1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15643) 11 қазан, сейсенбі 2011
“Время” басылымының журналисi Геннадий Бендицкийдi Алматы қалалық прокуратурасының шыр айналдыратын түрi бар. “Қорғас iсiнiң” былық-шылығын журналистiк зерттеулерге арқау еткен әрiптесiмiздi Алматы қалалық прокуратурасы бейсенбi күнi жауап алу үшiн шақыртыпты. Әзiрге “Время” тiлшiсi куәгер ретiнде сұралып жатыр. “Времяның” тамыз-қыркүйек айларындағы сандарында Г.Бен­дицкийдiң “Қорғас iсiне” қатысты бiрқатар зерттеу мақалалары жарық көрген болатын. Осы жарияланымдар Г.Бендиц­кийдiң басына бәле болып жабысты. Бас прокуратураның ресми жауабына қарағанда, мемлекеттiк құпия санатындағы деректердi жариялау фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғалған. Қылмыстық iстiң қозғалуына Г.Бендиц­кий­дiң биылғы жылдың 18 тамызында жарық
СОТ ЖӨНСIЗ СЫЛТАУМЕН КОМПАРТИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫН 6 АЙҒА ТОҚТАТТЫ
Қазақстан компартиясының жұмысы сот шешiмiмен тоқтатылды. Бұған себеп партияның заңсыз әрекеттерi болыпты-мыс. Қазанның 3-i күнi партияның кеңсесiне бiр топ прокурорлар бейнекамерамен келiп, Алматы қаласының прокуроры Ж.Өмiрәлиевтiң қаулысын Ғазиз Алдамжаровқа табыстамақ болған. Алайда ешқандай таспаға түсiрусiз, нөкерлерiнсiз-ақ жүзеге асыруға болатын жұмысты прокуратура өкiлдерiнiң бұлай күрделендiруi түсiнiксiз. Келесi күнi ҚКП-ның жұмысы тоқтатылғаны жайлы хабар жеттi.
ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ОСЫНЫ МЕҢЗЕДI
Соңғы бiр ай бойы Астана қалалық және Қосшы мен Қоянды әкiмшiлiгiн торуылдаған халықтың үмiтi үзiлдi. Олар осы уақыт аралығында “Қала сыртынан жер телiмiн бередi екен” деген қауесетке сенiп сергелдеңге түсiп келген едi. Ендi мiне, айға жуық ауыз ашпаған Астана қалалық жер қатынастары басқармасы ұйқысынан оянып елордалықтардың көкейiндегi “жер бередi ме?” деген сұрақтарына жауап бердi. Өкiнiшке қарай, ауа райының суықтығына қарамастан әкiмшiлiк алдында сағаттап тұрған халықты басқарма бастығы Төлеуғазы Нүркенов қуанта алмады.

Сәуiр айында Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң Ұйғыр автономия­лық ауданы, Үрiмшi қаласындағы төлқұжат-визалық қызметiнен шу шығып, қандастарымыздың елге келiп-кетуiне кедергi туғанын жазған едiк. Былық-шылыққа батқан елiмiздiң төлқұжат-визалық қыз­метiнiң алдындағы ұзын-сонар кезекке түзiлген қарақұрым қазақ визаға қол жеткiзе алмай, делдалдарға жем болған-ды. Бұл кезде он мыңға жуық қандасымыз виза ала алмай қалғанын ақпарат құралдары жарыса жазды. Көп кешiкпей төлқұжат‑визалық қызметтiң басшысы ауысты. Содан берi ата­жұртқа барыс-келiстiң жағдайы жақсарды ма, қандас­тарымызды зар илеткен виза мәселесi шешiлдi ме? Осыны бiлмек үшiн Үрiм­шiге арнайы iссапармен бар­ған едiк

Қарағанды облыстық iшкi iстер департаментi басшысының орынбасары, полковник Аман­гелдi Түсiпбеков қызметiмен қош айтысты. Қарағанды облыстық iшкi iстер департаментiнiң басшысы Нұрлан Рахымберлиннiң бұйрығымен Түсiпбеков 5 қазаннан бастап жұмыстан шығарылыпты. Не үшiн? Бұған дейiн А.Түсiпбеков Қарағанды көше­лерiнде көлiкпен аса үлкен жылдамдықта жүйткiп, миллиондаған айыппұлдарға белшесiнен бат­қан-ды. М500KZМ мемлекеттiк нөмiрлi джиптi мiнген А.Түсiп­бековтiң туыстары мен оның өзi Қарағанды көшелерiнде ары-берi зымырып, жол жүру ережесiн бұзған. Қарағандыға iссапармен барған Iшкi iстер министрi Қ.Қасымов Түсiпбеков

МАҢҒЫСТАУ ӨҢIРIНIҢ КЕШЕСI МЕН БҮГIНI: ТАМШЫДАН ТЕҢIЗГЕ ДЕЙIН
Биыл Маңғыстау мұнайының көзi табылғанына 50 жыл толды. “Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан” деп қазақ бекер айтпайды. Бұдан елу жыл бұрын Маң­ғыс­тау өңiрi қандай едi, бүгiн қандай? Маңғыстаудан табылған мұнайды сөз еткенде Қаныш Сәтбаев, Шахмардан Есенов, Рахмет Өтесiнов, Сафи Өтебаев, Нәсiпқали Марабаев, Халел Өз­бек­қалиев сияқты азаматтардың аты-жөнi бiрге аталады. Айтулы мерекенiң қарсаңында мұнайшылармен кездескен Маңғыстау облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев былай деген: “Мұнайшылармен және геологтармен қатар, бұл саланың дамуы­на ықпал етушi басқа мамандар да еңбек еттi.

