1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15642) 6 қазан, бейсенбі 2011
Желтоқсан көтерiлiсiне ұйытқы болған төрт қазақ жiгiтiн бiлесiз бе? Желтоқсан оқиғасы емес, көтерiлiсi екенiн бүгiнгi тәуелсiз қазақ билiгi неге мойындамайды? Неге заң жүзiнде саяси-құқықтық баға беруге құлықсыз? Бүгiнгi жастардың бойында кешегi “желтоқсаншылардай” ұлттық рух, елдiк сананың әлсiз екенiне не себеп? Осы және басқа да сауалдарға жауап алу үшiн желтоқсаншы Құрманғазы АЙТМҰРЗАЕВТЫ әңгiмеге тарттық. Ғалымдар айтып жүр­гендей, Желтоқсан көтерiлiсi 17 желтоқсанда емес, 16 желтоқсан күнi басталды. Ұйымдастыру шаралары дәл осы күнi жүрдi. Өнер институтының жатақханасында жан-тәнiмiзбен
ҚР парламентiнiң қос палатасы мақұл­даған “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” заң жобасына мемлекет басшысы қол қоя ма? Тап қазiр елдi екiұдай еткен басты мәселе осы. Соңғы бiр айда қоғамды дүрлiктiрген заң жобасын көпшiлiк “Сектанттардың жолын кеседi” десе, ендi бiрi “ширк” деп қарап отыр. Жалпы алғанда, елiмiзде осы күнге дейiн халықтың көңiлiнен жүз пайыз шыққан заң қабылданбаған. Бiр жағынан бұлай болуы мүмкiн де емес. Осылай екен деп “дiн дауына” көз жұма қарауға әсте болмайды. Дiн iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Қайрат Лама Шәрiптiң танымалдылығы бүгiнде Амантай қажыдан аспаса кем емес. Оны алты алашқа мәшһүр еткен дiн төңiре­гiндегi

Өткен аптада “Самұрық-Қазына” қорында “Сарапшы” клубының алғашқы отырысы өттi. Клуб – қордың қызметi саласына қатысты барынша маңызды проблемалар мен әлеуметтiк-экономикалық үдерiстердi талқылау мақсатында ашылған ақпараттық және талдамалық алаң. Алғашқы жиын Маңғыстаудағы ереуiлге арналды. Бiрнеше айдан берi талап-тiлектерiн орындата алмай келе жатқан батыстағы ағайынға басшылық ақыры назар аударғанға ұқсайды. Оның бiр көрiнiсi “Самұрық-Қазына” АҚ Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбевтың бастамасы бойынша құрылған клубтың көптен берi шешiмiн таба алмай келе жатқан күрделi мәселенi көпшiлiк талқысына салғаны болса керек.

Тоқсан ауыз сөздiң де тобықтай түйiнi бо­латыны белгiлi. Кез келген шиеленiскен мәселенiң де шешiлетiн жолы, кез келген текетiрестiң тарқатылатын түйiнi болады. Қазiргi кезде Маңғыстау­дағы ереуiлдiң осы кезге дейiн тоқтамауының негiзгi бiр себебi бар. Ол – компания қожайындары мен ереуiл­де тұрған мұнайшылардың бiр ортақ мәмiлеге келмеуi, төре­лiк жасайтын билiк орындары мен құқық қорғау органдарының тек бiржақты көзқараста болып, жұмыс берушi­лердiң мүддесiн қорғауы. Ереуiлдiң осынша уақытқа созылуы мұны айқын көрсеттi. Үш тарап та текетiресте тұр­­­ған өз ұстанымдарын дұрыс деп есептейдi, бiрiн-бiрi мойындамайды.  
