1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15650) 3 қараша, бейсенбі 2011
6 қараша – Құрбан айттың алғашқы күнi
Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесiнiң төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлi елiмiздегi барша мұсылман қауымын Құрбан айтпен құттықтады. Құттықтауда былай делiнген: «Мiне, барша мұсылман сағына күтетiн Құрбан айт мерекесiне де жеттiк. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшiн құрбан шалып, дiнiне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын бiлдiредi. Сол арқылы Жаратушы иемiздiң құзырында өзiне лайық дәрежеге қол жеткiзедi. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәрiптерiнiң бiрiнде: “Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нiн­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйiк­тi ешбiр iспен Алла Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес” деп бұл құлшылықтың мәнiн түсiндiрген.
ҚАЗАҚСТАНДЫ ДIНИ ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРТАСЫ ЖАСАЙМЫЗ ДЕП ЖҮРIП ДIНИ АЛАУЫЗДЫҚТЫҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛДЫРЫП АЛМАЙМЫЗ БА?
Бен Ладеннiң көзi тiрiсiнде арабтардың атақты “Әл-Жазирасынан” дiни экстремистердiң “өйтiп жiберемiз, бүйтiп жiберемiз” деген қоқан-лоққысын жиi көретiнбiз. Сол жағдай бiзге де жеттi. Өздерiн “Халифат сарбаздарымыз” деген әлдебiреулер алдымен дiн туралы заңға шүйлiктi. “Заңды керi қайтармасаңдар, көресiнi бiзден көресiңдер”, – дедi. Артынша Атырауда болған екi бiрдей жарылысты мойындарына алды. “Сарбаз өзiн-өзi жарғысы келген жоқ, бомба өздiгiнен жарылып кеттi. Бiздiң тек ескерту жасағымыз келген”, – дептi SITE Intelligence сайтында әлгi “сарбаздар”. Күнi бүгiнге дейiн “терроризм” дегендi теледидардан ғана естiп келдiк
СОТТАН КЕЙIН ЖҰРТШЫЛЫҚ АРАСЫНДА ОСЫНДАЙ ПIКIР ҚАЛЫПТАСТЫ
Техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ибраев – тек Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелге де кеңiнен танымал ғалым. Әйгiлi Гумбольт қорының шақыруымен С.Ибраев Германияда 5 жыл жұмыс iстедi. “Гумбольт қоры тек Нобель сыйлығының иегерлерiн ғана шақырушы едi. Осының өзiнен-ақ шетелдiктердiң қазақ ғалымын өте жоғары бағалайтыны көрiнiп тұр емес пе?!” деп кезiнде бұл жөнiнде қазақ газеттерi жазды да. С.Ибраев докторлық диссертациясын 28 жасында қорғады. Бес тiлде сөйлеп, жаза алады. Дарынды ғалымның еңбектерi ғылыми ортада өте жоғары бағаланады. Мiне, сол Саят Ибраев жуырда ғана 12 жылға сотталды. Үкiмдi Алматы қалалық қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. 
