1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15652) 10 қараша, бейсенбі 2011
Мақпал ЖҮНIСОВА: ҰҚК ТӨРАҒАСЫ НҰРТАЙ ӘБIҚАЕВ УӘДЕСIНЕН ТАЙҚЫП КЕТТI
Қазақтың батыр ұлы, мемлекет және қоғам қайраткерi Заманбек Нұрқадiловтiң кiсi қолынан қаза тапқанына 12 қарашада алты жыл толады. Аттай алты жылда қазақ қоғамы батыр ұлын табандап жоқтай алды ма? Тепсiнiп құн сұрай алды ма? Жоқ! Жоқтау мен құн сұрау былай тұрсын, бұрынғыдан да бұйығылана, бұрынғыдан да жалтақтана түстi. Осындайда Бейiмбеттiң (Майлин) “Қанды кек” деген әңгiмесi еске түседi. Сонда бiр де­нелi келген қараторы әйел шаптыға сөйлеп, көз жасына булығып, жылап та жiберiп былай де­мейтiн бе едi: “Не көрiндi сендерге? Неге ұйлығасыңдар? Адамшылықтарың қайда? Кiлең бағланды қолдан тiзiп берiп, үйде тыныш отырмақсыңдар ма? Неге iзденбейсiңдер, неге жұртшылық қылмайсыңдар?..”.
“Парламент таратылады екен”, “көп ұзамай мәжiлiс сайлауы өтедi”. Ара-тұра жұртты дүрлiк­тi­ретiн алыпқашпа әңгiме қайта қозды. ҚазТАГ агенттiгiнiң Астанадағы құпия ақпарат көзiне сенсек, бұл жолы парламент депутаттарының талқаны расымен таусылмақ. Парламент таяуда өз еркiмен немесе “Нұр Отан” партиясы парламент­тiк фракциясының шешiмiмен тараған соң, 2012 жылдың басында сайлау өтедi-мыс. Депутаттардың өздерi де осы не келесi аптада таратылуы мүмкiн екенiн жоққа шығармайды. Ал додаға түсетiн “Нұр Отаннан” өзге партиялар “мәжiлiс өз өкiлетiн мерзiмiнен бұрын тоқтатса, сайлауға дайынбыз” деп тас-түйiн отыр.
Прокуратура Атыраудағы жарылыстардың сырын ашты. Қарашаның 9-ы күнi бас прокуратура сайтында осындай мәлiмдеме шықты. Прокуратураның ресми өкiлi Н.Сүйiндiковтiң сөзiне сүйенсек, қарашаның 2-4 аралығында жарылыс жасауға қатысқан 23-28 жас арасындағы Мейрамбек Усабеков, Мирхат Қалқаманов, Әлiмжан Сагеновтер қолға түскен. “Олар лаңкестiк жасағанын толық мойындады. Атап айтқанда, Усабеков көрсеткен мекенжайдан тағы екi жарылғыш қондырғы табылып, олар саперлардың көмегiмен қажеттi қауiпсiздiк шараларын қолдана отырып залалсыздандырылды. Тергеу көрсеткендей, лаңкестiк топ 2009 жылы джихадтық идея­лар, соның iшiнде Солтүстiк Кавказда қайтыс болған экстремистiк үгiттеушi Саид Бурятский идеяларының әсерiмен құрылғаны анықталды.Топ мүшелерi шетелге джихадқа баруды да ойластырған”, – деп хабарлайды прокуратура өкiлi.

Елордамыз Астанада белгiлi тележурналист Берiк Уәлидiң жетекшiлiк етуiмен “Еркiн сөз” пiкiрсайыс алаңының тұсау­кесерi өттi. Пiкiр алаңына алғашқы болып белгiлi саясаттанушы, “Нұр Отан” ХДП хатшысы Ерлан Қарин шақырылған екен. Ол Қыр­ғызстандағы президент сайлауы мен елiмiзде өтетiн Парламент Мәжiлiсiнiң сайлауы сондай-ақ, лаңкестiкпен күрес         туралы өз ойларын ортаға салды. Жалпы алған­да, Алматыға қарағанда Астанада осыған ұқсас пiкiрсайыс клубтары саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан болса керек “Еркiн сөзден” елдiң күтерi көп-ақ. Берiк пен Ерланның арасындағы сұрақ-жауап былайша өрбiдi:

