1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15649) 1 қараша, сейсенбі 2011

Қазанның соңғы күнi ерекше дүрбелеңмен басталды. Таңғы сағат 10 шамасында қаланы жаңғыртқан жарылыстардан құлақ тұнды. Көз көргендер алғаш­қы жарылыстың Атырау облыстық әкiмшiлiгi маңында болғанын айтады. Қатты дүмпудiң салдарынан атыраулықтар “Ақ үй” деп әспеттейтiн ақ шаң­қан ғимараттың бiрсыпыра терезелерi сынған. Тiптi әкiмдiк маңынан өтiп бара жатқан жүргiншiнiң бiрi ғимарат iшiнен қанға боялған әйелдi алып шығып бара жатқанын көрген екен. Араға минутқа жетер-жетпес уақыт салып осы әкiмдiк төңiрегiндегi Сары Арқа шағынауданындағы №30 үйде екiншi жарылыс болды. Оны көзiмен көрген қарсыдағы №37 үйдiң тұрғыны жарылысты жасаған шашы бұйра жас қазақ жiгiт екенiн айтады.

“Джунд әл-Халифат” (“Халифат жауынгерлерi”) тобы Қазақстан билiгi жақында қабылданған дiн туралы заңның күшiн жоймаса, зорлық-зомбылық актiлерiн ұйымдастырамыз деп сес көрсеттi. Билiк бұл бейнежазбаға қатыс­ты әзiрге ешқандай түсiнiктеме берген жоқ. АҚШ-тың SITE Intelligence сайты “Джунд әл-Халифат” тобы 21 қазан күнi бейнежазбаны жария еткенiн хабарлаған болатын. Бұл бейнежазбада бетперде киген бiр жауынгер Қазақстан билiгiне қаратып хат оқып отыр. Оның артында қару-жарақ асынып, бетiн тұмшалаған төрт сұсты жауынгер тұр. “Егер сiздер өз ұстанымдарыңыздан таймасаңыздар, сiздерге қарсы қадамға баруға мәжбүрмiз.
31 желтоқсан күнi орыстар жаңа жылды қарсы алып жатқанда, Роза Отынбаева президенттiк тағымен қош айтысады. Тәуелсiз қырғыз елiнiң тарихында бiрiншi рет бейбiт жолмен президент өз орына ешбiр төңкерiссiз, көтерiлiссiз жайғасады. 30 қазан күнi өткен президенттiк сайлауда 63,97 пайыз дауысқа ие болған бұрынғы премьер-министр Алмазбек Атамбаев – Қырғызстанның алдағы алты жылға сайланған жаңа президентi. Сәл артқа шегiнiс жасап көрсек. Қырғыз президенттерi орындарын тек қана революциялық көтерiлiс­терден кейiн ғана алмастырып отырды. А.Ақаевты елден бездiрген “бәкиевшiл­дер” билiкке келгенде, өзгелердiң үмiтi осыларда болған-ды.

хатқа қол қойған студенттердiң тiзiмiн талап еткен проректордың әрекетi өкiнiштi ойға қалдырды

Газетiмiздiң өткен санында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiнде дау туғанын, университет әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының халқына және Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаев­тың атына жолданған “Кәрiм Мәсiмовке қойылар баға – “екi” атты үндеуге қол қойдыңдар деп студенттердi қысым­ға алғаны жөнiнде ақпарат таратқан болатынбыз. Аталған университеттiң оқу iсi жөнiндегi проректоры Сәрсен Жүсiпбеков бұл ақпаратты жоққа шығарып, газетке талап хатын және профессор Е.Қуандықтың сыртынан жиналған бiр бума “құжатты” арқалап келдi. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Есенғазы Қуандыққа телефон шалып едiк

ИБАДУЛЛА ҚАЛЫБЕКОВТIҢ ҚАТЕЛIГI ҮШIН БАСҚАЛАР ОТҚА ТҮСУI КЕРЕК ПЕ?
“Оралмандарды “автобиографиясына” қарап алалау... Вице-премьер Орынбаев ойына келгенiн iстеп отыр ма?”. Осындай тақырыппен “Жас Алаш” газетiнде көлемдi мақала жарияланғалы берi екi ай өттi. Елдiң iшiнде пiкiрталастың көрiгi әлi қызып тұр. Көтерiлген мәселенiң көкейтестiлiгiн көлденең тартып, көзқарастарын бiлдiрушiлер көп. Олардың арасында облыстың әр аймағында қоныстанған оралмандар да, жергiлiктi тұрғындар да, тiптi сынға iлiккен “Асардың” тұрғындарына дейiн бар. Мақалаға қатыс­ты ойын бiлдiрiп “Жас Алаштың” облыстағы тiлшiлер қосынына хабарласып жатқан, арнайы iздеп келген оқырмандар легi саябырсыр емес.