МIНГЕСЕТIНДЕР АТТАН ТҮССIН. ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫН ҰСЫНҒАНДАР ОРЫС ТIЛIНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРIЛМЕСIН ДЕЙДI
“Мемлекеттiк тiл туралы” заңның жаңа жобасын жасап шығарған жұмыс тобы қазақ тiлi елiмiздегi заңдық күшi бар жалғыз тiл болуы тиiс деп есептейдi. Сейсенбi күнi ұлт патриоттары Қазақстан баспасөз клубында өздерi дайындаған жаңа заң жобасын таныстырды. Оның қолданыстағы заңнан ең басты айырмасы – жаңа заң жобасы орыс тiлiн басқа тiлдерден ерекшелендiрмейдi және ол қазақ тiлiмен қатар қолданылмайды. Сондай-ақ онда Қазақстанның әрбiр азаматы қазақ тiлiн бiлуге мiндеттi екенi жазылған.
Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында Сауда-өнеркәсiп палатасының вице-президентi Салтанат Аханованың шағымына қатыс­ты екiншi сот отырысы өттi. Естерiңiзге сала кетейiк, “Guljan.org” медиасайты Қаржы полициясының басшысы Қайрат Қо­жам­жаровтың жұбайы Салтанат Аханованың мыңғырған миллиардтары мен Бiрiккен Араб Әмiрлiгiн­дегi жылжымайтын мүлкi бар деп ақпарат таратқан болатын. Сайтта жарияланған дәл осы ақпаратты терiске шығаруды талап еткен С.Аха­нова сот арқылы сайттың уа­қытша жұмысын тоқтатуды және моральдық өтемақы ретiнде 2 640 296 400 теңге талап еткен едi.
Мен кiшкене ғана сүйкiмдi қызбын. Менi бәрi жақсы көредi. Үстiме кигенiм жiбек көйлек, аяғымда қызыл сандал, қолымда бұйра шашты қуыршақ. Менiң бұл қиялым шамамен бес жасымда басталды ғой деймiн. Содан кейiнгi ойларымды күнделiктi көңiл-күйiме қарай өрбiтетiн едiм. Өтiрiкке толы өмiрiм осылай басталды. Қияли ойларымды шындыққа айналдырамын деп қиялдана бергеннен мен өтiрiкшi атандым. Өйткенi өз қиялыма өзiм сенетiн едiм. Шындыққа келмейтiн әңгiме­лердi көп айтуды үйрендiм, оған бас­қаларды да сендiргiм келдi. Өзiмдi бәрi жақсы көретiн ерке қыздай сезiнгiм келдi. Бiрақ менi ешкiм олай қабылдамады. Шын өмiрде мен ешкiмге керексiз сүйкiмсiз қыз едiм.
КIМ ҚАУIПТI?
Бiр байқағаным, қазақ қазiр кәдiмгiдей төрт топқа бөлiнген. Бiрiншiсi – әрине, бүгiнгi саясатты қолдаушылар. Екiншiсi, шетелдегiсi бар, өзiмiздегiсi бар, қазiр оппозиция атанып жүрген топ. Үшiншi топ, бұл – ұлтшыл-патриоттар (Өзiмдi де осыларға қосып қоям iштей). Бұл байғұстар ұлтқа қарсы жасалып жатқан шаруаның бiрiн де қалт жiбермейдi. Шуласып жазып жатады, айтып жатады. Бiрақ олардың сөзiн ескерiп жатқан билiк жоқ. Бұларды қолдай қоятын қаржылық топтар да жоқтың қасы, содан соң кiм тыңдайды?.. Төртiншi топ – кәдiмгi қара тобыр. Бiздiң солтүстiк өңiрде бұлар өте көп. Өзiмiз күнде айтып жүрген кәдiмгi мәңгүрт қазақтар.

