1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15651) 8 қараша, сейсенбі 2011
БИЛIК ШЕТЕЛДЕГI ҚАШҚЫНДАРЫН ҚАЙТА ТҮГЕНДЕЙ БАСТАДЫ. ОЛ НЕДЕН СЕСКЕНДI?
Қыз күнiнде Майра Құрманғалиева болып, кейiннен Майра Назарбаеваға “айналған”, бұрынғы күйеуi Болат Назарбаевпен ат құйрығын кесiскен соң баяғы “қыз” қалпына қайта түскен сылқым келiншек туралы бiз бұған дейiн бiрнеше мәрте жазғанбыз (“Салдузидiң сойқаны”, 19 қаңтар 2010, №05, “Қаш, Майра, қаш!”, 16 ақпан, 2010, №13, т.б.). Майра Құрманғалиева – таулы өңiрдiң қызы. Алматы облысындағы Қақпақ ауы­лы­нан. Ауылдың пысық қызы президенттiң бауырын аузына қаратқанда шал-шауқан, кемпiр-сампырлар: “Пай, шiркiн, қыз жарады! Құдай қаласа, пайдасын бiз де көрермiз”, – дескен. Құдi­реттi күйеубаланың пайдасы ауылға мешiт салғызып берумен және жиендерiне дүрiлдетiп той жасап, тiк­ұшақпен
Қарашаның 7-сi күнi Атыраудағы жарылыстар туралы облыстық прокуратура әу дедi. Оның өзiнде тiкелей емес, Бас прокуратураның сайты арқылы. “Жедел-тергеу тобы Атырау қаласында қазанның 31 күнi болған жарылыстарды зерттеу барысында 4 адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады. Олар қолдан жасалған жарылғыш бұйымдарды дайындау­мен айналысқаны және құқық қорғау, бас­қа да мемлекеттiк орындарды қорқыту мақсатында қолданғаны анықталып отыр. Бұл топ Атырау облыстық әкiмдiгi мен прокуратурасы маңында жарылыс жасауды жоспарлаған. Осы акцияны жүзеге асыру барысында жарылғыш техникаларды дұрыс бiлмеуi және қауiпсiздiктi сақтай алмағандықтан қылмыстық топтың бiр мүшесi Б.Сұлтанға­лиев жарылып, қаза болды.
ТЕРРОРИЗМНIҢ ТӨРТ ТҮРIНЕ ДЕ ДАЙЫН ЕМЕСПIЗ
“Алматы, Астана, Ақтөбе мен Атыраудағы оқиғалар және жарылыстардың барлығы – терроризм. Қазақстандағы терактiлер дағыстандық сценариймен iске асып жатыр. Дағыстандық сценарий бойынша лаңкестiк әрекет шенеунiктер мен құқық қорғаушылар­ға қарсы бағытталады. Мұндағы негiзгi мақсат – мемлекеттiк аппараттың жұмысын iстен шығару. Өкiнiшке қарай, елiмiз терроризмнiң бұл түрiне түк дайын емес”. Өткен аптада Саяси шешiмдер институтында шекаралық әрiптестiк қауымдастығының сарапшысы, публицист Марат Шибұтовтың оқыған лекциясы Қазақстандағы терроризм мәселесiне арналды.
Соңғы уақытта елiмiздiң батыс өңiрлерi әлсiн-әлсiн дүрлiгiп қалып жүр. Алдымен әлеуметтiк жай-күйiне көңiлi толмаған маңғыстаулық мұнайшылар ереуiлдедi. Осы аралықта адам шығыны болды. Артынша Ақтөбеде және Атырауда жарылыстар естiлдi. Тағы да адам өлдi... Бұл мәселелердi бiрiнен-бiрiн бөлiп қарауға болмайды. Арам пиғылдылардың аңдығаны да соқтасы жарылуға шақ тұрған ұрымтал тұс. Сондықтан мәселенi ушықтырмай, жүйелi түрде шешкен жөн. Биылғы жылдың тамызында Маңғыстауда аса ауыр қылмыстар жасалды. Тамыздың 3-i күнi Қарақия ауданында “МұнайФилдСервис” ЖШС-ның бұрғылаушысы Жақсылық Тұрбаевты белгiсiз бiреулер өлтiрiп кеттi.
ӘЛДЕ БҰЛ КАДРЛЫҚ САПЫРЫЛЫСТЫҢ САЛДАРЫ МА?