Қарағанды облысы Осакаровка ауданы Сенакосное ауылының тұрғыны, 10 бала тәрбиелеп өсiрген 71 жастағы кейуана Қапуран Маукетанқызы “Жас Алашқа” мұңын шағып келдi. “Моңғолиядан көшiп кел­генiмiзге 10 шақты жыл болды. 1995 жылы балам Мон­ғолқан және қыздарым Салтанат пен Манарға оралман ретiнде Қарағанды қаласы Көгiлдiр тоған ықшамауданындағы №15 үйдiң 3 бөлмелi 104 пәтерiн мемлекеттiк бюджет есе­бiнен сатып алып берген болатын. Осы пәтердi шенеу­нiктер, атап айтайын, сол кездегi тұрғын үй коммуналдық шар­уашылығының бастығы У.Ерлан, пәтер иелерi кооперативiнiң бастығы А.Бектiбаева

Кеше Алматыда жыл сайынғы Media Құрылтай өттi. Онда Қазақстан Журналистика Академиясының жалпыұлттық сыйлықтары табыс етiлдi.
“Алтын жұлдыз” сыйлығы “Қазақ” газетi мен оның редакторы Қоғабай Сәрсекеевке берiлдi. Ал отандық журналистикаға қосқан өлшеусiз үлесi үшiн берiлетiн “Алтын Самұрық” сыйлығы биыл Әнуар Әлiмжановтың отбасына табыс етiлдi. Отандық медианарықтың дамуына қосқан үлесi үшiн тағайындалатын Галина Күзембаеваның атындағы “Аққу” сыйлығы Қазақстан баспасөз клубының президентi Әсел Қарауыловаға бұйырды. Осымен үшiншi мәрте өткiзiлiп отырған Media Құрылтайға елiмiздiң ақпарат кеңiстiгiнде еңбек ететiн 150-ге тарта сарапшылар, журналистер қатысты. Биылғы құрылтайда Қазақстан медиа нарығының қазiргi ахуалы ғана емес, оның алдағы дамуы да талқыланды.

Аласапыранды заманда арсыз саясаттың шырмауында ажал тырнағына iлiгiп, арман арқалап кеткен Алаш қайраткер­лерiнiң бiрi – Жүсiпбек Аймауытов (Ел iшi ол кiсiнi Оймауыттың Түсiпбегi деп атаған). Сан қырлы дарын иесi Аймауытовтың жазу-сызумен шындап айналысқан он шақты ғана жыл iшiнде әдебиетте қалам тартпаған жанры жоқ десе де болады. Проза, поэзия, драма, публицистика, аударма, әдеби сын саласындағы еңбектерiн былай қойғанда, халықтың сауаты аздау кезде “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология”, “Жан жүйесi және өнер таңдау” секiлдi күрделi ғылыми еңбектер тудырған.

АЛМАС АХМЕТБЕКҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШI ӨТТI
Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттiк филармониясында ақын Алмас Ахметбекұлының Ел тәуелсiздi­гiнiң 20 жылдығына арналған “Көк тудың желбiрегенi” атты шығармашылық кешi өттi. Қазақстан Жазушылар одағы мен Дүниежүзi қазақтар қауымдастығы қолдау көрсеткен бұл поэзия кешiне айтулы өнер ұжымдары (Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрi, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттiк хор капелласы және т.б.) мен белгiлi әншiлер (Талғат Күзембаев, Рамазан Стамғазиев, Болатбек Бөкенов, Құрманбек Әлiмғазыұлы және т.б) қатысты.
ҚР Статистика агенттiгiнiң хабарлауынша, Қазақстандағы қызметкерлердiң саны 2,9 миллионға аз-ақ жетпейдi. Бұлардың 52 пайызға жуығы – ерлер, қалғаны – әйелдер. Дәл қазiргiдей баға айлап емес, апта сайын аспандап тұрған шақта арамызда айына 15 мың теңгенi мiсе тұтатын азаматтар бар екенiн ресми билiк те мойындап, мәлiмдедi. Алматының iргесiндегi ауылды мекендеген Жансаяның айлық табысы – 30 мың теңге. Жоғарғы бiлiмi бар, бюджет қызметкерi, 3 баланың анасы. Азаматынан айырылып жесiр қалғанына, мiне, 3 жыл толды. Айлығы шайлығына жетпейдi. Ары тартса – арба сынады, берi тартса – өгiз өледi.