Кеше ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай дедi. Бұл отырыста “Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге және оларға меншiк құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенция­ны ратификациялау туралы” заң жобасы талқыланған едi. Құжатты талқылау барысында депутаттар тарапынан “Кенесары ханның басын қайтаруға қа­тысты қандай шаралар атқару керек?” деген мәселе көтерiлдi. “Кенесарының басы “анда екен”, “мында екен” деген деректер 1990 жылдан бастап айтыла бас­тады. Түрлi болжамдар да жасалды. Менiң оны iзде­меген жерiм жоқ.

Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде “Алаш көсемсөзi” 10 томдығының тұсаукесер рәсiмi өттi. Жинақта бұған дейiн ғылыми айналымға толық түспеген “Шолпан”, “Жас Түркiстан”, “Сана”, “Таң”, “Абай” және “Сарыарқа” газет-журналдарының жарияланымдары жан-жақты зерделендi. “Алаш көсем­сөзi” көптомдығында Мұс­тафа Шоқайдың бастамасымен шыққан “Жас Түркiстанның” тәуелсiздiк, ел мен жер, ғылым-бiлiм, тiл туралы көсемсөздерi топ­тас­тырылып, Алаш арыстарының мақалалары түп­нұсқада берiлген. Мамандар “Алаш кө­сем­сөзi” көптомдығы – қазақ журналистикасының зор табысы”, – деп бағалап отыр.
Жақында “Жас Алашта” Тыныштық Әубәкi­ровтiң “Қызылорданың қызықтары” (№86, 27 қазан, 2011 жылы) атты мақаласы жарияланды. Осы мақалаға орай өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деп едiм. Менiң мамандығым зооинженер, бiрақ анатомия, биология пәндерiн мектепте де, жоғары оқу орындарында да және микробиология, физиология сияқты танымдарды сүйiп оқып, емтихандарын беске тапсырғанмын. Отбасындағы он баланың бiрiмiн. Анамыз дәрiгердiң көмегiнсiз үйде сегiз баласын босанған. Бұл бiр ғана мысал. Ал ауылда 15-ке дейiн құрсақ көтерiп, бiрнеше ондаған немере-шөбере сүйiп отырған әже-апаларымыз қаншама? Ал қазiр ше?.. Себеп неде? 
ҚАСЫМ АҚЫНҒА
Қасымның әнi, Қасымның жыры,
Арманда кеткен асылдың ұлы.
Дауылдан кейiн қоя ма деп ем,
Дауасыз екен ғасырдың мұңы.
 
Қарағайлы өңiр, Қарқара мекен,
Қайғың да ептеп тарқаған екен.

Мұны жазбай-ақ қоюыма да болар едi, бiрақ... мен секiлдi қамкөңiл аналардың тiлегiн жоғары жақ ескере ме деген оймен жазып отырмын. Дүние­ге алты бала әкелгендiктен “Күмiс алқа” алу үшiн есейiп кеткен ұл-қыздарымнан анықтама қағаз алып, бiраз құжат жинай бастадым. Қызым Ақмарал Әбдрахманова М.Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiне грантпен түсiп, “орыс тiлi мен әдебиетi, шет тiлi” мамандығын алып шықты. Сол жылы, яғни 2006 жылдың тамыз айында 23 жасында кiсi қолынан қаза тапты. Есейiп барып қайтқандықтан әрi кiсi қолынан қаза болғаннан кейiн оның да құжаттарын қалған бес баламның құжаттарымен бiрге ауылдық әкiмшiлiкке апардым.

Ерболат Қадировты Тасбөгет қалашығындағы Наурыз ықшамауданының тұрғындары жақсы бiледi. Ол қалашықтағы пәтер иелерi кооперативiнде бiрнеше жыл жұмыс iстедi. Пәтер иелерiнiң отымен кiрiп, күлiмен шықты десе де болады. Ауыз су, жылу жүйелерiн жөндеп, дамыл таппады. Өзi шиеттей бала-шағасымен Тасбөгет пә­тер иелерi кооперативi мекеме­сiнiң құрқылтайдың ұясындай бiр бөлмесiнде тұрды. Өйткенi барар жерi, басар тауы жоқ едi. Тағдыр Ерболатқа салмағын ерте салды. Көктөбе етегiнде қостанып тiршiлiк етiп жүргенiн­де, шеңгелдiң тiкенi көзiне абайсызда қадалып, қатты жарақаттанды. Соның салдарынан бiр көзi көрмей қалды.
Менiң оралмандар iсiмен айналысқаныма 20 жылдай болды. Осы уақыт iшiнде көргенiм, көңiлге тоқығаным: Қазақ елiнде әдiлдiк те, заңдылық пен жауапкершiлiк те жоқ. Қазақшаға келгенде сауатсызбыз, оның үстiне бюрократтық өте басым. Қолымызда орыстанған құжатымыз бар, осы орыстанған құжат тiлiмiздi де бүлдiрiп жүр. Ащы болса да әдiлдiгiн айтайын:
1. Сырт елден келген қазақтар Қазақ елiне келiп, өзiнiң қазақ атына зәру болады. ҚР-ның азаматтығын алғанда олар президенттiң жарғысымен азаматтыққа қабылданады. Бiрақ төлқұжаттарындағы аты-жөнi де, ұлты да түсiнiксiз болып шыға келедi. Мысалы, Моңғолиядан келген Iңiрқожа, Ақерке, Өнеш деген қазақ есiмдерi олардың туу туралы куәлiгiнде моңғолша Инэрхоож, Ахэрхээ, Өнеч деп жазылған.

