1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15644) 13 қазан, бейсенбі 2011

Таяуда «Известия» газетiнде Владимир Путиннiң «Еуразия үшiн жаңа интеграциялық жоба: бүгiннен басталатын болашақ» деген мақаласы жарық көрдi. Бұрынғы кеңес елдерiнiң ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы жобадан оның ненi көксейтiнiн анық аңғардық. Себебi ол дау-дамаймен құрылған Кеден одағын - Кеңес одағына апаратын бiрден-бiр жол екенiн жасырып-жасқамай ашық айтты. Аталған басты мақалада В.Путин Қазақ Елi мен Беларусьтi Ресейге бiрiктiретiн Еуразия одағын құруға шақырды. Бұл “бiрiгудiң” салдары Алты Алашты iрiтуге апаратынын әрбiрiмiз жете түсiнуiмiз керек. Бұған дейiн 1917 жылы тәуелсiздiк алған Алашорда мемлекетi небәрi 2 жыл 3 ай ғана өмiр сүрген едi. Ал биыл азаттық алғанына 20 жыл толатын Қазақ Елiне орысқа қайта бодан болу қаупi туып тұрған сияқты. Алла тағала мұндай зауалдан Алты алашты сақтасын дейiк.

ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ ҚАШАН ӨТЕДI? МӘЖIЛIСКЕ ҚАНДАЙ ПАРТИЯЛАР БАРАДЫ?
“Парламент таратылады”, “Кезектен тыс мәжiлiс сайлауы өтедi екен” дегендей алыпқашпа әңгiмелердiң ел аузында айтылып жүргенiне бiраз уақыт болды. “Сайлау әне өтедi, мiне өтедi” деп болжам жасаған жауырыншылардың бiрде-бiр жорамалы осы күнге дейiн ақталмады. Тiптi президенттiң саяси iстер жөнiндегi кеңесшiсi Ер­мұхамет Ертiсбаев өз болжамдарынан өзi шатаса бастағандай. Бiрде “парламент сайлауы президент сайлауынан кейiн iле-шала жаз мезгiлiнде өтедi” десе, ендi келiп “кезектен тыс сайлау әйтеуiр бiр өтуi тиiс, мен сондай сайлауды жақтаймын” деп жүр. Қазақстан Коммунистiк партиясы жұмысы жарты жыл­ға тоқтатылған соң “кезектен тыс сайлау өтедi” деген әңгiме одан бетер гуледi.

“Бибi-ана” мүгедек аналардың қоғамдық ұйымы мен президент Н.Назарбаевтың екiншi күйеубаласы Тимур Құлыбаев арасындағы дау-дамай әлi жалғасуда. Бұл жолы қоғамдық ұйым Бостандық аудандық сотының үстiнен Алматы қалалық сотына шағым түсiрген. Мүгедек аналардың айтуынша, аудандық сот бұл iске төрелiк етуден бас тартып, жауап берушi жақ, яғни Тимур Құлыбаев Астана қаласының тұрғыны болғандықтан сот отырысы Елордада өту қажет деп есептейдi. Алайда “Бибi-ананың” қорғаушысы заңгер Сергей Уткин дауға түскен мал-мүлiк Алматы қаласында, сондықтан заң бойынша сот отырысы осында өтуi тиiс дейдi.  

Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә. Назарбаевқа 4854 адам қол қойған хат жолданды. Онда былай делiнген: «Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған “Дiн және дiни бiрлестiктер туралы” заң ұлтымыздың, Қазақстан азаматтарының үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр. Аталған заңның 7-бабының 3,4-тармақ­тарын­дағы мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен мекемелерде, әскерде, оқу орындарында, емханалар мен қарттар үйiнде азаматтардың жеке дiни құлшылықтарын өтеуге ты­йым салынуы Ата заңымызға да, халықаралық нормаларға да қайшы келедi... Қазақстан халқының жетпiс пайыздан артығын құрайтын мұсылмандардың басын құрап отырған Қазақстан
Елiмiздiң астық өсiретiн өңiрлерi жиын-терiм науқанының аяқталғанын хабарлауда. Диқандардан бұрын шенеунiктерiмiз мiнберден түрлi мәлiметтер берiп, болжамдарын да жасырмаған болатын. Биылғы астық көлемi рекордтық деңгейiне жетерiне Ауыл шаруашылық министрi А. Мамытбеков бек сенiмдi. Мұнысын алдын ала жарияға жар салып айтты да. Алайда миллиондаған тонна бидайдың сан көрсеткiшiнен гөрi, сапасы ескерiлмегенi өкiнiштi. Шаруаларды жыл сайын күзде алаңдататын мәселелер биыл да қайталанды. Пiскен егiндi жинауға техникалардың жетiспеуi, көлiк табылса, оның жанар-жағармайының тапшылығы, бағасының күрт қымбаттауы шаруаны әбден титықтатты.

