1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15646) 20 қазан, бейсенбі 2011

ҚР Сауда-өнеркәсiп палатасына қарасты iшкi саясат бөлiмiнiң вице-президентi Салтанат Аханова мен “ Guljan.org” медиасайтына қатысты сот процесi 1 қарашаға қалдырылды. Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында қаралуға тиiс iстiң кейiнге шегерiлуiне медиа сайт басшысы Гүлжан Ерғалиеваның талап- арызы себеп болды. С.Аханованың шағымынан тәуелсiз журналистi қорғап алуға адвокат табылмаған. Бұған байланысты Г.Ерғалиева: “Пәрменi мықты кiсiнiң әйелiмен соттасуға кез келген қорғаушының тәуекелi жетпесi анық. Осыған байланысты сот процесi мерзiмiн кейiнге шегеруге тура келдi”, –дейдi. Сонымен қатар С.Аханованың өкiлi сот барысының жабық түрде өтуiн сұрап, өтiнiш жасады.

Қазақ халқының болашақ тағдырына тiкелей әсер етiп, шешушi рөл атқарған бiр ұлы оқиғаға ендi бiрнеше айдан кейiн 50 жыл толады. Ол – 1962 жылдың сәуiр айында Шыңжаңның Тарбағатай аймағынан қопарыла қозғалған қазақ көшi. Көктемгi көкөзек шақта, небәрi жиырма шақты күннiң iшiнде (10 сәуiрден бiрiншi майға дейiн) 200 мыңдай қазақ империя шекарасын қақырата бұзып, атажұрт Қазақстанға өте шыққаны мәлiм. Бұл, шын мәнiнде, ұлттың еңкейiп кеткен еңсесiн бiр көтерiп тастаған, қазақтың сұйыла бастаған қанын қоюлатып, дiлi мен тiлiн едәуiр бекемдеген оқиға болды.

«ТҮРКIСТАН” ГАЗЕТIНДЕГI ӘРIПТЕСТЕР ҚОЙҒАН СҰРАҚҚА ЖАУАП
             Газеттi ерекшелейтiн нәрсе – әр кезеңнiң өз болмысы және соған сәйкес шығармашылық ұжымның ұстанатын бағыты. “Жас Алаш” бүгiнгi әлеуеттiң шынайы бет-бейнесiн таныту үшiн өзiнiң батылдығы мен өткiрлiгiнен, турашылдығы мен ақиқатшылдығынан ауытқыған емес. Қайта сол қасиеттерiн барынша аша түстi. Билiктiң қысымы, жеке тұлғалардың атағы мен беделi шындықты жазуымызға тосқауыл бола алмайды. Ұлттық, мемлекеттiк, халықтық мүдде бәрiнен жоғары тұрсын. Бiздiң ұстанатын түпқазығымыз осы.

Уәде — Құдай сөзi. Үйiп-төккен уәдесiне сенiп, бiз Мұхтар Байтұровтың облыстық мәслихат депутаттығына сайлануына дауыс берген едiк. Өкiнiшке қарай, депутатымыз елдi алдап соқты. Сайланған соң ең болмаса бiр рет түрiн көрсетуге келмегенiне әбден көңiлiмiз қалды. “Маңғыт, аузыңа саңғыттың” керiн келтiрiп, сайланғалы жыл артынан жыл жылжыса да мүлдем ат iзiн салмағанына алаңдаулымыз. “Әйтеуiр арыстай азамат аман ба екен, мүмкiн...” деп те қоямыз. “Ауылға жаңадан “медпункт” салғызам, жолды асфальт жасатам...” деген сияқты қыруар уәделерiн бiржолата ұмытты. Ол ұялмастан бiздiң сайлау учаскемiзден қайтадан дауысқа түсе қалса, түгелдей қарсы дауыс беруге бүкiл ауыл тас-түйiн да­йын отырмыз...  

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 31-ТЕЛЕАРНАДАҒЫ “ТЕМIРҚАЗЫҚ” БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ТАҚЫРЫБЫНДА АЙТҚАНДАРЫ.
– Менiң ұғымымда ұлттық идея, ол – нақтылы ұғым. Ол ұлтты жетiлдiрудiң жолы. Ұлттық идеяны ұлттық мүд­деден iздеу керек. Ал ұлттық идея жөнiндегi ой тал­қысы әсiресе қатарынан, даму процесiнен, дүние жүзiндегi және өзiмен көр­шiлес елдердегi, өз iшiнде­гi ұлттардың дамуынан сәл кешеуiлдеп бара жатқан ұлт адамдарының басын көбi­рек қатырады. Сол ұлттық идеяны табу арқылы бә­секе­лестiгiн күшейтiп, өзiн-өзi алдыға шығарып, өз мүддесiн басқаға таптатпаудың жолын iздейдi. Ал егер осы iзденiс тұсында ұлттық идеяны – ұлтты жетiлдiретiн, ұлтты алға алып шығатын идеяны дәл тапқан ұлт сол ұлттық идеяның арқасында үлкен же­тiстiкке жетедi.

