1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15645) 18 қазан, сейсенбі 2011
Ағысбек ТӨЛЕГЕНОВ, Ақтөбе облыстық сотының судьясы
Экстремистердi қолдады деген күдiкпен қызметтен шеттетiлген Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағысбек Төлегенов өзiне тағылған айыпты мойындамайды. Айта кетейiк, 27 қыркүйекте Ақтөбе облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы оны қызметтен босату жөнiнде шешiм шығарды. Аталған құжатқа сай, судьяны қызметтен босатуға екi себеп көрсетiлген: жыл басынан берi жалпы алғанда екi сағатқа жұмысқа кешiгiптi және дiни көзқарасы өзге азаматтарға материалдық, құқықтық көмек көрсетiптi. Ал Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментi, Төлегеновтiң айтуынша, оны “Таблиғи жамағат” ұйымына телiп қойыпты. 10 қазанда судья облыстық алқаның шешiмiне байланысты Жоғарғы сотқа шағым түсiрдi.
Жақында атажұртқа оралған қазақтың Отанына берген перзенттiк есебiн айқындайтын “Тәуелсiздiк жемiсi” атты кiтап жарыққа шықты. Кiтап идеясының авторы, ұйымдастырушысы һәм құрастырушысы – Мұратхан Шоқан. Ел тәуелсiздiгiнiң атаулы жемiстерiнiң     бiрi – алыс-жақын шетелден келген 1 мил­лионға жуық қандастарымыз. Олардың iшiнде елеулi еңбек етiп, халықтың алдында жүрген­дерi жетерлiк. Мәселен, өнер адамдары, ғалымдар мен кәсiби шебер мамандар, кәсiп­кер­лiкпен айналысып жүрген азаматтар баршылық.  – Тәуелсiздiк алғаннан берi тарихи Отанының топырағына бiр қазақ табан тигiзiп, өсiп-өну бақытына ие болса – ол Тәуелсiздiктiң жемiсi.
Қайыржан СӘРСЕБАЕВ, Үрiмшiдегi төлқұжат-визалық қызметтiң басшысы
Елiмiздiң Үрiмшiдегi төлқұжат-визалық қызметiнен сәуiр айында шу шықты. Қытайдағы қандастарымыздың Қазақстанға барыс-келiсi қиындап, виза алу мұңға айналған-ды. Сәуiр айында виза алуға кезекке тұрған қандастар саны он мыңға дейiн жеткен. Ақпарат құралдары бұл мәселенi көтерген соң төлқұжат-визалық қызметтiң басшысы ауысты. Үрiмшiге сапарымыз кезiнде төлқұжат-визалық қызметтiң қазiргi жетекшiсi Қайыржан Сәрсе­баевқа жолығып, әңгiмелесудiң сәтi түскен едi. Ең әуелгi жұмысты делдалдармен күрестен бастадық. Жасыратыны жоқ, ғимараттың алдына жиылған жұртқа “визаңызды бiтiрiп беремiз” деп алдайтындар әлi де бар.
Өткен аптада президент Н.Назарбаев “Дiни қызмет пен дiни ұйымдар туралы” заңға қол қойып жiбердi. Халықаралық ұйымдар мен елдегi бiрқатар үкiметтiк емес ұйымның наразылығына қарамастан. Жаңа заңның кейбiр баптары қоғамда бiраз дау тудырған болатын. Әсiресе, дiни ұйымдар заңның дiни салт-жоралғыларға қатысты 7-бабына өре түрегелдi. Бұдан былай дiни салт-жоралғыларды мемлекеттiк мекеме, оқу орындары, құқық қорғау мен әскери құрылымдарда орындауға тыйым салынады. Заңның дiни ұйымдарды қайта тiркеу мен оларды мәртебесiне қарай бөлудi қарастыратын бабы халық­аралық ұйымдардың қарсылығына ұшырады. Бiрқатар құқық
Соңғы бiр-екi жылдың iшiнде бiрнеше қоғамдық қозғалыс дүниеге келiп, оның алды алаштың ауыртпалығын арқалай бiлдi. Солардың бiрi һәм бiрегейi Мұхтар Шаханов жетекшiлiк еткен Қазақ ұлтшылдарының «Тәуелсiздiктi қорғау» қозғалысы. Атышулы доктрина мен жер дауы кезiнде аталған қозғалыс билiкке тегеурiндi қарсылық көрсете бiлдi. Содан кейiн iле-шала Қажымұхан Хабдолланың ұйымдастыруымен “Қазақ Елi”, сондай-ақ осы жылдың маусым айында қос партияның қолдауымен “Халық майданы” қоғамдық қозғалысы құрылды. Өткен сенбi күнi Жазушылар одағының залында “Ұлы дала” республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң құрылтайы өттi. Құрылтайда қоғамдық-саяси қозғалыстың жарғысы мен бағдарламасы қабылданып
Бүгiнде бүкiл азаматты қаржы дағдарысынан гөрi экология мәселесi көбiрек алаңдататындай. Шынында да, болашақ ұрпаққа не қалды? Уақыт өткен сайын зiлзала жиiлеп, табиғи апаттар күшеюде. Сөйтсе де дүниеқоңыздық пен байлыққа әбден құныққандар айылын жияр емес. Бұл үдерiс, өкiнiшке қарай, бiз­дiң елдi де айналып өтпей отыр. Әсiресе, Алматы мен оның айналасының ахуалы, табиғат пен қоршаған ортаның жайы кiмдi болса да қатты толғандырады (“Алматы тұншығып тұр”, “Жас Алаш”, 6 қазан, 2011 жыл). Алматы қаласының ау­мағы ұлғайып келедi. Су­бұрқақтар жөнделiп, гүлде­нiп, әртүрлi безендiру жұ­мыс­тары жүргiзiлуде. Ал ХХ ғасырдың 60-80-жылдары қаланың көркi қандай едi?
