1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15648) 27 қазан, бейсенбі 2011
ТРОЦКИЙДIҢ “ТӘЛIМГЕРI” КАДДАФИДЕН КЕЙIН НАЗАРБАЕВТЫ ЖАҒАЛАЙ БАСТАДЫ
“Ұлыбританияның бұрынғы премьер- министрi Тони Блэр Қазақстан үкiметiне (Қазақ билiгiне деп түсiнiңiз – Е.Р) кеңесшi болады” деген ақпар жеттi. Блэрдiң өзi де, айналасы да мұны жоққа шығарғанымен The Daily Telegraph басылымы се­нiмдi дерек көздерiне сiлтеме жасай отырып жазды мұны. Қазақ үкiметi Тони Блэрдiң кеңесiн алғаны үшiн оған жылына 8 миллион фунт стерлинг жалақы төлейтiн болыпты. Бұл – теңгеге шаққанда 1 миллиард 900 миллион теңгеге жуық қаражат. Жалақысын айлап емес, жылдап төлей­тiнi­не қарағанда Тони Блэр бiр жыл ғана кеңесшi болмайтын сияқты. Вип-кеңесшiнiң келе­тiнiн естiген жай кеңес­шi Ермұхамет Ертiсбаев та мәз. Ол бүй дейдi: “Дағдарыстың екiншi толқ­ынының алдында тұрған шақта Тони Блэр­дi кеңесшiлiкке шақыр­ғанымыз дұрыс болды.
Дәл қазiр бүкiл әлемнiң аузында Ливиядағы қақтығыс жүр. Муаммар Кад­да­фидiң азапты өлiмiн елдегi әлеумет­тiк-экономикалық жағдайының нашарлығымен байланыстыратындар да бар. Әйткенмен, шынайы өмiрде со­циа­­листiк Ливия Жамахириясындағы сандық мәлiметтер басқаша сөйлейдi. Қазақстанның дәл қазiргi әлеуметтiк жағдайымен таразыласақ, әлдеқайда алшақтық байқалады. Сенгiңiз келмей­дi ме, нақты деректердi алға тартайық. Бүгiнде ақпарат құралдары Каддафидiң елiне жасаған 21 жақсылығын тiзiп жарыса жариялауда. Сонымен бүгiнде Ливияда жан басына шаққандағы ЖIӨ-нiң көлемi 14, 192 доллар. Отбасының әрбiр мү­ше­сiне мемлекет дотация ретiнде жылына 1000 доллар төлейдi.
Кеше Ақтау қаласында “Стан.ТВ” ақпараттық бейнепорталының журналистерiне тапа-тал түсте шабуыл жасалды. Маңғыстау облысында iссапармен жүрген “Стан.ТВ” журналисi Өркен Бейсенов пен оператор Асан Амиловтi белгiсiз бiреулер соққыға жығып, травматикалық тапаншадан оқ атқан. Бұл туралы бiзге “Стан-продакшн” ЖШС-ның директоры Бауыржан Мүсiров хабарлады. “Бiздiң қазiр бар бiлетiнiмiз, тiлшiлерiмiздi белгiсiз бiреулер соққыға жығып, оқ атқан. Әзiрге оқиғаға қатысты қандай да бiр болжамдарымыз жоқ. Қызметкерлерiмiз ауруханада. Әйтеуiр шабуылды төрт жiгiт жасағанын естiдiк”, – дедi ол. Iле-шала шабуылға тап болған әрiптестерге телефон шалдық.

Тәуелсiз басылым мен оның тiлшiлерiн сотқа сүйреп, қысым жасау әрекеттерi үдеп барады. Сөз бостандығы шектелiп, азаматтардың құқықтары аяқасты болып жатыр. 26 қазанда арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матай, “Дат” баспагерлiк жобасының жетекшiсi Ермұрат Бапи және “Взгляд” газетiнiң бас редакторы Игорь Винявский осы келеңсiздiктердi кеңiнен сөз еттi. Олар БАҚ бостандығын, еркiндiгiн қорғау мақсатында 2011 жылғы 5 қарашада митинг өткiзуге рұқсат сұрап, Алматы қаласының әкiмiне хат жолдағандарын хабарлады.