Таразда тас лақтырсаң түрмеге тиедi. Әйтеуiр алақандай ғана қалада бес бiрдей абақтының орналасуы көңiлге әжептәуiр қорқыныш ұялататыны бар. Бұл тас қабырғалар кешегi Кеңес одағы кезiнде Жамбыл фосфор зауыттарының зиянды цехтарына ату жазасына кесiлгендердi қойдай тоғыту үшiн көп қаланған деген де әңгiме бар. Тiптi сол жылдары фосфор кенiшiне жақын орналасқан Жаңатас қаласының өзiнде әжептәуiр үлкен түрме болыпты. Әрине, түк таппағандай “түрмемiз көп” деп мақтануға болмайды. Онсыз да тараздық жасөс­пiрiмдер арасында өршiп тұрған қылмыстың бiр ұшығын тiкенек сым тартылған осынау тас қа­бырғалармен
Швейцарияның ең бай адамдарының тiзiмiне iлiнген Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпуновтың сұхбаты елдi бiр дүрлiктiрiп тастады. Шетел ауғалы берi бiрде-бiр рет Қазақстанға қатысты бiр ауыз айтпаған экс-шенеунiктiң сұхбаты президент пен оның айналасындағы элита өкiлдерiн бiр түйреп өттi. Храпунов “Шымбұлақта жер телiмiн алып, сарай соққан” деп атын атап, түсiн түстеген кейбiр саясаткерлер экс-әкiм таққан айыпты жоққа шығарып үлгердi.  Сұхбатын “шындықты айтатын уақыт жеттi” деп әупiрiмдеп бастаған Виктор Храпунов Назарбаевтың билiкке жетуi мен тақты барынша ұзақ мер­зiмде сақтап қалу үшiн iстеген тiрлiгiн жайып сал­ған.
Күләннiң ұзақты күнгi ермегi – радио тыңдау. Радио тыңдай отырып, нәски тоқиды. Жүн нәскилердi тоқығанда “мынау Кешаға, мынау Айшаға, Фархатқа, Рамзанға, Айдарбекке, Сабинаға, Витяға, Санжарға...” деп, арнайы белгiлер салады. Содан жетiмдер үйiне барып, әлгi балаларға нәс­ки­лер­дi үлестiрiп, тағы да тап­сырыс алып қайтады. Баланы қуанту да бiр шү­кiршiлiк қой. Құдайым разылығын берсiн тек. Күлән сол жаутаңкөз, жүдеу жү­рек­тi балаларға осылай жан жылуын берiп қайтқанда ғана бiр-екi күн өзiн жеңiл сезiнiп қалады. Сол кездерi Қасым алдында ақталғандай болады.  Құдай басқа салған соң бәрiне көнесiң.  

Миллиондаған адам тiршiлiк еткен Алматының жағдайы кiсi аярлық. Табиғаты сұлулыққа толған әсем қала қолдан жасалған қиянаттан көз ашпай-ақ келедi. Жетi ауданнан тұратын үлкен шаһардың сәнiнен жұрнақ табу қиынға айналды. Мына фотоларға назар салыңызшы. Талай ақынның шабытын оятып, сезiмiн тербеген әсем қаланы байқай аласыз ба? Қаланың ластығы, экологиялық ахуалы сағат санап артуда. Ығы-жығы адам, кептелiсте сiрескен көлiктер, әр қадам басқан сайын шашылған қоқыстар, иiстенген тамаққа таласқан қаңғыбас ит пен мысық, күпiсiне оранып, әр жерде аунаған алқаштар...

ШАҢЫРАҚТЫ СЫЙЛАУҒА БОЛАТЫН ШЫҒАР...
Алматыдағы М.Лермонтов атындағы орыс драма театры мен Н.Сац атындағы балалар және жасөспi­рiм­дер театрының қазан айындағы репертуарын қарап шықтық. Жарайды, бұл екi театр да – орыс театры. Бiрақ бұлар ең алдымен Қазақстанның театры ғой. Сондықтан да бұлардың репертуарында қазақ драматургтерiнiң (Мұхтар Әуезовтен бастап Д.Исабековке дейiн) шығармалары болуға тиiс. Тiптi мiн­деттi. Ал бұлардың репертуарында – тек шетел мен орыс драматург­терiнiң шығармалары ғана. Бұлар қазақ әдебиетi мен қазақ өнерiне пысқырып та қарамайды.