МҰҚАТАЙ ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫНЫҢ ОСЫДАН 33 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАЗЫЛҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫ ТАБЫЛДЫ
Қадiрлi жасалаштықтар! Ұлтымыздың жоқшысы, жақсылықтың жанашыры, жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан Сiз­дер­ге сандығымда сары алтындай сақтап келе жатқан отбасымның жыртұмарын жiберiп отырмын. Ол – арманда кеткен азамат ақын Мұқатайдың 1978 жылы өз қолымен жазып қалдырып кеткен жыры. Оның жазылу тарихы қысқаша мынадай. Мен Мұқатай ақынмен қатар оқыдым. Ол қазақ тобында, мен орыс тобында. Ақын ретiнде аты республикада ерте танылған жас жiгiттiң өз ортасында беделi жоғары болды. Мектепте жүргенде-ақ Мұқағали Мақатаев, Бердiбек
“ХАНЫМ” ДЕСЕ ДЕГЕНДЕЙ-АҚ
Елiмiзде қыз-келiншектерге арнал­ған журналдар аз емес. Жақында қыз-келiн­шек­терге арналған тағы бiр жаңа журнал жарыққа шықты. Журналдың аты – «Ханым». Бас редакторы – Бота Нұралы. Журнал қымбат қағазға басылған. Безендiрiлуi де қыздың жиған жүгiндей жұтынып тұр. Таралымы – 3000 дана. Ең бас­тысы, журналдың аты затына сай екен. “Ханым” десе дегендей-ақ. Бұл журналдың бетiнен сiздер қазақ халқының беткеұс­тар, үлгiлi, атақты қыздарымен жүздесе аласыздар. Тұмар-патшайымның қайсарлығын, Домалақ-ананың парасатын пiр тұтқан, Баян, Жiбек, Еңлiктердiң адалдығын ту еткен алты Алаштың ардақты да аяулы қыздарымен терең әрi жан-жақты танысасыздар!
Жаздың шiлiңгiр шiлдесiнде ауылға балалық шақта бiрге туып-өскен досым келдi. Қасыммен көптен берi көрiс­пегендiктен, оны үйге әкеп, қонақ қылып, мәре-сәре болдық. Ет асылды, табақ тартылды, әңгiме айтылды. Бұл кездерi жаздың аптап ыстығының бетi қайтпаған кезi. Ми қайнатар ыстыққа әрең шыдап жүрдiк. Әсiресе, сәскеде далаға шығу мүмкiн емес. Күннiң көзi қайтқан соң кешкiлiк Қасым екеумiз ауылды қыдырып кеттiк. Ескi көзтаныстар, бiрге оқыған жора-жолдастардың үйiне кiрiп шықтық. Қал-жағдай сұрасқан соң бiр топ жолдас жиналып, ауылдың шетiндегi көлдiң жағасына барып демалуды шештiк.
Әлемдегi танымал астроном‑ғалымдардың болжамдарынан ат үркедi. Ғалымдардың айтуынша, қазiр Күннiң белсендiлiгi төмендеп жатыр. Күн өз белсендiлiгiнiң 11 жылдық кезеңiн айтарлықтай кеш бастаған. Сондықтан 2020 басталуы тиiс 25‑кезең тым кеш басталуы немесе тiптi басталмауы мүмкiн. Күндi зерттеп жүрген бiрнеше зерттеу тобы осындай тоқтамға келген. Бұған бiрқатар келеңсiз, кездейсоқ құбылыстар түрткi болуы ықтимал. Мәселен, Күннiң бетiндегi дақтар бiртiндеп жойылып барады. АҚШ‑тың ұлттық Күн обсерваториясының ғалымдары – Мэтью Пен мен Уильям Ливингстон Күндi 1990 жылдан берi зерттеп келедi.

Британдық метеорологтар биыл Еуропада ерекше қатты суық қыс болады деп болжайды. Ұлыбританияның метеорологиялық қызметi теңiз ағындары мен теңiз температурасын зерттей келе осындай қорытынды жасапты. Сондай‑ақ ғалымдар кәрi құрлық мұз дәуiрiне ұқсас кезеңдi бастан кешедi деп есептейдi. Бұл қыстағы орташа температура әдеттегiден төмен болады деген сөз. Еуропа 300 жыл бұрын дәл осындай кезеңдi бастан кешiптi. Ал ендi бұл кезең кәрi құрлыққа неге қайта айналып соқты? Nature Geoscience ғылыми журналына шыққан мақала осы сұраққа жауап iздейдi. Ғалымдардың ойынша, бұған Күннiң ультракүлгiн сәулелерiндегi өзгерiстер себеп болуы мүмкiн.