Кеше, қазанның 19-ында Ақтөбе гарнизонының әскери соты судья Ағысбек Төлегеновтiң ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментi үстiнен түсiрген арызы бойынша iстi қарауды бастады. Осының алдында ғана Ағысбек Төлегенов экстремистiк ұйым “Таблиғи-жамағатпен” байланысы бар, оның мүшелерiне материалдық көмек пен заң кеңесiн берiп тұрған деген желеумен жұмысынан шеттетiлген болатын. Ал кеше сот отырысында ҰҚК   жергiлiктi департаментiнiң өкiлi В.Беспалько дегеннiң қолы қойылған ресми хат келiп жеттi. Мұнда Ағысбек Төлегеновтiң айыбы жоққа шығарылған. Комитет Ағысбек судьяны қандай да бiр экстремистiк ұйымға қатысы бар деп атын атап хат жiбермеген көрiнедi. Сөзбе-сөз келтiрсек

Кеше Жалпыреспубликалық адам құқығы мен бостандықтарын қорғау жөнiндегi коалиция баспасөз мәслихатын өткiзiп, президент қол қойған “Дiни қызмет пен дiни бiрлестiктер туралы” заңға және “Өзенмұнайгаз” бен “Қаражанбас­мұнайдағы” еңбек дауына қатысты пiкiрлерiн бiлдiрдi. Баспасөз мәслихатына шыққан “Әдi­лет” партиясының жетекшiсi Мақсұт Нәрiкбаев сөзiнiң ауанын коалицияның мақсат-мiндетiн баяндаумен бастады. Оның тек дiн мәселесi үшiн ғана емес, жалпы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн құрылғанын тәптiштеп түсiндiрдi. Сосын баспасөз жиынның басты тақырыбы – таяуда президент қол қойған “Дiни қызмет пен дiни бiрлестiктер туралы” заңына көштi.
Бандаранайке Сиримавоның есiмi Шри-Ланка мемлекетi үшiн аса ыстық. Өйткенi ол саяси билiк басына келгелi демократиялық бағытты ұстанды. Оның үстiне әлем бойынша әйел затынан тұңғыш премьер-министр болған тұлға. 21 миллионнан аса халқы бар Шри-Ланка елiнде төрт рет прьемер министр болып, 84 жыл ғұмырының 18 жылында саясатпен айналысқан Сиримавоны бүгiнге дейiн құрметпен еске алады. Сиримаво Ратватте Диас Бандаранайке 1916 жылы Балагоде деген жерде өмiрге келген.Бай шаруаның қызы жастайынан ештеңеден тарлық көрмей өседi. Сиримаво Коломбо қаласындағы католик мектебiнде бiлiм алады.
Қасиеттi де, қастерлi әрi рухы биiк Желтоқсан көте­рiлi­сiне биыл 25 жыл толады. “Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды” демек­шi, Желтоқсан кө­терiлiсiне саяси баға аламыз деп жүрiп бiразымыз қартайып та, тiптi кейбiр желтоқсандықтарымыз бұл өмiрден өтiп те кеттi. Жыл сайын “желтоқсан” күндерi қарсаңында Алматы қаласының әкiм­шiлiгiнiң ұйымдастыруымен Желтоқсан көтерiлiсi­не арналған конференция, дөңгелек үстелдер өтедi. Мұндай шараларда бас қосушылардың негiзгi мақсаты – Желтоқсан кө­терiлiсiнiң саяси-құқықтық мәртебесiне қалайда қол жеткiзу. 2006 жылы Тәуел­сiздiгiмiзге 15 жыл, Желтоқсан көтерiлiсiне 20 жыл толған айтулы даталар болды.
Осыған дейiн Қостанайда, облыстық әкiмдiкте қызмет атқарған лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерi әшкере болып, жауапқа тартылғанын жазғанбыз. Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) ғимаратын өзара саудалап, миллиондарды қалтаға басқандарға қатысты сот iсi аяқталуға жақын. Алайда шабақтарын шырмаған заң орындары алып шортандар­ға шамасы жетпей, дiңкелеп қалды. Олай дейтiнiмiз, Қостанай облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Мәрия Щеглованың “судан құрғақ шығатын” түрi бар. Мемлекеттiк айыптаушы Н.Дайрабаев деректер мен дәлелдердiң толықтай тексерiлiп, сүзгiден өткенiн айта отырып, Қостанай облысы әкiмiнiң бұрынғы аппарат жетекшiсi