ӘДIЛ, АДАЛ СОТТАР ҚАЙДА ЕКЕН?
“Жас Алашта” жарияланған “Қазақ елi – қайыршылар елi” (№75, 20 қыркүйек, 2011 жыл) атты мақалаға Қазақстан Республикасы Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Советхан Сәкенов уәж айтып, редакцияға хат жолдады. Онда былай делiнген: “Мақала авторы “... мәселен, аудандық соттардағы пара көлемi – 7 мың, қала және ауданаралық сотта – 9 мың, мамандандырылған сот – 11 мың, облыстық соттың судьялары – 14 мың, жоғарғы сот – 34 мың доллар шамасында пара алады”, – деген әлеуметтанушы Бақытжамал Бектұр­ғанова таратқан ақпараттарды келтiре келе, өз ойын “Ендi таразылай берi­ңiз, Қазақстандық “мәде­ниет­тi
Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашевтың “оралмандарды ұрғаным бар...” деген сөзi шетте жүрген ағайынның ашу-ызасын тудырды. Кейiннен БАҚ өкiлдерiне берген түсiнiк­темесiнде өз сөзiнен жалтарып, бұл сөздi 5 миллион оралман­ға емес, Ауыт Мұқибек пен Рахым Айыпұлына қарата айтқанын жет­кiзiп, ақталмақ болды. Аталған қауымдастықта бiраз жылдар қызмет атқардым. Қа­уым­дастықтың қыр-сырына қа­нықпын. Мамашевтан бұрынғы төрағаның орынбасары марқұм Қалдарбек Найманбаев жүктелген мiндеттi адал атқарып, шетелдегi қазақтарға шын жанашыр болатын.

Осы жазда Бурабайдағы “Жерұйық” сауықтыру кешенiне бардым. Мақсатым емделiп, тынығу болатын. Осындай ниетпен келген сауықтыру орны көңiлiме су сепкендей әсер еттi. КСРО тараған кездегi колхоздың фельдшерлiк пунктi сияқты көрiндi. Он бес күнге 304 мың теңгесiн төлеген санаторийдiң iшкi жағдайы кiсi аярлық. Жаңбыр болса, ғимараттың iшiне су сорғалап,мазаны қашырады. Ас мәзiрiнiң жұпынылығы сондай, жемiс-жидек, көкөнiс атымен жоқ. Ескi нанды таратқан аспаздарға қанша ескерту жасасақ та, нәтижесiн көрмедiк. Магнитотерапиядан басқа емдеу жасалмағандықтан, бiр аптадан кейiн денсаулығым нашарлады

Сөздiк қорымызға оп-оңай кiрiгiп кеткен “сотовый” сөзiнiң мағынасын бесiктегi бала да түсiнетiн болды. Әр қалтада жүретiн бұл байланыс құралы қазiр аса маңызды құралға айнала бастады. Қазiр қалта телефоны жоқ адамға таңдана қараймыз. Балабақшадағы баладан бастап, еңкейген қарияларыңызға дейiн тек қана “сотовыймен” байланысқа шығады. Қарбалас тiрлiктен қолымыз босай бермейтiн мына кезеңде жедел байланыстың болғаны дұрыс та шығар. Бiрақ хабарласудың осы әдiсi бiздердi байқатпай құртып жатқан сияқты. Баяғыда алыстағы ағайынға ат арытып, арнайы баратынбыз. Қонақ болу мен қонақ күту дәстүрiн бұлжытпай орындадық. Қазiр ше, қазiр қалай? Үнемi қалтаңызда жүретiн
Арабтың “халяль” сөзi рұқсат етiлген, адал деген мағынаны бiлдiредi. Ислам дiнi негiзiнде құрылған халяль маркасы әлем бойынша қанатын кеңге жайып келедi. Қазiргi таңда оның 6,6 миллиард тұтынушысы бар. Ал Қазақстанға халяль индустриясы 2000 жылдан берi ене бастады. Дүниежүзi бойынша азық-түлiк нарығының 16 пайызын халяль өнiмдерi алады екен. Соңғы уақыттары асхана, кафелердiң маңдайшасында “халяль” деген жазу жиi ұшырасатын болды. “Халяль” арабтың сөзi, рұқ­сат етiлген, адал деген мағынаны бiлдiредi. Яғни, шариғат бойынша тыйым салынбаған тағамдар. Бүгiнде бүкiл дүниежүзi бойынша халяль қонақ үйлерi, SPA салондары, дәрi-дәрмектер, косметикалар, банк, медициналық мекемелер бар.