Жетедi. Құдайға шүкiр! Жетпесе, бетiме түкiр! Баршылық ендi. Үш қабатты, 22 бөлмелi үйiм бар. Не iшемiн, не жеймiн десем, қыз­метшiм лыпыл қағатын күйiм бар... Менде бiр ғана нәрсе жоқ. Сөй­лейтiн тотықұс! Америкаға барған бiр сапарымда тотықұс сатып алдым! Сегiз мың долларға! Аяқтарында жалт-жұлт еткен алтын сақина... Бiр қызығы — қазақша сөйлейдi! Жиырма жылда жылап-еңiреп, шала қазақтарға бiр түйiр қазақша үйрете алмай жүр­ге­нiмiз­де, мына тотықұс бiр айлық курсты “қызыл дипломмен” бiтiрiп, “асса...асса... аа-ассалаумағал-лей-к-кууум, Мыжеке!”— деп тұр. Қуанғанымнан құйрығынан сипап, басын түгелдей аузыма салып, сүйiп-сүйiп алдым. 

30 жылдан берi азық-түлiк сатып келемiн. Жетiскеннен емес, жетiспеушiлiктен сауда жасауға мәжбүрмiн. Зейнетақым аз, тiр­шiлiгiме жұқ болмайды. Бiр қарыс жер­дi жалға алып, тiрлiк жасаймын. 5 мамыр күнi күнделiктi әдетiм бойынша саудаға шықтым. Әй-шәй жоқ, он шақты жергiлiктi әкiм­шiлiк пен полиция қызметкер­лерi тауарыма бас салды. Шатырымды тiлiм-тiлiм етiп, жарамсыз еттi. Жемiс-жидектi тепкiлей бастады. Олардың айтуынша, премьер-министрдiң орынбасары Өмiрзақ Шүкеевтен қала әкiмшiлiгiне “же­мiс-жидек сататын сауда нүк­телерiнiң көзiн жойыңдар” деген бұйрық түсiптi-мыс.
Ертегiлер елiнен елу қадам ұзап шықсаңыз, едәуiр таңыр­қап қалуыңыз бек мүмкiн. Астананың биiк-биiк үйлерiне әбден көз үйретiп алған адам үшiн бұл “таңырқау” табиғи болмысыңызға әсер етпей қоймайды. Өйткенi қымбат шыныдан салынған әсем ғимараттардан кейiн, сылағы түсiп қалған қоңырқай қоржын үйлердi көргенде көкiрегiңiз қарс айырылады. Осындай жұпыны көрiнiстi Астанадан небәрi 20-30 шақырым жерде орналасқан ауылдан анық байқайсыз. Осыған қарап-ақ алыстағы ағайынның ауыр ахуалын байқай беруге болады. Елорданың iргесiндегi 18 ауылдық округ пен 54 елдiмекен Ақмола облысының Целиноград ауданына қарайды. Ресми санақ бойынша аудан халқының жалпы саны 60 мың адамға жуықтайды.
ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың назарына!
13 жастағы баласынан айырылған Оңтүстiк Қа­зақстан облысы, Түркiстан қаласы, Ынтымақ ауылының тұрғыны Абдухалиден Абсаттарұлының отбасы қан жұтуда. Ұлы Нұрмаматтың қазасы әке-ше­шесiнiң қабырғасын қайыстырып кеттi. Айдың-күннiң аманында перзентiнен көз жазып қалған Абдухалил аға iшiндегi шерiн төгiп, күрсiнiп былай дейдi: “13 жастағы балам қыршынынан қиылды. Кiсi қолынан қаза тапты. Исламиддин Тәжмұханбет баламды пышақтады. Ұлым бақилыққа кеттi, ал ауыр қылмыс жасаса да айыпталушы бостандықта тайраңдап жүр. Құқық қорғаушылар “қылмыс жасалған уақытта айыпталушы 14 жасқа толмаған, сондықтан заң