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Совет ауылының тұрғыны небәрi 31 жасқа толған Амангелдi Қошқарбаев өзiне-өзi қол жұмсап, қаза тапты. Артынан қайғы жұтып әке-шешесi, бауырлары, қара жамылған жесiрi Әсем мен жалғыз тұяғы – бiр жарым жастағы ұлы Хангелдiсi қалды. “Баламның өлiмiне себепкер кiнәлiлер көп. Көршiсi Жанаргүл Маңғараева оған жала жапты. Аудандық iшкi iстер бөлiмi ұлымды заңсыз қамады. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментi Райымбек аудандық №11 өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы Н.Иманғазиев қызметiн қызғанып Амангелдiнiң соңынан түстi. Баламның үстiнен арыз ұйымдастырды.

“ҚазМұнайГаз” Барлау Өн­дiру” АҚ Жаңаөзен қаласында заңсыз наразылық акциясына қатысып, еңбек шартын бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылғандарды жұмысқа қайта қабылдау жөнiнде компания өкiлдерi ешбiр келiссөз жүргiз­бегенiн мәлiмдедi. Компания “Азат” ЖСДП және осы партияның өкiл­дерiнiң жұмыстан босағандармен келiссөз жүргiзе бастады деген шындыққа жанаспайтын ақпаратын жоққа шығарды.  Мәселе аталмыш партияның өкiлдерi Б.Әбiлев пен Ә. Қосановтың “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ-ның Жаңаөзен қаласындағы өкiлдерiмен кездесудi өтiнгенiнде жатыр. Сол себептi 2011 жылдың 4 қазанында “Өзенмұнайгаз” өн­дiрiстiк филиалының директоры, “ҚазМұнайГаз”
Астанадағы “Думан” қонақ үйiнде сейсенбi, яғни 11 қазан күнi “СҚ-Фармация” ЖШС бiрыңғай дистрибьюторының байқау комиссиясы төмендету аукционы қағидаты бойынша 2012 жылға дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөнiндегi тендерлiк рәсiмнiң екiншi кезеңiн бастады. Бұған дейiн жазғанымыздай жалпы құны 52,3 млрд теңге деп жарияланған 737 лотқа 58 әлеуеттi дәрi-дәрмектермен жабдықтаушы өтiнiш берген болатын. Осылардың iшiнде қатаң сынақтан әлеуеттi жабдықтаушының 15-iнiң жолы болмай, екiншi кезеңге не бәрi 43-i өттi. “Самұрық Қазына - Фармация” ЖШС Денсаулық сақтау министрлiгi ұсынған бiрыңғай дистрибьютордың тiзiмiне сәйкес, патенттелмеген халықаралық атаулары бар препараттарды сатып алады
Жазушы Мағира Қожахметова шығармашылығы жайында оқырманның ой толғауы 
Сонау бiр жылдары жарық көрген “Қазақ елi” басылымы “Елуге толғанға 5 сұрақ” айдарымен Мағира Қожахметоваға төмендегiдей сұрақ қойыпты: “Бiздiң қазiргi қайыршы халiмiзге нарық кiнәлi ме, жоқ әлде сол нарыққа бейiмделе алмаған халық кiнәлi ме?”
Мағира Қожахметова бұл сұраққа былай деп жауап қайтарыпты:  “1. ....Қандай уақыт, заман кешсiн, қандай жағдайды бастан өткерсе де, кез келген адам, халық сол хал-ахуалына лайық. Қазiргi қайыршы халiмiзге кiнәлiнi айдаладан iздеудiң қажетi жоқ