ҚАЗАҚ БИЛIГI ШАМАСЫ ОСЫЛАЙ ОЙЛАЙТЫН БОЛУЫ КЕРЕК
Қазақстанда зейнеткерлiкке шығу жасы өсе ме, жоқ па деген сұраққа нүкте қойылған жоқ. Алдағы уақытта әйелдер зейнеткерлiкке 63 жастан шығады-мыс деген сыпсың сөз әлi жүр ел арасында. Бiрақ ресми билiк бұл жөнiнде нақты шешiмiн айтпай әлiптiң артын бағуда. Жалпы, зейнет­керлiкке шығу жасын өсiру жөн бе, әлде жөнсiздiк пе? Отандық мамандардың пiкiрiнше, Еуропа елдерi бұл жүйеге әлдеқашан көшкен. Мәселен, Франция, Жапония сынды елдерде бұл әдiс жүйеге енген. Бұл үрдiстi тәжiрибе жүзiнде қолданысқа енгiзген елдердiң, бiрiн­шiден, зейнетақы қорларындағы қаржысы көбейсе, екiншiден, әйел затының белсендiлiгi артып, олардың еңбек нарығындағы үлесi артатын көрiнедi. Әйтсе де, бұл үлгi Қазақ­стан­ға қажет пе?
Дәл қазiр республиканың барлық аймағында қымбатшылық қос бүйiрден қысып тұр. Осындай қысылтаяң шақта Жаңаөзен қаласында “Тиiмдi баға – берекелi дастарқан” атты арнайы азық-түлiк жәрмеңкесi ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының көңiлiнен шыққан бұл жәрмеңке алдағы уақытта дәстүрге айналмақ. Айта кету керек, дәл осы азық-түлiк жәрмеңкесiн Маңғыстау облысы әкiм­шiлiгiнiң қолдауымен “ҚазМұнайГаз” Барлау Өн­дiру” акционерлiк қоғамы ұйымдастырды. Ендiгi кезде де Жаңаөзен қаласында өтетiн осындай жәрмеңкелерге күнделiктi тiршiлiкке қа­жеттi азық-түлiк тауарларын жеткiзiп отыру көзделуде.
(Қазақтың тұңғыш бард әншiсi, ақын, сазгер Табылды Досымовты еске алу)
 “Табыл өлдi” дегенше, “дарын өлдi” десеңшi,
“Асқар тауың құлады, алып өлдi” десеңшi.
“Сабалы көл сарқылып, сарқырама тартылып,
Сағым басты сарыуайым сары белдi” десеңшi.
“Қазанатын сақтамай, қан құсатын қазаққа
Тажал өлiм құрығы тағы келдi” десеңшi.
“Бұ дүниеде ешкiмге бастырмаған кеудесiн
Әзiрейiлдiң ұлыңа әлi келдi” десеңшi.
“Жас Алаш” газетiнде жарияланған Қабдеш Жұмадiловтiң “Басынан Қаратаудың көш келедi” (20 қазан, 2011 жыл) деген мақаласы менi де бей-жай қалдырмады. Қабдеш ағаның көтерiп отырған тақырыбы өте орынды. Осы көште қаншама адам туысынан, баласынан айырылып, бiреуi ар жақта, бiреуi бер жақта қалып қойды. Қаншама қиыншылықтар бастарынан өттi десеңiзшi?!  Бiздiң “Қызыл көпiр” деген ауылымыз Қорғас шекарасынан 6-7 шақырым жерде болатын. Қы­тайда 1958 жылы “халық коммунасы” құрылды. Бар малдарын ха­лық орталыққа өткiзiп, бiр қазаннан тамақ iшетiн болдық. Мен сол жылы 7 жастамын. Менi әжем бауырына басып өсiрiптi.
Мен жаза беремiн, жаза беремiн. Өңiмде де, түсiмде де жаза беремiн. Журналист мамандығын алып, бiсмiлләнi “Жалтақ” газетiнен бастадым. Бас редакторымыз Қалтақ ағайға:
– Мен тек шындықты ғана жазамын! – дедiм.
– Қазақстанда шындық бар болса, осында шақырып келшi, танысып алайын... – дедi бас редактор мысқылдап.
– Шындықты iздеуге кеттiм! – дедiм де кетiп қалдым. Содан шындықты iздеп, iшкi iстер министрiне келдiм.
– Ағатай, сiздер жаққа шындық келiп кеткен дейдi. Жолығуға бола ма? – дедiм мен.
КӨК ОҒЫЗДАР НЕНI КӨКСЕЙДI?
Гагаузия – қазiргi кезде Молдавияның құрамында. Молдавияның бiр автономды облысы десе де болады. Мiне, осы гагауздар (көк оғыздар) өздерiнiң астанасы Комрат қаласындағы Даңқ аллеясына ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткiшiн қоймақ боп шештi. Бұл аллеяда Сүлеймен Демирелдiң, Гейдар Алиевтiң ескерткiшi бар болатын. Ендi осы ескерткiштердiң жанына Н.Назарбаевтың ескерткiшi де орнайды. Гагауздар – түркi тiлдес халық. Саны аз болса да тiлiн сақтай алған халық. Гагауз зиялылары түркi тiлдес республикалармен аралас-құралас болуға, олармен тығыз қарым-қатынас жасауға мейлiнше құштар. Гагауздар     Н.Назар­ба­евқа ескерткiш орнат­қанда да “үлкен республиканың басшысы ғой, гагауздардың ұлттық тiлi мен өзiндiк