Кеншiлер “алтын бар жердi белуардан қазды”. Тәуелсiз қазақ елiнiң бiрiншiлiгi осымен 20-мәрте өттi. Осы жылдар iшiнде бұл қаланың футбол клубы чем­пион атанбақ түгiлi, күмiс жүлдеге қол жеткiзiп көрген емес. Тек үшiншi орынды бiр емес, бiрнеше мәрте еншiледi. Сонымен, қар жаудырып биылғы ел бiрiншiлiгi де мә­ресiне жеттi. Алдымен Қарағандыдағы ойын турасында. Виктор Кумыковтың шәкiрт­терi дегендерiне жеттi. 31-турда “Жетiсудi” жеңгеннен кейiн олар қаза берсе, алтынды да табуға болатынын бiлдi. Қарағандының стадионын лық тол­тыр­ған жанкүйерлер Сарыарқаның сақылдаған сары аязын елеген де жоқ. Ендi ше, қаланың клубы алтын жүлде үшiн алаңда айқасып жатса. “Астана” бұл жолы жеңiске жеткенде қола жүлде қолда тұр едi. 
Алматыда аты аңызға айналған Тимур Сегiзбаев атындағы футбол академиясы ашылды. ҚР Спорт және туризм академиясына қарасты “Алаш” стадионының жанынан ашылған академия қызмет­керлерi ендi ел футболының ертеңi үшiн еңбектенбек. Айтулы шараның ұйытқысы болған ҚР Спорт және туризм академиясының ректоры Қай­рат Закарьянов:– Бiз бүгiнгi жетiстiктi малданып отыра берсек, құлдыраймыз. Қазiр елiмiздiң тө­бесiн көкке жеткiзiп жүрген спортшылар ертең қартаяды. Сонда олардың лайықты iзбасарлары өсiп шықпаса, елдiгiмiзге сын. Бiрер ай бұрын бес дүркiн олимпиада чемпионы гим­наст­шы қызымыз Нэлли Ким атындағы гимнастика академиясы ашылды.
КЕНЕШОВ ЖҮЛДЕГЕ КЕНЕЛДI
Өзбектер биатлоннан жазғы ашық чемпионат өткiздi. Азия чемпионатына бiздiң қыз-жiгiт­терден сырт Өзбекстан, Ресей, Чехия, Корея, Үндiстан, Қырғызстан елiнiң спортшылары қатысты. Жарыстың алғашқы күнi ерлер арасында жерлесiмiз Диас Кенешов Азия чемпионы атанды. Қыздардан Галина Вишневская күмiс, Нарқыз Игiлiкова қола жүлде еншiледi. Сайыстың екiншi күнi де Диас алдына ешкiмдi түсiрген жоқ. Қыздардан Галина Вишневская қола жүлденi мiсе тұтты. Үшiншi сайыс күнi Кенешов алтынға қарыс қадам қалғанда алқынып қалды. Диас күмiс жүл­денi қанжығаласа Галина Вишневская бар күшiн сарқып, алтынды олжалады.
Зардыхан Қинаят,  тарих ғылымдарының докторы, профессор:
– Осы жасыма дейiн талай белестен өттiм. Талай соқпақты көрдiм. Тағдыр солай жазған шығар, өзiм қазақ болсам да, Моңғолияда туып-өстiм. Моңғолияның премьер-ми­нистрiнiң орынбасары, Моңғолия парламентi төрағасының орынбасары, Моңғолияның Өзбекстандағы бас консулы болып қызмет атқардым. Саяси қоз­ғалыстарға да жетекшiлiк еттiм. Атажұртқа орал­ғаннан берi таза ғылыммен шұғылданып келемiн. Тек соңғы жылдары қазақ тарихына қатысты 9 ғылыми моногра­фиям жарық көрдi. Мен мұның бәрiн неге айтып отырмын? Ай­тайын дегенiм, осыншама ел көрiп, жер көрiп, мол тәжiрибе жинағанда көзiмнiң бiр жеткенi, ең қажеттi, ең керектi, ең