“Қазынаның қаржысын игермеу – оны халықтың игiлi­гiне жұмсамау деген сөз. Бұл дегенiңiз – қылмыс”. Облыс әкiмi Асқар Мырзахметов бұл пiкiрiн алқалы жиындарда әлденеше рет қадап айтып жүргенiмен командасындағы кадрлары одан жөндi нәтиже шығарар емес. Өткен аптадағы облыс әкiмдiгiнiң жиынында қаржы басқармасының жаңадан тағайындалған бастығы Роза Исаева игерiлмеген қаржыны жiлiк-жiлiкке бөлiп бердi. Дәлiрегi биылғы 9 айда 6 279,9 миллион теңге игерiл­мей қалған. Өткен жылғы 9 айда 4,5 миллиард теңге иге­рiл­мептi. Айырмашылық 2 миллиард теңге.
Қадiрлi оқырман, заң жобасы туралы өз ұсыныс, пiкiрiңiздi бiлдiрiңiз!
Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетiнiң сақталуы мен дамуының басты шарты – қазақ тiлi болып табылады. Осы Заң қасиеттi қазақ жерiн мекендейтiн, қазақ халқының мәдениетiн және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбiр азаматтың, оның конституциялық парызы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн меңгеруiн және қазақ тiлiнiң республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттiк тiлдi қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жиенғали Тiлепбергенұлы – ХХ ғасырдың 20-жылдарында қызыл сая­саттың   қарапайым қазақтың отба­сы­на тигiзген зардабын барынша шынайы суреттеген жазушы. Бүкiл шығармасының түйiнi бiр арнаға тоғысады: аумалы-төкпелi кезең ауыл қазағының тұрмысына қалай әсер еттi, мiнез-құлқын қалай өзгерттi? Жоқшылық пен аштық қысқанда күштiсi жыртқышқа, әлсiзi жемтiкке айналған қазақ. Ел iшiн жаяу аралап неше түрлi оқиға ортасында жүрген тiлшi Жиенғали жазушы Жиен­ғалиға айналды. 1917-18 жылғы аштық қасiретiн   Жиен­ғали Тiлепбергенов деректермен жазып кеткен. Сол жылдары Ақтөбе облысының темiржол стансаларында   қыз сату бизнесi қатты қызыпты. Қыздырушы – темiржол бойындағы қазақ жiгiт­терi. Түркiстан, Қызылорда жақтан пойызбен келiп
Бiз қайдан шықтық? Қайда келдiк? Ендi қайда барамыз? Өмiрдiң мәнi неде? Бiз не үшiн өмiр сүремiз?
Жазушы Смағұл Елубайдың “Қиямет-қайым ғасыры” (“Век страшного суда”) атты кiтабы осындай ауқымды да өткiр сауалдарға жауап бередi. Адамның арманын, мақсат-мүддесiн социализммен, коммунизммен байланыстырған кiтаптарды бiлушi едiк. Смағұл Елубайдың кiтабының жөнi бөлек. Ең бастысы, С.Елубай жоғарыдағы аса өзектi сауалдарға саяси тұрғыдан емес, ақиқаттық тұрғыдан жауап бередi. Жазушының көп оқығаны, көп iзденгенi оның әрбiр сөйлемiнен бiлiнiп тұр.
Мұны “ҚазМұнайГаз кен барлау” АҚ IРО-ның Лондонның қор биржасына шығуының 5 жылдығына орай ұйымдастырды
24 қазан мен 30 қазан аралығында Лондонда қазақ киносының апталығы өттi. Бұл апталықты “Қазақ­фильм­нiң” қолдау көрсетуi­мен “ҚазМұнайГаз кен барлау” АҚ-ы ұйымдастырды. Лондонның қор биржасында бес жылдан берi акциясы сатылып келе жатқан бұл компания осылайша Қазақ елiнiң тек қазба байлығы ғана мол емес, сонымен бiрге рухани байлығы да мол екенiн көрсетуге тырысты. Өзiндiк ерек­шелiгiмен көзге түсетiн қазақтың өнерiн еуропалық аудиторияға алып шықты.
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАДЫРЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы қарсаңында ҚР Мемлекеттiк Орталық музейiнде кәсiпқой фотосуретшi, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi Рафхат Халеловтiң (Орал қаласы) “Гүлдене бер, туған жер!” атты жеке фотокөрмесi ашылды. Ұйымдастырушы – “Қадыр Мырза Әлi атындағы қоғамдық қоры”. Кәсiпқой фотосуретшi Рафхат Елжасұлы Халелов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылында мұға­лiмдер отбасында дүниеге келген. Ол М.Өтемi­сов атын­дағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн кiтапхана­тану және библиография мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық тұрмыстық қамту комбинатында
Серiк – бүгiнде облыстық “Маңғыстау” газетiнiң фототiлшiсi. Оның түсiрген суреттерiне зер салып қара­саң, болған оқиғаны айна-қатесiз ұғасыз, тiптi кейде көпшiлiгiмiздiң көзiмiз байқай бермейтiн сәттердi ол аппаратына түсiрiп ала қояды. Серiктiң фотоөнерге келуi кездейсоқ емес. Ол бұл кәсiптi бала кезiнен армандапты. Сол күндердi есiне алса, бақилық болған Оспан ағасы ойына орала бередi. Себебi Серiк ең алғаш суреттiң қалай түсiрiлiп, қалай шығарылатын осы ағасының қолынан көрген едi. Әуесқой фотоға түсiрушi Оспан ағасы күнде кешкiлiк балаларды қасына жиып алып, ап-ауыр фотоаппаратындағы күнде түсiрген сәттерiн қағазға шығару қамына кiрiседi.
ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСIЗДIГIНIҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСIНЕ АРНАЛАДЫ
2011 жылдың 2 қарашасында, Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттiк өнер мұражайында Қазақстан республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерекесiне арналған “Тәуелсiздiк тағылымы” фотокөрмесi өттi. Мерекелiк шараны Алматы және Астана қалалары әкiмдiгiнiң қолдауымен “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгi ұйымдас­тырған. Фотокөрменiң бас серiктесi – “Bank “RBK” АҚ .
Зульфия Шиншанло екi дүркiн әлем чемпионы! 18-ге ендi толған дүнген қызы күллi әлемдi тағы бiр аузына қаратты. Оның алдына түрiк де, хансу да түсе алмады.  Зульфия бұған дейiн де әлем чемпионы деген атаққа қол жеткiзген болатын. 2009 жылы өзiнiң салмағындағы атлеттерден оқ бойы озған қыз бұл жолы да ел үмiтiн ақтады. 53 келiге дейiнгi салмақта оған басты қарсылас бұрынғы отандасы Цзи Цзинь мен түрiк атлетi Айлин Дасделен болатын. Үшеуi өзгелерден едәуiр ұзап алды да, бәсеке көрiгiн қыздырды. Алтын мен күмiстен ең бiрiншi болып Цзи күдерiн үздi. Ол жұлқа көтеруде-ақ мүмкiндiктерiн орынды пайдалана алмады. Сосын бәрiн серпе көтеру кезiнде түзе­мекшi болды.
НЕМIСТЕР ЖЕҢДI
Астанадағы “Сарыарқа” вело­тре­гiнде өткен Әлем кубогiнiң I кезеңiнде немiс велошабандоздары топ жарды. Олар 1 алтын, 2 күмiс, 5 қола медаль еншiледi. Екiншi орында 3 алтын, 2 күмiс олжалап,   австралиялық спортшылар тұр. Француздар 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола жүлдегер атанып, үшiншi сатыға орнықты. Бiздiң велошабандоздар қатыс­қанның өзiн қанағат тұтты. Әлем кубогiнiң екiншi кезеңi ендi желтоқсан айында Колумбияның Кали қа­ласында жалғасады. Келер жылдың қаңтарында Қытай астанасы Бейжiңде үшiншi кезең өтедi. Әлем кубогiнiң қорытынды бәйгесiн 2012 жылы ақпанда Лондон қабылдайды деп жоспарланған.
АСА КӨРНЕКТI ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРI, ЗАҢГЕР-ҒАЛЫМ САЛЫҚ ЗИМАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ. 91 ЖАСЫНДА. Рас, қазақта заңгер де, заңтанушы да аз емес. Бiрақ Салық Зимановтың орны да өзгеше, жөнi де бөлек едi. Неге? Алаштан шыққан алғашқы заңгерлер (Жанша Досмұхамедов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев және тағы басқалар) “Бiз Алаштың ақысын өзгеге жегiзбеуiмiз керек, қазақтың құқын қорғауымыз керек. Ұлттың құқын, халықтың ар-намысын ешкiмге таптатпаймыз!” деген қағиданы ұс­танды. Осы жолда аянбай еңбек еттi, тер төктi, күрестi, алысты. Ақырында осы жолда шейiт кеттi.

Қазақ зиялылары не көрмедi?! Айдау­ды да, асыра сiлтеудi де, атып-асуды да көрудей-ақ көрдi. Қазақ зиялыларының бiразы (әрине, санаулы ғана!) 1935-55 жылдар аралығындағы сатқындық, екiжүздiлiк, опасыздық, имансыздық, қорқақтық, жалтақтық жөнiнде жазып қалдырып кеттi. Мұнда әрбiр адамның аты аталып, түсi түстеледi. Хат түрiнде жазылған, бұл мұралар әлi күнге дейiн жарық көрген жоқ. Бiз белгiлi бiр қиындықпен қолымызға түскен осындай жазбаларды келесi жылы “Жас Алаштың” бетiнде жариялауға ұйғардық. Өйткенi бiзге әлдебiреулердiң жалған атақ-даңқы емес, ақиқат қымбат!