1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15647) 25 қазан, сейсенбі 2011
ОЛ ОТСТАВКIГЕ ЖIБЕРIЛСIН, «ТАҚ МҰРАГЕРЛIГIНЕН” ЕШКIМ ДӘМЕТПЕСIН!
Қазақстан Республикасының халқына және Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа
Бүгiндерi елде күрделi жағдай қалыптасып, қоғам тығырыққа тiрелудiң аз-ақ алдында тұр. “Елiмiз аман, жұртымыз тыныш, бiзде бейбiтшiлiк пен тұрақтылық!” деп кеуде қағып, бүкiл әлемнiң алдында көсiлiп мақтанатын едiк. Бiрақ, қазiргi жағдай, жұмсақтап айтқанда, “тұрақтылықтан” әлдеқайда алыс екенi әркiмге де түсiнiктi бола бастады. Елдiң батысында дiни алауыздықтың күшеюi, оның арты қарулы қақтығыстарға ұласуы, Маңғыстаудағы мұнайшылар ере­уiлiнiң бiрнеше айға созылып, әлем тарихындағы ең ұзақ бас көтерудiң бiрiне айналуы, Кедендiк одаққа енгелi
ҚАЗАҚСТАНДА ЛИВИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАСЫ ТУРАЛЫ НЕГЕ АЙТЫЛМАЙДЫ?
Ливияның басшысы Муаммар Каддафи де кiсi қолынан өлдi. Жендеттер оны тұрбада тығылып жатқан жерiнен суырып алып итше тепкiлеп, артынан басынан атып тастады. Кезiнде Саддам Хусейннiң қалай өлтiрiлгенiн көрiп едiк, оны дәл Каддафидей қорлаған жоқ. Көзiнiң тiрiсiнде де, өлгеннен кейiн де тобырдың қолына түспедi. Саддам Хусейн сөз болғанда жұрт оның көзi байлаулы күйiнде дар ағашының алдында тұрғанын есiне алады. Ақ өлiм емес, әрине. Десе де, Саддам Хусейн Муаммар Каддафиден бақытты екен...
МҰНАЙ ҚАЗАНДЫҒЫ ОНЫМЕН БIРГЕ ЖЕТI АДАМНЫҢ ӨМIРIН ЖАЛМАДЫ
Арман бүгiн жұмыстан кеш оралды. Әбден қалжырап шаршаса да ұйқысы құрғыр келер емес. Ойына өткен өмiрi орала бередi... Арман бiр үйдiң жалғыз баласы. Әке-шешесi Арманның дүниеге келуiн сағына күткен. Ол дүниеге келгенде арманыма жеттiм деп, әкесi атын Арман деп қойды. Үлкендер жағы ондай ат қоюға қарсы болды, бiрақ әкесi Қойбағар олардың сөзiн тыңдамады. Жалғызын ешкiмнен кем қылмай өсiрдi. Қарақалпақстанның жағдайы қиындаған кезде Қойекең де ауылдастарымен бiрге Қазақстанға қаражұмыс жасауға кеттi. Сондай бiр сапарында салып жатқан үйдiң төбесiнен құлап, бiрiншi топтағы мүгедек болып ауылға зорға оралды.
1990 ЖЫЛҒЫ 25 ҚАЗАН – “ҚАЗАҚ КСР-IНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕГЕМЕНДIГI ТУРАЛЫ” ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН ТАРИХИ ОҚИҒА РЕТIНДЕ ЕЛ ЕСIНЕН ЖОҒАЛЫП БАРАДЫ
Бүгiнде елбасы жарлығымен “2011 жылды Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығы деп жариялаған” жалпыхалықтық мереке қазақ елiнiң ұлы оқиғасы ретiнде ұрандатылып, небiр iс-шаралармен аталып өтпек. Рас, бұл тәуелсiздiк жылдары бәрiмiзге де аса қымбат, басқа тойды тойламасаң да осы тойды барынша атап өту әрбiр қазақ азаматының парызы екенiн кiм болмасын терең сезiнуi тиiс. Әрине, осы жылдардан берi әр жылдың 16 желтоқсаны – Тәуелсiздiк күнi ретiнде ұлттық мейрам ретiнде аталып өтiп келе жатыр, мұндай қуанышты кезеңдердi алдағы талай замандарда да тойлай беруге жазсын деймiз!
Өткен аптада ЕурАзЭҚ-ке мүше елдердiң үкiмет жетекшiлерi Қырғызстанның кедендiк одаққа кiруiн мақұлдады. Санкт-Петербургтегi жиында Қырғызстанның премьер-министрi мiндетiн уақытша атқарушы Өмiрбек Бабанов өз елiнiң кедендiк одаққа кiруi туралы мәселе бiржолата шешiлгенiн мә­лiм­дедi. Ал ендi осы Өмiрбек Бабановтың Санкт-Петербург­тегi жиыннан екi бұрын айт­қан сөзiн қараңызшы. “Қырғызстанның кедендiк одаққа кiруi туралы мәселе­нi көтеру әлi ертерек, – дептi Бабанов ресейлiк журналистерге. Егер Қырғызстан осы экономикалық альянсқа мүше болса, мыңдаған қырғыз азаматы жұмыссыз қалады.