1989 жылы Қазақ, Өзбек және Қырғыз ССР-лерi бiрiнен соң бiрi “жарысып” “мемлекеттiк тiл туралы” заңды қабылдай бастады. Бiр қызығы сол, осы аталған елдердiң iшiнде бұл заңды ең алғаш қабылдаған ел – Қазақ ССР-i. Бiздiң тiл туралы заңымыз 22 қыркүйек күнi қабылданса, араға күн салып – қырғыздар, кейiннен бiр ай уақыт өткен соң ала шапанды ағайындарымыз өзбек тiлiне “мемлекеттiк тiл” мәртебесiн беруге асықты. Алайда мемлекеттiк тiл қабылдағанымен, осы үш елде де “ұлтаралық қатынас” тiлiнiң күшi едәуiр басымдылыққа ие болғаны да ақиқат. Десек те, бiздегi заң жобасы өз күшiне 1990 жылдың шiлдесiнен бастап ене бастады, яғни Кеңестер Одағының ыдырау қаупi белгiлi бола бастаған кезiнде. Ал көршi ағайындарымыз мемлекеттiк тiлдiң дамуына бiзден бiр жылға ерте қамдана бастаса керек.

Аяқ-қолдары жетiлмей, бүгiнде мүгедек арбаға таңылған өлеңтiлiк Серiк Көшкiнбаев туралы бiз бұдан он жыл бұрын Екiбастұз қалалық “Отарқа” газетiнде жазған едiк. Әжесi Несiпелдiмен бiрге екi бөлмелi “хрущевкада” тұратын Серiктiң жағдайы сол уақытта жүрегiнде иманы бар азаматтарды бей-жай қалдырған жоқ. “Нарық” базарының басшылығы Серiктiң әжесi Несiпелдiге сауда жасау үшiн орынды тегiн бердi. Коммуналдық төламақы төлеуде жеңiлдiктер жасады. Сонымен бiрге қарапайым тұрғындар да Серiкке ақшалай жәрдем көрсеттi. Мiне, содан берi аттай он жыл сырғып өтiптi. Кешегi күнi базардағы әжесiне көмекшi болып жүрген Серiк нәпақасын өзi айырғанды жөн көрiп, кiлт жасайтын дүңгiршек ашып алыпты.