Бүгiнгi сатира
О, түбi жоқ Аспан, домаланған жер! Бiр сырымды екеуiңе құлай сенiп, құпияламай-ақ айтып едiм, “Маған Нобайдың күмiс медәлi керек!” дедiм. Екеуiңе де, Мәкем мен Сәкеме де сендiм. Алайда... и-и-ә-ә-ә, қалайда сендерден қайыр неғайбыл екенiн сезген сияқтанып едiм, соным көрегендiк болғанын қарашы! Өзiме ғана сенгенiмдi есiме түсiрiп отырмын. Өзiме сену өзiмнiң iшкi шаруам едi. Солай бол­ған соң қазына қамбамның қалыңдығы жыртақарыс болат есiгiнiң жартысын ашып, алты қап алтынды Ыдыр мен Қоқайға, Сыдырқұл мен Олпұлға, Мүтәик мен Сүтбайға құшақтатып, алты “Боингке” отырғызып, Вашингтон мен Нью-Йоркке, Лондон
Тәуелсiздiк мерекесiне орай Түркiстан шаһарында мүмкiндiгi шектеулi жандарға айырықша тарту жасалды. Ұзақ жылдардан берi баспана тауқыметiн тартып жүрген 16 мүгедек жанға жаңа пәтердiң кiлтi табыс етiлдi. Көпқабатты тұрғын үй кемтар жандардың жайлы өмiр сүруiне әрi емiн-еркiн жүрiп-тұруына ыңғайлы етiп соғылған. Ауызсу, ыстық су бар, қоларбамен үйге кiрiп-шығуға қолайлы, барлығы жан-жақты қарастырылған.  Он алтының бiрi – сегiз жасар Ұлан бала кезден мүгедек. Өздiгiнен жүрiп-тұра алмайды. Арбаға таңулы. Көп балалы отбасы осы кезге дейiн жалдамалы жатақханада жан бағып келдi. Әлi еншi ала алмаған бiрнеше отбасы бiр шаңырақ астында қысылып-қымтырылып күй кешетiн едi.
Жаһанша Досмұхамедов кiм? Ол – Алаш қозғалысының белсендi мүшесi, Алашорданың Батыс бөлiмшесiне жетекшiлiк еткен, императорлық Мәскеу университетiн алтын медальмен бiтiрген заңгер, қоғам қайраткерi. Биыл Жаһанша Досмұхамедовтiң 125 жылдық мерейтойы. Ж.Досмұхамедов 1918 жылы Халел Досмұхамедовпен бiрге В.Ленинмен, И.Сталинмен қазақ автономиясын мойындау жөнiнде келiссөз жүргiзген. Ол қазақ офицерлерiн дайындауға көп көңiл бөлдi. Жымпиты мен Ойыл жерiнде қазақ жастарына арнап орта бiлiм беретiн оқу орнын ашты. Оған Ресей әскерi қатарындағы орыс офицерлерiн оқытушы ретiнде жұмысқа шақырған.
Бiр тақырыпқа екi хат
Соңғы кезде қазақ елiнде Құдайға бет бұрған қазаққа қарсы соғыс ашылғандай көрiнедi. Мұсылман жүрегiнiң қалауы – Құдайға деген құлшылық етуге кедергi келтiрсе, мұны соғыс демегенде, не деймiз? Қайрат Лама Шәрiптiң ашқан “жаңалығындай” Ислам дiнiндегi екiнтi намазын басқа намаздарға қосып оқи салу – ақылға сыймайтын нәрсе. Олай болса, пайғамбарымыз неге бес уақыт намаз деп емес, төрт уақыт намаз деп парыз ете салмады? Я болмаса, бес уақыт намазды қосып бiр-ақ намаз оқуға болады деген заң шығарып алатын едiк қой, әркiм өз бiлгенiнше жаңалық аша берсе.
1991 жылы мен басқаратын “Құлжа” өндiрiстiк бiрлестiгi Жамбыл облыстық “Агропромкомитетiнiң” iшiнен мемлекеттiк кәсiпорын болып құрылып, сол өндiрiстi дамытуға Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен 100 млн. сом несие қаржы алған болатын. Бiрақ 1992 жылдың 24 қаңтарында өндiрiс орнына құрал-жабдықтар сатып алу үшiн Жамбыл облысының Ұлттық Банкi арқылы Мәскеу қаласына аударған 1 300 000 сом ақшамыз белгiсiз себептермен жоғалып кетiп, қаржыны несиеге алғандықтан, бiздiң бiрлестiк жоғалған ақшаның үстiне 1 724 140 сом қосымша ақы төлеп, зор шығынға баттық.
Ал Ұлттық Банк болса, ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына сәйкес бiздiң жiберген ақшамызды 12 күннiң iшiнде алушыға жеткiзiп беруге мiндеттi болса