Байлығы жетерлiк Қазақстанда төменгi күнкөрiс деңгейi неге айы­на небары 105 АҚШ долларын құрайды? ҚР Статагенттiгi 2011 жылдың бiрiншi тоқсанына осындай мәлiмет бердi. Бұдан арғыға қаражат жоқ па? Онда бiз сияқты қара алтынды экспортқа шығарып отырған Ресейдi қайтемiз, әлде өз азаматтарымыз үшiн төменгi күнкөрiс деңгейiн 2 еседен жоғары мөлшерге көбейтермiз? Қазақстан президентiнен жағдайды өзгертуге жедел түрде араласуды “Халық майданы – Народный фронт”-тың белсендiлерi талап етуде. Олардың ойынша, ҚР-да төменгi күнкөрiс деңгейi тез арада өсуi тиiс. Зейнетақы, жалақы және жәрдем­ақылар сияқты.

Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №3 орта мектеп ұжымы “Жас Алаш” газетiне мәлiмдеме жасап, хат жолдады. “22 қыркүйекте республикалық “Свобода слова” газетiнде “Капшагайский инцидент” атты мақала жарыққа шықты. Мақала негiзсiз жазылып, мектеп ұжымына күйе жағылған. Ұлтаралық мәселе қозғаған автор А.Құбайжанов бiржақты пiкiр алып, жауапсыздық танытқаны үшiн заң алдында жауап беруiн талап етемiз. Мақалада кезiнде бiздiң мектепте оқыған Полина Ходыкинаның анасы Виктория Викторовна “мектепте ұлтшылдық тәрбие” берiлуде, оқушылар қызыма қысым көрсеттi. Баламды басқа мектепке ауыстыруға мәжбүр болдым”, – дейдi.

Бiреуi үздiгiп
Сыңсып жылады.
Бiреуi долданып
Ұрсып жылады.
Бiреуi қол жайып
“Бер” деп жылады.
Бiреуi ебiл-дебiл боп
Еңiреп жылады.
Жылады!

Қазақстанның қай саласын алып қарасаңыз, барлығы керi кетiп, құрдымға құлаудың алдында тұр. Бiлiм-ғылым, денсаулық, сауда-өнеркәсiп... қай-қайсысы болмасын, iлгерi жылжып, дамудың орнына уақыт озған сайын көбесi сөгiлгеннiң күйiн елестетедi. Қазақтың көсегесiн көгертiп, несiбесiн арттыратын саланың бiрi әрi бiрегейi – ауыл шаруашылығы. Алайда бұл саланың соры ашылмай тұр. Басқасын айтпағанда, жылда осы салаға қыруар қаржы бөлiнедi. Шаруа мен диқанның еңбегiне арналып бөлiнген субсидиялардың нөлiнен көз сүрiнедi. Ауылдың еңсесiн көтеруге жұмсалуға тиiс қаржының көлемiн айтып тауысу қиын. Бiрақ бiр де бiр теңгенiң дiттеген жерiне жеткенiн және жетiстiгiн ауыз толтырып айтуға келмейдi. Неге?

