұлттың хақысы мен есесi үшiн, ұлттың мүддесi мен мiндетi үшiн ештеңеден аянып қалмаймыз! Бұл жолда бәс тiгуге де, бас тiгуге де әзiрмiз!