Бұл материалды бiзге екiбастұздық өлкетанушы, техника ғылымдарының кандидаты Серiк Жақсыбаев ағамыз ұсынды. Төмендегi башқұрттың Байық шешенi мен Бұқар жыраудың айтысы – түбi бiр түркi тiлдес елдердiң ерте уақытта өнерi өрелес, мәдениетi мазмұндас болғанының бiр дәлелi. Бiр қызығы, өзiмен тiлi туыстас, төрi ортақ болса да, татар халқына қарағанда башқұрт елiнiң тұрмысы қазаққа бiр табан жақын болғанын, көне замандарда көшпелi тiрлiк кешiп, үйiрлеп жылқы айдап, бие байлап, қымыз ұстағанын бiлемiз. Қазақ пен екi арада барымта-сырымтасы да үзiлмеген. Тiптi Кiшi жүз ауылдарын шауып, маза бермеген соң, башқұрттармен талай мәрте қантөгiс ұрыстар болғаны жөнiнде де тарихи деректер мол ұшырасады.

КӨҢIЛДЕСТЕРIНЕ ДЕЙIН КӨЗIНЕН ТIЗГЕН ЕКЕН
Белгiлi ғалым Жорес Мед­ведевтiң (тарихшы-ғалым Рой Медведевтiң ағасы) айтуынша, КГБ-ның архивiнде М.Шолоховқа қатысты құжаттар өте мол болған. Сол құжатты 1990-жылдары КГБ-ға төраға болып келген Вадим Бакатин жойғызып жiберген көрi­недi. Бiрақ “құжатты жоюшылар” мұны шолоховтанушыларға үлкен ақшаға сатып жiберген. Ж.Медве­дев­тiң куәландыруынша: “бұл құжатта тiптi М.Шолоховтың көңiлдестерi және олардың кiм екенi толық тiркелген едi”. Ғалымның айтуынша, 1990-жылдары сонымен қатар КГБ-дағы Сахаровқа, Солженицын­ға қатысты құжаттар да жо­йылып кеткен.
Наурыз айында 53 жасқа толдым. Биыл көп балалы ана ретiнде зейнеткерлiкке шығуым керек едi. Бiрақ әлi күнге әр мекеменiң табалдырығын тоздырып, зейнет­кер­лiкке шыға алмай әлекпiн. Құқығым тапталуда. Еңбек кiтапшам бойынша жалпы жұмыс өтiлiм – 23 жыл. Алайда 7 жылымды шығарып, жұмыс өтiлiң жетпейдi деп қадалып тұрып алды. Себебi, сiз жұмыс iстеген “Ақын Сара” ұжымының өкiметке 480 600 теңге берешегi бар дейдi. Бұл мекеме 1995 жылы жекешелен­дiру кезiнде тарап кеткен. Мекеменiң берешегi болса, оған менiң қаншалықты қатысым бар? Мен онда қатардағы қарапайым қызметкер болып жұмыс iстедiм. Аудандық зейнетақы төлеу орталығы болса, бiзде жазық жоқ дейдi. Мәселе жоғары жақтан көрiнедi.
Елiмiздегi базарлар мен дүкендердегi балалар киiм­дерiнiң құрамын тексерген ма­мандар шошып отыр. Өйт­кенi шекара асып келетiн киiм­дердiң құрамы­нан сәби­лер­дi түрлi дертке ұшы­ра­т­а­тын химиялық қоспалар та­­­был­ған. Талап бойынша, сә­­би кие­тiн киiмдерге син­те­ти­­калық тал­шықтар мүл­дем қо­сылмауы ке­рек екен. Алайда қазiргi бала киiмдерiнiң жартысынан көбi синтетикадан жасалатын көрiнедi. Ең сорақысы, бұл киiмдердiң балалар ден­сау­лы­ғына тигiзер зардабының үлкендiгi соншалық, тiптi ке­ле­шекте баланың белсiз болып қалу қаупi де бар кө­рiнедi. Қытай мен Қырғызстаннан әкелiнетiн бала­лар киiмдерi ұрпақ тамырына балта шауып қана қой­май, жеткiншектердiң
Жақында туған жерiм Өзбекстандағы Тамды жұртына бардым. Кетiктiң тiсiндей әр жерде бұзылған үйдiң тозған жұрты қалған ауылымды көргенде сағынышым су сепкендей басылды. Әдетте ауыл адамдары сөзiн есен-саулықтан бастайды. Бұл жолы өкпе-назын айтудан бастады. Ауылдастың бiрi: “Қазақ­стан­ға дер кезiнде қоныс аударыпсың. Әйтпесе, бiз кешкен күйдi сен де кешер ме едiң кiм бiлсiн?! Қазiр көшi-қон мәселесi қиын. Жүктi тиеу үшiн контейнер алудың өзi бiр тауқымет. Тiптi парасыз контейнер ала алмайсың. Көшпейiн десең, қазақ мектеп­терi азайды. 11 жылдық бiлiм алу жүйесi жоқ. Мектеп дегенiң 9 жылдық. Барлық жерде өзбек ағайын билiк басында. Өзбек тiлiне басымдық берiлуде”, – дедi ел жайын сөз етiп.
138 танымал азамат қол қойған ашық хат елдi дүр сiлкiндiргенi белгiлi. Өкiнiштiсi, осы мәселе арқылы бүгiнгi зиялы қауымның, хатқа қол қойғандардың ауызбiршiлiгi жоқ екенi анық байқалды. Неге елге танымал аға-апаларымыз басын ала қашты? Шындығында, бүгiнгi қазақ зиялысының сөзге қыры болғанымен, табанында бүрi жоқ. Нысанаға алған бетiмен қасқайып тұрмай, жеме-жемге келгенде тайқып шыға бередi. Осыдан кейiн елдiң шетi мен желдiң өтiнде тұратын ұлт азаматтары “қазақтың ұл-қыздары кiмнен үлгi алуы тиiс?” деп ойлайсың. Ұрпаққа талғамды тәрбие, салиқалы саясат, салауатты өмiр мен сындарлы тарихты қалыптастыратын қазiргi қоғамның келбетi неге мың құбылады?