Бүгiнгi “жас буын байлыққа құнығып, мал-мүлiктiң құлына айналуда” деген пiкiр жиi айтылуда. Бұл дұрыс па, бұрыс па? Асылы бүгiнгiдей мың құбылып тұрған заманда жастар үшiн басты құндылық не болуы тиiс? Сондай-ақ, қазiргi жастардың идеалы бар ма? Бар болса, кiмдер? Жоқ болса, нелiктен? Қазiргi орта буын кезiнде Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмадiлов сынды ұлт зиялыларын идеал тұтты. Неге бүгiнгi таңда сөзi iсiмен үйлесетiн, ұлттық, елдiк, мемлекеттiк мәселеде жанын пида етуге дайын азаматтар қазақтың iшiнен дараланып шықпай жатыр? Шындығында, барлап қарасақ, жастар рухани құндылықтардың орнын байлыққа айырбастаған сыңайлы. Бұл үшiн, әрине, тек қана оларға күйе жағуға болмайды. Өйткенi, ел болашағына жауапты
Студент шығармашылығынан
Ол бiрде аяулы ҚазҰУ қалашығын жырға қосса, ендi бiрде әсем лирикаға толы асқақ сезiмдерiн “Қызылорда қызы”, “Сен менi аға деп сүй”, “Ақырғы кездесу” өлеңдерiне арқау етедi. Ал “Қазақтың рухы және Желтоқсан” жырындағы жолдардың екпiнi ерекше:
Ай өттi мiне, жыл өттi мiне қаншама,
Желтоқсан жайлы айтамыз әлi тамсана.
Ақиқатын аспандатып, алтыннан белгi қойғанша,
Айта бер, халқым, айтудан мұны шаршама.
Неге жастар ұлттық құндылықтарға, ұлттық рух пен мемлекетшiлдiк көзқарасқа немқұрайлы қарайды? Кешегi өткен Қайрат, Ерболдардың, Ләззаттардың рухы қайда? Осы сұрақты жастардың ортасына тастадық. Масқара! “Байтал түгiл бас қайғы” дедi. Мәселенi арыдан бастасақ, жасыратын түгi жоқ, өткен ғасырдың 18 жастағы қазақ баласы мен бүгiнгiнiң бозбаласы, бойжеткеннiң айырмашылығы жер мен көктей. Аға буын өкiлдерiнiң жастарға өкпелеуiнiң де жөнi бар. Расында рухы биiк, асқақ мұратты, ұлт мүддесi үшiн жанын пида етуге дайын тұратын қазақ баласы қайда қазiр? Неге өр мiнездi, өресi кең, алмастың жүзiндей өткiр, тапқыр, терең ойлы жастар аз?
Студент күнделiгiнен
Жылдағыдай емес, биыл жабырқаумыз.Соңғы курс болған соң ба, жүрiс-тұрысымызды салмақтап дегендей. “Перваш” деген сөздi естiсек елең етiсiп, өткендi аңсаймыз өзiмiзше.
Лекция залы. Сағынып қалыппыз... Аудитория, тақта, тық-тық еткен оқытушыларымыздың аяқ дыбысы, үнi, сабағы, бәрi-бәрiн. Соның бiрi – алдымыздағы сыры қашып, талай жыл түлектерiн қонақтатқан ақ парталар. Назары бiрден партаға ауған аңғарымпаз Ерiктен басталды бәрi.
Бұл оқиға 8 қазан күнi болды. Солтүстiк Қазақстан облысы, Қызылжар қаласындағы №2 орта мектептiң 9-сыныбында оқитын екi қыздың арасында дау шықты. “Агентте” жаға жыртысты, сөзге тоқтай алмаған соң бiрiн-бiрi жекпе-жекке шақырды. Соңында бiрi өлiм құша жаздады. Бүгiнде жәбiрленушi қыздың ата- анасы әдiлет iздеп әр есiктi қағуда. Әйткенмен құзырлы орындарда олардың шағымын тыңдап, құлақ асатын пенде жоқ. Жабулы қазан жабулы күйiнде қалатын сыңайлы. Оқиға былай өрбидi. Малика Жапарова мен Диана Ибраева бүгiнгi жастардың ермегiне айналған “агентте” сөзге келiп қалады. Бiрi “қайдасың?” дейдi, екiншiсi “онда шаруаң болмасын...” деген жауап алады. 
Биылғы ел чемпионатында қай клуб жеңiмпаз атанады? Чемпиондықтан дәмелi үш клуб болатын. Талдықорғанның “Жетiсуi” биыл адам танымастай түлеп шыға келдi. Жыл сайын ел чемпионатында 5-сатыдан аса алмай келе жатқан талдықорғандықтар алдында   қазiр кез келген клуб аяғын аңдып басады. Басқа клубтар секiлдi тым құрыса қола, күмiс жүлдеге де жетiп көрген жоқ. Сондықтан “Жетiсу” осы маусымда чемпион атанып жатса, “нардан құлағаны”. Ал Қарағандының “Шах­терi” ше? Бұған дейiн ел бiрiншiлiгiнде 1995, 2007, 2009 жылдары қола жүлдегер атанды. Жетiсулықтарға қарағанда кеншiлердiң ел бiрiн­шiлiгiнде әр жылдары жеткен жетiстiктерi
ШВЕДОВАНЫҢ ШАТТЫҒЫ
Жерлесiмiз Ярослава Шведова мен американдық теннисшi Ваня Кинг Ресейде аяқталған “Кремль кубогiн” жеңiп алды. 1990 жылдан берi үздiксiз өткiзiлiп келе жатқан бұл турнирдiң аты дардай болған соң ба, жүлдесi де қомақты. 1,5 миллион доллар жүлденi былтыр жекелей сында беларусь қызы Виктория Азаренко иеленген. Ал жұптық сайыстың бас жүлдесiн аргентиналық Жисела Дулко мен итальяндық Флавия Пеннетта еншiлеген болатын. Ерлер арасында жекелей сайыста бәрiнiң жолын былтыр сербиялық Виктор Троицки кескен едi. Жұптық сайыстың бас жүлдесiн ресейлiк Дмитрий Тұрсынов пен Игорь Куницын олжалаған.

Швед халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған адам Швецияда қалай өмiр сүредi? Мұндай адам Швецияда өте жоғары бағаланады, ұлттың мүд­десiмен жан-жақты айналысуына толық жағдай жасалынады, қаржыдан да, қызметтен де қағажу көрмейдi, билiк сатысына да тез көтерiледi. Бұл мәселе тек Швецияда ғана емес, денi дұрыс елдiң бәрiнде де осындай: Фран­цияда да, Англияда да, Түркияда да, Венгрия­да да, Өзбекстанда да, Ресейде де, Молдовада да, Украинада да!