“ЖАС АЛАШТА” АТТАРЫҢ ШЫҒАТЫН БОЛСА, ОҚУДАН ШЫҒАРАМЫЗ” ДЕП СТУДЕНТТЕРГЕ ДОҢАЙБАТ КӨРСЕТТI
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универси­тетiнде дау туды. Бiзге жеткен ақпараттарға сүйенсек, атал­ған университеттiң оқу iсi жөнiндегi проректоры Сәр­сен Жүсiпбеков пен Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ iсi институтының директоры Темiрхан Жарқынбеков “Жас Алаштың” өткен санында Қазақстан Республикасының халқына және Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевтың атына жолданған “Кәрiм Мәсiмовке қойылар баға – “екi” атты үндеуге қол қойдыңдар деп студенттердi қысымға алған.
Қытайда қазақ тiлiнде хабар тарататын қырықтан астам интернет сайты бар. Олардың iшiндегi ең танымалдары – “Күлтегiн”, “Сен қазақ”, “Бозбала”. Қытайдағы қазақтiлдi сайттар үкiмет тарапынан қаржыландырылмайды. Торапты ұйымдастырушы қандастарымыз сайт шығындарын өз қалтасынан өтейдi. Үрiмшiге жолымыз түскенде “Сен қазақ” сайтын ашқан жiгiттермен танысудың сәтi түстi. Ақытбек Шеризатұлы мен Қалиәкбар Үсемқанұлы Қытайдағы қандастардың ұлттық рухани байлығын дамыту керек болғандықтан, осы сайтты ұйымдастырдық дейдi. Қалиәкбар Үрiмшiде шығатын “Шыңжаң” газетiнiң тiлшiсi. Ал Ақытбек – кәсiпкер. Бiздi осы екi қандасымыздың ұлтжандылығы мен рухының биiктiгi ерекше тамсандырды. Екеуi Қазақстанда әлi күнге дейiн ұлттық символға айналған, күллi қазақтың басын қосатын iрi әмбебап порталдың жоқтығына қынжылады. “Қазақстанға қайтып оралғанда, қазақ үкiметi ақша бөлiп берсе, осы iстi мықтап қолға алар едiм”, – дейдi Ақытбек.
Талантты ақынның қолтаңбасы оның «атүстi» дүниеге келген өлеңiнен де аңғарылып жатады. Себебi, «Теңiздiң дәмi тамшысынан-ақ бiлiнедi». Бұл ойымызға дәлел туған әдебиетiмiзде баршылық. Сондай жәдiгердiң бiрiн жеке мұрағатымдағы қағаздарымның арасынан тауып алып, ерекше толғаныста отырмын. Ол – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдары республикалық «Лениншiл жас», бүгiнгi «Жас Алаш» газетiне жазылуға шақырған үндеу өлеңi едi.
«Жаны таза, жақсы дос, егерде сен
Жар салған жаңалыққа елеңдесең,
Жастықты жалаулатқан көрем десең,
Адалдық, ақиқатқа сенем десең,
«Лениншiл жасқа» жазыл, бөгелме сен!
Жуырда Павлодарда “Ұлт тағдыры” облыстық пiкiрсайыс клубы “Қазақстан тәуелсiздiгiне – 20 жыл” мерекесiн өткiзуге қоғамдық ұйымдардың қосар үлесi” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткiзген болатын. Бұл ұлттық-рухани бағытта өткен шарада бұрын­ғы “Азат”, “Невада-Семей”, қазiргi “Қазақ тiлi” қоғамы облыстық ұйымдарының ардагерлерi, “Ұлт тағдыры”, “Желтоқсан ақиқаты” қозғалыстарының мүшелерi, оралмандардың республикалық “Асар” қоғамдық бiрлестiгi мен Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы облыстық филиалдарының басшылығы бас қосты. Бiз отырыс соңында “Ұлт тағдыры” пiкiрсайыс клубының жетекшiсi, белгiлi ақын Арман Қаниға жолығып, әңгiмеге тартқан едiк.

Мен кино сынайтындай, бiлiктi кино сыншысы емеспiн. Алайда ермегiмiз көбiне теледидар болғандықтан, өз ойымды ортаға салуды жөн санадым. Бұрынырақ киноның майталман әртiстерi Шәкен Айманов, Серке Қожам­құлов, Әмина Өмiрзақова сынды мықты актерлер ойнаған фильмдi тамсана көрушi едiк. Әлi күнге дейiн қадiрi мен қасиетiн, құнын жоғалтпаған дүние­лер екенi даусыз. Мәселен, бiр ғана “Қыз Жiбектi” алып қарайық. Кеңес дәуiрiнде түсiрiлсе де, фильмнiң желiсiнде нағыз қазақы дүние, қазақы қимыл, қазақы қасиеттер дәл қалпында сақталған. “Менiң атым Қожа” киносын қызықтамайтын адам кемде-кем болар, сiрә. Өз дәуiрiн анық, шынайы суреттей бiлген.