Ерте ме, кеш пе бiз қайткен күнде де “күз-көктем” жүйесiне өтуiмiзге тура келедi. Неғұрлым ерте өтсек, соғұрлым еуропалық стандартты тез қабылдаймыз. Футболшыларымыз да климатты ауа-райына тез бейiмделедi. Ең бастысы – бiздегi футбол күнтiзбесi еуропалық сипатта, ал командалар мен құрама командамызға ыңғайлы болады. Жаздың ми қайнатар аптап ыстығында доп қумайтын едiк. Барлық елдер сияқты бiр ай бойы теледидардан әлем мен Еуропа бiрiншiлiгiнiң финалдық ойындарын алаңдамай көруге мүмкiндiк туады. Өйткенi бiз әрбiр екi жыл сайын не теледидарды көре алмайсың, не стадионға барып өзiмiздiң бiрiн­шiлiгiмiздi тамашалап жарытпаймыз.

Осы аптаның сейсенбiсiнде   УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңiнiң 4-тур ойындары тартысқа толы болды. Осы ойыннан кейiн бiрдi-екiлi клубтар күнi бұрын плей-офф кезеңiне жолдаманы да олжалап қойды. Сант-Петерборда жергiлiктi “Зенит” Украинаның “Шахтерiн” 1:0 есебiмен ұтты. “Шахтер” қақпашысы Александр Рыбка талай соққыларды қайтармағанда, есеп бұдан да ұлғая түсер ме едi, кiм бiлсiн. Жанкүйерлерi алдында желпiнген Николас Ломбартс бiрiншi тайм түгесiлер тұста бұрыштама добын голға ұластырды. Қонақтар нәти­женi теңестiруге тырысқанымен, ештеңе өнген жоқ. Минскiнiң “БАТЭ” клубы өз алаңында азуы алты қарыс “Милан” ойын­шыларын тұсап, әбден састырды.
ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Оңтүстiк Қазақстан облысының МАИ қызметкерлерi жай қызметкер емес. Олар жуырда Нидерланды Королдiгiнде өткен футзалдан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 29-ыншы МАИ қызметкерлерi арасында шағын футболдан өткен әлем чемпионатында жерлестерiмiз iрiктеу, топтық кезеңдерiнен сүрiнбей өтiп, жартылай сынға дейiн жеттi. Латвия, Ресейлiк әрiптестерiн жеңген жерлестерiмiз елге жүлдемен оралды. Босния және Герцоговинадан келген шендiлер чемпион атанса, Сербияның МАИ қызметкерлерi күмiске қол жеткiздi. Оңтүстiк Қазақстан облыстық жол басқармасының қызметкерi, полиция аға лейтенанты Нұрдәулет Маймақов “Чемпионаттың үздiк ойыншысы” атанды.   
120 ЖЫЛ ТҮРМЕДЕ ОТЫРМАҚ
35 жасар хакер Кристофер Чейни түрмеде өз жазасын күтуде. “Оны 120 жыл­ға соттауы мүмкiн”, – дейдi iстiң мән-жа­йын бiлетiндер. Кристофер Чейни елге белгiлi адамдардың электронды пошталарын бұзып, олар туралы ақпаратты интернетке жа­йып салған. Әрине, бiреудiң құпиясына рұқсатсыз қол сұғу заңмен жазаланатыны белгiлi. Хакер елу шақты танымал адамдардың құпия суреттерiн интернетке орналастырған. Оның iшiнде голливудтық актриса Скарлетт Йоханссонның ваннадан шығып, денесiн сүлгiмен сүртiнiп жатқан суретiн, жалаңаш кеудесiн және басқа да ашық-шашық түскен суреттерi бар.