Жақында ақпарат құралдарынан Семей полигонының орнына әлдебiр көкө­нiстi егiп жатқаны жөнiндегi жаңалықты көзiм шалды. Ау, басқасын қарық етiп, ендi ядролық сынақ жасалған алаң қалды ма? Маң даланы игере алмай отырып, айдаладағы апатты алаңды “көгалдандыру” не тең помидор, пияз еккенше, соған кететiн ақшаны ядролық сынақтың құрбандарына бөлiп берсiн. Халық та, ұрпақ та үкiметтiң мұнысын айта жүрер едi. Кемтар бала мен мүгедек анаға қаржылай жәрдем ретiнде қарайласудың орнына, бiре­се атом стансасын саламыз деп, бiресе уран шахталарын ашамыз деп билiк­тегiлер бет бақтырмайды.

Қайыршылық қазақ елiне көктен түскен жоқ. Кеңес үкiметi құлағаннан кейiн бас-аяғы 5-10 жылда билiктiң жабайы жекешелендiру саясатының нәтижесiнде ат төбелiндей аз ғана топ жердiң және басқа да ел байлығының иесi болып шыға келдi. Ал қарапайым халық барлық үлестен құр қалып, жұмыссыздыққа душар болды. Сөйтiп, халықты екiге жарып, қолдан бiрiн бай, бiрiн кедей жасадық. Қоғамда әлеуметтiк теңсiздiк, әдiлетсiздiк орнады. Байлар байыған үстiне байып, қара халық кедейленiп, арты қайыршылыққа тiрелгенiнiң күнде­лiктi өмiрде куәсi болып жүрмiз. Менiңше, кедейшiлiк­тен құтылудың мынадай жолдары бар.
Павлодар атауын өзгертемiз деп елдi әдейi дүрлiктiрген билiктегiлер сол бойы қазанды жылы жауып қоя салды. Халықтың “буын шығару” үшiн осындай жымысқы ойынды жүргiздi. Әйтпесе, осы уақытқа дейiн бұл мәселенi ың-шыңсыз шеше салмас па едi? Құр айғаймен ғана көтерiлген бастаманы дабыраға салып, өздерiнiң басқа саяси жұмыстарын реттеп алды. Ештеңе өзгермедi. Тiптi қозғалмады да. Есесiне, павлодарлық “павелдердiң” айдарынан жел есе түстi. Жақында әлдебiр “пашаның” (Павелдi “еркелет­кенiм ғой”) әйдiк ескерткiшi әспеттелiп ашылды. Оның ашылу салтанатына анау-мынау емес, облыс әкiмiнен бастап, iрiлi
Қазақ елiнiң футболшылары келер жылы өтетiн Еуропа чемпионатына қатыспайды. Iрiктеу кезеңi былтыр қыркүйек айында бастал­ғанда-ақ бiздiң жiгiттердiң iрiктеуден өтетiнiне күмәнiмiз болған. “А” тобына түскен Қазақстан құрамасы Германия, Түркия, Бельгия, Австрия, Әзiрбайжан сынды елдердiң құрамасына қарсы ойнады. Сонымен Еуропа чемпионатына iрiктеу аяқталды. Өз тобынан үздiк шыққан және екiншi сатыға жайғасқан құрамалар Польша мен Украина жасыл алаңында тартысқа түседi. Олар ендi жаттығуды алаңсыз жасамақ. Ал бiз қайттiк? Бiр жылдан аса уақыт өткен iрiктеу кезеңiнде Қазақстан ұлттық құрамасы 10 кездесу өткiздi. Бес мәрте өз алаңымызда, бес рет сыртта доп қудық.
