1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15641) 4 қазан, сейсенбі 2011
Жексенбi күнi қалалық әкiмшiлiктiң арнайы рұқсатымен, Алматы қаласындағы “Сары­арқа” кинотеатрының маңындағы алаңда төрт мыңнан астам ұлт зиялылары, партия, қоғамдық ұйым мүшелерi, ақын-жазушылар, өзге де тiл жанашырларының қатысуымен “Мемлекеттiк тiлдi қолдау” акциясы өттi. Онда қазақ же­рiнде жетiм баланың күйiн кешiп отырған қазақ тiлi – мемлекеттiк тiлде қордаланып қалған күрмеуi көп қадау-қадау мәселелер көтерiлдi. Қоғам қайраткерi, ақын Мұхтар Шаханов жиынның шымылдығын ашып, сөз бастады. Естерiңiзге сала кетейiк, жақында қазақ халқына және билiк басындағыларға қазiргi мемлекеттiк тiлдiң мүшкiл халiн баяндап, ұсыныс айтылып, арнайы ашық хат жол­дан­ған болатын.
– Тоқтар аға, Сiздiң ғарыш көкжиегiн бағындырғаныңызға күнi кеше 20 жыл толды. Ғарыш кемесiне мiнер алдында тiрi ораламын деп ойладыңыз ба? Нен­дей күшке тәуекел еттiңiз?
– Ешкiмде ғарыш кеме­сiне отырар алдында өлуге бара жатырмын деп ойламайды ғой. Барлығы сапарым сәттi болады және аман есен ораламын деп барады. Шыны керек, ол кезде бiрде-бiр қауiптi ойлар басыма кiрген жоқ. Өзiме жүктелген мiндет­тердi абыроймен атқарамын деген ниетпен аттандым. Жаратушы Алла тағала қолдап сапарымызды сәттi еттi. Тағыда қайталап айтамын, ешқандай жаман ой ойлаған жоқпын.
Шетел асқан байшыкештердiң алды бiлектi сыбанып, шындықты “айтуға” кiрiстi. “Республика” газетiне сұхбат берген В.Храпуновтың сөзiне қарағанда, президенттен бастап, оның айналасындағылардың аранынан талай дүние өтiп кеткен көрiнедi. Естерiңiзде болса, Алматының демалыс аймақтарында орналасқан үйлерге қатысты мәселе көтерiлген-дi. Бұл мәселенi басқа емес, Н.Назарбаевтың өзi шұқып көрсетiп, заңсыз берiлген шұрайлы жерлердi реттеудi нұқып тапсырып едi. Бiрақ “беспредел” атанған бұл тапсырма айтылған жерде қалып қойды. Президенттiң қаһарына қарап, әдiлдiк орнай ма деп қалғанымыз да рас. Өйткенi Алматының қақ ортасында баспана үшiн басын құрбандыққа тiккен оқиға толастамай тұр­ған-ды.
НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТIНIҢ БҰРЫНҒЫ КЕЛIНIНIҢ ДӘМЕСI ЗОР
Шетел асқандар шектен шығып барады. Бұлай деуiмiзге қашқындар тобына қатысты оқиғалар себеп болды. Сыртқа шыға салысымен жоғын түгендеп, кеткен есесiн қайтаруға жан­талас­қандардың қатары көбейiп келедi. Солардың бiрi – Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелi Майра Құрманғалиева. Полицей мен прокурордың аузын күн­шығыс­қа қаратып, елден қашып кеткен ол ендi үлесiн даулауға кiрiсiптi. Малай елiнiң премьер-министрiнiң қызын алып, құдаласса да Майраның көңiлiнен күптiлiк кетпептi. Себебi, Н.Назарбаевтың бұрынғы келiнi АҚШ сотына шағымданып, “Қазақмыстың” 1 миллиард доллар акциясын үлес ретiнде
МАГАДАНДЫҚ ТАРИХШЫНЫҢ ӘҢГIМЕСI