Ақтөбе облысы Алға ауданының жұртшылығы ақын Әбубәкiр Кердерiнiң туғанына 150 жылдығын атап өттi. Шортанбай, Дулат ақындар көшiндегi зар заман поэ­зиясымен байланыстырылып, кеңестiк цензурамен бiр ғасырға ұмыттырылған Әбубәкiр ақынның туған жерi Болгарка елдi­мекенiне барып қайтқанбыз. 1861-1911 жылдары өмiр сүрген, капитализммен бiрге келген отаршылдықтың қазақтың шаруа­шылығы мен рухани өмiрiне, салт-санасына әсер етiп жатқанын жан-жүрегiмен сезiне бiлiп, ел ертеңiне алаңдаумен 50-ден асқанда көз жұмған Әбубәкiр Боранқұлұлы табиғаты танылмай қалды. Бұл жағдайға бiрiншi кедергi – өлеңдерiндегi дiни сипат үшiн қара тiзiмге жатқызған кеңестiк саясат

Әр ұлттың өзiне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi бар. Қазақ халқының бала оның iшiнде тұңғыш немереге қатысты өзгелерге ұқсамайтын дәстүрi қалыптас­қан. Ол – тұңғыш немеренi ата-әжесiнiң бауырға салуы. Бұл дәстүр күнi бүгiнге дейiн желiсiн үзбей жалғасып келедi. Алайда соңғы уақытта тұңғыш баласын ата-әжесiне “берудi” қаламайтындар мен керiсiнше, мұны дұрыс деп санайтындар жиi кездеседi. Жарық дүниеге жаңа келген сәбидiң тәрбиесiмен кiмдердiң айналысқаны жөн? Ата- анасы ма, әлде ата-әжесi ме?

Мажарстан ғалымы Андраш БИРО мажар мен қазақтың туыстығын зерттеп, қанымыз бiр екенiн ғылыми түрде дәлелдеген-дi. Антрополог-ғалым мадияр руы жиi қоныстанған Торғай өңiрiн аралап, осы рудың өкiлдерiне генетикалық талдау жасағанын былтырғы жылы жазған да едiк. (“ЖА”, “Мажар мен қазақ бiр туған”, №87, 2 қараша, 2011 жыл). Мадияр руының ер‑азаматтарына жүргiзiлген антропологиялық зерттеу мен генетикалық талдаудың нәтижесi мажар мен мадиярдың бiр-бiрiмен туыстық жөнiнен жақын екенiн көрсеттi. Мажарстан ғалымының iзденiсi тек мұнымен ғана шектелмейдi. Мажар елiнiң антропологтары бiрнеше жылдан берi қазақ ғалымдарымен бiрiгiп түрлi зерттеу жүргiзiп жүр.

Тiршiлiк қамыты қысты ма, әлде руханилық жаппай әлсiредi ме, әйтеуiр, адамдар жоқтан өзгеге сенетiн болды. Әрине, барлығы емес. Бiрақ көпшiлiгi. Көк базардағы балгерлер мен көрiпкелдердiң “тасы өрге домалап”, дипломсыз “кәсiптерiнiң” дәуренi жүрiп тұр. Ендi оған ғылым ретiнде төрден орын берiлмеген, алайда “төр менiкi” деп адамдардың санасында сайран салып жүрген астрологиялық болжамдарды, яғни жұлдыз-жорамалды қосыңыз. 10 адам отырса, соның төртеуi құмалақ аштырып, ендi төртеуi жұлдыз-жорамалдың көп жағдайда сәйкес келiп жататынын айтады. Мiне, бұл адамдардың рухани әлсiреуiнiң бұлтартпас дәлелi.