Ақша деген мал шықты
“Сауып iшер сүтi жоқ,
Мiнiп көрер күшi жоқ.
Ақша деген мал шықты... – деп зар заман ақыны Шортанбай Қанайұлының осы өлеңi айтылғаннан берi қаншама жаз бен күз алмасып, ғасыр мен жылдар жылжыды. Мұхтар Әуезов зар заман ақындары деп баға берген ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы отаршыл саясаттың куәсi болған сол ақындарынан бастау алып, күнi бүгiнге дейiн шыншыл ақындармен жалғасын тауып келе жатқан, өзектi өртейтiн тақырыптардың бiрi – ақша
Париждегi әлем чемпионатында елiмiздiң еншiсiне тағы бiр медаль бұйырды. Қыздар арасында 63 келiге дейiнгi салмақта өнер көрсеткен қазақ атлетi Мая Манеза қоссайыс қорытындысында 248 (жұлқа көтеруде 109 келi, серпе көтеруде 139 келi) бағындырып, әлем чемпионатының күмiс жүл­дегерi атанды.  Бұл салмақта сахнаға алдымен шыққан атлеттер жұлқа көтеруде 97-98 келiге ғана тапсырыс берiп, күштерiн сынап көрдi. Олардың бұл әрекеттерi медаль үшiн талас Ресей, Қазақстан, Қытай атлеттерi арасында өрбитiнiн алдын-ала байқатып қойды.

Бейiмбетовтер әулетi – ауданымызға танымал, өсiп-өнген, ертеден келе жатқан байырғы тұрғындар. Олар – тектiлер әулетiнен тараған ұрпақ. Соның iшiнде Кемаловтар отбасында 5 ұл бала, 1 қыз тәрбиелендi. Бiр үйден 5 ұл шыққанда ел сырттай қызығатын. Денелi, бойшаң, келбеттi, сайдың тасындай жiгiттер болатын. Бiр ауылда өскен соң әрi Болаттың ағасы Мақсұтпен төлдей құрдас болғандықтан болар, бүкiл әулетпен аралас-құралас, дәмдес-тұздас болдым. Ешкiмнiң ала жiбiн аттамайтын, Құдай деген жандар едi. Биылғы жылдың 4 қазанында сол әулеттен көздiң қарашығындай қалған, асылдың тұяғы, қара шаңырақтың иесi Болаттың қазасын естiгенде жүрегi сыздамаған пенде болмаған шығар, сiрә?! 

ТАҒЫ ДА “ТОБЫЛ”
Футболдан Қазақстан кубогының финалына қай команда шыққаны белгiлi болды. Өз алаңында “Ертiстi” қабылдаған қостанайлықтар 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. 22-минутта Волков, 31-минутта Гридин, 33-минутта Бекрич гол соғып, “Тобыл” алғашқы таймда-ақ жеңiске бiр табан жақындаған. Қонақтар екiншi тайм басталғанда ғана ширай бастады. Олар екi гол ғана соғып, таразы басын теңестiре алмады. Алдыңғы кездесуде қос команда 1:1 есебiмен тең тарқасқан болатын.  “Ордабасы” өз алаңында “Таразды” тас-талқан еттi. Тараз қаласында өткен ойында шымкенттiктер 1:3 есебiмен ұтылып қалған. Кеткен есенi еселеп қайтармаса ҚР кубогына таласа алмайтынын бiлген
Қазақ зиялыларының бiраз бөлiгi “Өй, саясат деген лас нәрсе ғой. Саясатпен айналысқанша қоңыз терiп кеткенiм дұрыс” дейдi. Бұл – олардың өздерiнше таза, әдiл, биiк болғансығаны. Ұлтымыздың көрнектi саясаткерi, қоғам қайраткерi, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы айтушы едi: “Саясатпен айналысуың не, бiздер, қазақтар, саясатты өз қолымызбен жасауымыз керек!” Иә, қазақ тiлiнiң жағдайы неге мүшкiл? Қазақтар неге кедейшiлiктен көз аша алмай отыр? Iрi, жауапты қызметтерге қазақтiлдiлердiң сирек тағайындалатыны несi? Осының
“Delta Bank” АҚ (ары қарай - Банк) Басқармасы, қоғамның атқарушы органы ретiнде, өз тұрғылықты жерiмен: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Төле би к, 73а, Банктiң директорлар Кеңесiнiң бастамасымен, акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысы өтетiнi туралы Банк акционерлерiне хабарлайды. Банк акционерлерiнiң кезектен тыс жалпы жиналысы 2011 жылдың 12 желтоқсаны, 11 сағат 00 минутта, Банк атқарушы органының тұрғылықты жерi бойынша: Алматы қ, Төле би к, 73а мекен-жайында өтедi. Жиналысқа қатысушыларды тiркеудiң басталуы: сағат 10.00.