Әзiрбайжан астанасында өтiп жатқан әлем чемпионаты ендi қыза түседi. Кiл мықтылар қалып, дайындығы кемшiн көрiнген боксшылар жарыс сапарын ерте аяқтап жатыр. Өкiнiшiтiсi, Бакуден жүлдемен қайтады деген бiздiң де жiгiттер бiртiндеп сәтсiздiкке ұшырауда. Әзiрге еш қорқудың қажетi жоқ. Iрiктеу бәсекелерiнен iркiлмей өткен алты қыранның төртеуi Лондон олимпиадасының жолдамасына қол жеткiздi. Ғани Жайлауов, Серiк Сәпиев,­ Данабек Сужанов, Әдiлбек Ниязым­бетовтiң қанжығасында жолдама бар.  Бас бапкер Мырзағали Айтжанов елден аттанарда үш жүлде, бес жолдаманы бөктерiп қайту үшiн бара жатқанын айтқан.
ӘЛЖАН АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯ
Әлжан Жармұхамедов Алматыға келдi. Түбегейлi емес, өзiнiң атындағы баскетбол академиясының салтанатты ашылуына. Ол ендi қайтадан өзi тұрып жатқан Ресейге кетедi. Жуырда Алматыдағы Спорт және туризм академиясының iшiнен “Әлжан Жармұхамедов атындағы баскетбол академиясы” ашылды. Салтанатты шараның ашылуына арнайы келген Әлжан аға замандастармен бiрге баскетбол да ойнады. Бiле бiлген жан үшiн Жармұхамедов – қазақ баласынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы. 1972 жылы Мюнхен олимпиадасында баскетболдан ақтық айқасқа КСРО
БАЛАБАҚШАҒА БАРА АЛМАЙДЫ
Қытайлық Лу Хао құқайды үш жасынан бастап-ақ көрдi. Ол ендi балабақшаға да бара алмайтын болды. Анығын айтсақ, оған мекеме қыз­меткерлерi келуге тыйым салыпты. Себебi оның салмағы – 57 келi. Хао жыл сайын 10 келi салмақ қосып келедi. Оған бұл кесел тумысынан жабыспаса керек. Ол қызылшақа кезiнде тiптi шидей болыпты. Перзентханадан үйге шығарарда медбикелер Лу Хаоның “салмағы бойының ұзындығына сәйкес келмейдi, жеткiлiксiз” деп анықтама берiптi. Қызығы, үш айдан кейiн Лу бiрден толыса бастапты. Ендi мiне, үш жасында көресiнi семiздiктен көрiп отыр.
ХХ ғасырдың басында, нақтырақ айтсақ, 1910-20 жылдары күллi түркi халықтары (өзбек, түрiкмен, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, саха, хақас, қарашай және т.б.) қазақ зиялылары мен қазақ оқымыстыларын қатты қадiр тұтқан. Әсiресе, олар Алаш зиялыларының ұлт, ұлттық рух, ұлттық мемлекет жөнiндегi ұстанымдарын үлгi еткен. Ал қазiр солай ма? Олай емес, әрине.Сiз қазақ зиялыларының сол бұрынғы беделiнiң қайта қалпына келiп, олардың түркi халықтарының iшiндегi ең тегеурiндi, ең бiлiмдi, ең табанды көшбасшы қауым болуын қалайсыз ба? Қаласаңыз, онда “Жас Алашқа” жазылыңыз!
“Жас Алашта” мұның бәрi айтылады, қамтылады, талданады, талқыға ұсынылады, таразыға тартылады.