«Қадырды сағынып жүрмiн...» деп едi жуықта ғана әдеби бiр мәжiлiсте. Мiне, ендi Қадыр Мырза-Әлiнiң артынан Тұмағамыз, Тұманбай Молдағалиев те озды дүниеден. Тұманбай Молдағалиев. Бiр өзi поэзияның бiр дәуiрi едi ғой. Әдетте, шандоз шайырлармен, ұлы ақындармен бiрге поэзияның да дәуiрi өтедi. Тұмағаңмен бiрге де қазақ поэзиясының бiр дәуiрi өттi. Тұмағаң көктемдi, сұлулықты, iзгiлiктi, әдемiлiктi, жастықты, бiр сөзбен айтқанда, “махаббат” деп аталатын нұрлы да сырлы әлемдi жалықпай жырлады. Талмай жырлады. Тынбай жырлады. Егде тартқан шағында да, тiптi жетпiстен асып, ақсақалдық жасқа дендеп енген кезiнде де “махаббаттың мұңы мен машақатын” жырлады.
ӨНЕРЛI ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ
Бас жүлденiң иегерi, Атырау облысы Доссор мұ­най­шылар мәдениет сарайының “Ер­кем-ай” халықтық би тобы. Кентау қаласында “Бейбiт­шiлiк әлемi” халықаралық шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйым­дас­тыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған халықаралық жастар мен студенттер фес­тивалi өттi. Республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен келген өнерлi жастар ән, күй, би, терме және басқа да өнер түрлерi бойынша өнер көрсеттi. Фестивальдiң бас жүлдесiн Атырау облысы Доссор мұнайшылар мәдениет сарайының “Еркем-ай” халықтық би тобы мен республикалық әншiлер мен жыраулар студиясының мұғалiмi Шакизат Сейдуалиева жеңiп алды.
АРЫҚТАУҒА ТЫРАШТАНЫП...
Артық салмақтан арыламын деп дәрi iшетiндердiң денi ауруға шалдығып жатыр. Солардың бiрiнiң анасы “Аман-саулық” қоғамдық қорының жедел желiсiне телефон шалып, қызының Қытайдың арзан­қол арықтататын дәрiлерiн iшемiн деп, психикалық ауытқушылықтарға тап болғанын айтып, шағымданыпты. Өкiнiштiсi, мұндай дәрi­лер­ге дәнiгiп жүргендер көп, ал бұл препараттар дәрiхана емес, Алматының кез келген базарында еркiн саудаға түсiп жатыр. “Аман-саулық” қорының төрайымы Бақыт Түменованың айтуынша, жедел желiге хабарласқан ананың қызы осымен үш мәрте психиатрлардың көмегiне жүгiнуге мәжбүр болған. Оның көз алдына елестер келiп, ұйқысы бұзылған, денсаулығында психикалық үлкен өзгерiстер болған.
Екi аптаға жуық дүйiм елдiң ұйқысын бұзған Бакудегi бәсеке де аяқталды. Қазақ елiнiң боксшылары да бұл сында жоғары өнер көрсеттi. Жан алысып, жан берiстi. Шүмек-шүмек тер төктi, өкпе күйгенше қарсыласып бақты. Бiрақ, бiрақ Бакуде бас қосқан төрешiлер иманы жоқ “туғанды би” екен. Әдiлбек Ниязымбетов пен Серiк Сәпиевке қиянат жасады. Мырзағали Айтжановтың елден аттанарда айтқан уәдесiнiң тек бiреуi ғана орындалмай қалды. Ол – Бакуден қазақтың бiр ұланы әлем чемпионы болу. Амал не, бiр теңiздiң суын iшiп отырған елден бiздiң жiгiттер алтынсыз қайтты. Рас, 81 келiде күшiн сынаған Әдiлбек ақтық айқаста болдырып қалды.
Өткен жексенбiде Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданының орталығы Есiк қаласында волейболдан турнир өттi. Мемлекет және қоғам қайрат­керi, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылған турнирге облыс аудандарынан 8 команда қатысты. Жарысты өткiзу шартында көрсетiлгендей, 40 жастан асқандар ғана алаңға шықты. Ойын олимпиадалық жүйемен өткiзiлдi. Яғни екi мәрте жеңiлген команда жарыстан шығады. Тартысты өткен кездесуде ақтық сынға Қаратұрық ауылының командасы мен Сарыбастау ауылының волейболшылары шыққан. Сарыбастау­лықтар қанша тырысқанымен, жеңiстi қолдан шығарып, II орынмен шектелдi.
Келер жылы Польша мен Украинада өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу аясындағы кезектi ойынды бiздiң құрама жеңiлiспен аяқтады. Брюссельде өткен Бельгия мен Қазақстан арасындағы ойын 4:1 есебiмен аяқталды. Бұл кездесуде алаң иелерi де негiзгi ойыншыларын шығара алмады. Алдыңғы кездесуде ойын ережесiн бұзғаны үшiн ескерту алған Маруан Феллени, Николас Ломбартс алаңға шықпады. Бiраз футболшылар да жарақаттарына байланысты бұл кездесуге қатыс­қан жоқ. Сонда да бельгиялықтар бiз­ден басым түстi. Жеңгенде де күйрете жеңдi. Бiздiң құраманың бас бапкерi Мирослав Беранек қақпаға “Жетiсу” клубының қақпашысы Владимир Логиновскидi бекiт­кен. Алайда ол алғашқы 40 минутта ала допты қағумен болды, одан кейiн бiлгенiнен жаңылды