23 ЖАСАР ҚЫЗ 60‑ТАҒЫ КЕМПIРГЕ АЙНАЛҒАН
Вьетнамның 23 жасар тұрғыны Нгуен Тхи Фуонг санаулы күннiң iшiнде 60‑тағы кемпiрге айналып шыға келген. Қалай дейсiз ғой? Бұл сұраққа бас қатырған дәрiгерлер бұған халықтық медицина кiнәлi деген тоқтамға келiптi. Нгуен Тхи Фуонг жастайынан аллергиямен ауырған. Осыдан үш жыл бұрын осы аурудың кесiрiнен оның денсаулығы күрт нашарлапты. Дәрiгерге барып қаралуға ақшасы жетпеген байғұс дәрi­ханадан бiр дәрiнi сатып ала сал­ған. “Дәрiнi бiр ай қабылдаған соң, денсаулығым жақсарғанымен, терiде бөртпелер қалып қойды. Сосын амалсыздан халық медицинасына жүгiнуге тура келдi. Бөртпелер жазылғанымен, терiм салбырап, әжiм түсе бастады”. Ендi алпыс жастағы кемпiрге айналған жас қыз көшеге бетперде киiп шығатын көрiнедi. “Бет, мо­йын, кеуде терiсiн әжiм басқан. Қарын терiсi тiптi салбырап кеткен, тап бiр бiрнеше бала тапқан әйелдiң iшi сияқты. Бiрақ қартаю iшкi ағзаға әсер етпеген. Шашым мен тiсiм әлi де жас қыздiкiндей”, – дейдi ол.  Фуонг пен оның күйеуiнiң ай­лық табысы небәрi 150 долларға әрең жететiн. Сондықтан оның дәрi­герге қаралуға мүмкiндiгi
Руслан Жұмабеков, грек-рим күресiнен Азия чемпионы
Бұл балуан турасында жұрт арасында аңызға айналған әңгiмелер көп. Бiрақ бәрi де ақиқат, өмiрде болған оқиғалар. Ол жалғыз қолымен-ақ күресiп, Қазақстан чемпионы атанған. Жанкештiлiк демей көрiңiз. Азия чемпионатына жолдама алып тұрып, қатыса  алмау – спортшы үшiн ең үлкен өкiнiш. Осыны ескерген балуан дәрiгерлер рұқсат бермесе де, Азия дуына қатысады. Бұл балуанның бозкiлемдегi күресу мәнерiн 90-жылдары көрген жан әлi күнге тамсанып айтады. Әсiресе оның төрттағанда тұрған қарсыласын қапсыра ұстап, басынан асыра лақтыратын әдiсiн екiнiң бiрi қолдана алмайды деседi күресiн көргендер.
Ендi екi ойыннан кейiн елi­мiздiң биылғы чемпионы анықталады. Өткен сенбiде Премьер-лиганың 30-тур ойыны өттi. Елiмiздiң алты қаласындағы ойын нәтижесi төмендегiдей.“Қайсар” өз алаңында Қостанайдың “Тобылын” қабылдап, 4:1 есебiмен жеңдi. Перич 7-минутта, Сыздықов 20-минутта, Малков 45-минутта гол соғып, есеп 3:0-ге жеткенде ғана былтырғы ел чемпионы “Тобыл” дүр сiлкiндi. Сөйттi де, Волков 67-минутта жалғыз голмен қарымта қайтарды. Алайда Молдақараев төрешi қосқан қосымша уақытта         4-iншi голды тоғытып, “Тобылды” тұқыртып кеттi. Елордада өткен “Астана” мен “Ақтөбе” арасындағы тартыс, алаң иелерiнiң пайдасына шешiлдi. Маненiң 15-минутта соқ­қан голынан кейiн ақтөбе­лiктер алға шыққан.
ӘДIЛБЕККЕ ӘКIМНIҢ СЫЙЫ
Маңғыстау облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев әлем чемпионатының күмiс жүл­дегерi, боксшы Әдiлбек Ния­зымбетовтi қабылдады. Облыстық әкiмдiктiң баспасөз қызметiнiң мәлiметiнше Қ.Көшербаев Ниязымбетке Ақтау қаласынан 2 бөлмелi пәтер мен   “Chevrolet Cruze” көлiгiнiң кiлтiн сыйға тарту еттi.  Әдiлбекке қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Ол Бакуде даңқымызды асырып, әлем чемпионатының күмiс жүлдесiне қоса Лондон олимпиадасына жолдама алды. Пәтер мен көлiктiң кiлтiн тапсырған облыс әкiмi боксшыдан алдағы олимпиадада алтын медаль күтетiнiн айтты. Ниязымбетов бұл жетiстiгiн тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арнайтынын жеткiздi.