ХХ ғасырдың 60-70-жылдары Яман тайпасының соңғы тұяғы АҚШ-тың бiр шаһарында фәниден бақиға жөнелдi. Дүниежүзiлiк баспасөз сол үндiстiң өлiмiн жерден жетi қазына тапқандай жарыса жазып едi. Жүз­деген жылға созылған отаршылдықтан бетi қайтпай, талшығын тау-тастан терiп жеген, құралайды көзге атқан мерген осы күнгi өркениетпен тiл табыса алмай, құсадан өледi. Бiздiң ата-бабаларымыз секiлдi ат үстiнде еңку-еңку жер шалған бұл үмбеттiң адамзат тарихындағы бекзат бейнесi ұмыт болғалы қашан... Көп қорқытты. Терең батырды. Атақты Мая мәдениетiн жасаған асқақ ұрпақ отаршылдық озбырлығынан өркениетке судай сiңiп, тастай батып барады.

Егемендi ел болғанымыздың 20 жылдығын тойламақ болып қуанып, бөркiмiздi аспанға атып жатсақ та, салт-дәстүрiмiздi, әдет-ғұрпымызды қалыптастыра алмай жатқанымыз өкiнiштi. Осы күнге дейiн орыс ағайынға елiктеу­ден арыла алмай, ата тегi­мiздi дұрыс жаза алмай келемiз. Кейбiр қандастарымыздың фамилиясы “ов”, “ев”, “ова”, “ева”, “ин”, “ина” жұрнағымен жазылып келедi. Ұлттық салт-дәстүрiмiзге негiздеп ата тегiмiздi жазатын күн туған жоқ па? Газет-журналдарда өздерiнiң аты-жөн­дерiн, құжаттарын өзгертiп жазып жүрген зиялы ұлтжанды азаматтарды көрiп жүрмiз. Мысалы, Балтабай Әдiл, Аман­тай Боранбайұлы, Заманбек Сұлтантегi деп жазып жүр.
Ақсу ауданының тұрғыны көпбалалы ана Н. Тыныбекованың “Жас Алаш” газетiнiң №80, 13.11.2011 жылғы нөмiрiнде жарияланған “Зейнеткерлiкке шыға алмай әлекпiн” аты мақаласына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi “Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық” РМҚК Алматы облыстық филиалы мынаны мәлiмдейдi: «Н. Тыныбекованың iсiндегi құжаттар бойынша, ол Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылдың 25 тамызындағы №819 қаулысымен бекiтiлген “Мүгедектiгiне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, зейнетақы төлемдерiн,

Соңғы жылдары бiлiм мен медицина саласында реформалар көбейiп кеттi. Бiлiмдегi реформа ұстаздар мен оқушылардың миын ашытып жiбердi. Ал медицина саласындағы реформаның кей­бiрi халыққа ыңғайсыздық тудырып әрi қалтасын қағуда. Биылғы жыл басында медицинада “портал” дегендi кiргiздi. Бұрын ауруханаға жату үшiн халық емханадан жолдама алып жата беретiн едi. Дәл сол кезде ауруханада орын жоқ болса, қай күнi болатынын айтып, сол күнi барсаң қабылдайтын. Ендi порталға қояды. Ауруханада порталға “орын бар” деп мәлiмет түсiредi. Ол орнының дәл қашан болатын сол мекеменiң адамдары ғана бiледi.

Бiз Қытай Халық республикасынан ата жұртымызға биылғы шiлде айында қоныс аудардық. Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданына көшiп келгеннен кейiн оралман мәртебесiн алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшiн өтiнiш берейiк десек, Қытайдан әкелген құжаттарымызды Зайсан ауданында аудартып, нотариалды куәландыра алмай отырмыз. Себебi, аударған құжаттарды Алматы және Астана қалаларында және Шығыстың Жарма ауданында ғана куәландыра алады. Ал бұл жерлерге барып, құжаттарымызды аудартуға жолдың алыстығы мен шығыны жағдайымызға тура келмейдi. Арамызда қарт кiсi мен балалы келiншектер де бар. Ал олардың мұндай алыс жол жүруiне денсаулығы көтермейдi.

“Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды” демекшi, қаламыздағы аспалы көпiрдiң жайын айтқанымызға екi жылдан асып барады. 2010 жылы пайдалануға берiлуге тиiс көпiрдiң игiлiгiн емес, азабын көрiп келемiз. Бес-алты шақырымдық айналма жолмен Титов, Гагарин қыстағына қатынап, қажыдық. Бюджеттен бөлiнген қыруар қаржы құмға сiңген судай жоқ. Осы көпiрдiң құрылысынан арнайы бөлiнген ақшаны ендi iздеп, мердiгер компанияны сотқа берген көрiнедi. Соттасып жатқандар қашан әдiлдiкке қол жеткiзерiн бiр Құдайым бiлсiн. Тек айналма жолмен арып-ашқан тұрғындардың жағдайына қарайласар жан табылса екен.

Бiздiң Байзақ ауданы, Жақаш ауылы бойынша “Жас Алашқа” жалғыз мен жазылам. Өйткенi бұл газеттi басқа облыстық, аудандық газет, не болмаса басқа партиялардың газетi сияқты әкiмдер салық салып күштеп жаздырмайды. Және ауылда жұмыс iс­темейтiн, зейнетақысы түкке жетпейтiн кедей халыққа “Жас Алаштың” бағасы ауырлау соға ма, бiлмеймiн. Ел жаңалыққа құмар, бiрақ жазыла алмайды. Үгiт жұмысы да нашар. Ал мұғалiм, басқа мамандарға басқа газеттi директорлар күштеп жаздырады. Ал ол газет оқылмайды, баратын жерi — ет орау, аяқ киiм орау, тағы басқа жерлерге пайдаланылады. Әкiмдер, директорлар, бастықтар халықты басынғанын қоймай ма? Бiр жағынан жұмыссыздық елдi жағымпаз, қорқақ қылды.

ТҮРКIСТАННАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ САҢЛАҚТАРЫНА ЕСКЕРТКIШ ОРНАТЫЛДЫ
Түркiстанның киелi топырағы қазақ спортының тарихына үш бiрдей саңлақты алып келдi. Олар “қазақ волейболының iзашары” атанған Октябрь Жарылқапов, бокс майталманы Әбдiсалан Нұрмаханов және күнi кешегi жасындай жарқ еткен асық ұл Бекзат Саттарханов едi. Октябрь Жарылқапов – елуiншi жылдары волейболға келген алғашқы қазақ, осы спорттың түрiнен спорт шеберi атанған тұңғыш қазақстандық ретiнде тарихқа енген саңлақ. 1960 жылы КСРО-ның ең таңдау­лы 24 ойыншысының қатарына енген ол өзiн бiлiктi бапкер ретiнде де мойындатты. О.Жарылқапов өзi құрған “Буревестник” клубына жергiлiктi қазақ жастарын көбiрек тартты. Кейбiр спорт сарапшылары “Жарылқаповқа
ХОМУТОВ “ҚАМЫТЫНАН” АЙЫРЫЛДЫ
Астаналық “Барыс” хоккей клубының бас бапкерi Андрей Хомутов қызметiнен кеттi. Басты себеп – “Барыстың” биылғы бiрiн­шiлiктегi ала-құла ойындары. Же­ңiлiстен көз ашпаған астаналықтар қандай клубпен ойнамасын қақпаларына көп шайба енгiзетiн әдет тауып алған. Бүгiнге дейiн 14 рет мұз айдынына шығып, 9-ында жеңiлiс­ке ұшырады. Соңғы екi ойынын өз алаңында өткiзген елордалықтар қақпасына 11 шайба жiберiп алған. Осындай көрсеткiштен кейiн “Астана” 23 команданың арасында 21-сатыда тұр. Хомутов Астанаға 2010 жылдың жазында келген болатын. Астаналық клубпен қоса ұлттық құраманың да тiзгiнiн ұстады. “Барысты” қайдам, Андрей ұлттық құра­ма­ны баптау арқылы бiраз бедел жинады
100 ЖАСТАҒЫ ЖҮГIРУШI
Оттавалық Фауджа Син­гх келер жылдың сәуiр айында 100 жасқа толады. Жыл сайын жүгiру марафонына қатысатын жалғыз шал саналады. “Сегодня” порталының хабарлауынша, Фауджа жүгiруге 2000 жылдан берi қатысып келедi. Қарияны бұған итермелеген – әйелi мен ұлының қазасы. Екi бiрдей ет жақынынан айырылған шал iштегi шерiн шығару үшiн жүгiруге бел байлайды. Жылда ұйымдастырылатын марафонның тұрақты қатысушысы. Гиннес рекордтар кiта­бына енудi көзгеген Фауджаның ойлағаны жүзеге аспайтын сыңайлы. Жуырда ол Торонто марафонына қатысып, 3955 қатысушының арасынан 42 шақырымды 8 сағат 25 минуттан аса уа­қытта өндiрген. Алайда ақсақалдың