Магадандағы күндердiң соңында өлкетану мұражайына да бас сұққан едiк. Бiршама мәлiметтер өзiмiзге бұрыннан белгiлi болса да, ғалымның әңгiмесiн мұқият тыңдадық. Колыма – 1953 жылға дейiн Кеңес Одағының ең жабық территориясы болған. Мұнда тек милициядан алынған арнайы рұқсат қағазбен немесе соттың үкiмi, болмаса мемлекеттiк қауiпсiздiк министрi жанындағы Ерекше кеңес шешiмiмен кiруге болатын едi. Жалпы аумағы жағынан кейбiр кiшiгiрiм еуропалық мемлекеттерi аумағымен теңдесетiн бұл алып өлкенiң жалғыз қожайыны – Iшкi iстер министрi мен ГУЛАГ және   мемлекеттiк Дальстрой тресi мен Магаданда орналасқан Севвостлаг басқармасы болды

Шынында да, аналар өз тi­лiнде сөйлемесе, бала қай тiлде сөйлемек?  “Жаулықтының намысы бiр” деген жайдақ сөздi малданып, дүниедегi бар пәле-жаланы еркекке жабатын әйелдер менi сөгуi мүмкiн. Мейлi. Көпшi­лiкке  бiрдей топырақ шашқым келмейдi, бiрақ қазақ тiлiнiң қазiргi мүшкiл халiне  қазақ әйелдерi кiнәлi деп ойлаймын. Өйткенi ер-азаматтың тiрлiгi түзде, әйелдiң тiрлiгi үйде емес пе. Ежелден әйел заты – ұлттың руханиятының, тәлiм-тәрбиесiнiң сақтаушысы,  отбасының ұйыт­қысы. Болашақ ұрпақтың жан тазалығы мен тән амандығы, тiл мен дiл бүтiндiгi әйел-ананың мойнында. Ол сәбиiне  өмiр ғана  сыйлап қоймай, оған ана сүтiмен бiрге ана тiлiн, ұлттық мiнез-құлқын сiңiруге тиiс

 – Айтыс көрiп өскен қазақпыз ғой, бала кезден өлеңге құмар болдым. Дегенмен, сөз басын құрап, ақындыққа бiрыңғай бет бұрғаныма 3 жылға жуықтады. Аузыма ағаш тiстеп ұялы теле­фон­ға терем, оны қағазға түсiретiн қарындасым – Жұлдыз. Өткен мамыр айында ауылымда шығармашылық кешiм өтiп, өлеңдерiм топтастырылған “Тағдырымның жанары” атты кiтабым жарық көрдi. Қарап отырсам асығыстық етiппiз, шашыраңқы, олпы-солпы тұсы көп. Алла сәтiн салса, алдағы уақытта қайта толықтырсам ба деймiн, – дейдi Нұрмұхаммед. Нұрмұхаммед Әбiлқасымов Сырдария ауданына қарасты Шiркейлi ауылында тұрады
Ресей эстрадасының ханшайымы атанған Алла Пугачева қазақпен құда болмақ. Қалайша? Оның Кристина Орбакайтеден туған жиен немересi Никита Пресняков Аида деген қазақ қызбен жүредi екен. Ғашықтар жазғы демалыстарын бiрге өткiзудi жоспарлап, жақында Нью-Йорктен Мәскеуге ұшып келiптi. Жас болса да Нью-Йорктiң кино академиясын тәмамдап үлгерген Никита Аидамен өткен жылы Америкада танысыпты. Аида Қазақстанда туып-өскен, АҚШ-та оқиды, сонда тұрады. Қыздың ұнап қалғаны сондай, Никита оны бiрден әкесiмен таныстырды. Ал әжесi Алла Пугачева қалыңдықпен биылғы Жаңа жыл қарсаңында танысыпты.
“Қыз сыны”, “Жiгiт сыны” деген сияқты “Министрлер сы­ны” өттi. Бұған бұрынғы министрлер, зейнетке шыққан министрлер қатыстырылған жоқ. Тек қазiргi, яғни жұмыс iстеп жүр­ген министрлер ғана қатысты. Ең әуелгi сын қазақ тiлiнен болды. Масқа-ра-а-а-а-а! Қазақ тiлiнен бiр ғана министр өттi. Қалған жиырма төрт министр түгел құлап қалды. Жюридiң өзi қатты састы. “Құлап қалған жиырма төрт министрдiң ең болмаса жартысын өткiзейiк. Сұрақтарды жеңiлдетейiк. Аса жеңiл сұрақтар қояйық” деп шештi. Сонымен, құлап қалған жиырма төрт министрдiң бiрiн сынаққа қайта кiргiздi.
Қалалық мәйiтхананың iшi тастай қараңғы. Мәйiттердiң көптiгi соншалық, еденде де қалай болса, солай жатыр... Бiр кезде, башпайына “белгiсiз әйел” деп жазылған мәйiт “мәйiттер тiлiнде” сөйлей бастады:
— Ары жатыңызшы...