Менiңше, Дүниежүзiлiк қазақтар қауымдастығы төрағасының бiрiншi орынбасары Талғат Мамашевтың: “Оралмандарды ұрғаным бар” деген мәдениетсiздiгiне кейбiр тележурна­лис­тердiң қосқан “еңбектерi” де ерекше. Себебi, соңғы жылдары оралман “Қазақстан маған не бередi?” деп емес, “Мен Қазақстанға не беремiн?” деп келуi керек” деген ұрандарды же­леулетiп, талай рет пiкiрталастар мен түрлi көрсетiлiмдер ұйымдастырды. Мамашев сияқты тым тайыз пайымдыларының “оралмандар Қазақстан­ға қолдарын жайып келiп жатыр” деген терiс пiкiрдi қалыптастырғаны шындық.

Бұрын мұндай жаға ұсатар оқиғаларды арагiдiк естiп қалушы едiк. Ендi оған құлағымыз да, етiмiз де үйренiп кеткендей.
Нарық жаналқымнан қысқан ертеректе қорым, молалардың темiр қоршауын бұзып, ақшаға сатып күнелтетiндер ендi мүрденiң басына орнатылған құлпытасты қиратуға көшiптi. Мұның бәрi ненiң әсерiнен? Елiмiзде дiни ұстанымның дұрыс жолға қойылмағанынан. Жастар қандай ағымның жолына түсерiн бiлмей дал. Бауыр етiң балаларымызды өзiмiз адастырып жүрмiз. Алғашында сұғынып, бiртiндеп тамыры бекi­ген соң алшаңдай басып кiрген дiни секта, ұйымдар ел арасына iрiткi салып, ойрандап жатыр. Бүгiн болып жатқан оқиғалар – солардың “жемiстi еңбегiнiң” нәтижесi.
Осы аптаның сейсенбiсiнде УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезең ойындары өттi. Мәскеудiң “ЦСКА” клубы “Лужники” стадионында Түркияның “Трабзонспорын” қабылдап, күйрете жеңдi. Сейду Думбия 29-минутта “Трабзонспор” қақпашысы Толға Зегиннiң қолтығының астынан ала допты зу еткiзiп өткiзiп жiбердi. Ойынның екiншi таймында әуелей жеткен тамаша пасты жерге түсiрместен түрте салған Александр Цауняның да 76-минутта қанжығасы майланды. Ала допты шыр иiретiн Думбия түрiктердiң қорғанысы сетiней бастағанын пайдаланып кеттi. Үш бiрдей қорғаушының арасынан сытылып шыққан Сейду (86-минутта) Толға қорғайтын қақпаның торын тағы бiр мәрте солқ еткiздi.
Өткен аптада Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң астанасы Абу-Дабиде дзюдодан гран-при жарысы өттi. Оған елiмiздiң дзюдошы ұл-қыздары аттанып, 1 алтын, 2 қола жүлдеге қол жеткiздi. Гран-при жарысында әлемнiң 60 елiнен келген 370 татами шеберi жүлделердi сарапқа салды. Еркебұлан Қосаев 60 келi­дегi барлық қарсыластарын иппон әдiсiмен таза жеңдi. Алғашқы айналымда монакалық Ян Сикар­дидi ұтты. Одан кейiн австриялық Людовиг Пайсчер де Қосаевтiң тегеурiнiне төтеп бере алмады. Жартылай сында Еркебұлан немiс Тобиаш Энгель­майердi жығып, финалға шықты. Алтын медаль үшiн айқаста моңғол үмiтi Болдбаатар Ганбатты сан соқтырып жеңiмпаз атанды.
ЖҮЛДЕ ӨЗГЕГЕ БҰЙЫРДЫ
Астана қаласында аяқталған ITF сериясындағы “Astana Women”s” теннистен халықаралық турнирдiң бас жүлдесi ресейлiк спортшыға бұйырды.Әйелдер арасында өткен сынның финалына ресейлiк Полина Виноградова мен жерлесi Александра Артамонова шыққан. Полина қарсыласын екi сетте 6:3, 6:2 есебiмен жеңiп, жүлдеге тiгiлген 10 мың АҚШ долларын еншiледi. Жұптық сайыста Никола Франкова мен Полина Родионова қарсыластары Диана Исаева мен Анна Елизаветаны жеңдi.Халықаралық турнирге елiмiздiң теннисшiлерiнен сырт Франция, Чехия, Ресей, Қырғызстан, АҚШ-тың спортшылары да қатысқан болатын.