Кәсiпқой бокстан Бүкiләлемдiк бокс қауымдастығының орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзiнiң атағын тағы бiр мәрте қорғамақ. Бұл жекпе-жек Қарағанды қаласында өтедi. Өзiнiң туған жерiнде атағын қорғайтын Гена жеңiске жететiнiн және жеңiсiн тәуелсiздiктiң жиырма жылдығына арнайтынын зор сенiммен айтты. 12 қарашаға белгiленген жекпе-жекте Головкинге американдық Лажуан Симон қарсылас болады. 1979 жылы өмiрге келген Симон 2002 жылдан берi кәсiпқой бокста бағын сынап келедi. 29 кездесуiнiң 23-iн жеңiспен бiтiрген Симон 12 жекпе-жегiнде қарсыласын есiнен тандырып, 3 кездесуде жеңiлiс тапқан екен.
Бакуде аяқталған бокстан әлем чемпионатын телеарнадан жiбермей тамашаладым. Алғашқы күнi-ақ Жақыповтың жарыс жолынан шығып қалғаны менiң де жанымды ауыртты. 81 келiде Әдiлбек Ниязымбетов кубалық боксшыдан ұтылмас та едi. Менiңше, Ниязымбетов ширек финалдан iркiлмей өткен соң-ақ өзiн-өзi босаңсытып алған секiлдi. “Жартылай сынға жеттiм, одан бұрын жолдамаға да қол жеткiздiм. Ендi ары қарай да барымды салам” деп айтқанымен, алтынға жете алмады.Серiк Сәпиев үш дүркiн әлем чемпионы атанғанда қазақ боксының тарихында жаңа парақ ашылатын едi. Бұрын-соңды мұндай атаққа қазақ баласының iшiнде қол жеткiзгенi кемде-кем ғой. Десе де, Сәпиевке ашылу керек едi
ШИРЕК ФИНАЛДАН ШИРАҚТАРЫ ҒАНА ӨТТI
Газетiмiздiң өткен санында Қазақстан Республикасының кубогi үшiн волейболдан қыздар арасында Керекуде турнирдiң iрiктеу туры өткенiн хабарлағанбыз. Жақында осы жарыстың ширек финалы өттi. “Грация-КZ” “Шығыс-Свинец Строй” клубын 3:2 (22:25, 16:25, 25:16, 25:23, 15:10) есебiмен ұтты. “Жетiсу” мен “Алматы” арасындағы ойын 3:1 (22:25, 25:20,25:20, 25:17) есебiмен аяқталды. “Қарағанды” – “Астана” арасындағы тартыс 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебiмен кеншiлердiң пайдасына шешiлдi. “Ертiс-Қазхром” мен “Металлург АМТ” кездесуi де 3:0 (25:20, 25:16, 27:25) есебiмен бiттi.

Өзбек тiлiн онан әрi дамыту жөнiндегi жиналыстар Өзбекстанда қай жерде өтедi? Салтанатты сарайларда. Президент әкiмшiлiгiнiң ең әдемi, ең таңдаулы залдарында. Ресейде де солай. Орыс тiлiнiң мүддесiне қатысты мәжiлiстер президенттiң, премьер-министрдiң кабинет­терiнде өтедi. Тек Өзбекстан мен Ресейде ғана емес, Түрiкменстанда да, Тәжiкстанда да, Украинада да, Швеция­да да, Италияда да, Францияда да солай. Ал Қазақстанда қазақ тiлiнiң, яғни мемлекеттiк тiлдiң мүддесiн көздеген жиын неге Алматыдағы “Сарыарқа” кинотеатрының артындағы қысылшаң әрi тар қуыста өтедi? Бұл қалай? Қазақ тiлiн қайтiп қорлықтан құтқарып, қалай төрге шығарамыз?