— Сен кiмсiң?
— Қатипашпын.
— Қашан өлдiң? — деп сұрады мұртты мәйiт сыбырлап.
— Бағана.
— Жайша өлдiң бе?
Баласы әкесiнiң кабинетiне сөйлей кiрдi:
– Әке, мен Сiзге тек бiр-ақ минөт­ке кiрiп-шығайын деп, амандығыңызды бiле кетейiн деп...
– Кешiктiң, балам. Жаңа ғана шешең “бiр минөтке кiрiп-шыққан”. Қалтамды түбiне дейiн қағып, бүкiл ақшамды алып кеттi.
                                    ***
Хабарландырудан: “Бiздiң шойын зауыты шығарған ойыншықты сатып алыңыздар. Бiздiң ойыншықтардың артықшылығы мынада: сiз балаңызды бiздiң ойыншықпен қай жерде қалдырсаңыз, сол жерден табасыз. Өйткенi, бiздiң ойыншықты бала түгiлi, ере­сектердiң өздерi әрең көтередi”.

Ауыл — қазақтың алтын бесiгi. Қарап отырсаңыз, бүгiнде отызында орда бұзып, қырқында қамал алған атақтылар мен бай-бизнесмендердiң, шендi-шекпендiлердiң көпшiлiгiнiң түптамыры ауылмен байланысып жатыр. Барлығы да кезiнде ауылдың шаңына аунап өскен түлектер. Сондықтан да болар ауыл десе елжiремейтiн қазақ баласы жоқ.   Ауыл – қазақылықтың қайнар көзi. Сол бiр қазақылық қасиеттi бойына сiңiрген азамат қолдан келсе, туған жердi түлетудi өзiне парыз санайды. “Ауылына қарап азаматын таны” деген сөз бекер айтылмаған. Ал құдайға мың да бiр тәуба, сол парызды абыроймен атқарып жатқан азаматтар ел iшiнде жетерлiк.

Өткен жұмада футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 29-тур ойындары өттi. Ең қызығы, алты қаладағы ойындардың бесеуiнде алаң иелерi жеңiске жеттi. Ендi ойын нәтижелерiне тоқталсақ. Талдықорғандық “Жетiсу” өз алаңында “Ақтөбенi” 2:0 есебiмен ұтты. Сөйттi де, турнир кестесiндегi көшбасшылық тiзгiндi қайта қолына алды. Бұған дейiнгi ойындарда ұпай иелене алмай шерменде күйге түсiп, нәтижесiнде “Шахтер” топ басында тұру үшiн тiстескен. Содан қауiптендi ме, талдықорғандықтар ойын басталысымен-ақ шабуылды үдеттi. Ойынның 13-минутында Остапенко гол соғып, жанкүйерлерiн желпiнтiп тастады. Смақов бастаған ақтөбелiктер қанша жерден шабуылдағанымен, “Жетiсу” қақпасын дәл көздей алмай бiраз әурелендi.
Бұрынғы қоян,
Бүгiнде ноян,
Қу түлкi сол салтында...
Қойшы – қасқыр,
Қазiр тақсыр,
Сол баяғы қалпында...
Қарға қаптап,
Құзғын таптап,
Талай жердi жайлады...
Дүңкиген доңыз
Бакуде өтiп жатқан әлем чемпионатында бiздiң бокс­шылар сәттi өнер көрсетуде. Дегенмен, әттеген-айы да жоқ емес. Қалақтай ғана боксшымыз Бiржан алғашқы айналымнан аса алмай әлем чемпионатын ерте аяқтаған. Өкiнiшке қарай, Жақыповтың жеңiлiсiн 52 келiдегi Олжас Сәттiбаев та жалғастырды. 1/16 финалдық ойында Олжас ирландиялық Майкл Конланнан ұтылып қалды. Ол 19 жастағы боксшыға 17:18 есебiмен жол бердi.  60 келiдегi Ғани Жайлауов алғашқы кездесуiн жеңiспен аяқтады. Жапон Шота Накаяманы 18:12 есебiмен жеңдi. 64 келiдегi Данияр Елеусiнов келесi кезеңге өттi. Ол алғашқы кездесуiнде шотландиялық Джош Тэйлордан 11:5 есебiмен басым түскен.